ШОҚАН ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛМАҒАН ДЕРЕКТЕР
З.С. Сламбеков, т.ғ.к., доцент
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Қазақ жерін Ресей империясының отарлау саясаты мәнінің әлі де, жан жақты
зерттелмеуі салдарынан, қазақ халқының өткен кезеңдерінің көлеңкелі тұстары
баршылық. Соның ішінде, Х1Х ғасырдың ортасында өмір сүрген, алғаш қазақтан шыққан
ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың саяси-қоғамдық қызметі және өмірі. Аталмыш
мақалада автор Ш.Уәлихановтың өліміне қатысты, айтылмай келген деректі, сол
кездегі саяси жағдайлармен байланыстыра ұсынады.
В истории казахского народа есть белые пятна, которые образовались в
результате неполного изучения колонизации казахских земель Российской империей. В
том числе, жизнь и общественно-политическая деятельность первого казахского ученого
Х1Х века Чокана Валиханова. В данной статье автор рассматривает неопубликованные
источники связанные со смертью Ч.Валиханова связывая политическим положением
того времени.
In the history of the Kazakh people have white spots, which were formed as a result of an
incomplete study of colonization of Kazakh lands by the Russian Empire. In particular, the life
and political activity of the first Kazakh scientist 1 century Ciocan Valikhanov. In this article the
author examines unpublished sources related to the death of Ch.Valikhanov linking the political
situation of the time.
Кілт сөздер: Қазақстан тарихы, дерек, ресей империясы, отарлау саясаты.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуының рухани бастауының алыптары Ыбырай
Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов және Абай Құнанбаевтар сол заманның тарихи
сұраныстарынан туындаған тұлғалар болатын. ХХ ғасыр басында халқының мұңы мен
зарын терең түсінген,азаматтық мақсаты мен борышын
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне күн болмағанда кім болам» - деп, жалынды ақын
Сұлтанмахұмұт Торайғыров армандаған қазақ аспанына Шоқан Уәлиханов дәстүрлі
көшпелі қоғамнан, ресей империясының отарлау саясаты нәтижесінде батыс мәдениетіне
біртіндеп жақындау барысында сүрген өмірі аққан жұлдыздай болса да, халқына сіңірген
еңбегі мен ғылымдағы алатын орыны жарқырап шыққан күндей болды.
Шоқан Уәлихановтың шығармалары бес томдық көлемде академик Әлікей
Хақанұлы Марғұланның жинақтауымен басылып шықты. Оның география, этнография,
тарих, этнология ғылымдары бойынша жазған еңбектері және қоғамдық саяси
көзқарастарымен қызметі туралы көптеген ғылыми зерттеулер жарық көрді. Дегенмен де
бұл зерттеулердің кеңес дәуіріндегі социализм идеологиясы үстемдігі тұсында Шоқанның
саяси қоғамдық көзқарастары мен қызметін, өмірінің шындығын, оның сан қырлы
жақтарын жан жақты терең ашып көрсетуге мүмкіндіктері болды ма деген сұрақтарға
жауап керек сияқты. Шоқан өмірін зертеуге саналы ғұмырын арнаған энциклопедияшы
ғалым Әлікей Марғұлан Шоқан туралы өзі ғана білетін көп дүниелерді жариялай алды ма.
Кеңестік империялық саясат жағдайында, оның репрессиялық озбырлығын өз басынан
өткерген ғалым бүгін тірі болса Шоқанның саяси көзқарастары мен өмірі туралы құпия
болып келген деректерді жария етер еді. Олай дейтін себебім, жаңылмасам, 1984 жылы
ақпан айында Мұхтар Әуезовтың музей үйінде, белгілі фольклоршы ғалым Рахманқұл
Бердібаев Әлікей Марғұланмен кездесу ұйымдастырып, зиялы қауым өкілдері алдында Ол
Шоқан туралы қызықты әңгімелер айтты. Кездесу теледидар арқылы көрсетілді. Бұрын
соңды дидарын көрмеген, даусын естімеген атақты ғалымның әңгімесі аса тартымды
болды. Сөйлемінің құрылымы өте жинақы, артық бояма көркем сөзі жоқ. Таза ғылыми
қазақша тілде, өзіне тән қоңыр даусымен бір сағаттай сөйлеген болатын. Атақты жазушы
Сәбит Мұқановтың Шоқан туралы жазған «Аққан жұлдыз» тарихи көркем романындағы
Шоқан мен әкесі Шыңғыстың арасындағы қатынастардың кеңестік идеологияға
икемделініп,
жаңа
демократиялық
және
ескі
феодалдық
көзқарастардың
қайшылықтарының көріністеріне сәйкестендіріле суреттелуін Әлікей атамыз жақтырмай,
Сәбитте жаза берген ғой, деп, мәселенің идеологияландырылған астарына мән берген
болатын. Шоқанның Омбыдағы жігіттік шағы туралы, оның өзінің қатарластарынан
шоқтығы биік тұратындығын, жан-жақты білімділігін, алғырлығы және тектілігіне тән
такаппарлық қасиетін,орыс ақсүйектері қауымдастығы өкілдері сауық кештерінде қыз
келіншектер алдында жеке басының тартымдылығымен ерекше көрінетіндігін атап өткен
еді. Шоқан жас кезінде сері болған, орыс офицерлері арасында кең тараған преферанс
ойынын жақсы білген, шараптан да бас тартпаған, тіпті, бір қыста карта ойынынан отыз
сегіз сиырдың құны болатын ақша ұттырған деп Шоқанның жас адамға тән іс
әрекеттерінен кейбір мағлұматтарды айтқан еді. Орта Азияға жасалған Черняевтің
экспедициялық корпусының жорығына қатысқан Шоқан патша үкіметі әскерінің аяусыз
басқыншылық саясатына наразы болғандығын жалпылама ғана сипаттаған болатын. Өзі
білетін деректерді ашық айту коммунистік иддеология үстемдігі жағдайында мүлдем
мүмкін емес еді.
Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдарының белгісіз жақтары туралы соңғы
кезде біраз мәселелер қозғалып жүр. Солардың ішінде ерекше назар аударуға тұрарлығы
кеңес одағы кезіндегі мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің полковнигі Б.Қыстаубаев деген
азаматтың «Тайна Чокана Валиханова» деген деректік материалдарға негізделіп жазылған
кітабы. Бұл еңбекте Шоқан өмірінің қызметі және оның қоғамдық саяси көзқарастарына
байланысты патша үкіметінің іс әрекеттері туралы материалдар негізінде Шоқан өлімінің
құпиясына қатысты болжамдар жасалған.
Бұл мәселе жөнінде әлі жарияланбаған дерек деп айтуға толық негіз болатын,
белгілі қоғам қайраткері, атақты жазушы Әнуәр Әлімжановтың өз аузынан естігенін, осы
жолдар авторы оқырман назарына ұсынып отыр.
1991 жылы қыркүйек айында Қазақтың мемлекеттік университеті (КазГУ)
жанындағы Қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін арттыру
институтының бес айлық курсында тыңдаушы болған едім. СССР-дің ыдырау процесінің
тоқтаусыз жүріп жатқан уақыты. КПСС биліктен айырылып, саяси ұйым ретінде тарап
біткен. Институт басшылығы әр апта сайын республикамыздың белгілі қайраткер
тұлғаларымен тыңдаушыларды кездестірулерді ұйымдастырып тұратын. Сондай бір
кездесу Әнуәр Әлімжановпен өткізілді. Орысша жазса да, қазақша шешен сөйледі екен.
Еліміздегі болып жатқан экономикалық саяси процестердің халықаралық жағдайлармен
байланыстылығын, СССР-дің ыдырауының заңды құбылыс екендігіне және
обьективтілігіне талдаулар жасап, оның субьективті себептеріне де тоқталып, біраз оған
мысалдар келтірді. Сонымен бірге, отарлау саясаты мен отарлаудың ыдырауын әлемдік
даму процестермен байланыстыра айтқан лекциясында Қазақстанның отарға айналуы
және оны жүзеге асырудағы патша үкіметінің саясатының ұлы державалық шовинистік
мәнінің ерекшеліктеріне тоқталды. Отарлау саясатына қарсы ұлт азаттық қозғалыс
мәселелерінен шыға отырып, Шоқан Уәлихановтың социал демократиялық козқарасы
және қызметтері туралы ойларын ортаға сала келіп,оның өлімінің құпиясы туралы өзі куә
болған,әлі күнге дейін жарияланбаған оқиғаны айтқан еді. ХХ ғасырдың елуінші
жылдарының соңында, Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уәлиханов
совхозының орталығына Шоқанның мемориалдық кешенін салу құрылысы басталады.
Ауыл шетіндегі төбенің етегінде жерленген Шоқанның мәйтін төбе үстіне, көрнекі жерге
қайта жерлеп, басына ескерткіш орнату туралы шешім қабылданып, арнайы мемлекеттік
комиссия құрылады. Комиссия құрамына Қазақстан жазушылар одағына жақында
тағайындалған Ә.Әлімжанов, Ұлы Отан Соғысы қарсаңында Әмір Темірдің мәйтін ашқан
атақты антрополог ғалым М.М.Герасимов т.б.мүше болып кіреді. Шоқан қабірін ашқан
Герасимов мәйіттен күштеумен өлтірудің айқын белгісін, мойнының үзілгендігін
анықтаған. Тез арада бұл мәселе туралы сол кездегі Қазақстан компартиясы орталық
комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа хабарлайды. Кеңестік идеологияның дүрілдеп
тұрған уақытында Шоқанның өлтірілуінің жария етілуі халықтар достығына, кеңестік
интернационализм мүдделеріне қайшы келетіндіктен республика басшысы «жабулы қазан
жабулы күйінде қалатындығын» және оның мемлекеттік құпия болатындығын ескертеді.
Ә.Әлімжанов басы қасында болған бұл мәселені алғаш рет жария етіп тұрмын деген
болатын.
Жасы отызға ғана толған Шоқан өлімі туралы кеңестік дәуірде оның құрт
ауруымен ауырғандығы туралы сан қилы болжамдар айтылып келген болатын. С.Мұқанов
өзінің «Аққан жұлдыз» романында бала Шоқан оқуға Омбыға бара жатқан жолда, ел
ішінде силы бір әйелдің ақ тілек айтып, бетінен сүйгенін, аурудың содан жұққан болуы
керек дейді. Кейбір болжамдарда Шоқанға Санкт Петербургке барған сапарында ылғалды
ауа әсер еткен дегенге саяды. Шын мәнінде, Шоқан құрт ауруымен ауырса, әлемдік
өркениетке беймәлім болып келген Қашқарияға мемлекеттік құпия тапсырмамен, ұзақ
сапарға қалай барып келді. Науқас адамды бұндай жауапты да, қауіпті сапарға үкімет
қалай сеніп жібереді. Әкесіне жазған соңғы хатында Шоқан өзінің күн сайын әлсіреп,
солып бара жатырмын деп неге жазады. Ә. Марғұлан Шоқанның соңғы үш хатындағы
жазуды әлсіреген, ауру меңдеген адамның қол таңбасы деп айтуының нендей сыры болуы
мүмкін.
Ш.Уәлиханов өзінің қоғамдық саяси көзқарасы жағынан сол кезде Ресейде
алдыңғы қатарлы зиялы қауым арасында қалыптасып келе жатқан социал демократиялық
қозғалысқа жақын болатын. Батыс европа елдерінде кең тараған социал демократия
жолындағы қозғалыста, сол бағытта саяси партиялар қалыптасып, олар саяси аренаға
шығып,парламентаризм дами бастады. Ал, Ресейде орыс шаруаларының басы байлылығы
енді ғана жойылған еді. Әлі де империяның саяси құрылымына демократияның ықпалы
жат болатын. Батыс елдері алдына Ресей қоғамының өзіндік ерекшеліктерін
абсолюттендіріп, самодержавиелік монархиялық биліктің ағартушылығын әсірелеп
көрсететін. Қазақ жерін, Орта Азияны отарлауды артта қалған мешеуліктен, орта
ғасырлық надандықтан азат ету деп көрсетуге қанша тырысса да отаршыл саясаттың
озбырлығы орыс социал демократтары арқылы батыс елдерінің ақпарат құралдарына
жетіп тұратын. Лондонда 1855 жылы А.И.Герцен мен И.П.Огарев «Колокол» журналын
шығарып, оның беттерінде Ресей империясының бұратана халықтарды отарлаудағы
саясатының қатігездігін әшкерелейтін мақалалар жарық көре бастайды. Бұндай
жарияланымдар Ресей билігі ағартушы самодержавиенің европа қауымдастығы алдында,
оның саясатының астарын әшкерелеп, абыройын түсірді. Сондықтан, өзі куә болған
Шоқан Черняевтің экспидициялық корпусының Әулие Ата қаласын зеңбірекпен атқылап,
халқына көрсеткен аяусыз қатігез іс әрекеттерін үнсіз қалдырар ма еді. Черняев жорығына
қатысқан Шоқан наразылығын білдіріп, одан кетіп қалғаны белгілі оқиға. Европада
Парижде тұратын, Шоқанды өзінің туған бауырынан артық көретінін хатында жазған
Ф.Достоевскиймен арасында тығыз байланыс болды. Хат арқылы Ресей империясының
қоғамдық саяси өмірі мәселелері жөнінде пікірлер алмасып тұратын.
Оңтүстіктегі қазақ жерін отарлаудағы патша үкіметінің саясатының әшкере болуы
қаупі және ұзақ уақыт Ресей империясының сыртқы барлауында қызмет еткен Шоқанның
саяси көзқарасының сенімсіздігі оның өлімінің себебі болды ма екен.
Достарыңызбен бөлісу: |