Оқушылар мен студенттердің деструктивтік діни бірлестіктерге кірмеудің жолдары туралы ЖАДНАМА Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес дінді қалай ажыратуға болады?
Әрбір діннің шығу тарихы мен негізгі діни ұғымдарының дамуы туралы мағлұматтарды анықтап, білгеннің өзінде діни уағыздарды тыңдау барысында «діни қауіпсіздік» мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстанып, ақиқат сенім мен ақиқат діни жолды біз ғана білеміз дейтін «әулиелерге» сенім арпағаныңыз абзал.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саудабек Ж оқушыларды төмендегі ережелермен таныстырады. Ереже: 1. Көшеде кетіп бара жатқаныңызда, бейтаныс адаммен діни тақырыпта әңгімелесуден бас тартқаныңыз дұрыс.
2. Егер әңгіме басталып кетсе, аты – жөнін сұрап, танысыңыз. «Біз – Христостың Шіркеуіміз» деген жауапты қабылдамаңыз.
3. Есіңізде болсын, көп жағдайда дәстүрлі емес діни миссиялар бүркемеленушіліктермен сипатталады. Мысылы, Сізді ағылшын тілінен тегін курстарға шақырып – Киелі Кітапты оқып, сол бойынша өмір сүруді насихаттайды. Мұндай әдістердің «экологиялық форум», «сырласу мектептері» және бүркеме ат жамылған т.б түрлері бар.
4. Сізге керемет мақтау, мадақтау сөздерді айтып, Сізді өздеріне, қауымына «байлап алу» тактикасын қолданады. Кейбір деструктивті діни ұйымдарда жаңадан танысқан адамдарға «махаббатпен жаулап алу» терминін қолданады. «Сіз ерекше дана адам екенсіз!», «Сіз өте жақсы киінеді екенсіз!», «Сіздің талғамыңызға біз бас иеміз!» т.б.
5. Белгілі бір діни бірлестіктің ғибадатына бармас бұрын, ата – аналарыңызбен, туған – туыстарыңызбен, Сіз үшін аса құрметті кісілермен ақылдасқаныңыз абзал.
Қорытындылау: Бігінгі бас қосуымыздың, яғни дөңгелек үстелді өткізудегі мақсатымыз, бүгінгі жастар, ертеңгі қазақ елінің болашағы сіздерді қазіргі сәттегі еліміздегі әртүрлі секталардан сақтану қажеттігі жайында мағлұматтар беру болатын. Сіздерді бүгінгі дөңгелек үстелімізден көптеген мағлұматтар алды деп ойлаймын. Ендеше, Ислам дініміздің іргесі берік болсын, басқа діни ағымдардан сақ болайық!