Шок кезінде еѕ бірінші пайда болады


+Ұрықтың ірі болуы// Жүктілікті көтере алмау// Ұрықта ақаулардың дамуы// Г



бет71/113
Дата11.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#100511
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113
Байланысты:
Øîê êåç³íäå å¾ á³ð³íø³ ïàéäà áîëàäû

+Ұрықтың ірі болуы//
Жүктілікті көтере алмау//
Ұрықта ақаулардың дамуы//
Гестоз
***
Плацентаның төмен орналасуына күдік туғанда, әйелдер кеңесі дәрігерінің жүргізуге құқы жоқ://
Анамнез жинауға//
Сыртқы акушерлік зерттеуге//
+Қынаптық тексеруге//
Ультрадыбыстық зерттеуге//
Жатыр мойнын айнамен қарауға
***
Жыныстық жетілу кезінде қыздардың организмінде келесі негізгі өзгерістердің бірі жүреді://
Гипофиздің гонадотропты функциясының тежелуі//
+Аналық бездердің гормональді функциясының белсенуі//
ФСГ бөліну ырғағы анықталмайды//
ЛГ экскрециясының ретті«шыңы»анықталады//
Қалқанша безінің гормональді функциясының белсенуі
***
Акушер-гинекологтың қарауына бір апта бұрын жұқпалы аурулар ауруханасында ауыр қызамықпен жатып шыққан жүкті әйелкелді. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Дәрігер тактикасы қандай болады://
Дәруменді терапия жүргізу//
Гормондық терапияны тағайындау және диспансерлік бақылауды жалғастыру//
+Жүктілікті үзу//
Жүктілікті жалғастыру//
Ұрық ақауын анықтаған жағдайда жүктілікті үзу
***
Науқаста, жүктілікті үзу мақсатында жасалған қылмыстық араласудан 11 күннен кейін мынадай симптом комплекс дамиды: ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы, әлсіздік, денеқызуының 390С дейін көтерілуі, ентігу, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, олигурия, жөтел. Аталған клиникалық бейнелердің сәйкес келу мүмкіндігі жоғары болып тұр://
Асқынбаған инфицирленген абортқа//
+Асқынған инфицирленген абортқа//
Сепсиске//
Септикалық шокқа//
Перитонитке
***
6 жастағы қыз баланың шағымдары: сыртқы жыныс мүшелерінде ауырсыну сезім пайда болып, зәр шыққаннан кейін ашумен қышудың пайда болуы. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сыртқы жыныс мүшелері сусіңділенген, қасыған іздердің қызаруы, қыздық пердесі бүтін, қынаптан - іріңді бөлінділер байқалады. Ректальді зерттеу кезінде – патология анықталмады. Сіздің болжам диагнозыңыз қайсысы://
Вульвит//
+Спецификалық емес вульвовагинит//
Вагинит//
Бактериалды вагиноз//
Глисттік және паразитарлық инвазия
***
Науқасты тексеру кезінде анықталды: қынаптық бөлінділердіңрН ортасы 4,5-тен жоғары, қынап шырышының гиперемиясы, амин тесті оң, микроскопиялық зерттеу кезінде "кілтті жасушалар" анықталды. Ең ықтимал диагноз://
Спецификалық емес вагинит//
Кандидозды вагинит//
+Бактериальді вагиноз//
Трихомонадты кольпит//
Қынапта бөгде денемен шақырылған вагинит
***
20 жастағы босанатын әйел, босанудың ІІІ кезеңі. 30-40 секунд бойына кіндіктен бақылап тарту кезінде (плацентаның бөліну белгілері жоқ) плацента төмен түспейді. Әрі қарай босанудың ІІІ кезеңін қалай жүргізген мақсатты деп саналады://
Окситоцинді қайтадан енгізу//
20 минут бойына бала жолдасының бөліну белгілерін күту//
+Жатырдың келесі жақсы жиырылуынк үтіп, Кіндіктен бақылап тартуды қайтадан жалғастыру//
Күштірек күшпен кіндіктен бақылап тартуды қайтадан жалғастыру//
Метилэргометринді тамыр ішіне енгізу
***
22 жастағы И., әйелдер кеңесінде жүктіліктің 17-18 аптасымен диспансерлік есепте тұр. Жүкті әйелде кезеңімен АҚҚ 140/90 ммсын.б. дейін жоғарылауы байқалады. Шағымы жоқ. Төменде аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып саналады://
Жеңіл прэклампсия//
Созылмалы гипертензия жеңіл преэклампсияның қосылуымен//
Жүктілікпен шақырылған гипертензия//
+Созылмалы артериальді гипертензия//
Ауыр преэклампсия
