Школа ХХI века



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі331,32 Kb.
#243

69

www.obrazovanie.kz

СОВРЕМЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ №4 (84) 2011



ШКОЛА ХХI ВЕКА

“Бала тəрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр 

өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін 

өнер. Баланы дұрыс тəрбиелеу үшін əркімнің өз 

тəжірибесімен танысу керек”.

Мағжан Жұмабаев

Қатипа Қасқырқызы Молдабаева,  Алматы қаласы Білім 

басқармасы Тәрбие бөлімінің  бастығы 

Ұрпақ тəрбиелеудегі отбасы мен 

білім ошақтарының орны

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге 

баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық 

тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. “Атаның ұлы бол-

ма, адамның ұлы бол”, – дей келіп, адамның ұлы болу үшін 

кісіге “нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек” керектігін 

ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті.

Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана-сезім 

қажет. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, 

үйренумен, талаптанумен бітеді. Осы үлкен қасиеттерді 

ұрпақ бойына дарытатын – ұстаз, ата-ана, тәрбиеші, 

қоршаған ортасы екені дау туғызбайды.

Әрбір отбасы кішкентай бір бөлігі болғандықтан, 

қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір 

отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің 

бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Саламатты 

отбасында ғана саламатты ұрпақ қалыптасады. Осы тұста 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Барлық қазақстандықтардың 

өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» 

атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында: «Егер біз 

адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың 

бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының 

алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз», – деген 

болатын.


«Отбасы» ұғымының өзі көптеген әдебиеттерде әртүрлі 

ұғымдармен, яғни үй-ел-мен ұғымдарының жиынтығынан 

тұратын «үйелмен» және жан-ұя ұғымдарының жиы-

нынан тұратын «жанұя» ұғымдарына балама ретінде 

қолданылып жүр. Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, 

формалары мен функциялары өмір сүріп отырған өндірістік 

қатынастардың, жалпы деңгейіне байланысты болады. Өз 

кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал етеді. Ол – баланың 

туылуы, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік орнын 

табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, 

рухани және адамгершілік-эстетикалық жағынан дамуына 

әсерін тигізуі.

Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін 

белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет. Осы тұста 

Ресей ғалымы – А. Пинт: «Ата-ана балаға жақсы тәрбие беру 

үшін оның мінез-құлқындағы ұсақ-түйек өзгерісті байқап-

білуге қабілетті болу керек. Әр ата-анаға педагогикалық такт 

қажет. Олар балаларын суықтап қалудан немесе әртүрлі 

ауруға шалдығудан қорғап, бәйек болғанмен, өздерінің 

дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке 

жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді», – дей келіп, 

бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық 

такт және ұйымдастырушылық қабілет болуы керектігін 

ескертеді. 

Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың 

педагогикалық білімін арттырудың бүгінгі күнгі бірден-бір 

ошағы – мектеп. Ата-аналармен жұмыс істеуде олар білуге 

тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыру бүгінгі 

сынып жетекшісінен терең білімді қажет етеді.

«Білімденудің ошағы – мектеп. Тәрбиенің ауданы одан 

кең, түбі терең. Адамның өсетін, жетілетін балалық, 

жеткіншектік дәуірі түгілі, тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік 

кезде де қалмайды. Тәрбие сәулесі түспейтін адамның 

ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, 

мәдениетті өмір болмақ емес» – деп классик жазушы, 

тәлімгер ғалым Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, тәрбие беру 

– үздіксіз үрдіс болғандықтан, заман талабына сай жаңа әдіс-

тәсілдерге сүйенген тәрбие жұмысын жалғастыра береміз. 

Əрбір отбасы кішкентай бір бөлігі болып 

табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке 

жеткізу, ең алдымен, əрбір отбасындағы 

өмірді ұйымдастырудан басталмақ. 



СОВРЕМЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ №4 (84) 2011

www.obrazovanie.kz

70

ШКОЛА ХХI ВЕКА

Бұл мəселені тиімді шешу үшін ата-

аналардың педагогикалық білімін арттырудың 

бүгінгі күнгі бірден-бір ошағы – мектеп.  

Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін 

зерттеудің тиімділігін де тиісінше пайдаланамыз. Жаңа 

әдіс-тәсілдерді біз берісі отандық, әрісі әлемдік педагогика 

мектептері мен бағыттардың жаңашыл ізденістерге толы 

тың үрдістерінен оқып-үйренеміз. Өйткені қоғам дамуының 

ең басты шарты – шығармашыл тұлға.

Қазіргі жаңару кезеңінде адам факторы,  оны жанданды-

ру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің 

мәнін арттырып отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің 

тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – тәрбие 

ісінде әр баланы жеке тұлға ретінде танып-біліп, жан-жақты 

қалыптастыру.

Қоғамның үнемі дамып, жаңғырып тұру қағидалары 

тұрғысынан алып қарағанда, адамдардың эстетикалық 

көзқарасы да сонымен бірге алмасып отыратыны байқалды. 

Бұл қазіргі кезде көбінесе жастардың сыртқы сипаты: киім 

киісі мен киім үлгілері, бет-әлпетін әспеттеу тәсілдері, 

әшекей бұйымдарды тағынуы, мінез-құлқы мен жүріс-

тұрысы, үлкен-кішімен, таныс-бейтаныс адамдармен 

қарым-қатынасы, сөйлеу мәнері мен сөз саптауы, іс-

әрекетінен көрінеді. 

Қалай десек те, адамның сыртқы көрінісі оның ішкі жан 

дүниесінен хабар беріп тұрады. Ал ішкі жан дүниесі психо-

лог, философ ғалымдардың пікірінше, сезім және санадан 

тұрады. Эстетика – сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды 

зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық 

тәрбие көбінесе адамның сезімін тәрбиелеу арқылы сана-

сына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. 

Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен  

білім мекемелерінде қыздарды тәрбиелеу бағытында  «Қыз 

– елдің көркі» бағдарламасы бойынша «Алматының  әдемі 

аруы» атты  қалалық байқауы өткізілді. Байқау жұмысы 

мегаорталықтың «Бэбилон»  алаңында  өтті.   

Байқаудың басты мақсаты – қазіргі қоғамдағы әйел-

ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға ру-

хани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі  құндылықтарын 

ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.  Қыз баланың 

мектепте және мектептен тыс уақытта өзін-өзі дұрыс ұстай 

білуіне жол сілтеу,  өзіндік көзқарасын дұрыс  қалыптастыра 

білуге   бағыттау.

Қатысушылар – түрлі аудандардағы байқау 

жеңімпаздары. Жалпы білім беретін мектептер мен кол-

ледж оқушыларынан құралған 19 бойжеткен  өзара сайысқа 

түсті. Сайысқа қатысушыларға төмендегідей талаптар 

қойылды:

1. Қазақ тілін терең меңгеруі, тіл байлығы, еркін болуы, 

өзге ұлт  өкілдерінің  мемлекеттік тілде сөйлей білуі;

2. сырт-сымбаты  келіскен,  сымбатты, қос бұрымды 

болуы;

3. сахна мәдениетін меңгерген, дауыс интонациясы 



қойылған, шешен болуы;

4. білімді, ұшқыр ойлы болуы;

5. жан-жақтылық, өнерлілік. 

Өзге де қатысушыларға түрлі номинациялар бо-

йынша сыйлықтар тағайындалды. Өнер жұлдыздары 

жеңімпаздарға арнап ән шашуларын жолдады.  Са-

йыскерлер «Көрермендер көзайымы» – ең әдемі  ару,                             

«Үздік өнерпаз» –  өнерлі ару, «Ақылы біліміне сай» – ұтқыр 

ойлы ару, «Болашақ тілші» – шешен ару, «Қазақ аруы» – 

үздік ұлттық киім, «Бұрымды ару» номинациясы бойынша 

марапатталды.   

Қазіргі кезде сырттан, шетелден келген сұрықсыз су-

рет, дабыра музыка, адамды шошыту, өлтірудің неше 

түрлі әдістерін насихаттайтын кино, еркек пен әйелдің 

арасындағы сұрықсыз жыныстық қатынас жастарға кері 

әсерін тигізуде. Олар ұсқынсыз, сиықсыз дүниелерді 

талғамсыз қабылдауда. Бозбала мен бойжеткен арасындағы 

әдеп мен әсемдік қағидаларына негізделген қарым-

қатынасты жастар «ескілік белгілері», «қазақбайшылық, 

«мәмбет қылықтары» ретінде жатсынады. Сондықтан 

жастарға эстетикалық тәрбие беру бүгінгі күні оқу-тәрбие 

ісіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  

Тәрбие – қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам 

талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста 

үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелердің 

жұмысында өзара сабақтастық, ынтымақтастық болуы тиіс.

Бүгінгі отбасы тәрбиесін екі жақты қырынан байқауға бо-

лады. Бір жағынан, отбасы мектеппен ынтымақтаса әрекет 

етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балаларының 

сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең 

таңдаулы мектептерге береді. Оқушылар ұлттық тәрбиемен 

қатар әлемдік тәрбие жетістіктерін де игеруде. Мектеп 

пен отбасының өзара ынтымақтастығының арқасында 

ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне 

түрлі көмек көрсетіліп, тәрбиелеу барысында тәжірибе 

алмасуда, кәсіби қызмет салалары біріктірілуде. Екінші 

жағынан, кейбір отбасылар мектеппен ынтымақтастық 

орнатуға немқұрайдылықпен қарауда: күнкөріс қамымен 

отбасындағы балалар тәрбиесіне жете көңіл бөлінбейді, 

ата-аналар жиналысқа келмейді, мектеппен байланыс 

жасауға талпынбайды, бала тәрбиесіне қатысты еңбектерді 

аз оқиды т.с.с. 

Отбасы тәрбиесін жетілдіруде мектеп пен отба-

сы ынтымақтастығын тиімді ұйымдастыру мынадай 

қағидаларға негізделуі тиіс:

- тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және 

басқа да арнаулы тәрбие институттарының тәрбиелік 

мүмкіндіктерін ықпалдастыру;

- мектептегі педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс 

орната отырып, әр баланың қабілетін толық ашып, дамыту;

- мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың 

белсенділігі мен  шығармашылығын арттыру. 

Сонымен, сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді 

талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі 

процесс. Ол мұғалім қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, 

ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байла-



нысты. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет