Байланысты: Сайыс сабақ Тарих көшбасшысы(9 -11класс) (копия)
ІV кезең « Сөз тапқанға»
V кезең «Жорға»
Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
I – кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай. Жалаушаны бірінші көтерген ойыншы жауап береді.Егерде ол ойыншы дұрыс жауап бермесе жалаушаны екінші көтерген ойыншы жауап береді.
1. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған? (Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады)
2. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз))
3.Неге Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемдеріне дейін ( 97м) символдық мәні бар дейді?( Елорда Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді
4. ҚР Мемлекеттік Гимні ретінде қабылданған « Менің Қазақстаным» әні қай жылы жазылған және әнді алғаш орындаған кім?( 1959 ж. Жамал Омарова)
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?( 9 бөлімнен, 98 баптан)
6. Этнография нені зерттейді?(халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс- тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрып ерекшелігін зерттейтін ғылым)
7. Қабанбай батырдың шын есімін ата?(Ерасыл)
8.Абылайдың кеңесшісі( Бұқар жырау)
9. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар
10.Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң: («Жеті жарғы)
11. Ханның мұрагерін қалай атаған? (сұлтан)
12. 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басыларының бірі, жауынгер ақын. (Махамбет)
13. ҚР қанша облыстан тұрады? (14)
14. Мұсылмандардың қасиетті айы,күні түні? (Рамазан,Жұма,Қыдыр)
15. Томирис кім? (Сақ патшайымы)
16. Адам алғашқы құралды неден жасады? (Тастан)
17. ҚР астаналары болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда,Алматы, Астана)
18. А.Құнанбаевтың анасының есімі? (Ұлжан)
19. Наурыз мейрамы қай кезде тойлануға тыйым салынды? (КСРО құрамында болған кезде)
20. Абылай хан қай жылы дүниеге келді? (1711 ж)