***
Перзентхананың қабылдау бөліміне босанған әйел баласымен бірге түсті. 2 сағат бұрын үйінде босанған. Жүктілік кезінде учаскелік гинекологта есепте тұрған, толық тексеру ден өткен. Жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. Қабылдау бөлімінде қандай шараларды жасау керек://
+Босану жолдарын қарап, тырыспаға қарсы сары суды егу//
Жағдайы қанағаттанарлық, сондықтан бірден физиологиялық бөлімге жатқызу керек//
Жағдайы қанағаттанарлық, сондықтан әйел госпитализациялауға жатпайды//
Босану жолдарын қарап, қан мен зәр анализін тағайындау//
Ұрықта офтальмобленореяның алдын алу шарасын жүргізу
***
Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігімен бел аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде: бір босану және үш медициналық түсік болған. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының қынаптық бөлігінің ұзындығы 2,5 см, сыртқы аңқасы үңірейіп тұр, цервикалді өзекше жабық, жатыр жүктіліктің мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты, аз мөлшерде. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәй келеді://
+Өздігінен түсік болу қаупі//
Өздігінен басталған түсік//
Дамымаған жүктілік//
Ұрық көпіршігі//
Плацентаның төмен орналасуы
***
Босанатын әйелде, нәресте туылғаннан 10 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінулер пайда болды. Бала жолдасының бөліну белгілері бар. Қан жоғалту 250,0. Дәрігер акушер-гинекологтың әрекеті қандай болады://
Бала жолдасын қолмен бөліп алу//
+Сыртқы әдістерді қолданып, бала жолдасын бөліпшығару//
5 ЕД окситоцинді 400,0 физ.сұйықта тамыр ішіне тамшылатып егу//
Іштің төменгі бӨлігіне мұз қою//
Метилэргометринді тамыр ішіне егу
***
Ауыр преэклампсияны диагностикалау үшінқандай критерийлер қолданылады://
+Диастолалық қан қысымы >100mmHg Систолалық қан қысымы >160mmHg, 300мг немесе одан да көп протеинуриямен//
Диастолалық қан қысымы >90mmHg Систолалық қан қысымы >140mmHg 200мг немесе одан да көппротеинуриямен//
Диастолалық қан қысымы >100mmHg Систолалық қан қысымы >160mmHg, протеинуриясыз//
Диастолалық қан қысымы >90mmHg Систолалық қан қысымы >140mmHg , протеинуриясыз//
Диастолалық қан қысымы = 80 mmHg Систолалық қан қысымы =120 mmHg, 300мг немесе одан да көппротеинуриямен
***
Алғаш жүктіәйел, жасы 30-да, әйелдер кеңесіне жүктіліктің 10-11 аптасында әлсіздікке, бас айналуына, құсуғ ашағымданып келді. Тәулігіне 10 ретке дейін құсқан. Бір аптаның ішінде 1 кг салмақ жоғалтқан. Терісі бозғылт, тілі ақ жабынмен жабылған. АҚ 100/60 мм сын. б. Ең ықтимал диагноз қайсысы?//
Жүктіліктің 10-11 аптасы. Жүктілер құсуының жеңіл түрі//
+Жүктіліктің 10-11 аптасы. Жүктілер құсуының орташа түрі//
Жүктіліктің 10-11 аптасы. Жүктілер құсуының ауыр түрі//
Жүктіліктің 10-11 аптасы. Жедел гастрит//
Жүктіліктің 10-11 аптасы. Тамақпен улану
***
35 жастағы әйелде жатырішілік спиральді алғаннан кейін қырындыны гистологиялық зерттеу кезінде эндометрий гиперплазиясы анықталды. Дәрігердің ең ықтимал тактикасы қайсы://
Гестагендермен емдеу//
Андрогендермен емдеу//
+Бақылау//
Операция//
Антибактериалді терапия
***
58 жастағы сүт безі обырымен ауыратын науқас емделгенен кейін үш жыл Өткесін плеврит анықталды. Плевриттің этиологиясын анықтаңыз;//
Бронхоскопия кезінде//
Қан анализы бойынша//
Плевральді қуысының пункция кезінде//
+Аспирациялы сұйықты цитологиялық зерттеу кезінде//
Рентгеноскопия кезінде
***
Радикальді ем жүргізілетін қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар қандай клиникалық топқа жатады://
I//
+II//
III//
IV//
V
***
65 жастағы науқасқа 3 жыл бұрын көлденең тоқ ішек рагы бойынша хирургиялық ем жүргізілді. Бақылау қарау кезінде анастомоз аймағында рецидив табылған. Дәрігердің тактикасы.//
3 айдан кейін бақылау қарау//
1 жылдан кейін бақылау қарау//
Симптоматикалық емге жіберу//
+Радикальді хирургиялық ем//
Паллиативтік операция
***
54 жастағы науқас, 15 см биіктікте тік ішек рагы, ісік кілегей және кілегеі асты қабаттарымен шектелген. УДЗ және компьютерлік томографияда алыс метастаздар жоқ. Емді тағайындаңыз.//
+Хирургиялық//
Сәулелік+ хирургиялық//
Сәулелік+ хирургиялық + химиотерапия//
Симптоматикалық ем//
Химиялы сәулелік терапия
***
Эндоскопиялық зерттеуде тік ішектің полипі анықталды, аяқшасы бар, көлемі 1,5 см, I клин. топ. Дәрігердің тактикасы;//
Динамикада бақылау//
Радикалды операция//
Симптоматикалық терапия//
+Эндоскопиялық полипэктомия//
Химиосғулелік терапия
***
60 жастағы науқас 8 ай бұрын сол жақ сүтбезіндеісіктібайқады, дәрігерге қаралмаған. 2 апта бұрын онкодиспансерге жіберілген, онда сол жақ сүт безі обырының IV сатысы, ісіктің ыдырауы анықталған. Асқыну себебі://
Диагностика қателігі//
Толық емес қарау//
Дерттіңжасырынжүруі//
+Дәрігерге дер кезде қаралмау//
Науқасты ұзақ уақыт қарау
***
63 жастағы науқас шіріген жұмыртқа иісті құсу, асқазанның толып кетуі, эпигастральді аймақта ауырсынулар, әлсіздік шағымдарымен стацинарға түсті. 4 айауырған, терапевте қаралып емделген. Кейінгі 6-7 күннен бері атап өткен шағымдар пайда болды. Эпигастральді аймақта қолға ісік білінеді, қозғалғыштығы шектелген, шолпыл шуы естіледі. Қандай дерт дамыған://
Бауыр обыры//
+Асқазан дистальді бөлігінің обыры//
ЛГМ//
Соқыр ішектің обыры//
Өкпе обыры
***
Науқас 67 жаста, 4 ай бұрын төс сүйегі артындағы пайда болған ауырсыну бойынша терапевте қаралып емделген. Бір апта бұрын қою тамақтың өңештен өтпеуі, әлсіздік, тамақтан кейін тамақ түйіршіктерінің шығуымен жөтел, дене қызуының жоғарлауы шағымдарымен стационарға түсті. Онкодиспансерде қаралу барысында өңеш рагы диагнозы қойылды. Асқынуы://
Механикалық сарғаю//
Ішек өтімсіздігі//
Омыртқа сүйектеріне метастаз//
+Өңештік-бронхиальді жылан көз//
Асқазан стенозы
***
65 жастағы науқасқа 3 жыл бұрын көлденең тоқ ішек обыры бойынша хирургиялық ем жүргізілді. Бақылау қарау кезінде анастомоз аймағында өршу табылған. Дәрігердің тактикасы://
3 айдан кейін бақылау қарау//
1 жылдан кейін бақылау қарау//
Симптоматикалық емге жіберу//
+Радикальді хирургиялық ем//
Паллиативтік операция
***
Эндоскопиялық зерттеуде тік ішектің полипі анықталды, аяқшасыбар, көлемі 1,5 см, I клин. топ. Дәрігердің тактикасы://
Динамикада бақылау//
Радикалды ота//
Симптоматикалық терапия//
+Эндоскопиялық полипэктомия//
Химиосәулелік терапия
***
Тоқ ішектің көкбауыр бүрышының обырымен ауратың науқасқа 2 жыл бүрын гемиколонэктомия жасалған. Рецидивпен метастаздар жоқ. Дәрігердің тактикасы;//
+Динамикада бақылау//
Радикалды операция//
Симптоматикалық терапия//
Эндоскопиялық полипэктомия//
Химиосәулелік терапия
***
65 жастағы сүт безіобырымен T3N1M0 ауыратын науқас, эстроген-рецепторы оң. Гормональді емі;//
Ароматаза ингибиторлары//
Эстрогендер//
+Антиэстрогендер//
Прогестиндер//
Кортикостероидтар
***
Жедел миокард инфарктымен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау прпепаратын көрсетіңіз://
Амиодарон//
+Лидокаин//
Хинидин//
Верапамил//
Дилтиазем
***
Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік кезінде артықшылық беретін диуретикті таңдаңыз://
Диакарб//
+Маннитол//
Фуросемид//
Верошпирон//
Гигротон
***
57 жастағы науқас, жыл бойына айына 1-2 рет сол жақ жауырынға беріліп, нитроглицерин қабылдағаннан соң жарты сағат көлемінде басылатын төс сүйек артындағы қысып ауыратын сипаттағы ауыруға шағымданады. Холтерлік мониторлау кезінде, ұстама сәтінде v2-v5 бөліктерінде SТ-ң 8 мм-ге жоғарылауы. Келесі күні SТ изолинияда. Науқаста қандай патология?//
Тұрақты стенокардия ФК 4//
Миокард инфаркты//
Миокардтың ишемиялық дистрофиясы//
+Варианттық стенокардия//
Күшейе түскен стенокардия
***
Жедел миокард инфарктымен науқаста 4-ші аптада төс сүйек артында қарқынды жиырылатын ауырсынулар, ЭКН-да теріс динамика пайда болып және АСТ, АЛТ, КФК-МВ белсенділігі тағы да көтерілсе, ауру ағымының нашарлауын қалай квалификациялаға болады://
ӨАТЭ//
+Қайталама миокард инфаркты//
Екінші рет болған миокард инфаркты//
Дресслер синдромының дамуы//
Варианттық (вариантная) стенокардия
***
Синустық түйіннің әлсіздігі синдромымен науқаста синустық брадикардия – минутына 45 байқалады. Кардиостимулятор орнатудан науқас үзілді-кесілді бас тартты. Консервативті ем үшін аталған дәрілердің қайсысын қолдануға болады?//
Анаприлин//
Кордарон//
+Атропин//
Дигоксин//
Новокаинамид
***
Науқаста аяқ астынан тамыр соғу ұстамасы (минутына 160) пайда болды, дәрігер оны каротидті синусты уқалаумен басты. Тамыр соғу ұстамасына себепші болған тәрізді://
Синусты тахикардиямен//
Пароксизмальды жыпылық аритмиясымен//
Пароксизмальды жүрекшелер жыбырымен//
+Пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен//
Пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен
***
18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізінің үстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз?//
+Қолқа сағасының стенозы//
Үйлескен жүрек ақауы//
Қолқа коарктациясы//
Ққарыншааралық қалқаның ақауы//
Ашық артериалды тармақ
***
40 жастағы науқас, шағымдары – прекардиальды аймақта толқулармен көмескі байланысты сыздайтын ауырсынуларға, көкірек қуысының сол жақ жартысындағы «жарылу» сезімдеріне. Қарап тексеру кезінде патология анықталмаған, ЭКГ ерекшеліксіз. Пациентті тексеруді қандай зерттеуден бастау қажет?//
Қанның қант және холестеринге зерттеуінен//
Қанның липопротеидтерге зертетуінен//
Эхокардиографиядан//
+Велоэргометриядан//
Фонокардиографиядан
***
52 жастағы науқас әйел жүрек аймағындағы қысқа мерзімді ауырсынуларға шағымданады. ЖРА-н кейін 2 апта бойы науқас. ЭКГ-да – SТ сегментінің 1,5 мм-ге төмендеуі және теріс Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз://
Климактерийлік кардиомиопатия//
ЖИА//
НЦД//
+Миокардит//
Перикардит
***
28 жастағы науқас, отбасылық дәрігердің қабылдауына келді, шамалы дене жүктемелері кезіндегі ентігу, тез шаршағыштық, жүректің лүпілдеп соғуына шағымданады. Балалық шағында баспамен жиі ауырған. Аускультация кезінде: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, қатты І-ші тон, өкпе діңінің үстінде ІІ-ші тонның екіге бөлінуі, митральды қақпақшаның шертіліп ашылуы ІІІ-тон (бөдене ырғағы). Сіздің диагнозыңыз?//
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үш жарғақты қақпақша жеткіліксіздігі//
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жеткіліксіздігі//
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы//
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі//
+Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша стенозы
***
Науқас М., 63 жаста, 3 жыл бұрын өткізген жұқпалы миокардиттен кейін пайда болған қатты басы айналып есінен танатын аяқ асты ұстамаларына шағымданады. Соңғы уақыттарды ұстаманың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқаған. АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 57 соғу. ЭКГ-да PQ интервалының ұзаруы, Самойлов-Венкебахтың жүйелі кезеңдері. Аталған науқасқа қандай ем ең қолайлы?//
Кальций антагонистерін ұдайы қабылдау//
Бета-адреноблокаторларды ұдайы қабылдау//
М-холиноблокаторларды ұдайы қабылдау//
+Ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату//
Аортокоронарлы шунттау жүргізу
***
Жағдайының нашарлауына байланысты отбасылық дәрігерге 68 жастағы науқас М. Келді. ЖИА, Инфаркттан кейінгі кардиосклероз, Артериальды гипертензия ІІ, IV қауіп факторы, НКІІБ диагноздарымен бақылауда. Әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, ішіндегі дүркін-дүркін ауыруларға, көзіне қос көрінуіне шағымдары бар. Дәрілерін тұрақты қабылдайды. АҚ-150/90 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 50 соғу. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS жиынтығы деформацияланған, барлық бөліктерде дерлік ST интервалының изоэлектрлік сызықтан төмен «астау тәрізді» жылжуы, бигеминия типі бойынша қарыншалық экстрасистолия. Науқас жағдайы төмендеуінің ең ықтимал себебін көрсетіңіз://
Гипертониялық криз//
Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы//
+Гликозидті интоксикация//
Қайталама миокард инфаркты//
Ми қанайналымының өткінші бұзылысы
***
Отбасылық дәрігерге 41 жастағы Науқас М. Жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ ФК. Артериалды гипертензия ІІ, қауіп факторы ІІІ, НК0 диагнозымен бақылауда. Қарап тексеру кезіне шағымдары жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ-да қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындауға бола ма?//
Иә, өйткеніқарыншалық тахикардия пароксизмі амуының қаупі бар//
Иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған//
+Жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді//
Жоқ, өйткені жасанды ырғақ жүргізушісін орнату қажет//
Иә, өйткені Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
***
Семсер тәрізді өсінді нің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?//
Миокард инфаркты//
Перикардит//
+Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы//
Плевропневмония//
Қабырғааралық невралгия
***
Л. атты науқас әйел, 29 жаста, дене жүктемесі кезінде ентігу, жүрек аймағында, жауырын аралық аймақта ауырсынулар. Анамнезінде: ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І-ші тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, «бөдене» ырғағы, жыпылық аритмиясы. R-графияда: контрастыланған өңеш кіші радиус доғасы бойынша қисайған. ЭКГ-да: Р – mitrale, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз://
Митральды қақпақша жеткіліксіздігі//
Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі//
Митральды қақпақша пролапсы//
+Сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы//
Қолқа сағасының стенозы
***
Науқас М., 20 жаста, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарап тексеру кезінде жүрек шекаралары солға ұлғайған, жүректің барлық аймағының үстінен таралусыз систолалық шуыл естіледі, ЖҚЖ – 1 минутта 90 соғу. Температурасы – 37,70С. Зертханалық тексеру кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы (+) анықталған, С реактивті ақуыз. ЭКГ-да: қайта үйектеліс бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз://
Перикардит//
Кардиомиопатия//
Миокардиодистрофия//
Нейроциркуляторлы дистония//
+Миокардит
***
Науқас Н., 65 жаста, жүрек аймағындағы іркілістерге, жүрек қағысына, шаршағыштыққа, шамалы дене жүктемесі кезіндегі ентігуге, ісінулерге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын күретамырлары ісінген. Жүрек дүмпуі ұлғайған. Жүрек ұшы дүмпуі көтеріңкіленген. Тондар тұйықталған, минутына 100 соғумен жыпылық аритмиясы. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде екі жағынан да дыбыссыз ылғалды сырылдар. Бауыры ұлғайған, тығыз, аздаған ауырсынумен, тегіс беткейлі, шегі сүйірленген. ЭКГ-да: тісшелердің төмен вольтажы, ошақтық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, қайтаүйектеліс бұзылысы. NYHA (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясы) бойынша ХНК сатысын көрсетіңіз://
ФК І//
ФК ІІ//
+ФК ІІІ//
ФК IV//
ФК анықтау мүмкін емес
***
70 жастағы науқас әйелді соңғы 3 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақпен шыққан кезде күшейе түсетін, тізе буындарындағы, кӨбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексеру кезінде – шамалы ісіну, оң тізе буынының гиперемиясы. Тізе буындарының R-граммасындаекі жағынан да бірдей байқалған остеофитоз. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз://
+Деформациялаушы остеоартроз//
Псориаздық артрит//
Подагралық артрит//
Ревматикалық артрит//
Ревматоидты артрит
***
Учаскелік дәрігерге 35 жастағы әйел жүрек қағысына, ентігуге, әлсіздікке, ашушаңдыққа, тершеңдікке, арықтауға шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойына ауырады, басынан өткізген қатты стресспен байланыстырады. Объективті: күйгелек, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖҚЖ – 1 минутта 110, АҚ 160/70 мм сын. бағ. Дәреті іш өтуге бейім. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз://
Нейроциркуляторлы дистония//
+Гипертиреоз//
Гипотиреоз//
Феохромацитома//
Біріншілік альдостеронизм
***
Науқас К., 50 жаста, 15 жылдан аса созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы 3 жыл бойына артерия қысымының 170/90 мм сын. бағ. көтерілуі тіркелген.Бұл науқастың артериялдық қысымын коррекциялау үшін препараттардың қандай тобын тағайындауға болмайды://
Диуретиктер//
АПФ ингибиторларын//
Нитраттар//
Кальций антагонистері//
+β-адреноблокаторлар
***
К. Атты науқас әйел, 56 жаста, 2 типті қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы жыл бойына стенокардия ұстамасын байқаған. Бұл науқаста ЖИА-ны емдеген кезде антиангинальды препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?//
+Кардиоселективті бета-блокаторлар//
Селективті емес бета-блокаторлар//
Нитраттар (монотерапия ретінде)//
ИАПФ ингибиторлары//
Кальций антагонистері
***
40 жастағы ер адамның эпигастрий аймағында белдеуленген сипаттағы, арқасына таралатын ұзақ ауырсынулар және оң жақ қабырға астында жарылатындай сезім байқалады. УДЗ тексеру кезінде: ұйқы безінің өзгерістері және созылмалы холецистит белгілері. Аталған патология кезінде қандай зертханалық көрсеткіштер ең ақпаратты болып табылады://
Лейкоцитоз//
Қан трансаминазасының деңгейі//
Гипергликемия//
Қандағы сілтілік фосфатаза деңгейі//
+Қан мен несептегі амилаза деңгейі
***
50 жастағы ер адам оң жақ табанындағы қатты ауырсынуларғ шағымданады. Қарсаңында көп мөлшерде ет және алкоголь қолданған. Ауыру аяқ астынан пайда болған, таңғы 6 мөлшерінде және оң жақ табанының І-ІІ табан сүйек фалангалық буындары аймағында басымырақ орналасқан. Объективті: үлкен саусақ буынының үстіндегі терісі қып-қызыл, сипағанда ыстық, пальпациялағанда жанға батып ауырады, қимыл және жүру мүмкін емес дерлік, дене температурасы – 38°С. Учаскелік дәрігердің диагностикалық әдісі қандай?//
Ауру буынның пункциясы//
+Несеп қышқылына қан тапсыру//
Қанның клиникалық талдауы//
Оң жақ табан рентгенографиясы//
Зақымданған буын УДЗ-сы
***
Отбасылық дәрігерге 41 жастағы науқас жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ-ші ФК. Артераилды гипертензия 2, қауіп 3, НК0. Диагнозымен бақылауды. Тексеру кезінде шағымы жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКС-те қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау қажет пе және қандай мақсатпен?//
Иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы қаупі бар//
Иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған//
+Жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді//
Жоқ, өйткені ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату қажет//
Иә, өйткені Адамс-Моганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
***
2 типті қант диабетімен жапа шегетін 40 жастағы А. атты науқас әйелде 2 дәрежелі артериалды гипертензия байқалады. Қандағы глюкоза деңгейі 8 ммоль/л шамасында. Аталған жағдайда гипотензивті препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?//
+АПФ ингибиторлары//
кальций каналдарының блокаторлары//
β-адреноблокаторлар//
АТ ІІ рецепторларының антагонистері//
Диуретиктер
***
Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар://
Ципрофлоксицин, перфиксацин, офлоксацин//
Стрептамицин және гентамицин//
+Линкомицин және левомицетин//
Имипенем және меропенем//
Пенициллин, эритромицин, азитромицин
***
Созылмалы обстуктивті бронхитпен ауыратын 60 жастағы науқаста ентігу мен жөтелдің күшеюі; сәл ғана сарғыш – жасыл түсті қақырықтың бөлінуіне, шағымданады. Объективті: ТАЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ - 92 рет мин. Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар.ТШЖ- 70% төмен. Сальмутамолды күніне бірнеше рет қабылдаған.Қай препаратты тағайындаған дұрыс?//
Гентамицин бұлшықетке//
Кларитромицин per os//
Сальбутамол көктамырға//
+Тиотропия бромиді ингаляциялық//
Сальбутамол ингаляциялық
***
30 жастағы ер адам қан жұғындысы аралас диарея, ішінде ұстама тәрізді ауырсыну мен қызбаға шағым айтады. Проктосигмоскопияда шырышты қабықшаның қанталауы және борпылдақ болуы анықталды.Диагноз: бейспецификалық жаралы колит.Науқасқа мына препараттардың қайсысын тағайындау қажет?//
+Салофальк//
Метронидозол//
Ванкомицин//
Фурозолидон//
Смекта
***
Алғашқы пайда болған стенокардияда дәрігердің әрекеті://
Амбулаторлы жағдайда емдеу//
Күндізгі стационарда емдеу//
Жоспарлы ауруханаға жатқызу//
+Жедел ауруханаға жатқызу//
Ем қолданылмайды
***
47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін?//
+Сепсис//
Инфекциялық эндокардит//
Жедел жүрек жеткіліксіздігі//
Жедел тыныс жеткіліксіздігі//
Жедел респираторлық дистресс-синдромы
***
38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы.Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті?//
+Қандағы котехоламиндерді анықтау//
Қандағы кортизолды анықтау//
Қандағы альдестеронды анықтау//
Қандағы электролиттерді анықтау//
Қандағы ренинді анықтау
***
48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз. Қандай ауруға күдіктенуге болады?//
+Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі//
Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз//
Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі//
Геморрагиялық васкулит//
Ревматикалық емес миокардит
***
2 айлық бала. Емханада АКДС,ОПВ, ВГБ, Hib алдын-алу екпелері жасалды. Келесі күні дене қызуы 38,3°С,-қа көтерілген, делсалдық пайда болып, тәбеті төмендеген. ТАЖ минутына 36 рет, ЖСЖ минутына 136 рет. Бұл жағдай немен байланысты?//
--Екпеге реакция,жеңіл дәрежелі ауырлықта//
+Екпеге реакция,орташа дәрежелі ауырлықта//
Екпеге реакция, ауыр дәрежелі ауырлықта//
--Екпеге гиперэргиялық реакция//
Екпеге энцефалопатикалық реакция
***
Отбасылық дәрігерге профилактикалық қабылдауға 3 айлық бала келді. Қараған уақытта ешқандай шағымдары жоқ. Ана сүтімен тамақтанады. Анамнезінен: 1 жүктіліктен, 38-39 аптадағы 1 босанудан туған. БЦЖ вакцинациясы өмірінің үшінші күні босану үйінде жасалған. Туберкулезбен науқас адамдармен қатынасты жоққа шығарады. Объективті: физикалық және нервті-психикалық дамуы жасына сай. Мүшелер бойынша ақаулар жоқ. Сол йығын қарағанда БЦЖ дамуының белгілері жоқ. Осы балаға қатысты отбасылық дәрігердің әрекеті://
Қайтадан вакцинация жасауға болмайды//
---6 айға дейін алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау//
6 айдан кейін Манту сынағынсыз вакцинациялау//


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет