Сифонды құю (5.4,б- сурет) арқылы шағын көлемді құймалар алынады.
Бұл тәсіл бойынша шөміштегі болат шамот кірпіштерінен қаланған орталық
құбырға (8) құйылып, табандықта жиналған
шойын кеуекті шамот
кірпіштерінен құралған арналар арқылы бір уақытта қатарынан бірнеше
сауытқорамдарға келіп түседі. Сифондық тарата құю кезінде бірден 4-36
құймакесектерді құюға болады. Құйма кристалдану кезінде оның беткі
қабатындағы металл отырып шөгеді. Сонда да
сифонды тарата құю тиімді
деп саналады, себебі құйманың беті таза және металл емес қождық кірмелер
сирек кездеседі.
Үздіксіз тарата құю (5.4,в- сурет) басқа тәсілдермен салыстырғанда
озық тәсіл болып саналады. Бұл процесс кезінде
балқыған болат шөміштен
аралықтағы тарата құюшы құрылғыға (9), ал одан соң жекелеген ағындар
бойынша сумен салқындатылатын мыс сауытқорам - кристалдандырғышқа
(10) келіп түседі. Кристалдандырғышқа металды құю алдында, қарлығаштың
құйрығы тәріздес тереңдетілген уақытша түп (түртпе) енгізіледі.
Қарқынды
салқындату нәтижесінде сұйық металл қатаяды, кристалдандырғыштың және
түртпенің қабырғаларында құймакесектің қабыршағы түзіледі. Түртпе
тартқыш білікшелердің (11) көмегімен төмен қарай жылжып, өзімен бірге
толық
қатпаған
құймакесектерді
алып
кетеді.
Құймакесектер
кристалдандырғыштан су ағынымен (12)
салқындатылғаннан кейін барып,
толық қатады. Содан соң оларды газды кескішпен (15) қажетті ұзындықтағы
дайындамаларға кеседі. Болатты үздіксіз тарата құюға арналған қондырғылар
бір, екі, төрт және сегіз құймакесектерді қатарынан алуға бейімделген
жылғалармен жабдықталады.
Үздіксіз тарата құю арқылы алынған құймакесектердің құрылымы
тығыз, ұсақ түйіршікті болып келеді, ішкі ойықтар, металл емес кірмелер аз,
ал дайын өнімнің шығымы сауытқорамдарға
тарата құйылумен
салыстырғанда 8-10%- дейін жоғары.
5.2.3 Кеуек темірді тікелей (домнадан тыс) алу
Кеннен немесе концентраттардан темірді тура тотықсыздаумен сұйық
өнім алудың өнеркәсіптік маңызы жоққа баланады. Темірлі кеуек алу
процестері коксты пайдаланбай тура тотықсыздау
арқылы құрамында
ерітілген көміртегі бар қатты өнім алумен өтеді. Мұндай процесс бағасы
қымбат материалдарды үнемдеумен қатар, металды домналық балқыту
кезінде кокстан түсетін күкірт пен фосфордың болмауына себепші.
Темірлі кеуектердің негізгі бөлігі әртүрлі
шахталы пештерде
өндіріледі. Жұмыс атқару принциптеріне байланысты тотықсыздау
процестері
өзгеріп
отырады.
Темір
ұнтағын
өндіруге
арналған
шекемтастардың металдану дәрежесі 98-99% болады.