Шоттар жүйесі және екі жақты жазу



бет2/5
Дата08.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#55965
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 4

Екіжақты жазу әдісі

  • Екіжақты жазу - шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде бірдей сомада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекеті екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.
  • Екі жақты жазу әдісімен шоттар корреспонденциясы және бухгалтерлік жазбалар сияқты ұғымдары тығыз байланысты.
  • Шоттар корреспонденциясы – бұл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар арасындағы өзара тығыз байланыстылық, мысалы «Кассадағы ақшалар» және «Есеп айырысу шотындағы ақшалар», немесе «Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу» және «Кассадағы ақшалар», немесе «Шикізат пен материалдар» мен ««Алынуға тиісті шоттар»» және т.б.
  • Шаруашылық әрекеттерінің бір шоттың дебеті бойынша және басқа шотпен кредиті бойынша өзара тығыз байланыстылығын шоттар корреспонденциясы деп атаймыз.
  • Қатысатын шоттар санына қарай шоттар корреспонденциясы қарапайым (жай) және күрделі болып бөлінеді.

Бухгалтерлік жазулар

Шоттардың типтік жоспары

Жинақтау және талдау шоттары

  • Жинақтау шоттары дегеніміз шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздері, шаруашылық әрекеттерін жеке элементтерге бөлмей жалпылама көрсетуге арналған және тек ақшалай өлшемде ғана көрсетілетін шоттар.
  • Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтау есебі деп аталады.
  • Жинақтау есебінің ерекшелігі – ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді.
  • Жалпылама мәліметтерді жинақтау шоттарының көмегімен, ал нақтыларын талдау шоттарының көмегімен алуға болады.
  • Жинақтау шоттары ақшалай өлшем бірлігімен көрсетілген экономикалық ұқсас топтары бойынша шаруашылық құралдары, міндеттемелері мен шаруашылық әрекеттері туралы жинақталған мәліметтерді береді.
  • «Талдау» атауы «синтез» сөзінен шыққан, біріктіру, жеке бөліктерді (элементтерді) бір бүтінге қосу деген мағынаны білдіреді.
  • Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының және олардың құрылу көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдау шоттары деп аталады. Ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп талдау есебі деп аталады.
  • Талдау шоттарында есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сонымен қатар заттай және еңбек өлшеуіштерімен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет