Информатика пәнін оқытудағы қиыншылықтыр : - оқу үдерісіндегі тұлғалық-дамушылық, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыруда информатика пәні мұғалім дайындығының жеткіліксіз деңгейі;
- оқушының өз бетімен орындайтын іс-әрекетін ұйымдастырудың қажеттілігін түсіну және өздігінен жұмыс жасауды дамытуға бағытталған технологияларды қолданудың әлсіздігі;
- информатика мұғалімдерінің ақпараттық-білімдік ортасын жобалауда практикалық дағдыларының жеткіліксіз деңгейі;
- оқушыларды білім беру сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулеріне (TIMSS, PISA) қатысуына дайындық технологияларын білуінің төмендігі;
Күтілетін нәтиже
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда:
SMART технология – жаңа заманның құралы. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда шығармашылыққа көп мүмкіндік береді.
SMART тақтаның ерекшелігі:
екі қолданушы бір уақытта қолдана алады, яғни, тақтада бір уақытта жазып, сурет салуға және жасалған жұмысты файлда сақтауға мүмкіндік береді;
интерактивті тақтаның жұмыс жасау кеңістігі үлкейтілген;
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары:
Смарт экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді.
Өз іс-тәжірибеме тоқталатын болсам, «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып информатика пәнін қызықты, өзгеше өткізу үшін, смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып, сабаққа деген қызығушылығын арттырамын.