Школьные предметы 19 века



бет7/8
Дата07.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#17886
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бектасова Б ТП-18-2К1 3апта сабақ

Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған.

Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.

Алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған педагог – Назипа Құлжанова(1887-1934жж)

Оның педагогика саласында «Мектептен бұрынғы тәрбие»(1923), «Ана мен бала тәрбиесі» (1927) атты әдістемелік еңбектері бар. Назипа Сағызбайқызы Семейдегі мұғалімдер семинариясында қызмет істеді. 1914 жылдан бастап Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арнап әдеби кештер ұйымдастырып тұрған. Атақты педагогқа Сұлтанмахмұт Торайғыров «Таныстыру» поэмасын арнаса, Жүсіпбек Аймауытов былай деп пікір білдіреді: «Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет