Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


М.Ж.Көпеевті:  «Залымдар  көзімізді  алар  ойып,  мүшелер  терімізді  мал-



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

М.Ж.Көпеевті:  «Залымдар  көзімізді  алар  ойып,  мүшелер  терімізді  мал- 
ша  сойып», -   деп  совет  қызметкерлері  жайында  жаңсақ  пікір  таратты
деп  айыптады.  [96] 

'
Ал,  шын  мәнінде  бүл  жолдар  кеңес  қызметкерлеріне  емес,  патша 
өкіметі  түсындағы  ауылнай,  болыстарға  арналған  еді.  Енді,  өз  үлтын 
сүліктей  сорған  надан  ел  билеушілерді,  арсыз  арамтамақтарды  сына- 
ған  еді.  Бірақ,  жоғарыда  келтіргендей,  жаңсақ  пікірлер  оның  творчес- 
твосын  зерттеушілер  үшін  де,  қалың  оқырмандарға  да  кеселін  тигізді.

Мәшһүр  творчествосының  үшінші  кезеңі  аз  зерттелген  дедік.  0 6 - 
лыстық  басылымдардан  бастап,  зерттеушілер  еңбектерін  қосқанда 
Мәшһүр  Жүсіп  творчествосына  қатысты  мәліметтер  көптеп  саналады. 
Олардың  барлығының  басын  қосып,  бір  жүйеге  келтіру  болашақтың  ісі.
Кеңес  өкіметі  жылдарында  М әшһүрді  тек  бірыңғай  ақындық 
жүмыспен  шүғылданды  деп  айта  алмаймыз.  1919  жылы  Ташкент  қала- 
сының  «Қазақстан»  баспасында  Көпеев  жазған  ертегі  кітап  «Балалар 
кітабы»  деген  атпен  басылып  шықты.  Зерттеуші  Төкен  Әбдірахманов- 
тың  дерегі  бойынша,  ол  өте  сәнді  көркемделген,  жақсы  қағазға  басыл- 
ған.  Бүл ертегінің баспа бетін көрген  екі  варианты бар.  Оның біріншісі -  
1937  жылы  «Қазақ  ертегілері» деген  атпен,  екіншісі  дәл  сол  атпен  1957
жылы  басылған.
Мәшһүр  Жүсіп  қоғамдық  өмірге  белсене  араласа  алмады  дегенге 
келсек, ол жаңа өмірдің қалай қүрылғандығына сенімсіздігінен еді. Оның 
үстіне  1921  жылы  Ташкент  қаласында  сабақ  беріп  жүрген  Әмен  деген 
үлының  қайғылы  қазаға  үшырауы  да  қатты  соққы  болып  тиген.  Солай 
бола  түра  Мәшһүр  Жүсіп  өз  заманының  атақты  адамдарымен  жақсы
араласқан.  Бүл  туралы  Ә.Тәжібаев:
«Тай кезінде аттан озған, бала кезінде атадан озған балдырған Жүсіп 
қаршадайынан  талай  дуалы  ауыздардың  батасын  алыпты.  Ол  Ақан  сері 
мен  Абайға  да  сәлемін  қабылдатып  үлгерген.  Атақты  Бөгенбайдың 
немересі  Саққүлақ  шешенмен,  белгілі  Майрамен  дастарқандас  бол- 
ған,  даңқты  палуан  Қажымүқанмен,  бүлбүл  әнші  Майралардың  сыр- 
лас-мүңдасы  екен.  Ол  Жүсіпбек  пен  Мүқтарға  аға  саналса,  Ахмет, 
Ш әкәрім,  Міржақыптарға  дос-жаран  саналған.  Осы  аталған  қазақ 
жүлдыздары  туралы  да  ойларын  айтып  кетіпті», — деп  жазған.  [97]
Сол  кезеңдегі  М.Ж.Көпеевтің  жай-күйі,  мәселен  Ж.Аймауытовпен 
жазысқан  хаттарынан  еркін  аңғарылады.  Солардың  бірі  мынау:  «Адам- 
дардың  миы  ерте  суалмаса  керек,  ақылгөй,  таланты  ерте  тарылмаса 
керек.  Егделенген  сайын  миы  шыныға  берсе  керек.  Соған  қарағанда, 
сіздің де  қаламнан  қаларлық  уақытыңыз  бола  қойған  жоқ  па деп  шама- 
лаймын.  Олай  болса,  қалған  өмірде  қаламға  сырласып  өткен  дүрыс.
Сіз  қазақтың  заманында  дүниеге  келіп  қалған  гауһарсыз.  Сіздің 
қүлашыңыз  үзын,  қиялыңыз  терең,  арманыңыз  алыста  өткен  өмірде. 
Жаңа  заманның  бүйынтақ  сөзі,  жыбырлық  мінезі  Сізді  жарытпайды, 
тосаңсытады,  күні  өткен  жат  адам  қылады.  Жаңа  заман  айта  берсін! 
Сіз  онда  жалғыздығыңызды,  жапандығыңызды,  сән-салтанатты  ескі 
күндеріңізді  жырлап  өтіңіз».  Міне,  Мәшһүр  Жүсіпке  кезінде  осындай-

162
тілек білдірген Жүсіпбектің жүрек  жарды сөзінен артық бағаның қажеті 
шамалы-ау  өзі!
Ол  1931  жылы  73  жасында  қайтыс  болды.
Енді,  оның  соңына  қалдырған  мол  рухани  мүраларына  тереңірек 
үңілер  болсақ,  онда  М.Ж.Көпеевтің  әсіресе  публицистикалық  шығар- 
малары  әлі  де  болса  толық  зерттеле  қойған  жоқ  деп  айтуымызға  әбден 
болады.  Жоғарыда  айтқанымыздай,  оның  публицистикасын  екі  салаға 
бөліп  қарастырамыз.  Біріншісі -   өлең  түрінде  жазылған  публицисти- 
калық шығармалары. Өлең түріндегі публицистикалық дүниелеріне  1907 
жылы  Қазан  қаласында  жарық  көрген  «Тірлікте  көп  жасағандықтан 
көрген  бір  тамашамыз»  және  «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  кітапта- 
рын  жатқызамыз.  Әуелгі  сөз  осы  еңбектері  жайлы  болмақ.
Бүл  екі  кітаптағы  өлеңдердің  мазмүны  үқсас.  Екеуінде  де  XX  ғасыр- 
дың  бас  кезіндегі  қазақ  халқының  қоғамдық-саяси,  шаруашылық  өмірі 
жазылған.  «Тірлікте  көп  жасағандықтан  көрген  бір  тамашамыз»  кітабы- 
ның,  «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  кітабынан  өзгешелігі -   мүндағы 
бір  бөлім  қара  сөзбен  жазылған.  Өлеңдерінің  негізгі  түйіні -   патша  им- 
периясының  отаршылдық  езгісінен  қүтылу.  Мүнда  Ресейдегі  саяси-шар- 
уашылық  өзгерістердің  қазақ  өміріне  әсері  баяндалады.  Ғасыр  басын- 
дағы Қазақстанның саяси өмірі мен әкімшілік-басқару қүрылымы, үлттық 
психологиясы  жан-жақты  ашып  көрсетілген.
Мысалы,  «Тірлікте  көп  жасағандықтан  көрген  бір тамашамыз»  кіта- 
бы  6  өлең  топтамасынан  түрады.  Бірінші  өлең  9  бөлімнен  қүрылған. 
Екінші  өлең  тақырыбы  «Қара  өлең»,  «Қазақтың  қылып  жүрген  жүмы- 
сы»,  «3  рет  сөз»  (13  бөлімнен  қүралған),  «Сәлем  хат»,  «Жалғанда  тап- 
пай  бір...»
Қазақ  оқығандары  үшін  сол  кездің  басты  мәселесі -   отаршылдық- 
ты  жою  еді.  Сол  жолда  күрескендерді  Мәшһүр  Жүсіп  былай  деп  жыр- 
лайды: 

Бар  қудай  бізге  жарық  таңыңды  атыр,
Болар  ек,  атса  таңың  біз  де  батыр.
Қазаққа  қулақ 
пен 
көз  болган  ерлер,
Тутқында  білесіз  бе,  неден  жатыр.
Бүл  жерде  Мәшһүр  Жүсіптің  айтып  отырған  ерлері  кімдер  еді? 
Патша  езушілеріне  қарсы  үн  көтерген  адамдар  қазақтың  ақсүйектері 
арасында да  аз  болмаған.  Үкімет  саясатына  қарсы  шығып,  үлт  мүддесін 
көздегендерді  патша  чиновниктері  қызметтен  аластатып,  қуғынға 
түсірген.  Сондай  қуғын  көрген  азаматтар  қазақ  жерінде  де  болған.

Сталиндік  репрессия,  кейінгі  тоқырау  жылдары  тұсында  ақсүиек  әулет- 
терінен  шыққандар  қуғын  көріп,  баспасөз  бетінен  орын  ала  алмады. 
Сөйтіп,  олардың  есімдері  архивтерде  шаң  басып  жатып  қалды.  Сон- 
дай  басты  түлғалардың  бірі -   Поштаевтар  әулетінен  шыққан  азамат. 
Мәшһүр  ол  туралы  «Сәлем  хат»  өлеңінде  былай  деп  жазады:
Қарадан  хан  боп  өткен  бабаң  Поштай,
Қолына  жүрт  билігін  туган  устай.
Халңына  бақташы  боп  болган  қорган,
Шарықтап  агып  түскен  қыран  қүстай.
Поштаймен  қатар  шыгып  Шоң  мен  Шорман,
Сонда  бір  тузу  заман  болып  түрган.
Наурызбай,  Кенесары  толқынында,
Поштай  еді  көп  жүртқа  болган  қорган.
Сөйтіп,  Мәшһүр Жүсіп  қазақ қоғамының жан  айқайын түсіне  білді. 
Оны  ашына  жырлады.  Қазақтар  босқа  даурығысып,  қүр  мансапқа  та- 
ласып  жүргенде,  ел  мен  жерді  орыстар  басып  алып,  қоныстанып  жат- 
қандығын  айтты.  Ол  қазақтың  ата  қонысының  қолдан  кете  бастағаны- 
на  күйінеді.  Жұрттың  күйзелген  қамын  ұлт  ынтымағы  арқылы  түзету-
ге  болады  деп  ұғынады.
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  публицистикасы  екі  жанрда  көрінді
дедік.  Соның  екінші  тобы — қара  сөзбен  жазылған  публицистикалық
шығармалары.  «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  кітабының  алғашқы
тарауы  қара  сөз  үлгісімен  жазылған.
Бұл  тарауды  С .Д әуітов  еңбектің  кіріспе  бөліміне  жатқызған.
Бірақ,  біздің  пікірімізше,  бұл  кіріспе  бөлім  емес,  жеке  бір  тарау  се- 
бебі,  бұл  тарауда  ауқымды  мәселелер  көтеріліп,  өзіндік  ой-тұжырым- 
дар  қорытындыланған.  Тақырып  аясы  да  «Қазақ  жұртының  осы  күнгі
әңгімесі»  деп  аталынуы  да  кіріспеден  өзгеше.
Осы  бөлімде  тарихтан,  этнографиядан  көп  мәлімет  беріледі.  Ма-
қала  публицистикалық  сарынмен,  оның  үстіне  тарихи  еңбек  түрінде
жазылған.  Бүл  екі  сала  бір-бірін  толықтырып,  суреттелетін  қүбылыс-
тар  мен  оқиғалар  мағыналық  тұрғыдан  үндесіп,  тарихи-публицистика-
лық  очерк  түрінде  келген.  Бүл  публицистикада  сол  күннің  басты  назар
аударып  отырған  қоғамдық-саяси  мәселелері  көтерілген.  Соған  әлеу-
меттік  түрғыдан  талдау  жасалған.
Мәшһүр  Жүсіптің  оқиғаны  баяндау  желісі  өзгеше.  Жай  ғана  ха-
барлай  салмай,  әрбір  мәселені  философиялық  оймен,  тарихи  деректер

164
тұрғысынан  баяндайды.  Шығарма  шешендік  тілмен  жазылғандықтан, 
оқырман  түсінігіне  жеңіл.  Еңбек  «Күн  батысы -   Сырдария,  күн  шығы- 
сы  -   үзын  аққан  Ертіс,  оң түстігі  -   Ж етісу  (С емиреченск  ө зен і), 
солтүстігі -   Еділ,  Жайық.  Сол  төрт  судың  арасы  заман  қадымда  Дешті 
Қыпшақ  атанған  қыпшақ  жүртының  қонысы  еді.  Сол  Қыпшақтан  тоқ- 
сан  екі  ру  ел  тарайды.  «Қытай  көп  пе,  қыпшақ  көп  пе»  деген  мақал 
болған  себебі  сол...», -   деп  басталады.
Осы сөздерді түйсіну барысында әр адамның көз алдына қазақ елінің 
жағрафиялық  картасы  елестейді.  Кітапта  Сарыарқаның  келбеті -   дала 
табиғаты  суреттелген.  Төрт  өзенді  жазғандағы  айтпақ  ойы -   қазақ  дала- 
сының  оңтүстік-солтүстік,  батыс-шығыс  шекараларының  мызғымай,  ата- 
бабалардан  ауысып,  ежелден  келе  жатқандығы.  Даланы  иеленбек  бол- 
ған  шет  жүрттың  басқыншыларға  қарсылығы тарихи  фактілермен дәлел- 
деп,  этнография  мен  топонимикалық  деректерді  өз  орнында  қолдануы 
арқылы  білдіреді.  Жалпы  шекара  мәселесі,  туындай  қалған  жағдайда, 
Мәшһүр  сияқты  шежіреші-философтардың  еңбегіне  сүйенген  жөн.  Се- 
бебі,  олардың  шығармаларына  бізге  беймәлім  жер-су  аттары  молынан 
ұшырасады.  Әрі,  тың  деректер  тарихи  фактілермен  дәлелденген.
Ең  көне  жырлардың  бірі  -   лиро-эпостық  «Қозы  Көрпеш-Баян 
сүлу»  жырындағы  кейіпкерлердің  түрмыс-тіршілігін  Мәшһүр  Жүсіп 
қазақ  әдебиетінде  тарихи  түрғыдан  түңғыш  зерттеген  деп  айтуымызға 
болады.  Автордың  өзі  бүған:  «өлеңнің  аяғында  «Қара  оба»,  «Сары 
оба»  деген  екі  төбе -   Қарабай,  Сарыбай  деген  екі  байдың  қоныс  қыл- 
ған  мекені  екен.  Бүл  екеуі  де  қазақ  байлары.
Сол  Сарыбайдың  жалғыз  қызы  Баянсұлудың  туған  жері  -   Баян- 
ауыл  тауы.  Бүл  таудың  атының  Баянауыл  қойылған  себебі  «Баянау- 
ылы»  атанып  кеткендіктен.  Сол  қыздың  қарқарасы  жоғалып,  түсіп 
қалған  жері  «Қарқаралы-Қазылық»  аталған.  Домбырасы  мен  бет-мон- 
шағы  түсіп  қалған  жері  «Тоқырауын-Ж әмшім»  атанған.  Сандығы 
түсіп   қалған  жер  «Алтын  сандық-Ақш атау»  атанған.  Аттарының 
шідері  түсіп  қалған  жер  «Жауырбоғы»  атанған.  Қайыр,  бүл  сапар 
қазағы  жер  аты -   бәрі  қазақтың  ата-бабасының  аттары», -   деп  анық- 
тама  берген  [98]. 

7
Шығарма  баяндау  тәсілімен  жазылған.  Сөз  болатын  объекті -   Са- 
рыарқа  даласы,  қазақ  халқы.  Әңгіме  Дешті  Қыпшақ  жерін  суреттеу- 
ден  бастап,  қазақ  халқының  жоңғарлармен,  қалмақтармен  болған  шай- 
қастарда  баяндаумен  жалғасады.  Одан  әрі  нақты  оқиғаларға  байланы- 
сты  қазақ  даласында  сақталып  қалған  ескерткіштермен  жер-су  атта-

165
рының  шығу  тегі  түсінікті  тілмен  жазылған.  Бүрынғы  заманда  болған 
оқиғаларға  Мәшһүр  Жүсіп  өзінше  топшылау  жасаған.  Бүл  шығармада 
әрбір  жер-су  аттарына  байланысты  фактілер  жиналып,  аңыз-әңгіме 
түрінде  берілген.  Оқиғалардың  тізбегі  баяндау  түрінде  берілсе  де, 
шығарма  мазмүны  бүзылмай,  ой  шашырамай,  оқырман  тез  қабылдай- 
ды.  Қай  оқиғаны  баяндаса  да  Мәшһүрдің  айтпақ  болған  негізгі  идея- 
сы  -   қазақ  халқының  жат  жүрттық  басқыншыларға  деген  азаттық
күресі,  халық  патриотизмі.
Қай  публицистикалық  мақаласын  алсақ  та  осы  идея  алдымыздан 
шығады.  Қалмақтармен,  ноғайлармен,  Бүхара,  Хиуа  хандықтарына 
қарсы  азапты,  үзақ  жылға  созылған  үрыстарда  да  қазақтың  үлт  ретін- 
де  сақталып  қалуы — ата-баба  жерін  жау  қолында  қалдырмау  үраны. 
Бүл  үранмен  талай  батырлар  жау  қолында  мерт  болған.
«Ата-бабамыз  қалмақтан  не  үшін  қырылды?  Кейінгі  үрім-бүтағы- 
на  жер-су  алып  беремін  деп  қырылды.  Жалғыз  менің  ата-бабам  емес, 
жер-суға  таласып  көп  қазақ  қырғын  тапты.  Сол  себепті  бүл  Сарыарқа 
біздің  қазаққа  атасының  қүны  болып,  олжа  болып  еді.  Біреу-біреуге 
соңынан  қалмаса  «атаңның  қүны  бар  ма  еді»  дейді  ғой.  Сондай-ақ, 
атаның  қүны  болғаны  үшін  жер-судан  айырылып,  қаңғып,  қоныссыз 
жүргеніме  ішім  күйіп  өлсем  де  ойымнан  кетер  емес.  Баянауыл  тауын 
қалмақтан  еріксіз  алған  Жасыбай  мен  Олжабай  еді.  Жасыбай  өлді  де, 
Олжабай  қалды.  Жасыбай  асуының  алдында  Жалаңтөс  деген  баласына 
қыстатып,  Олжабайдың  өзі  Аяз  басқан  деген  асуға  қарсы  қыстап  еді. 
Дүние  деген,  шіркін,  көшпелі  екен.  Қазақтың  түлпар  мініп,  ту  үстаған 
кейінгі  үрім-бүтағына  олжа  салған  ең  алдында  мүжықтың  поселкесінің 
аты  болды.  Олжабай  қаласы  атанған  қала,  ереймен  тауы -   Олжабай- 
дың  өлген  жері.  Содан  бір  сөз.  Ата-бабасының  қаны  қойдың  қанындай 
ағып,  алып  берген  жерінен  үрім-бүтақ  балалары  көзінің  жасын  төге-
төге  қаңғып  кете  берді.»
Бүдан  кейінгі  сөз  болар  оқиға — XIX  ғасырдың  орта  кезіндегі  қазақ
тәуелсіздігі  үшін  күрескен  Наурызбай,  Кенесарының  орыс  басқыншы- 
ларымен  соғысы.  Әр  кезеңнің  батырлары  өз  халқын  аман  сақтау  үшін 
жан  аяспас  үрыстарға  бара  білген.  Шығарманың  композициялық  қүры- 
лымының  бүтіндігі  соншалық,  әрбір  сөйлемнің  ара-жігі  ажыратылмай- 
ды,  барлығы  бір түйінге  келіп тіреледі.  Оны  мына  бір төмендегі  мысал-
дан  айқын  аңғартуымызға  болады:
«Біздің  Сарыарқадағы  қазаққа:  «қазақ  бізге  бағын,  бізге  қара», -  
деп ақ патшадан жарлық алып шықтым деп Иван Семенович деген келді.

166
Қазақ  саған  қарамайды,  маған  қарайды  деп  ол  екеуінен  басқа  қазақ- 
тың  өз  ішінен  Кенесары,  Наурызбай  деген  шықты.  Олар:
Багынба  қазақ  орысқа,
Багынсаң  қазақ  орысқа.
Осы  бастан  амандас,
Сарыарқа  деген  қонысқа,
  —
деп  ұрандады.
Осы  замандағы  қазақ  жақсылары  кеңесті  де  Кенесары,  Наурыз- 
байдың  сөзін  қостамады  және  қытай  елшісімен  сөйлеспеді.  Жерімізге 
тимесең,  солдат  алмасаң,  саған  қараймыз  деп,  құдайшылығы  бар  дап, 
ақ  патшаға  өз  ықтиярымен  қарап,  бағынады».
Мәшһүр  Жүсіп  қазақ  халқының  Ресей  империясына  қарауын  өз 
заманында  болып  өткен  тарихи  оқиғаларға  байланысты  жан-жақты 
суреттеген.  Сол  кездегі  екі  жақты  психология,  екі  топ  арасындағы  тар- 
тыс  орыс  үлықтарының  пайдасына  шешілді.  Олар  бос  жатқан  жер  деп 
емін-еркін  пайдалана  бастады.  Бүл  шығарма  XIX  ғасырдың  қоғамдық- 
саяси  жағдайын  дұрыс  түсіне  біліп,  талдап  көрсетуімен  құнды.  Ол  бұл 
еңбектің отты  екпіні  мен жоғары  эмоционалдығынан  көрінеді.  Бүл орай- 
да:  «Осы  күнде  байқап  қарасақ,  қазақта  ешкімнің  есесі  жоқ.  Ол  қалай- 
ша жоқ десек,  қазақ жерін  қала салумен  бір  алды.  Бастықтарының уази- 
фасы  (усадьба)  деп  ағашты,  шабындық  жерлерді  ат  қойып,  учаске 
деп  ала  берді.  Қазақ  жерін  өзі  тастап  кете  алмай  неше  жыл  бойы  көгіне 
ақша  төлеп,  қысы-жазы  малының  қорегі  үшін  сатылып,  кедей  болды. 
Бүйтіп  сатып  жеп  қалайша  күн  көреміз  деп  суырма  жонға  қыстап  еді. 
Жан  сақтап,  күн  көріп  жүрген  жерлерін  мүжық  келіп  егініне  лайықты 
етіп  алды. 
^
;  ,
Еркекте  ақыл  қала  ма,  өз  қонысынан  ауган  соң, 
Әйелде  ақыл  қала  ма,  біреуден  сауын  сауган  соң.
Азғантай  ақылдан  айырылып  қалып,  жауыр  амалынан  береке 
қашып,  оның  үстіне  өлім-шығын,  землке  деген  қаптап,  ел  аралаған  на- 
чальник, чиновниктердің жалдап мінген аттарының майын алмай қаңғып 
кетті.  Бүхар,  Ташкент  барсаң,  сарттың  малайы  қазақ.  Малайлықта  жал- 
ғыз-жарым  болып  кеткендер  ауырса,  суын  беріп,  кім  басына  жастық 
қойып, иман айтуға кім даяр түрады? Өлсе кім жаназа шығарады? Осын- 
дай  қиыншылықтан  тірімізге  иман,  өлгенімізге  жаназа  жоқ болып,  адам 
тәрбиесінен  қалдық», -   деп  ашына  жазды  автор.
Бүл  ойын  Мәшһүр  Жүсіп  одан  әрі:  «Бір  жерде,  бір  қазақты  бір 
мүжық  атып  тастаса,  қазақ  өлгенін  колына  алып,  көшіп-қонып  ел  ара-

лап  кетеді,  ал  сары  орыс  үйінде  жаннан тыныш  отыра береді.  Бір  казақ- 
ты  бір  казак-орыс  пышақтап  жарып  тастаса,  казак-орысқа  сот  жоқ, 
көшеде  ойнап-күліп  жүре  береді», -   деп  жалғастырады.
Қазақ  үлтын  қорлаудың  шегіне  жеткен  түрі  осы.  Бүл  шығарманың 
кульминациясы  да  осы  жолдарға  келіп  тіреледі.  Қазақты  қонысынан 
аударғаны, ел  билейтін  азаматтарына билік бермеуі,  малын тартып  алуы 
былай  түрсын,  енді  патша  отаршылары  жергілікті  халықты  өлтіруге 
кірісті.  Отаршылдықтың  ең  жабайы  әдісі  -   халықты  аяусыз  қыру. 
Қазақтың  басына  да  осы  ауыр  күн  келді.  Туғанын  мүжық  өлтірген  соң 
қазақ  амалсыздан  басқа  қоныс  іздеуге  мәжбүр  болды.  Қазақ  жоғары 
әкімдерге  арыздана  алмайды.  Себебі,  оның  қүқы  жоқ.  Қазақтың  сөзін 
чиновник  тыңдамайды,  көзге  ілмейді.  Бүл -   Ресей  империясының 
жергілікті  халық  қүқығын  аяққа  басқан,  отаршылдық  саясатының 
көріністерінің  бірі.  Мәшһүр  Жүсіп  өзі  көріп  отырған  қиянатты  ашына 
жаза  отырып,  Ресей  бүғауына  бекер  түстік  деп  күйінеді.  Әділетпен,  ел 
басқарған  бүрынғы  билер жолын  аңсайды.  Ол  заманды  «қой  үстіне  боз-
торғай  жүмыртқалаған  заман  болды», -   деп  аңсайды.
Мәшһүр  Жүсіп  отарлық  саясаттың  қазақ  үлтының  дәстүрлі  ел
билеу  тәсіліне  кесірін  тигізгенін  жазады.  Орыс  отаршылары  халықты 
қүлдыққа  үстау  үшін,  әдейі  бүрынғы  ел  билеу  дәстүрін  жойып,  ауыл- 
найлық,  болыстық  билеу  жүйесін  кіргізді.  Орыс  чиновниктері  надан, 
топас  адамдарды  ауылнай,  болыс  сайлап  қояды.  Елде  сөйтіп  қазақ 
үрпағы  аза  бастады.  Елде  надан,  жалқау,  өсекші,  жағымпаз  адамдар- 
дың  көбеюіне  әкелді.  Қазақ  жүртының  ғасыр  басындағы  азып-тозған
халін  Мәшһүр  Жүсіп  көрсете  білді.
Мәшһүр  Жүсіптің  1912  жылы  «Айқап»  журналаның  екі  санында 
«Туысқан  бауырларыма  бір  насихат»  атты  мақаласы  жарық  көрді.  Бүл 
мақалада  қазақ  елінің  экономикалық  хал-ахуалы,  татар  молдаларының
қазақ  үлтына  ықпалы  жайында  сөз  болады.  Мәшһүр  Жүсіптің  1907— 
1912  жылдары  айдауда  болғаны  белгілі.  Сол  жылдары  Қазанда  болып 
татар  діни  оқу  жайын  зерттеп,  қазақ  ауылындағы  балалардың  оқуына 
тигізген  әсерін  түсіне  отырып,  өз  мақаласында  осының  мәнін  ашып
беруді  мақсат  етті.
Мақала  «Айқап»  журналының  7 -8   сандарында  басылған.  Соңын-
да  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  деп  қол  қойылған.  Мақалаға  фельетон  деп
айдар  тағылған.  Бірақ,  бүл  фельетон  ба,  әлде  басқа  жанрдағы  мақала
ма?  Осыған  тоқталайық.
Бүл  мақала  фельетоннан  гөрі  проблемалық  мақала  жанрына  сәйкес
келеді.  Бүл  мақалада  бейнелі  тіл  болғанымен  фельетонға тән  басқа  эле-

168
менттер  жетіспейді.  Мақалада  Ресейден  және  Қазан  төңірегінен  патша 
қүлдығынан  қашып,  қазақ  жерін  паналаған  татар  молдалары,  олардың 
жүртты  алдап-арбап  мал  жинағандықтары  жөнінде  айтылады.
«Сарыарқаның  ен  шөбінің  байлығы  мен  шаруа  күтіп,  мал  бағып, 
ғылым-білімнен,  әртүрлі  ғибратты  өнерден  сафир  болып  айтса  да 
болмады.  Көл  орнында  қалған  жүрт  еді.  Солдаттықтан  қашқан  қүмы- 
ра  бөрікті,  толағай  басты  ноғайлар  келіп,  «Бәдуаш »,  «Кесік  бас», 
«Ақыр  заман»  деген  кітаптарын  оқытып,  өзі  қүдайдың  бүйрығынан, 
ақ  патшаның  қырғынынан  қашып  жүрген  кулар  Ресейдің  жүртын  жа- 
мандап,  хүкімет  ерлерін  жамандап,  «патшаның  бізге  қызметшілігі 
осындай,  каһарлы  қаттылығы  осындай  деп  қүдайды  үзын  қүлақтан 
зорға  естіп  жүрген  қазақты  шөптің  басынан  үріккен  қойдай,  ақ  жа- 
рықта  көлеңкесінен  қорыққан  қояндай  қылып,  Ресейдің  бас  хакім- 
дері  қазаққа  қала  сал,  балаңды  оқытуға  бер  десе,  біздің  ноғайға  да 
осыларды  айтқан,  осылай  айлалап  барып  дүзаққа  түсірген  деген.  Қала 
салсаң  шапшаң сал  дейді,  шоқын дейді.  Балаларыңды  орысша  оқытуға 
берсең,  солдаттыққа  алады  деп,  көнектен  шошыған  биедей  қылып 
шошытып,  ғүмыр  бойы  өзіменен  жырлас,  сулас,  оттас,  арыздас  бо- 
лып  түрған  Ресей  жүртыменен  ынтымағын  қосуға  келтірмей  қазақ- 
тың ғақылсыз,  надан  қатындары дуана келді  деп  өз  баласын  өзі  қорқақ 
қылып  үйреткендей,  жаман  қылып,  көк  милау  қылып  жіберді», -   деп 
жазды  М.Ж.Көпеев.  [99]
Бүл  жерде  Мәшһүр  Жүсіптің  көзқарасының  өзгергенін  көреміз. 
Егер,  бүрынғы  шығармаларында  ол  Ресейдің  тек  отаршылдық  саяса- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет