Шизофрения және аффективті бұзылулар кезіндегі бикелік процесс


Бикелік араласуларды жоспарлау және оларды бағалау



бет7/7
Дата13.02.2023
өлшемі106,5 Kb.
#67472
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
export

Бикелік араласуларды жоспарлау және оларды бағалау


Бұлар ішінара пациенттерді оңалту мен психотерапияға қатысты тарауларда баяндалған жағдайлардан келіп шығады. Бикелік процесс дамыған шет елдерде медбикенің — «емдеу командасы» деп аталатын команданың ұйымдастырушы орталығы екендігін тағы да бір рет еске салу қажет, бұл жерде дәрігерлер — психиатр мен психолог — көпшілік жағдайда кеңес берушілік рөл атқарады.
Араласулар жоспарлануы, және-де бірінші кезекте олардың ішіндегі басымдық берілгендері белгіленулері тиіс.
Жіті бұзылулары бар және ремиссияға өту кезіндегі, шизофрениядан және көңіл-күйдің аффективті бұзылуларынан зардап шегетін пациенттерге қатысты қабылданатын бикелік үлгілік араласулар:
1. Дәрілік және өзге-де медициналық тағайындауларды орындау және орындалуын қадағалау, дәрілердің тиімділігін, жанама әсерлерін атап көрсету және бұған дәрігердің назарын аудару.
2. Пациенттің елестік және өзге-де күйзелістерін күшейтетін стресс-факторларды анықтауға әрекеттену. Импульстілікті, қауіптенулер мен басқа да көріністерді азайту үшін оны байсалды тыныштық жағдайымен қамтамасыз ету.
3. Елестік-сандырақтық және басқа да күйзелістердің баяулауына қарай, алдымен пациенттің назарын басқа жаққа бұрып, неғұрлым аз өзекті ету; пациентке сандырақтық және өзге-де күйзелістерді талқыламай, салдарларын көрсету. Тек осыдан кейін ғана пациентті өз пайымдаулары мен мінез-құлқына сын тұрғысынан баға беруге әкелу.
Пациентке мұны ол өздігінен істеуді үйренгенге дейін жеке гигиенасында көмектесу: киінуде, жуынуда және т. б. Пациент үшін өзіне-өзі қызмет көрсетудің дәл уақытын белгілеу.
5. Пациенттерді топтық белсенділікке тарту және түрткі болу (басқа науқастармен қарым-қатынас жасауға; психотерапевтикалық топтарға, еңбек терапиясына қатысуға және т. б.).
6. Қалыпты пайымдауға, қалыпты мінез-құлық пен белсенділігінің күшеюіне қайтып оралу жүріп жатқан пациентті барынша қолдау. Пациенттің өзін-өзі сыйлау дәрежесін арттыру және бағалау; осылайша, шизофрениядан кейінгі құлдыраудан сақтандыру.
7. Пациентпен оның үйдегі дұрыс мінез-құлығы мен ауру рецидиві белгілерін болдырмауға қатысты әңгімелесулер өткізу. Рецидивтің алғашқы белгілерін танып-білу мен медициналық көмекке дереу жүгіну қажеттігіне үйрету.
8. Пациентпен өзара әрекеттестік кезінде алынғанның бәрін мұқият құжаттау және сақтау.
9. Пациент отбасымен жұмысты белсенді жүргізу. Оларды әсіресе стационардан шығарылғаннан кейінгі оның аурулық симптомдары мен проблемаларын түсінуге жеткізу.
Санамаланғаннан көрініп тұрғандай, алғашқы екі араласу аурудың жіті кезеңіне, ал қалғандары процестің баяулау және ремиссияның тұрақтану кезеңіне жатады. Күтім жөніндегі мамандарға, бұған қоса, көбінде оған оңалту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ сырттай қарағанда ұсақ-түйек болып көрінетін, бірақ пациент үшін стресстік факторлар болып табылатын жайттармен (қараусыз қалған мал, күтілмей қалған өсімдіктер, жіберілмеген немесе алынбаған хаттар және т. б.) істес болуға тура келеді.
Араласулардың тиімділігін бағалау әртүрлі уақытта жүргізіледі және тұтасымен олардың мазмұнына тәуелді болады: мысалы, емдеудің тиімділігін немесе жанама әерлерін анықтау кезінде — күн сайын; өзіне-өзі қызмет көрсетуде көмектесу немесе пациентті белсенділікке ояту кезінде — апта сайын. Жалпы шизофрения мен көңіл-күйдің аффективті бұзылулары кезінде қалыпты мінез-құлықтың қалпына келуі айтарлықтай баяу жүреді, және-де күтім жасау жөніндегі, АҚШ мамандары оны бейнелі түрде «аса аз өскіндермен пайда алумен» салыстырады.
Барлық медициналық персоналдың іс табыстары турасындағы тұрақты қамқорлығы, науқастармен қарым-қатынастағы жайдарлылығы,өздерінің функциялық міндеттерін айқын орындау психикалық науқастарға күтім жасауда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет