Шизофрения және аффективті бұзылулар кезіндегі бикелік процесс
Шизофрения — науқастың жеке тұлғасының кейде аз байқалатын, бірақ кейіннен біртіндеп күрделене беретін өзгеріске әкелетін, айқындалмаған этиологиясы бар созылмалы прогредиентті (қатерлі) психикалық ауру.
Шизофрениямен ауыратын пациенттерде қарым-қатынастың барлық салаларында — мектептегі балалық шақтан бастап жұмысқа дейінгі уақытта проблемалары болады. Ауру мұндай адамдарды тұйық, қорқақ етеді. Шизофрения ауру көріністерін препараттарды қабылдаумен елеулі дәрежеде жеңілдетуге болатын болғанмен-де, адамның бүкіл қалған өмірін зақымдайды.
Шизофренияның мәні адамның өтіп жатқан оқиғалардың нақтылығын, өміршеңдігін сезінбеуінде. Өз қиялында ойлайтын және шынайы өмірде болып жатқан жайттардың бәрі науқастың санасында араласып кетеді. Бұл ретте шизофрениямен ауыратындар көбінде жалпы өмір шындығын қандай да бір дәрежеде қабылдаудан бас тартады — олар өздері ойлап тапқан әлемінде өмір сүреді. Олардың санасына шынайы өмірден өтетін нәрселердің бәрі дыбыстардың, суреттердің, бейнелер мен ойлардың араласуы болып көрінеді. Көбінесе бұл шындық пациенттердің басында өзіндік қойыртпақ жасайды, олар оны пайымдай, ой елегінен өткізе алмайды.
Параноидты формасы. Шизофренияның бұл формасы бәрінен-де жиірек кездеседі. Әдетте, пациенттерде сандырақтық жай-күй басым болады. Ол өз қиялында бейнелер ойлап тауып, оларға тәуелділікке түседі. Мұндай сандырақтың аясында елестеулер, ойлау функцияларының бұзылулары пайда болады. Науқасқа өзін біреулер қуып келе жатқандай болып көрінеді, ол қудалауда жақын адамдарына, әріптестеріне күмән келтіреді. Бұл ретте күдіктену барабар емес агрессия туындатуы мүмкін. Пациент үнемі үрей жағдайында болады. Мұндай құбылыстар қысқа мерзімді болуы, сондай-ақ науқасты бірнеше жыл қатарынан құтқармауы мүмкін.
Гебефрениялық формасы. Ауру негізінен ойлау функцияларын шарпиды. Адам ең қарапайым іс-әрекеттерді — жағдаятты талдауды, синтездеуді, бағалауды, пайымдаулар жасауды, қандай да бір нәрсеге өз көзқарасын қалыптастыруды орындай алмайды. Бұл операцияларды жоғалту шизофрениямен ауырушының қоршаған дүниені біртұтас қабылдай алмауына, оны бағалай және онда өзін көре алмауына әкеледі. Бұл ретте науқас өзінің мінез-құлқымен өтіп жатқан нәрсенің бәрін толықтай керісінше жасайды. Бұл саналы наразылық емес — бұл барабар ойлаудың мүмкін еместігі. Мысалы, қуанышты хабар алған кездің өзінде-де пациенттің өте жабырқауы, жылауы, тоқырауға түсуі немесе агрессияшыл, елірмешілге айналуы мүмкін. Бұл ретте науқас қиын жағдайда қалып қояды — оның мінез-құлқы оны ең жақын достары мен әріптестерінен қашықтатады, ол қолдаусыз, жалғыз қалады. Процесс прогреске ұшыраған кезде жанжалдық мінез-құлық тек қана күрделене түседі.