Әлемдік қауымдастық 1. 2003, 2006, 2009 жылдары Астана қаласында елбасының басшылығымен кімдердің жиылысы өтті (Әлемдік дәстүрлі діни кофессия басшыларының съезі)
2. Елбасының халықаралық беделінің арқасында еліміз 2010 жылы қандай ұйымға басшылық етті (ЕҚЫҰ)
3. Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне қай жылы төрағалық етті (2011 жылы)
4. Әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қолдау және қорғау бойынша қызмет атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының органы (ЮНЕСКО)
5. Біріккен Ұлттар Ұйымының штабы қай қалада орналасқан? Нью-Йорк
1-2 кезең бойынша ұпай аз жинаған Дидар мен Назар мен қоштасайық бүгінгі ойынымызға барынша жақсы қатысқандарың үшін алғыс білдіреміз.
ІІІ –кезең «Дода» Шарты: 9 ұяшықтан таңдап алған сұрақтарға жауап беру.
Ғылым 10 20 30
Тұлға 10 20 30
Спорт 10 20 30
“Ғылым” 10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика)
20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )
30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
“Тұлға” 10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы (Т. О. Әубәкіров )
20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А. Назарбаева)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев )
«Спорт» 10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
20. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( ілбіс)
30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион).
ІV - кезең. « Сөз тапқанға» Үй тапсырмасы. 2 минут. Шарты: Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді? үй тапсырмасын қорғау. ( өмір сүргілері келетін мемлекеттің аты, шекарасы сызылған, туы, елтаңбасы, астанасы және өз мемлекеттеріне арнап 4 жол өлең шумақтарын арнау.)
Бұл кезең оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген
Осы кезде ұпайы төмен бір ойыншымен қоштасамыз
Сайыскерлердің ішіндегі ұпайы төмен Қуанышпен қоштасайық.
Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.
V – кезең Жорға Басталады жорға деген сайысым,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.