Шөгінді тау жыныстар және оның құрлымы


өзгеруі, қайта кристалдану т.б./ жүреді



бет2/3
Дата02.12.2022
өлшемі4,31 Mb.
#54352
1   2   3
Байланысты:
Шөгінді таужыныстар және олардың құрлымы

өзгеруі, қайта кристалдану т.б./ жүреді.

Катагенез сатысының кең тараған минералдары

  • темір мен ауыр элементтердің сульфидтері /пирит, марказит, галенит, сфалерит/
  • оксидтер/халцедон, кварц, гематит, рутил, анатаз/
  • сульфаттар /барит, ангидрит/
  • карбонаттар /кальцит, доломит, сидерит, анкерит/
  • силикаттар /гидрослюда, каолинит, монтмориллонит/
  • Олар түйірлі агрегаттар, кейде дұрыс пішінді кристалдар болып келеді.

ШӨГІНДІ ТАУЖЫНЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Шөгінді таужыныстардың құрылымдары оны құрайтын минералдар мен сынықтардың пішіні мен өлшемі бойынша анықталады. Шөгінді таужыныстардың құрылымын зерттеу стратиграфия, тектоника, палеогеография мəселелерін шешуде жəне инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық іздеу жұмыстарында үлкен мəні бар. Класстары:

  • нақты сынықты ш. т. қ.
  • сазды ш. т. қ.
  • химиялық ш. т. қ.
  • Биогенді ш. т. қ.
  • Пирокластолиттердің қ.

Нақты шөгінді таужыныстардың құрлымдары

Нақты шөгінді сынықты таужыныстардың құрылымдары сынықтардың ірілігі мен пішіні жəне оларды біріктіретін керіштің құрылысы бойынша анықталады. Егер таужынысты құрайтын сынықтардың ірілігі əрқилы болып келсе, онда олардың өлшеміне қарай псефиттік, псаммиттік, алевриттік, пелиттік болып бөлінеді

Нақты шөгінді сынықты таужыныстардың құрылымдары

Алевриттік

Алевриттік

Псаммиттік

Псефиттік /Галька/

Сазды таужыныстардың құрлымдары

  • Сазды таужыныстардың құрылымдары əр түрлі белгілер –минерал түйіршіктерінің өлшемі, агрегаттарының пішіні мен орналасуы, ондағы қалдықтар бойынша сипатталады.
  • Пелиттік құрылым. Бұл сазды таужыныстарға ең тəн құрылым, себебі минералдар таужыныста 0.01 мм-ден кіші түйіршіктер құрайды.
  • Алевропелиттік құрылым. Мұнда сазды минералдардың ішінде құмайттык түйіршіктер/0.01-0.1 мм/ 5-50% құрайды.
  • Псаммопелиттік құрылым. Мұнда құм түйірлері/0.1-2 мм/ 5-50% құрайды.
  • Реликтілік құрылым сазтаста бастапқы таужыныстың минералдарының пішіндерінің сақталғанын керсетеді .
  • Псевдоаморфтық құрылым сазтастардың өте ұсақ түйіршіктерден тұруына байланысты тастілімде үйектелген жарыққа əсер етпейтінін көрсетеді.
  • Қабыршақтық құрылымда сазды минералдар топ-топ болып бағдарланған, сондықтан микроскоп үстелшесін айналдырғанда агрегатты үйектелу байқалады.
  • Бағдарланған құрылым сазды минералдардың таужыныста оптикалық бір бағытта орналасқанын көрсетеді.
  • Шырмалған талшықты құрылым. Айқас никольдерде таужыныста сазды минералдардың ұйысқан жіңішке талшықтары байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет