Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.

Солтүстік экспозиция 
Еріген қар суының ағыны, мм 
Ағынның коэффициенті 
Топырақтардың шайылуы, т/га 
Эрозияның қарқындылықтары, г/л 
13 
0,12 
0,6 
4,6 
16 
0,16 
0,8 
5,0 
20 
0,20 
1,9 
8,6 
26 
0,2 
3,1 
9,6 
Жаңбырдан туындаған ағын, мм 
Топырақтардың шайылуы, т/га 
Эрозияның қарқындылықтары, г/л 

1,4 
17,5 
15 
3,6 
24,0 
28 
11,8 
40,7 
41 
20,9 
52,4 
Барлығы, мм 
Топырақтардың шайылуы, т/га 
Эрозияның қарқындылықтары, г/л 
21 
2,0 
9,5 
31 
4,4 
14,2 
48 
13,7 
28,5 
67 
24,0 
35,8 
Оңтүстік экспозиция 
Еріген қар суының ағыны, мм 
Ағынның коэффициенті 
Топырақтардың шайылуы, т/га 
Эрозияның қарқындылығы, г/л 
12 
0,14 
0,7 
5,8 
16 
0,17 
0,9 
6,4 
21 
0,26 
2,2 
10,5 
26 
0,32 
3,1 
12,9 
Жаңбырдан туындаған ағын, мм 
Топырақтардың шайылуы, т/га 
Эрозияның қарқындылықтары, г/л 
12 
3,2 
26,6 
20 
5,8 
29,0 
28 
13,8 
49 
48 
30,8 
59,2 
Барлығы, мм 
Топырақтардың шайылуы, т/га 
Эрозияның қарқындылықтары, г/л 
24 
3,9 
16,2 
36 
6,7 
18,6 
49 
16,0 
32,6 
74 
33,9 
45,8 
Кестеде көрсетілген мәліметтерге жүгінсек, агроландшафттарды егістікке 
бірдей жағдайда пайдаланғанмен, беткі ағынның әсерінен ылғал мөлшері мен 
топырақтың құнарлы бөліктерінің мөлшерлері едәуір кемігендігі байқалады. 
Бұл заңдылық, әсіресе, оңтүстіктік «жылы» экспозициядағы еңістіктік 
көрсеткіштерінің дәрежелері жоғары болып келетін жер бедерлеріне тән 
екендігі айқындалды. Мысалы, еріген қар сулары мен жаңбырдың жылдық 
мөлшері солтүстік экспозициядағы беткейлердің еңістік көрсеткіштерінің 
дәрежелеріне байланысты болып, 21-ден 67 мм-ге дейін, ал топырақтың 
шайылу мөлшері 2-ден 24т/га жеткен. Осы агроландшафттың оңтүстік 
экспозициясындағы беткейлерде бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 24-74мм және 


73 
3.9-33.9 т/га дейін өзгереді. Солтүстік экспозициядағы беткі ағынның және 
шайылған топырақтың мол мөлшерлері 5-7
0
мен 7
0
- тық еңістіктері бар 
беткейлерде байқалып, ал оңтүстік экспозициядағы беткейлердегі бұл 
процестер солтүстіктегілерге қарағанда әлдеқайда қарқынды жүретіндігі 
анықталды. Бұдан шығатын тұжырым – солтүстік экспозицияда жайғасқан 
топырақтардың су эрозиясына төзімділігі оңтүстіктегілерден артық екендігін 
дәлелдейді. Бұл жағдайды кестеде келтірілген эрозиялық қарқындылықтарды 
куәландыратын мәліметтерден де көруге болады. Мысалы, агроландшафттың 
солтүстік экспозициясындағы беткейлердегі эрозияның қарқындылығы 9,5-35,8 
г/л аралығында болса, оңтүстігінде – 16,2-45,8 г/л болды. Бұдан көретініміз, 
оңтүстік экспозициядағы топырақтардың су эрозиясына шыдамдылығы 
салыстырмалы түрде төмен болатыны. 
Жоғарыдағы мәліметтерге қосымша, Г.П. Сурмачтың [139] шкаласын 
пайдаланып, еріген қар суларының мөлшерлері мен коэфициенттік 
көрсекіштері бойынша, олардың қарқындылықтарына баға беруге болады (10- 
кесте). 
10-кесте – Еріген қар суларының беткі ағындық қарқындылықтарының 
шкаласы 
Ағын
Ағын мөлшері, мм 
Ағын коэффициенті 
Жоқ 
Өте әлсіз 
Әлсіз
Орташа
Күшті 
Өте күшті 
Шамадан тыс

<7 
8-20 
21-40 
41-75 
76-115 
>115 

<0,05 
0,06-0,15 
0,16-0,35 
0,36-0,65 
0,66-0,85 
>0,85 
Кестеде келтірілген заңдылық көрсеткіштерден байқалғандай, көп 
жағдайда еріген қар суларының мөлшері мен коэффициенті әр түрлі градацияға 
сәйкес келеді. Мысалға, еңістігі 3-5
0
беткейдің солтүстік экспозициясында 16 
мм ағын қабаты мен 0,16 коэффициенттік көрсеткіші бойынша ол «әлсіз» деп 
қабылданады, ал еңістігі 1-5

болып келетін беткейлерде еріген қар суларының 
мөлшері әр түрлі экспозицияларда 12-16 мм ағын мөлшері мен 0,12-0,17 
коэффициентті құраса, оның қарқындылығы әлсіз деп саналады, ал еңістігі 5-7
0
және 7
0
–тан жоғары болған жағдайда, ағын мөлшері 21-26 мм және 
коэффициенттік көрсеткіштері 0,20-0,32 болып келетін беткейлерде 
қарқындылығы орташа болып саналады. 
Эрозия көбінесе бедер еңістігі 0,5
0
-жоғары жерлерде байқалына 
бастайды. Ол екі типке бөлінеді: шайылу немесе жазықтық эрозия және 
сызықтық эрозия. Топырақ эрозиясының дамуына әсер етуші ең маңызды 
көрсеткіші – жауын-шашынның эрозиялық потенциалы. Бұл көрсеткішті 
анықтау үшін жауын-шашынның түрлері, олардың 30 минут аралығындағы 


74 
қарқындылығы мен энергиясы қажет. Отандық және шетелдік ғалымдардың 
зерттеулері [134, 60 бет] бойынша жаңбырдың максимальді 30 минуттық 
аралығындағы энергиясы шайылумен тығыз байланысты.
Топырақ шайылуының әртектілігі, топырақ жамылғысының әркелкілігіне 
алып келеді. Егер беттік шайылуға кедергі келтірмесе, ол біраз уақыт 
аралығында тереңдігі 20-30 см-ге жететін сызықтық эрозияға алып келеді. 
Жоғарыда аталған мәліметтерді ескере отырып, тағы бір анықталған 
заңдылық, қардың еруімен салыстырғанда, топырақтың шайылуына қарқынды 
жаңбырдың әсері. Мысалы, жаңбыр суының ағындық нәтижесінде қалыптасқан 
топырақтың шайылу мөлшері, зерттеліп отырған беткейдің еңістігі бойынша 
1,4 – 20,9 т/га болып, ал қар еру кезіндегі көрсеткіші 0,6-3.1 т/га, яғни 2,3-7,7 
есе кем болып шықты. Бұлардың барлығы да эрозияға қарсы шараларды 
жоспарлау барысында өте қажетті мәліметтер санатына жатады. 
Ландшафттарды агроэкологиялық бағалау барысында шаруашылыққа 
пайдаланылатын жерлерді игеру тәсілдерін және егілетін дақылдардың 
түрлерін таңдап алу, жауын-шашынның қарқындылығы мен басқа да 
факторларды ескеру, олардағы топырақтарды эрозиядан сақтап, оның 
тұрақтылығын арттырудың тиімділік шараларын жоспарлауға қажет екендігі 
анықталды. Бұл шаралар топырақты эрозиядан сақтап қалуды, объективті 
бағалауды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Осы 
жағдайларды ескере отырып, түрлі жайылымдық жерлерді есепке алып, егілетін 
дақылдардың түрлері мен жауын-шашынның мөлшеріне байланысты, 
топырақтардың эрозияға қарсы тұруына бағалау жүргізіледі. Мысалы, осы 
жағдайды нақтылы анықтау үшін Іле Алатауының тау етегінде жайғасқан, 
ашық қарақоңыр топырақтардан мынандай мәліметтер алынды: 30 минуттық 
бақылау нәтижесінде орташа қарқындылығы 0,5 мм/мин болып келетін 
жаңбырдың мөлшері 15 мм болды. Төрт элементарлық үлескілердегі беткі ағын 
нәтижесінің көрсеткіштері түрлі дақылдар егілген және сүрі жерлерге арналған 
алқаптардағы еңістігі 7-8
0
беткейлердегі ағып өткен жауын мен шайылған 
топырақтың мөлшері 10,0-37,2 мм және 0,06-1,1 т/га аралығында ауытқып 
отырды (11-кесте).
Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша, ашық қарақоңыр топырақтың 
эрозияға қарсы тұруы, ондағы егілетін дақыл түрлеріне байланысты болып, 
оның мөлшерін жоңышқа және күздік бидайды егу арқылы реттеп, 
тұрақтылығын арттыруға болатыны байқалады. Беткі ылғалдың әсерінің кемуі 
және топырақтың шайылуының төменгі көрсеткіштері айдалмаған тың 
жерлерде айқын байқалады.
Күздік бидай мен арпа егілетін алқаптармен салыстырғанда егістік 
жерлердегі егілген көпжылдық өсімдіктер топырақтың шайылуын әлдеқайда 
мол тежейтіні анықталды. Эрозияға, көп жағдайда, парға қалтырылған жерлер 
мен жаздық арпа егілетін топырақтар ұшырайтыны белгілі болды. Алынған 
мәліметтер топырақтардағы ылғалдың мөлшерін реттеп, агроландшафттардың 
экологиялық жағдайын тиімді жақсарту шаралары мен әдіс-тәсілдерін 


75 
жоспарлау, ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін жобалап, іске 
асыруда рөлі зор екендігін айта кеткен жөн деп білеміз.
11-кесте – Ашық қарақоңыр топырақты қамтыған агроландшафттағы 
жайылымдық жерлер мен егілетін дақылдардың түрлеріне байланысты 
туындаған беткі ағын мен эрозияның қарқындылық көрсеткіштері. 
Зер
тт
еу
жүрг
ізілге
н 
уақ
ы
т 
Беткей
ді
ң 
ең
іс
тіг
і, 
гр
ад
ус
Жауы
н-
шаш
ы
н, 
мм
Жауы
н-
шаш
ы
нн
ы
ң 
ор
таша
қарқы
нд
ы
лы
ғы
, мм
/мин
Эро
зи
я к
өр
сетк
іште
рі
Егістік жер 
Жайылымды
қ жер 
Сү
рі
ж
ер
(
па
р)
Жазд
ы
қ а
рп
а 
Жазд
ы
қ 
би
да
й 
Жоңы
ш
қа
А
йд
алм
ағ
ан
ты
ң 
жер
ле
р 
2
.0
5
.1
1
7-8 
17 0,57 
Ағын, м
3
/га % 
27 
18,0 
23,1 
15,1 
37,2 
10,0 
Топырақтың 
шайылуы, т/га 
1,1 
0,7 
0,4 
0,25 
0,06 
Эрозияның 
қарқындылығы, 
г/л 
40,7 30,3 26,4 
6,7 
6,0 
Алматы облысындағы Жамбыл ауданында жайғасқан ашық қарақоңыр 
топырақтарды қамтыған агроландшафттардың қоныстық деңгейдегі 1:25 000 
масштабтық карталарының негізінде беткейлердің еңістіктік дәрежесі (1º -3º; 3º 
- 5º; 5º - 7º және >7º) анықталды. Әрқайсысындағы беткі ағын мен су 
эрозиясының қарқындылықтары далалық-табиғи жағдайда анықталып, олардың 
құрамына еріген қар суының ағындық көрсеткіштері мен коэфициенттері және 
топырақтың шайылу мөлшерлері енді. 
Нәтижесінде, 
агроландшафттарды 
егістікке 
бірдей 
жағдайда 
пайдаланғанмен, беткі ағынның әсерінен ылғал мөлшері едәуір кемігендігі 
байқалды. Бұл заңдылық, әсіресе, оңтүстік «жылы» беткейлік экспозициядағы 
еңістік көрсеткіштерінің дәрежелері жоғары болып келетін жер бедерлеріне тән 
екендігі айқындалды. Бұдан шығатын тұжырым – солтүстік экспозицияда 
жайғасқан топырақтардың су эрозиясына төзімділігі оңтүстіктегілерден артық 
екендігін дәлелдейді. 
Тағы бір анықталған заңдылық - топырақтың шайылуы, қардың еруімен 
салыстырғанда, жаңбырдың әсер ету қарқындылығы жоғары болады екен. 
Мысалы, жаңбыр суының ағындық нәтижесінде қалыптасқан шайылу мөлшері, 
зерттеліп отырған беткейдің еңістігі бойынша 1,4 – 24,0 т/га болып, ал қар еру 
кезіндегі көрсеткіші 0,6-3.1 т/га, яғни 2,3-7,7 есе кем болып шықты. Бұлардың 


76 
барлығы да эрозияға қарсы шараларды жоспарлау барысында өте қажетті 
мәліметтер санатына жатады. 
Ландшафттарды агроэкологиялық бағалау барысында шаруашылыққа 
пайдаланылатын жерлерді игеру тәсілдерін және егілетін дақылдардың 
түрлерін таңдап алу, жауын-шашынның қарқындылығы мен басқа да 
факторларды ескеру, олардағы топырақтарды эрозиядан сақтап, оның 
тұрақтылығын арттырудың тиімділік шараларын жоспарлауға қажет екендігі 
анықталды. Табиғи бақылау жүргізу арқылы күздік бидай мен арпа егілетін 
алқаптарды салыстырғанда, егістік жерлердегі егілген көпжылдық өсімдіктер 
топырақтың шайылуын әлдеқайда мол тежейтіні анықталды.
Эрозияға, көп жағдайда, сүрлерге (парға) қалтырылған жерлер мен 
жаздық арпа егілетін топырақтар ұшырайтыны белгілі болды. Алынған 
мәліметтер топырақтардағы ылғалдың мөлшерін реттеп, агроландшафттардың 
экологиялық жағдайын тиімді жақсарту шаралары мен әдіс-тәсілдерін 
жоспарлау, ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін жобалап, іске 
асыруда рөлі зор екендігін айта кеткен жөн деп білеміз.
4.3 Күңгірт қарақоңыр топырақтар жайғасқан ландшафттардың су 
эрозиясына ұшырау қауіптілік сипаттамалары 
Іле Алатауының етегінде орналасқан Алматы облысындағы Қарасай 
атындағы әкімшілік ауданында жайғасып, күңгірт қарақоңыр топырақтарды 
қамтыған 
қоныстық 
деңгейдегі 
агроландшафттарды 
таңдадық. 
Бұл 
топырақтардағы бақылау үлескілері осы аудандағы Шамалған селосының  
батысындағы Фабричный поселкесіне (Жамбыл ауданы) жетпей, орта шенінде 
таңдалып алынды. Оларды осы топырақтарға өте тән телімдерге орналастырып, 
солтүстік және оңтүстік экспозицияларында кескіндік шұңқырлар қазылып, 
тектік-морфологиялық құрылымдары сипатталды. Кескіндік шұңқырларды осы 
экспозициялардың 5
0
-тық еңістігінде орналастырдық. Төменде оның толық 
сипаттамасын баяндауды жөн көрдік.
Кескіндік шұңқырды орналастырған абсолюттік биіктік - 830м тең. 
Айдалмаған тың жер. Өсімдіктер құрамы ақ селеулі, бетегелі боздан, жусаннан 
және тау алдына тән аз мөлшердегі қияқшөптерден тұрады. 10%-дық тұз 
қышқылының әсерінен топырақтың қайнауы жоғарғы қабаттан басталып, 
аналық тау жынысына дейін жетеді. Бұл құбылыс топырақ кескінінің 67см-інен 
тереңге қарай дақтана кездесетін карбонаттардың мөлшерлерінің молдығынан 
болады. 
А
1
0-8 см – қарақоңыр реңді (каштановый оттенок) күңгірт-сұр түсті. 
Құрғақ, борпылдақ, үгілмелі-кесекті, орташа қабыршақтанған, орташа саздақты 
механикалық құрамда. Келесі қабатқа –өтуі, бояуына (түсіне) қарай анық 
байқалады. 
А
2
8-30 см – күңгірттеу-құба түсті. Әлсіз нығыздалған, дымқыл, кесектеу-
үгілмелі, орташа саздақты механикалық құрамда. 


77 
В
1
30-45см – қарақоңыр реңді құба түсті қабат. Дымқыл, нығыздалған, 
кесекті, орташа саздақты механикалық құрамда.
В
2
45-63 см – сұрлау-құба түсті қабат. Ылғалды, жоғарғы қабатпен 
салыстырғанда біршама нығыздала түскен, кесекті, орташа саздақты 
механикалық құрамда.
ВС 63-102 см – ашық-құба түсті қабат. Дымқыл, нығыздалған, 
карбонаттар жеке дақ және томпақ түйірлер түрінде кездеседі. Кесекті-жаңғақ 
тәрізді, ауыр саздақты механикалық құрамда.
С
1
к
102-140 см – қуаң-сарылау-құба түсті қабат. Дымқыл, карбонаттар өте 
мол мицелиялды жіпшелерден және аз мөлшерде «шегір көзді» (белоглазка) 
түйіршіктерден тұрады. Нығыздалған, шыбын-шіркейден (насекомдардан) 
пайда болып, кейіннен карбонаттармен цементтелген қапшықтар кездеседі. 
Механикалық құрамы ауыр саздақты. 
С
2
140-210 см – сарылау-құба түсті қабат. Лесс тәрізді, нығыздалған жұқа 
кеуекті саздақ. Шыбын-шіркейден пайда болған, ал кейіннен карбонаттармен 
цементтелген қапшықтар мұнда да кездеседі. Механикалық құрамы ауыр 
саздақты.
Жоғарыда сипатталған тың жердегі топырақтың тектік-морфологиялық 
құрылымы сияқты, осы нысандарда жайғасқан тәлімі және суармалы 
жерлердегі топырақтарда далалық әдіспен зерттелді. Бұл мәліметтер осы 
мақаланың «нәтижелер және оларды талқылау» бөлімінде берілді.
Енді зерттеу әдістеріне келетін болсақ, шешілетін мәселелерге сәйкес, 
алынатын нәтижелердің көрсеткіштері мен мәндерін өзара салыстыруға 
болатындай ұстанымды пайдаланып, зерттеу әдістері мен тақырыптық 
карталарды құрастыруда пайдаланылған әдістерді пайдаландық.
Кеңінен баяндалған карта құрастыру әдістерінің негізінде, 4 361 га жерді 
алып жатқан күңгірт қарақоңыр топырақтарды қамтыған агроландшафттардың 
1:25 000 масштабтағы еңістіктік картасының сандық үлгісі жасалды (22-сурет). 
Бұл карта қабатальдарды цифрлау арқылы құрастырылып, әрбір еңістік 
көрсеткіштері градиенттік түстермен боялды.
Құрастырылған картадағы әртүрлі еңістіктік деңгейлердегі беткейлердің 
көлемдеріне талдау жасау арқылы келесі нәтижелер алынды: 285 га немесе 
зерттелетін нысанның жалпы көлемінің 6,6 пайызы 1-3
0
-тық еңістікті алып 
жатыр. Сол сияқты 3-5
0
-тық еңістігі бар жер 775 га көлемде болып, 18 %-ды 
құрайды, ал 2870 га (66 %) жер 5-7
0
-тық еңістіктергі ие болса, 431 га (9,4%)
жері 7
0
-тық еңістігі бар жерге жататыны белгілі болды. 
Сонымен, ашық қарақоңыр топырақтар қамтылған ландшафттардағы 
беткі ағынның эрозияға әсерін зерттеу нәтижесінде, айдалмалы жерлердің 
құнарлылығы мен егіншілікке пайдалануына су эрозиясы айтарлықтай әсер 
ететіндігі айқындалды. Әсіресе, көктем мезгілінде, қардың қарқынды еруі мен 
жаңбырдың аса көп мөлшерде жауатындығы көп үлесін қосады екен. 
Эрозияның қарқындылығы беткей экспозициясы мен еңістігі, жиналған қар 
қорындағы су көлемі, әсіресе, көктемгі жаңбырдың қарқындылығы 
менмөлшеріне тікелей байланысты болатындығы айқындалды. Осы


78 
22-сурет – Күңгірт қарақоңыр топырақтарды қамтыған агроландшафттардың еңістіктік картасы


79 
заңдылықтар Қарасай ауданының шеңберінде жайғасып, күңгірт қарақоңыр 
топырақтарды қамтыған ландшафттардағы жер бетіндегі су ағындарының 
эрозиялық процестерге әсерлерін зерттегенде ұқсастықтары табылды (12-кесте).
12-кесте– Іле Алатауының солтүстік беткейінде жайғасып, күңгірт 
қарақоңыр топырақтарды қамтыған агроландшафттардағы беткі ағын мен су 
эрозиясының қарқындылығы 
Беткі ағын мен су эрозияcының 
көрсеткіштері 
Беткейлік еңістіктері, градус 
1-3 
3-5 
5-7 
>7 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет