Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


  Ә Д ІА Д ІК Т І  Т У   Е Т К Е Н



Pdf көрінісі
бет14/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

3.  Ә Д ІА Д ІК Т І  Т У   Е Т К Е Н  
(Ж анаң  акын)
Әкесі  Жәнке  батыр.  Руы -   Күлік.  Жастайынан  билікке  араласып, 
орақ  ауызды  ақын  болып  қалыптасқан.  Тарихта  «Абылай  аспас  сары 
бел»  деген  үғым  бар.  Кезінде  Абылай  хан  Орта  жүзден  ертеректе  кет- 
кен  бір  өшін  алу  үшін  сәті  келгенде  «Төртрудың»  Ботақаны  мен  Қара- 
кесектің  Жанайын  тірідей  көрге  салады.  Мүндай  қорлыққа  шыдамаған 
Ботақан  жарылып  өледі.  Осы  мәселеге  байланысты  Қаракесектің  биі 
Бекболат  пен  «Төртрудың»  биі  Едіге  атқа  мініп,  бес  Мейрамды  жия- 
ды.  Олар  3  мың  қол  жиып,  қолдың  сәні  болсын  деп  Ж әнке  батырға 
қолқа  салады.  Ол  болса  «Ханын  жаулаған  қалмақ  оңбаған,  ханын  шап- 
қан  қара  оңбайды»  деп  баласы  Жанақты  «Бекболат  пен  Едігеге  сәлем 
де,  Абылаймен  жарассын,  арашасы  бол», -   деп  қосқан  көрінеді.
Айтқандай-ақ,  Абылай  мен  Бекболат,  Едігелер  кездесерде  Қүлкенің 
Биікшесі  деген  қүралайдың  көзінен  атып  тигізетүғын  мерген  мылтығы-

ның  сирағын  қүрып,  Абылайды  нысанаға  алып  түра  қалады.  Бірақ,  мыл- 
тығының  білтесін  түтатуға  мүршасын  келтірмей  Жәнке  батыр  баласы 
Жанақ  жүгіріп  келіп  Биікше  мергеннің  қолынан  мылтығын  жүлып  алады.
Соңынан  хан  мен  би,  батыр  қарашалары  жарасқаннан  соң  Абылай:
-   Мылтық  қүрған  кім  еді? -   деп  сүрапты.
-   Қүрған  Биікше  мерген, -   деген  соң.
-   Талай  жорықта  бір  торсықтан  малта  жесіп  жүрген  жолдас  еді. 
Кісіні  кісі  жоқ  жерде-ақ  өлімге  қия  береді  екен-ау, -  депті.  Оның  мыл- 
тығының  аузын  қырсық  бассын  деп,  мылтығының  аузына  бір  түйе  бай- 
лаңдар, -   дейді.
-   Тегін  кісі  Жәнке  батыр  бола  ма?  Олар  қүдай  қүйып  қойғандай 
жаратқан  шын  би  ғой.  Баласын  арашасы  болсын  деп  қосқан  ғой.
-   Ас  берілгенде  Жәнке  батырдың  босағасына  түйе  бастатқан  тоғыз 
байлансын  және  қаралы  үйге  шаншылған  найзаны  (жыл  толғанда)  жы- 
лын  бергенде  Жанақ  сындырсын,  бір  ат,  шапан  Жанақтың  өз  жолы  бол- 
с ы н ,- депті.  «Абылай  аспас  сары  бел»  атқа  ілінген  жері  осы  екен»  [81].
Жанақтың  ақындығы  жөнінде  жазушы  Қ.Исабаевтың  «Шоң»  ро- 
манында  біраз  орын  берілген.  Себебі,  кезінде  Жанақ  Шоң  мен  Шор- 
манның  маңында  біраз  болып  ел  билігіне,  араласып,  өлең  шығарғанға 
үқсайды.  Мысалы:  « -  О,  Жәке,  осы  орыс-қазақтың  басын  қосқан  базар- 
ға  арнап  бір  өлең  тастап  жіберші» -   деді  Шорман.
Жанақ  төмен  қарап  отырған  қалпы,  домбырасын  күйлетіп,  өзінен- 
өзі  ілгері-кейінді  тербеліп,  толқып  алған  соң,  көкейінен  өлең  жолдары 
қүйыла  бастады:
Халайық,  мынау  жатқан  Ертіс  суы,
Көмкерген  жагалаудың  өңкей  нуы.
Ар  жақта  Кереку  түр  бері  төніп,
Елеңдеткен  оныдагы  базар  шуы.
Таулардан  бас  алады  Ертіс-дария,
Көршісі  мында  жатыр  дала-қария.
Қазақта  басқа  өзен  жоқ  Ертісіндей,
Сондықтан  да  Сарыарқага  аты  жария.
Суы  бай  бул  Ертістің,  ел  халайық,
Алқабы  жасыл  шабын-мал  қарайық.
Шілдеде  орыс-қазақ  шыгады  екен,
Куліп-ойнап  шөбіне -   ол  талайық.
Айтады  ел  арасын  су  бөледі  деп.
«Келмесең  суы  молда  жөн  еді»,  -   деп.

Сонда  да  базар  мынау  шуылдаган,
Мә  саган,  әкел  маган,  бер  қолды  деп  [82].
Ш оңның  тетелес  інісі  Торайғыр  би  өмірден  мезгілсіз  кеткенде 
Шоңның  да,  басқаның  да  қабырғасы  қатты  қайысады.  Себебі,  Торай- 
ғыр  би  тентек  болса  да  есті  тентек  болатын.  Халық  үшін  кезінде  билік 
айтып,  біраз  іс  тындырған.  Міне,  енді  Жанақ  ел  ойлаған  Шоңға  інісі 
Торайғыр  бидің  қазасына  көңіл  айтып  отыр:
Темірге  керек  қайрақ  өту  ушін,
Жігітке  керек  тулпар  жету  ушін.
Шоң  ага  көтер  басты,  еңсеңді  уста,
Торекең  кетті  дуниеден  келмеу  ушін...
Шоң  ага  мойныңды  бур,  көр  халықты,
Дала  да  куңіренеді,  ой  шолыпты.
Біз  де  турмыз  айырылдық  деп  бір  көсемнен,
Көтер  басты,  көңіл  айт,  ел  қалыпты!
1833  жылдың  тамыз  айының  соңына  қарай  Баянауыл  дуанының 
ашылу  салтанаты  өткізілді.  Осы  дуанның  қүрылу  салтанатының  жар- 
шысы да  адуын  ақын Жанақ болды.  Осы  бір тарихта өшпес  ізін  қалдыр- 
ған  елеулі  күнді  Жанақ  ақын:
Уа,  жарандар,  жарандар!
Мына  Баянга  қараңдар.
Таулары  көкке  умтылган,
Сулары  көпті  жымқырган.
Үп  деген  бугін  жел  жоқ,
Көк майсасы  булқынган.
Сайларында  булдірген,
Тастары  анау  қаланган.
Шебер  пішкен  кескіндеп,
Көрінеді  алыстан.
Булақтары  әнші  екен,
Сылдырап  аққан  сулардан.
Баянда  мәж іліс  көп  болган,
Батырларына  беріп  тапсырма,
Олжабай  тауды  нусқаган
.
Қуба  қалмақ  жайлаган,
Атаңа  нәлет  ата  жау,
Қуылады  деп  сөзді  байлаган.

Қызыгып  кеткен  дейді  гой,
Баянның  сүлу  тауына,
Көз  жасындай  көліне,
Ежен  ханның  адамы.
Шоң  атам  келіп  дуниеге,
Төрелерді  қашырды.
Баянның  багы  ашылды,
Ашамын  деп  бугін  дуан,
Қурыпты  осынау  бір  думан.
Ал,  қалайық  екпінде,
Тежеме  көңіл  екпінді.
Будан  асқан  той  болмас,
Баян  таудай  көркінде, -
деп  кемерінен  асыра  жырлаған.
Жанақ  ақынның  тағы  бір  құнды  дүниесі  «Баянаула  туралы  дас- 
тан»  деп  аталады.  Онда  негізінен  жер-су  аттарының  қойылу  себептері 
және  туған  жердің  қасиеті  туралы  пайымдаулар  бар.  Енді  осы  дастан- 
нан  үзінді  оқып  көрелік:
Көрінер  уш  кунділіктен  «Баян»  басы,
«Қызыл  тау  әулиелі»  қатарласы.
Суйіндік,  сегіз  болыс  мекен  еткен,
Кундік  жер  жортқан  атқа  екі  арасы.
Баянның  ең  биігі мунарлы  «Ақбет»,
Басына  шықсаң  егер  көрінер  шет.
Тау-тасы,  агаш-шөбі  былай  турсын,
Ішінде  араласаң  бар  қасиет.
Айдыны  жадыраган  алтын  булы,
Сәуірде  көтереді  жасыл  тудьі.
Тастардың  арасынан  агызады,
Ыргытып  оқ  жыландай  мөлдір  суды.
Мысалы,  жиган  жуктей  көрсең  тасы,
Алланың  бір  жаратқан  тамашасы.
«Ақбеттің»  дәл  басында  бір  көлі  бар,
Мың  қойдың  қарасындай  айналасы.
«Тікасу»,  Турсынбайдың  «Найзатасы»,
Баянның  солтустік  жақ  қабыргасы.
Боштайдың  қыстау  қылган  «Сарыадыры»,

Зауыт  қып,  алтын  қазган  жақын  қасы. 
Ертеде  хан  болыпты  Қасым,  Тәуке, 
Қазақтан  төре  зады  болып  жеке.
Бул  тауды  олар  дагы  мекен  қыпты,
Айтады  «Төре  агаіиы»  осы  күнгі.
«Жақсы  аула»,  «Жаман  аула»  қатар  түрган, 
Жеті  жүрт  бізден  бүрын  келіп  қонган.
Түбі  Уақ,  Аман  батыр  мекен  қылып,
Аталып  «Жаман  аула»  содан  қалган. 
Қоныпты  «Үзыншілік»  деген  жерге 
Бикелді,  заты  аргын  болып  бірге.
Екеуі  тізе  қосып  ол  заманда,
Көрсеткен  талай  ерлік  қалмақтарга.
Бүл  тауда  болыпты  әр  түрлі  аң,
Жолбарыс,  аю,  қабан  және  арыстан. 
Батырлар  осы  таудан  көп  аң  аулап,
Аталып  «Аула»  деген  содан  қалган. 
Жауласқан  ертеден-ақ  қазақ,  қалмақ,
Біресе  қалмақ,  біресе  қазақ  алмақ.
Қоңтажы,  Сиқым,  Ежен,  Қалден,  Ысқақ, 
Бәрі  де  бүл  жерлерді мекен  қылган.
Бәрінің  қызыққаны  Баян  тауы,
Бекініс,  айналасы  көп,  жаудың  жері. 
Жазайық  қай  бірінің  атын  айтып, 
Қалмақтың  не  секілді  болыпты  ері.
Үлы  жүз  Қара  батыр  болып  басшы,
Орта  жүз  Шоқпар  батыр  болып  қосшы. 
Кейінгі  үсақ  батыр  тізе  қосып,
Бір  үлкен  қалмақтармен  согыс  қыпты.
«Согысты»  деп  үлкендердің  айтқан  сөзі, 
Көріпті мүның  бәрін  кімнің  көзі.
Ақтабан  сүламадан  бүрынырақ,
Қазақтың  Сырдан  ауып  кеткен  кезі.
Қосуга  «Шүршітқырылган»  жері  жырақ, 
Естуім  көп,  айтуым  іиагынырақ.
Шүршіттер  көшіп-қонып  жүрген  кезде, 
«Қандыадыр»  деген  жерде  қырса  керек. 
Айтуы  осы  сөзден  бүрынырақ,
Әр  жерге  ие  болып  шүршіт,  қалмақ.

155
-   Л  ■_  І І Х ---------------------- ц------------- ! -   ■  - -   --------  
-   _ 
_  
■ 
.  .  . 
■ 
■ 

■ 

Қазақтың  батырлары  кездесіп  қап,
Аталып  қалуына  болды  себеп.
Аты  бар,  атагы  жоқ  таулар  да  көп,
Қосылган  «Желтау»,  «Далба»  аулага  кеп.
Буланган  әр  бір  турлі  сәулетімен,
Баянды  жан-жагынан  көтермелеп.
«Шаңтимес»,  «Қотыр  Қызылтау»,  «Алабас», 
«Жыланды»,  «Шолаққайың»,  «Керегетас».
«Талпақ»  тур  «Ақирекпен»  сол  жагында,
«Ақкелін»,  «Көкдомбақ»  пен  сол  «Найзатас». 
«Ақтөбе»,  «Беріктас»  пен  «Сарыжал»  турган. 
«Қарбасқан»,  «Шонаман»  мен  сол  «Үштаган».
«Буркітті»,  «Жайынды»  мен  «Қарашоқы», 
Қатардан  айтылмаган  «Желтау»  қалган.
«Далбаның»  ең  биігі  «Тотия»-ды,
«Қаруңгір»  бауырында  «Найзақара».
«Белагаш»,  «Қуркелі»  мен  ол  «Қандыадыр», 
«Тастыурпек»,  «Жылыадыр»  мен  «Сарытау»  және. 
«Жапалақ»,  «Қуттыбайтау»,  «Мырзагултас»,
«Қараадыр»,  «Шоқпартау»,  «Мәудікебас». 
«Ақбура»,  «Тулпар»  тасы  толып  жатыр,
Айтуга  «Қызылтаумен»  жері  аралас.
Ел  қамын  ерте  ойлаган  би  Едіге,
Қазақтың  задын  білмей  қойсын  неге.
«Ақбеттің»  дәл  тубіне  уй  салдырган,
«Қарыагаш»,  «Тасқынбулақ»  деген  жерге.
Баласы  Едігенің  Торайгыр,  Шоң,
Туыпты  атасынан  олар  да  оң.
Бір  батьір  Баян  деген  Суйіндіктен,
Булардың  бәрінен  де  бурын  өткен.
Аулага  қошеметті  ат  қойылып,
Атальіп  Баян  себеп  болып  кеткен.
«Ақбетке»  таяу  турган  Жылтыр  шың  бар,
Жол  салган  не  секілді  тың  асулар.
«Ақбеттің»  оң  жагында  муның  бәрі,
«Қыргышы»  мына  айтқан  Жылтыр  шыңы.
Қазанқап  дуанбасы  болган  кезде,
Қыстаган  «Қарабулақ»  деген  жерді.

Бір  күні  Баянаула  дуан  болган,
Болыпты  талай  ерлер  бақыт  қонган. 
Қалмақтар  көп  өкініиі  қылган  дейді, 
«Айырылып  кеттік-ау»  деп  алтын  таудан...
4 .  О И Ш Ы Л ,  А Ғ А Р Т У Ш Ы ,  А Ң Ы Н ,  П У Б Л И Ц И С Т
(М әш һүр  Ж үсіп  Көпеев)
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  1858  жылдың  қысында  қазіргі  Ж.Аймауы- 
тов  атындағы  үжымшардың  Айыртас  деген  табиғаты  әсем  жерінде 
дүниеге  келген.  Ата-анасының  азан  шақырып  қойған  аты -  Адам  Жүсіп 
болғандықтан  Мәшһүр  деген  қосалқы  лақап  есім  оған  кейіннен  таңыл- 
ған.  Себебі,  бүл  туралы  ақынның  өзі  кезінде:
Жасымда  қойылган  ат -   Адам-Жүсіп,
Жүрт  кеткен  сүйгенінен  Мәшһүр  десіп.
Қолыма  қагаз-қалам  алган  шақта,
Кетемін  қара  сөзге  желдей  есіп,
  -
деп  жазған  [83].
Мүны  айтып  отырған  себебіміз  ертеректе  жарияланған  кейбір  зерт- 
теу  еңбектерде  М.Ж.  Көпеев  1857  жылы туған деп  жазылған  [84]  Бірақ, 
Мәшһүрдің  туған  ж ы л ы -   1858  жыл.  Олай  деу  себебіміз  ақын  өз  өлең- 
дерінде  бүған  байланысты:
Жылым -   қой,  тауық  жылы  мен  үш  жаста, 
Ғаріптілік  бүл  жалган  біздің  баста
немесе,

157
Жылым — қой,  жасым  биыл  жетпіс  уште,
Өң  түгіл  маган  жалган  жоқ  қой  түсте, — 
деп  жазған  ғой.  [85]
Екіншіден,  Мәшһүр  Жүсіптің  әлеуметтік  шығу  тегі  де  зерттеуші- 
лер тарапынан дүрыс көрсетілмеген.  Мәселен, Б.Кенжебаев «М.Ж.Көпе- 
ев  ауқатты  семьяда дүниеге  келген», -  деп  жазса  [86],  осы  ойды  М.Ғаб- 
дуллин  де  «Қазан  төңкерісі  кезінде  Мәшһүрдің  бейтарап  бағыт  үстау 
себебі  оның  дәулетті  семьядан  шыққандығынан  болды», -   деп  әрі 
жалғастырды.
Алайда,  кезінде  Мәшһүр  Жүсіптің  байлықпен  аты  шықпағанға 
үқсайды.  Бүған  оның:
Өмір  бойы  үшырамай  бізге  молдық,
  |
Табысымыз  көп  болса  ат  пен  тондық.
Әкемді  өлтірген  жаудай  болды,
Кедейлік,  кемтаршылық,  қысқа  қолдық,
  -
деген  сөзі  куә  [87].
Оның  үстіне  бүл  жөнінде  әдебиетші,  зерттеуші  ғалым  С.Дәуітов: 
«М.Көпеевтің  әкесі  Көпжасар.  Бір  әке  бір  шешеден  төрт  ағайынды. 
Көпжасар -   семьядағы  балалардың  кенжесі.  Ертеден  бері  еліміздің  сал- 
тында  кенже  туған  қүлынды,  қозыны  көпей  деп  айтатындықтан,  үй 
ішіндегі  баланың  да  кішісін  «Көпеш», -   «Көпей»  деп  еркелететін  бол- 
ған.  Міне,  осы  себепті  де  Көпжасар  аты  жайына  қалып,  Көпей  атанып 
кеткен.  Ал,  Көпейдің  әкесі  Шермүхамедтің  түрмысы  тапшы,  дәулеті 
кемдеу  екен.
Осы  қүрғыр  тапшылықтың  кесірінен  Көпей  үй  ішіндегі  әр  түрлі 
«сыбағадан»  қағыла  беріпті.  Әрі  намысты,  әрі  қайратты  жас  жігіт 
мүндай  қорлыққа  шыдай  алмай,  Қызылжар  қаласына  18  жасында  оқу 
іздеп  кетіпті.  Амал  қанша  молданың  алдынан  небәрі  4-5  ай  ғана  сабақ 
алған  соң,  қатты  сырқаттанып  қалады.  Енді  оқуын  әрі  қарай  жалғас- 
тыруға  қаражат  болмағандықтан,  Ахмед  деген  ноғайға  жүмыскер  бо- 
лып  түрады.  Жігер,  күші  мол  жігітті  қожасы  қолынан  шығармай  Бүхар, 
Ташкент,  Түркістан  қалаларына  кіреші  етіп  жиырма  екі  жыл  жалдап-
ты», -   деп  жазған  [88].
Алайда,  бүл  алып  келген  мал-мүлік  1861  жылы  болған  «тауықтың» 
жүтынан  қырылып  қалады.  Бүл  орайда  М.Бөжеев:  «Елге  қайтып  кел- 
ген  Көпжасар  3  жыл  өтпей  қу  таяқ  болып  жүдеп  қалғандықтан  Баян- 
ауыл маңындағы жатақтарға қосылады.  Ол  кезде 5 жасқа толған Жүсіпті 
медресеге  орналастырады», -   деген  ой  айтады  [89].

158
Сөйтіп,  қаншама  жыл  бейнеттеніп,  адал  еңбекпен  тапқан  малы- 
ның  жұттан  қырылуы  М әшһүрдің  әкесін  қатты  күйіндіреді.  Ендігі 
мал-мүліктің  орнын  толтыратын  қазына  тек  ғана  ғылым,  білім  бола- 
рын  түсінеді.  Сондықтан  ел-жүртын  тастап,  Қызылтаудан  Баянауыл- 
ға  баласын  оқыту  үшін  қоныс  аударады.
Мәшһүр  5  жастан  15  жасқа  дейін  Баянауыл  маңындағы  медреседе 
білім  алғанын  өлең  жолдарына  былай  деп  қосқан:
Медресе  Баянауыл  қаласында,
Амалсыз  атаң  айтса  қаласың  да.
Ойлайсың  кім  болды  деп  бізден  гаріп,
Жиылган  көп  иіәкірттің  арасында?!
Шар  кітап  алты  жаста  устаганым,
Сол  кунде  өлең  жаттап  қостаганым.
Екі  жыл  Баян,  бір  жыл  Қызылтауда,
Үш  жылдай  тунеп  тузге  қыстаганым  [90]
Мәшһүр  Жүсіптің  алғашқы  үстаздары  Халфе  Шөкеүлы  Дүржан- 
бай,  молда  Нәжмеддин  қазірет  болған.  Ал,  1865-1872  жылдар  аралы- 
ғында  ол  Хамаратдин  хазіреттен  дәріс  алған.
Хамаратдин  хазірет  медресесі -   Мәшһүрге  ғылымның  көп  салала- 
рын  үйреткен.  К ейіннен  Шығыс  дастандары  сю ж етіне  қүрылған 
«Гүлшат-Шеризат»  сияқты  қиссаның  дүниеге  келуіне  себепші  болған. 
Әрі  осы  жылдары  «Қозы-Көрпеш -   Баян  Сүлу»,  «Тарғын  батыр»,  «Төрт 
жігіттің  өлеңі»  т.б.  жырларды  жатқа  біліп,  жүрт  алдында  айтқан  зерек 
баланың  өнерін  қадір  түтып,  халық  «Мәшһүр»  есімін  берген.  Ал,  оған 
Мәшһүр  есімін  тікелей  қойған  адам  сол  кездегі  Баянауыл  дуанының 
аға  сүлтаны — Мұса  Шорманов  болған.
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  1872-1875  жылдар  аралығында  Көкялташ 
медресесінде  оқыған.  Мүны  айтып  отырған  себебіміз -   кейбір  зерттеу- 
шілердің  еңбектерінде  ақын  өмірінің  осы  бір  түсы  жаңсақ  көрсетілген. 
Д.Әбілев:  «1872  жылы  Мәшһүр  Жүсіп  Бүқарға  барып,  «Көкілташ»  мед- 
ресесіне  оқуға  түсіп,  жоғары  дәрежелі  білім  алады  да,  еліне  1875  жылы 
оралып,  бала  оқытады»-  деп  жазған.  [91]  Сәбит  Мүқановтың  «Халық 
мүрасы»  еңбегінде  де  Көпеевтің  Бүқарада  «Көкялташ»  медресесінде 
оқығаны  жазылған.  Бірақ,  онда  оқыған  жылдары  көрсетілмеген.  Сон- 
дай-ақ,  «Ақын-жыраулар»  деген  жинақта  да:  1870  жылдары  Хамерет- 
дин  қазіретте,  кейін  Бүқараның  медресесінде  оқиды», -   деп  жазылған. 
[92]  Ал,  Қазақстанның  «Энциклопедиясында»  болса  «1870  жылы  Хаме-

ретдин  қазіреттің  медресесінде,  одан  кейін  Бұқара  діни  жоғары  оқу  ор- 
нында  оқиды», -   деп  анықтама  берілген.  [93]
Бірақ,  өкінішке  орай,  басқа  әдебиеттерде,  Мәшһүр  Ж үсіптің 
өмірбаяндық деректерінде  бүл  мәлімет  жоқ.  Тіпті,  бертінде  1990  жылы 
түңғыш  рет  жарық  көрген  таңдамалы  шығармаларында  да  бүл  жайт 
үмыт  қалдырылған.
Мәшһүр  Жүсіптің  ойшыл,  қайраткер  ретіндегі  қалыптасуының 
алғашқы  кезеңі  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап,  бастыруымен 
түстас  келеді.  Бұқара,  Ташкент  қалаларына  сапар  кезінде  қазақ  тари- 
хымен  танысып,  ел  аузындағы  шешендік  сөздерді  жинаған.  Ауылдағы 
ұстаздық  жүмыс,  үлттың  жүріп  өткен  тарихын  зерттеу  оны  тағы  бір
сатыға  көтереді.
Біздің  бүл  ойымызды  «Ақын-жыраулар»  деген  жинақтан  алынған
мына  бір  сөйлем:  «1887-1890  жылдары  Орта  Азияның  Самарқанд, 
Ташкент,  Бүқара,  Түркістан  т.б.  қалаларын  аралап,  халықтың  рухани 
мүрасымен,  түрмыс-тіршілігімен  танысады.  Осы  жылдары  белгілі  ори- 
енталист-ғалым,  академик  В.В.Радловпен  танысып,  қазақтың  ауыз  әде- 
биеті  мұраларын  жинап,  жүйелеп  бастыру  ісімен  шүғылданады.  [94]»
-   нақтылай  түсетін  сияқты.
М.Ж.Көпеевтің қайраткер ретіндегі қалыптасу кезеңінде «Дала уалая-
ты  газетінің»  алатын  орны  ерекше.  Бүл  газеттің  бетінде  оның  оннан  ас- 
там  проблемалық  мақалалары,  өлеңдерімен  қатар  қазақтың  билері  мен 
шешендерінің  сөздері  жарияланған.  Бүл  туралы  сөз  алда  болмақ.
Ал,  қазір  Мәшһүр  Жүсіптің  ойшыл,  ақын,  ағартушы  ретіндегі 
қалыптасу  кезеңінің  екінші  сатысына  (1907-1912  жылдар)  тоқталар 
болсақ,  онда  оның  1907  жылы  Қазан  қаласындағы  Хүсайыновтар  бас- 
пасынан  «Хал-ахуал»,  «Тірлікте  көп  жасағандықтан  көрген  бір  тама- 
шамыз»,  «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  кітаптары  жарық  көрді.
Алғашқы  «Хал-ахуал»  кітабы  төрт  бөлімнен  түрады:  1.  «Хал-аху- 
ал»  (208  жол),  2.  «Баяннама»  (248  жол),  3.  «Патша  хақында»  (144  жол),
4.  «Ғибратнама»  (4  бөлімнен  тұрады).
Екінші  бір  «Тірлікте  көп  жасағандықтан  көрген  бір  тамашамыз» 
кітабы  алты  өлеңнен  тұрады.  Бұл  өлеңдер  «Қыран  қүс  көңіл  ашар», 
«Қара  өлең»,  «Қазақтың  қылып  жүрген  жүмысы»,  «3»  рет  сөз»,  «Жал- 
ғанда  таппай  бір  ...»,  «Сәлем  хат!»  деп  аталады.  Жоғарыда  аталған  екі 
еңбек  те  қазақтардың  сол  кездегі  түрмыс-тіршілігі,  іс-әрекет,  психо- 
логиясы  суреттеледі.Бір  сөзбен  айтар  болсақ,  бүлар  патшалы  Ресейдің 
отарлау  саясатына  қарсы  бағытталып  жазылған  шығармалар.

160
Үшінші,  «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  кезінде  бүкіл  қазақ  хал- 
қына  танымал  болған  еңбек.  Бүл  кітап  екі  бөлімнен  түрады.  Алғашқы 
бөлімі  қара  сөзбен  жазылған.  Онда  Сарыарқаның  кімдікі  екендігі  сөз 
болады.  Ал,  қара  өлеңмен  жазылған  екінші  бөлімінің тақырыбы  «Қазақ 
жүртының  осы  күнгі  әңгімесі  туралы».  Бүл  еңбектерде  негізінен  ха- 
лыққа  теңдік  беру,  бүқараның  сауатын  ашу,  сез  бостандығы,  жер  мәсе- 
лесі  сияқты  көптеген  көкейкесті  мәселелер  қарастырылады.
Бүл  туралы  Ә.Қоңыратбаев:  «Мәшһүр  Жүсіптің  жоғарғы  үш  кіта- 
бының  заңға  ілігіп  таратылмауы,  оны  басып  шығарған  Хүсайыновтар- 
ға  12  мың  сом  ауыр  айып  салынуы  ақынның  қамалушылар  тізіміне 
үшырап,  ел  ішінде  бүғып  жүруі  осыдан» -   деп  жазған.  [95]
Кейбір  әдебиеттерде  Көпеевтің  осы  үш  кітабының  жарық  көрген 
жылдары  қате  көрсетіліп  жүр.  Мәселен,  «Ақын-жыраулар»  атты  жи- 
нақ  пен  Қазақ  ССР  Энциклопедиясының  7  томында  М.Ж.Көпеевтің 
кітаптары  1917  жылы  басылып  шықты  деп  көрсетілген.  Бүл -   өрескел 
қате.  Себебі,  М.Ж.Көпеевтің  аты  аталған  кітаптарын  қадағалап  оқыған- 
да  суреттелетін  қоғамдық-саяси  өмір  1917  жыл  емес,  1905-1906  жыл- 
дарға  сәйкес  келеді.  Мысалы,  І-Мемлекеттік  Думаға  депутаттар  сай- 
лау,  шығармаларда  сөз  болатын  жаңа  партиялардың  қүрылуы,  одан 
кейінгі  қазақ  халқының  қоғамдық-саяси  өмірі.  Міне,  мүның  барлығы 
осы  ғасыр  басындағы  өткен  аласапыран  оқиғаларды  бейнелейді.  Бас- 
ты  дәлел  бүгінгі  таңда  Орталық  Үлттық  кітапхананың  сирек  кездесетін 
кітаптар  қорында  М.Ж.Көпеевтің  жоғарыда  айтылған  үш  еңбегі  де  сақ- 
таулы  түр.  Ал,  осы  кітаптардың  сыртқы  мүқабаларында  басылым  шық- 
қан  жері  «Қазан,  1907  жыл»  деп  анық  көрсетілген.
Мәшһүр  Жүсіптің  творчествосы  өзі  өмірден  кеткен  соң  1950  жыл- 
дардан  бастап  қудалана  бастады.  Оған  тағылған  басты  кінә  «Револю- 
цияны  мақтамады,  оған  қарсы  шықты»  деп  айыптаушылық  негізінен 
алғанда  ақынның  творчествосын  білмегендіктен,  түсінбегендіктен  ту- 
ған  жалған  айыптаулар  еді.  Соның  бірі  М.Ғабдуллин  болатын.  Ол 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет