Сандық-сомалық талдау шоттары материалдық құндылықтар шотын дамыту үшін материалдардың әрбір түрін ажырата отырып ашылады, өйткені оларды тек қана ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар заттай түрде де есептеуіміз керек.
Және материалдарың басқа да түрлері бойынша осындай кестелер толтырылады.
Және материалдарың басқа да түрлері бойынша осындай кестелер толтырылады.
Есеп айырысу жүргізілетін жинақтау шоттарының мазмұнын бөлшектеу үшін сомалық талдау шоттары жүргізіледі. Олардың формасы жинақтау шоттарының формасына ұқсас. Мысалы, «Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу» үшін әрбір есеп беруге тиісті тұлғаға жеке шоттар ашылады.
Мысалы, «Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу» шоты бойынша 2002 жылдың 1 шілдесіне 30900 теңге есепте тұр делік. Ол қойма меңгерушісі Орынтаев Қ.О. – 7300 теңге, агент Мұқажанова Т.Қ. – 12600 теңге және инженер Қасенов А.А.- 11000 теңге сомалары қарыздарынан тұрады.