Қазіргі кезде шизофрения мен көңіл-күйдің аффективті бұзылулары кезіндегі бикелік процесс өзіне үш құрамдасты қамтиды: 1) ақпарат жинау (зерттеп-тексеру),
2) жоспарлау,
3) араласулар,
4) араласулардың тиімділігін бағалау.
Бұл сатылардың әрқайсысын қарастырудан бұрын, шизофрениядан азап шегетін пациенттермен қарым-қатынас жасау проблемаларына тоқталамыз.
Пациенттермен және олардың жақындарымен қарым-қатынастың ерекшеліктері. Біріншіден, шизофрения мен көңіл-күйдің аффективті бұзылуларынан зардап шегуші пациенттер көбінде өз күйзелістеріне берілген, қоршаған ортадан оқшауланған болатындығын, және-де, ақпарат жинау әрекеттері, оның үстіне олардың ішкі дүниесіне ену әрекеттері оларда қарсылық, тіпті озбырлық туғызуы мүмкін екендігін есте ұстаған жөн. Бұл әсіресе шизофренияның параноидты формасы бар пациенттерде мүмкін болады.
Сондықтан пациенттермен аурудың жіті көріністерінің кезеңдері туралы айтпағанның өзінде, тіпті толық емес ремиссия жағдайында да әңгімелесулердің ұзақтығы қысқа болуы тиіс. Бір күннің ішінде арақашықтықтармен бөлінген бірнеше қысқа әңгімелесу ұсынылады.
Пациенттермен әңгімелесулерде әрдайым жалпы пікірлерден, абстрактілі құрулардан қашқақтаған жөн: пациентке хабарланатын фактілер мен пайымдаулар барынша нақты болуы тиіс. Әйтпесе ойлаудың бұзылулары мен сандырақтық құрулардың салдарынан әңгіменің мағынасы пациенттің ұғымында бұрмалануы мүмкін.
Шизофрениямен және көңіл-күйдің аффективті бұзылуларынан зардап шегетін пациенттермен қарым-қатынас жасау кезінде олардың тарапынан жиі болмаса да, агрессия туындайтындықтан, күтім жасайтын мамандарға арналған оқулықтан (АҚШ) қысқартылған түріндегі сұлбаны келтіремін:
Негізгі қағида — агрессия мен ашу-ызаны жылдам басқару. 1. Клиентті келістіру, оның іс-әрекеттерін басқа бағытқа бұру.
2. Басқа пациенттерді алып кету, бірақ біреуін өзінің жанында ұстау үшін әріптестердің қолдауына сүйену.
3. Байыпты, бапты дауыспен нақты, бірақ алаңдаушылық туғызбайтын сұрақтар қою.
4. Агрессияның себебін қазбаламау, бірақ оның салдарларын (жұмысқа кедергі, басқа пациентттерге назар аудармау және т. б.) көрсету.
Ақпарат жинау
Шизофрения мен көңіл-күйдің аффективті бұзылуларынан зардап шегетін пациенттердің аутизмі, қарым-қатынасқа қарсылығы мен қолжетімсіздігі, ақпаратты тек пациенттерден ғана емес, сондай-ақ олардың туыстары мен жақындарынан да жинауға мәжбүрлейді. Бұл ретте шизофрениямен ауыратындардың арасында олармен толыққанды қарым-қатынастың жүзеге асуы мүмкін болмайтын оғаш, жеке тұлғалық ауытқулары бар адамдардың да болатындығын есепке алған жөн. Сондықтан пациенттің проблемалары туралы мүмкіндігінше бірнеше адамнан сұраған дұрыс.