Мақыш Қалтайұлы



Pdf көрінісі
Дата23.04.2023
өлшемі114,64 Kb.
#85804


Мақыш Қалтайұлы (1869, қазіргі Астанадағы Қараөткел елінде дүниеге келген-1916, 
сонда дүние салған)-ағартушы, ақын. Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін 
үйреніп, дін ілімін меңгерген. Кейін Троицк қаласындағы «Расуля» медресесіне оқуға 
түсіп, біраз жыл «услу жәдид» әдісімен бала оқытқан. Меккеге барып, қажы атанған. 
Білімдарлығымен, ақындығымен танылып, «мәшһүр» деген атқа ие болды. Қазан 
қаласынан Мақыштың “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» (1907 
ж. татар тілінде, 1909-10 жылы қазақ тілінде), «Біраз ғибрат сөз» (1910), «Қазақтың 
айнасы» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол»(1912) атты 
өлең кітаптары басылып шықты. Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайын, қазақтың хал-ахуалын, әдет-ғұрпын жырлап, өнер-білімге, мәдениетке 
үндеді. Оның қоғамға» дүниеге көзқарасы жағынан діни-ағартушылық пікірі басым 
болды. «Қазақ әкімдері», «Ишандар хақында», «Қожалар хақында» өлеңдерінде кейбір 
дүмше молдаларды сынаса, «Жастар хақында», «Қарттан қашу», «Жасқа жақындасу», 
т.б. өлеңдерінде жастардың әр түрлі мінез-құлықтары сөз болады. Ағартушылық 
бағыттағы идеялары «ұылым үйрену парыздылығы», «Орысша оқу керектігі», «Басқа 
жұрттар қандай халде?», т.б. өлеңдерінде айқын көрінеді. Мақыш аудармамен де 
айналысып, З.Каримидің «Айна» (1913), Ұ.Рашидидің «Сақ уа сұқ халдері» (1913) атты 
кітаптарын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ «Тұрмыш» атты қолжазба журнал да 
шығарған. Өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде жариялап 
тұрды. «Жолсыз газеттеріміздің бірі», «Газетаның керектігі хақында» атты мақалалары 
жарияланған. 
Ғылыми-шығармашылық жолының зерттелуі 
• 
Мақыш Қалтайұлы мұрасын елуінші жыдары бірден-бір зерттеуші – фило логия 
ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кежебаев. «Әдебиет және 
искусство» журналынағы «Мақыш Қалтаев» атты мақаласы. 
• 
Алпысыншы жыладары ақындығы жайында біраз сөз айтқан Ысқақ 
Дүйсенбаевболды.1963 жылы шыққан « ХХ ғасыр басындағы қазақ 
ақындарының шығармашылығы» атты оқулық христоматиясында сөз етеді. 
• 
Алпысыншы жылдары Мақыш мұрсы жайында пікір білдірген Айқын 
Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» Абай өлеңдерімен салыстыра 
отырып, идеясы ұқсас екенің дәлелдейді. 
• 
Жетпісінші жылдары Мақыш Қалтайұлы мұрасын жинақтау, зерттеу жайына 
назар аударған зерттеуші-Әбусағит Жиреншин. «Қазақ кітаптарының 
тарихынан» атты еңбегінде жаңа тың деректермен толықтырады. 
Шығармашылығы 
Кітаптары: 
• 
«Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен манзұмасы» (1907) 
• 
«Қазақтың айнасы»(1910) 
• 
«Біраз ғибрат сөз»(1910) 
• 
«Насихат қазахия»(1911) 
• 
«Бар оқиға»(1912) 
• 
«Тура жол»(1912) 
 


Өлеңдері: 
• 
«Өнерге тағлым үшін бала берді» 
• 
«Өнерге жабыспасақ іс бітпейді» 
• 
«Сәбия қыз» 
• 
«Михнат босқа кетпес қиналсаңыз» 
• 
«Есектің ойнауы» мысал өлең 
• 
Бал құрты мен шыбын» мысал өлеңі 
• 
Қаж хақында 
• 
Сахарадағы мешіттер 

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет