Негізгі бөлім: 1-оқушы:Біріншіден, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне зиян тигізу. Қайсы бір сектаны алатын болсақ, ешбірі қазақтың мұңын мұңдап, күйін күйттеу үшін келмегені анық. Түрлі сектаның жетегіне кету арқылы отбасын ойрандатып, қоғамды шулатып, тыңшылық, экстремистік, террорлық іс – әрект жасап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізуі бек мүмкін.
2 – оқушы:Екіншіден дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Мәселен, ислам әлемінің тарихына қарасақ, дұшпандары майданда жеңе алмаған соң мұсылмандарды әлсірету үшін түрлі теріс ағымдарды қолдан жасап, мұсылман жамағатын дүрдараз етіп, ынтымақ пен бірлікті ыдыратып, мемлекетті әлсіреткен.
3 – оқушы: Үшіншіден, мемлекеттің болашағы білім мен ғылымға, экономика менкөреген саясатқа байланысты. Ал секталар білім мен ғылымға қарсы. Тәп – тәуір оқып жүрген студент сектаға кірген бойда оқуы нашарлап, тіпті тастап кетіп жатады. Себебі, оған мемлекеттің болашағы қажет емес.
4 – оқушы: Төртіншіден, болашақ жастардың қолында деп білеміз. Олай болса, секталар біздің болашағымыз деп үміт артып отырған жастарымызды өз қатарларына тартумен келешекке қауіп төндіреді. Олардың жетегіне кеткен жастар еліміздің заңын құрметтемейді, әскерге бармайды, қолына қару алып отанын қорғамайды, салтымыз бен мәдениетімізге атүсті қарайтын болады. Сол себепті жастарымызды имандылыққа, ата – бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келеген асыл дініміз исламға баулысақ, түрлі жат ағымдардың жетегіне кетпейтін болады.Сонымен қатар иманды жас отанын, елін, жерін сүйетін, салт – дәстүрін, тілін, мәдениетін берік ұстайтын болады. Өйткені, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Отанды сүю иманнан», - деген.
5 – оқушы: Уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудырады. Әлем оқиғаларына көз тіккенімізде дінаралық кикілжіңдер мен қақтығыстарға куә болып жатамыз. Әрине, 16 миллион халқы бар Қазақстанға 40 түрлі конфессия өте көп. Мысалы, соңғы уақыттарда кейбір отбасыларда әкесі бір дінді, баласы бір дінді, анасы бір дінді ұстанатын халге келдік. Алла сақтасын, осындай отбасыларда кикілжің туатын болса, әркім өз жақтастарын мәселеге араластырып, арты бітпес жанжалға ұласып кетуі мүмкін.
6 – оқушы: Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірінен орын алған бірқатар оқиғалар осының бір дәлелі. Мәселен, Қазақстанда кең қанат жайған «Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Сондай – ақ олар мемлекеттік Әнұранымызды, мемлекеттік Туымызды мойындамайды. Сол сияқты, дәстүрлі медицинаны жоққа шығарып, тек дәстүрлі емес діни ұйымдарға ғана табынушылар көптеп кездеседі. Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу оңайлықпен шешімін табатын мәселе емес. Адам осындай жағдайдабұрын тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе – бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар жандар мезгілсіз өмірімен қоштасқан азаматтардың қатары күрт көбейіп барады. Осының бәрі ой – санасы тәуелді күйге түсудің салдарынан, түрлі секталарды әсерінен болып жатқаны анық.
7 – оқушы: Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз көп ұлтты, демократиялық мемлекет болғандықтан дін мәселесі жөнінде барлық азаматтарға қай дінге кіруіне, қандай дінде болуына еркіндік берілген. Атап айтатын болсақ, дәстүрлі діндер мен барлық елімізде заңды әрекет етіп жатқан діндерді алғанда. Бірақ, елімізде, қоғамға ірткі салатын, мемлекетіміздің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін, жастар санасын улайтын сеталар әрекет етуде. Ондай секталардың жұмысына заң бойынша тыйым салынған.
Менің ойымша қазіргі кезде жастар мұндай діни ағымдардан өте сақ болуы керек. Себебі, мұдай діндерге кірген адам қайтадан шығуы өте қыйын. Өйткені, өздеріне тәуелді етіп, адам санасын тереңнен улайды. Ең дұрысы, жастарымыз өзіміздің дәстүлі Ислам діні шариғаты бойынша, парыздары бойынша жүрсе ешқашан шатаспайды, теріс жолға түспейді деп ойлаймын.