Шизофрения және аффективті бұзылулар кезіндегі бикелік процесс



бет4/7
Дата13.02.2023
өлшемі106,5 Kb.
#67472
1   2   3   4   5   6   7
Кататоникалық формасы. Бұл форма кезінде шизофренияның негізгі көрінісі — пациенттің қозғалыстары. Бұл қозғалыстар ауру басталғаннан орын алады, оларда ремиссиялар мен рецидивтер болмайды. Шизофрениямен ауырушылар қалыпты адамға ыңғайсыздау немесе ұяттылау болып көрінетін қозғалыстарды орындайды. Шизофрениямен ауыратындарда мұндай сезімдер пайда болмайды, сондықтан ауру ең бір күтпеген қозғалыстар жасаумен білдіріледі. Әдетте пациенттер айналасындағылардың сөздеріне мүлде жауап берместен, бір кейіпте бірнеше сағат бойы отырады. Бұл ретте бет мимикасы тас бетперде сияқты, ештеңені-де білдірмей, қатып қалғандай болады. Бірқатар уақыттан кейін олардың бет әлпеті өзгереді — олар орынсыз азаптануды білдіреді, кейде күледі және т.б. Барабар қозғалыстардың орнына олар қолдарын сермелеуі, аяқтарымен еден тепкілеуі, айқайлауы мүмкін. Әдетте шизофренияның бұл формасы мұның алдындағы екі жайтпен — параноидты жай-күймен және ойлаудың бұзылуымен аралас көрінеді.
Аффективті бұзылулар — олар болған кезде негізгі бұзылу эмоциялар мен көңіл-күйдің тоқырау (алаңдаушылықпен немесе онсыз) жағына немесе көтеріңкілік жағына қарай өзгеруі болып табылатын бұзылулар. Әдетте көңіл-күйдің өзгеруі белсенділіктің жалпы-деңгейінің өзгерістерімен қатар жүреді.
Аффективті бұзылулардың симптомдары:
— Тоқыраушылық бұзылулар. Көбінде клиникалық тоқырау деп аталатын, адам кем дегенде бір тоқыраушылақ көріністі басынан өткізетін үлкен тоқыраушылық бұзылу. Мания кезеңдерінсіз тоқырау көбінде униполярлы тоқырау деп аталады, өйткені көңіл-күй бір эмоциялық жай-күйде немесе «полюсте» қалып қояды.
Диагностика кезінде емдеу курсы үшін бірнеше қосымша үлгілері немесе ерекшеліктері бөлініп көрсетіледі:
— Үлгіге жатпайтын тоқырау көңіл-күйдің реактивтілігімен және оңдылығымен (парадоксальды ангедония [paradoxical anhedonia]), салмақтың айтарлықтай артуымен немесе тәбеттің артуымен («мазасыздықты жою үшін тамақ жеу»), ұйқының шамадан тыс мол болуымен немесе ұйқышылдықпен (гиперсомния), аяқ-қолдарда ауырлықты сезінумен және әлеуметтенудің елеулі жетіспеушілігімен, салдары ретінде әлеуметтік шеттетілген болып көрінетінге гиперсезімталдықпен сипатталады. Бұл қосымша үлгіні бағалаудағы күрделіліктер оның негізделгендігі мен оның таралуына күмән келтірілуге әкеледі.
— Меланхолиялық тоқырау (жіті тоқырау) істердің көпшілігінен немесе бәрінен рахаттануды жоғалтумен (ангедония), қанағаттану беретін стимулдарға жауап әрекет жасау қабілетсіздігімен сипатталады, төменгі көңіл-күй сезімі өкіну немесе жоғалту сезімінен гөрі айқынырақ білдіріледі, таңертеңгі уақытта симптомдарының нашарлауы, ерте ояну, психоқозғалтқыштық тежелушілік, салмақты шамадан тыс жоғалту (жүйкелік анорексиямен шатастырмау керек) немесе кінәні қатты сезіну.
— Психотикалық құлдырау — ұзаққа созылатын құлдырау кезеңіне, атап айтқанда меланхолиялық тұлғаға арналған термин, бұл кезде пациент сандырақтық идеялар немесе сирегірек елестеулер сияқты психотикалық симптомдарды басынан өткереді. Бұл симптомдар әрқашан дерлік көңіл-күйге сәйкес келеді (мазмұн тоқыраушылық тақырыптарға сәйкес келеді).
— Қатып-семіп қалған тоқырау — инволюциялық тоқырау — клиникалық тоқыраудың қозғалыстық функциялардың бұзылуы мен басқа да симптомдарды қамтитын, сирек және ауыр формасы. Бұл жағдайда адам үндемейді және қатып-семіп қалған дерлік жай-күйде болады, немесе қозғалмайды, немесе мақсатсыз немесе тіпті ауытқушылық қимылдар жасайды. Осыған ұқсас кататоникалық симптомдар сондай-ақ шизофрения кезінде, маниялық эпизодтардан көрінеді немесе қатерлі нейролептикалық синдромның салдары болып табылады.
— Босанғаннан кейінгі тоқырау әйелдер бала туғаннан кейін бастарынан өткізетін, шамадан тыс, орнықты және кейде іс-әрекетке қабілеттіліктен айырылуға әкелетін тоқырауға жатады. Ықтималдылығы 10–15%-ға бағаланатын босанғаннан кейінгі тоқырау әдетте үш жұмыс айының ішінде көрінеді және үш айдан ұзағырақ уақытқа созылмайды.
— Маусымдық аффективті бұзылу — нақтылаушы термин. Кейбір адамдарда тоқыраудың маусымдық сипаты болады, күзде немесе қыста тоқырау көріністері орын алып, көктемде қалыпқа келу болады. Егер екі немесе одан көп жылдың ішінде тоқырау суық айларда кем дегенде екі рет және жылдың басқа мезгілдерінде бірде-бір рет көрініс бермесе, онда диагноз қойылады.
— Дистимия — көңіл-күйдің созылмалы, шамалы бұзылуы, бұл кезде адам ең аз дегенде екі жыл бойы күн сайын дерлік нашар көңіл-күйге шағымданады. Дистимиясы бар адамдар бір мезгілде клиникалық тоқыраудың (кейде «қос тоқырау» деп аталатын) мерзімдік көріністеріне ұшырағанымен-де, симптомдары клиникалық тоқырау кезіндегідей ауыр болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет