Шоң би Едігеұлы Орта жүздің ықпалды биі. Шоң туралы қазақтың да, орыстың да ауызекі, жазба деректері мол



бет2/2
Дата12.06.2022
өлшемі21,79 Kb.
#36738
1   2
Шоң би Едігеұлы (1764-1836)
1764 ж. Дүниеге келген-1836 ж. Баянауылда қайтыс болған. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.
Қазақтың атақты биі, аға сұлтан. Шоң туралы қазақтың да, орыстың да ауызекі, жазба деректері мол. Шоң Едігеұлы туғанынан дара жаратылған, бойына құт дарыған адам болған.Шоң би әуелгі бастан Ресей ипериясының қазақ жеріндегі отарлау саясатына қарсы болған, көптеген хаттарында Ресейдің әскери күштерін қазақ жерінен алып кетуін талап еткен. Осындай ойларын жүзеге асыру үшін Шоң би інісі Торайғыр бимен бірге Орта жүз қазақтары арасында бірнеше жиын өткізіп, Ғұбайдолла Уәлиханов пен Саржан Қасымұлы сияқты тұлғалармен кездесулер өткізіп, Қытай империясы мен Бұхара хандығымен келіссөздер жүргізген. Мұрағат деректері бойынша алғашқы бетте Ежен (Қытай) билеушісінің адамдары Шоң би кезінде халық бірлігін көксегендіктен хан билігіне қарсы шығып, оларға ырық бермей өткен, сол үшін қаржас, жолболды, құлболды, жанболды руларының басын қосып «төртұлы» одағын құрған.Сібір генерал-губернаторына жазған хатында: «Хан атаулыға еркімізді бермеу үшін біз «төртұлы» деген халық құрдық» деп жазған. Халықтың мүддесін қорғау үшін орыс үкіметінің билігіне араласады. 1833-1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны. Шоң би-Шыңғысхан заманынан бері қазақ даласында жоғары әкімшілік лауазымға ие болған қарадан (төре тұқымынан емес) шыққан алғашқы адам. А.Янушкевич 1846 жылы Парижде шыққан «Дневники и письма» еңбегінде «Шоң үлкен адам болған. Ол адамдарды ақылмен, адал, шебер басқарады» деп жазған.
Шешендік сөздер кітабында Шоң би айтқан деген қанатты сөздер, әңгімелер көп.
ШОҢ БИ ЕДІГЕҰЛЫ (1764-1836) - Орта жүздің атақты биі, жоғарғы әкімшілік қызметте болған. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 жылы «Төрт ұлы» одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Шоңды бір ауыздан «Төбе би» деп таниды. 1833-36 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. Шоң би Шыңғыс заманынан бергі қазақ даласында сұлтан тұқымынан шыққан ақсүйек болмаса да, жоғары әкімшілік қызметке тағайындалған. А.Янушкевич өзінің 1946 жылы Парижде шығарған «Дневники и письма» деген еңбегінде «Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген» - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет