1 - ойыншыға сұрақ. 1. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)
3. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән( «Елім - ай»)
4. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде қанша бөлме бар? (35)
5. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)
6. Абайдың әжесі ( Зере)
7. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдерКерей,Жәнібек)
8. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)
9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
шың. ( Талғар шыңы)
10. Қобыз атасы кім саналады.(Қорқыт)
11. 1924 -1928жылдары Қазақстанның астанасы міндетін атқарған қала?(Қызылорда)
12. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)
13. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды? (1771)
14. Ұлы жібек жолы қай елден басталды?(Қытай)
15. ҚР Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі? (Әзербайжанмен)
2 - ойыншыға сұрақ. 1. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)
2. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
3. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)
4. Айтыскер адам ( ақын)
5. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
6. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең ( тұсаукесер)
7. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)
8. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)
9. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында? (9)
10. Бір жылда қанша күн бар? (365)
11. Ең қадірлі адам? Ана
12. Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный)
13. Соғыста ерлік көрсеткен адам? (Батыр)
14. Ш.Уәлиханов қай жерде дүниеге келді? (Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде)
15.Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты? (б.з.б.ІІ ғ соңы)
Бүгінгі тарих көшбасшысы интелектуалдық ойынымызды аяқтадық сөз кезегін әділ-қазы алқаларына берейік.
Бүгінгі тарих көшбасшысы интелектуалдық ойынына балалардың барлығы барынша жақсы дайындық пен келген, бірақ сайыстың аты сайыс біреу жеңсе, біреу жеңіледі. Сайбек Досболат пен Солтанбек Назар екеуі соңғы кезеңге дейін сайысқа түсті соның ішінде Назар 125 ұпай жинаса, ал Досболат 130 ұпай иеленіп бүгінгі тарих көшбасшысы интелектуалдық ойынында Досболат 130 ұпай мен жеңіске жетті.Жеңіске жете алмағандар ңа еш қамықпаңдар келесі сайыстарға әлі де жақсы дайындалып келсеңдер сендерде жеңіске жетесіңдер деп ойлаймын.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ал балалар бүгінгі тарих көшбасшысы интелектуалдық ойынымызды аяқтайық. Қазақстанның болашағы сендер болған соң білімді де тәрбиелі ұрпақ ретінде еліміздің көркеюіне үлестеріңді қосасыңдар деген сенімдемін. Бүгінгі ойынымызда жеңіске жеткен оқушыны марапаттап сыйлығын табыс етейік.
Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар бүгінгі тарих көшбасшысы интелектуалдық ойынын келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет келесі кездесенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.