19. Т А Р И Х Т Ы Ң Т А Р Л А Н Б ІЛ Г ІР І
(Х а л ел Аррынбаев)
Белгілі де белді қазақ этнографтарының бірі Халел Арғынбаев 1924
жылдың қыркүйек айында бүрынғы Павлодар уезіне қарасты Баянау-
ыл ауданының 19 ауылында дүниеге келген. Бүкіл қазақ халқы үшін
оңайға соқпаған ашаршылық жылдары бүл отбасы күн көру қамымен
Сібір мен Қиыр Шығысқа шығандап кетеді. 1931-1934 жылдары әкесі
Арғынбай Кузбаста шахтер, Камчаткадағы Петропавлск қаласында,
Новосібір облысында түрлі жүмыстар істейді. Тек, 1935 жылы ғана
елге, Жетісу өңіріне оралып, Қаратал, Қапал аудандарында колхозшы
болады. Бүл туралы ғалым 1991 жылы «Жүлдыз» журналының №7 са-
нында жарияланған «Баянауылдан Камчаткаға дейін» деген көлемді
естелігінде жан-жақты жазып көрсеткен.
Халекең осында 1939 жылы Қоңыр жетіжылдық мектебін бітірген
соң Қапалдағы педагогикалық училшцеге түсіп, оны 1942 жылы бітіріп
шығады. Одан осы жылдың тамыз айында Қызыл Армия қатарына ша-
қырылып, Ташкенттегі радио-телеграфшылар курсынан өтеді де 1943-
1945 жылдары майдан даласында болып, фашистерден Украина, Мол-
давия, Румыния, Венгрия, Чехославакия, Югославия, Австрияны азат
етуге қатысады. Сөйтіп, әскерден елге тек 1947 жылдың наурыз айын-
да ғана оралады.
Болашақ ғалымның жастық шағының бір бөлігі оңай болмаса да
Қиыр Шығыста және Жоңғар Алатауының ежелгі үлт мәдениетінің
дәстүрлері сақталған табиғаты әсем қойнауында өткендіктен де оның
этнограф ретінде қалыптасуына мол әсерін тигізген сияқты. Осыдан
да болар өз халқының өткен өміріне, мәдени-түрмыстық дәстүрлері-
не деген ынтызарлық оны 1954 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы-
ның тарих, археология және этнография институтына алып келеді.
Жолы болып, «этнография» мамандығы бойынша аспирантураға түседі.
Осы кезден бастап белгілі шығыстанушылар Әлкей Марғүлан,
Н.Сәбитовтардың әсерімен және тікелей белгілі этнограф И.В.Заха-
рованың жетекшілігімен талантты ғалымның қалыптасу шағы баста-
лады. Оның үстіне қазақ этнографиясына ол жылдары В.Востров, Е.Ма-
санов, М.Мүқанов, Р.Ходжаев, Ғ.Уәлиханов сияқты бір топ қуатты да
талантты жас зерттеушілер келіп қосылған болатын. Міне, Х.Арғын-
баев осылармен бірге кеңбайтақ республикамыздың этнографиялық жа-
ғынан зерттелмеген түрлі аудандарынан нақты материалдар жинауға
қызу кірісіп кетеді. Мүның өзі қазақ этнографиясы үшін алтын кезең
болып табылады. Себебі, кейіннен осындай көл-көсір іздестіру, зерт-
теу жүмыстарының нәтижесінде Қазақстанның жас этнографтарының
алғашқы салмақты да, қүнды еңбектері ғылыми айналымға түсті.
1950 жылдардың соңында ғалым «Орыс және қазақ арасындағы
тарихи-мәдени байланыс және олардың қазақ халқының рухани мәде-
ниетіне әсері» деген тақырыптағы өте күрделі кандидаттық диссерта-
ция жүмысын жазып шығады. Қазақстанның шығыс облыстарында дала
жүмыстарында болған кездегі жиналған мол этнографиялық деректердің
негізінде дайындалған бүл еңбек 1960 жылы Москва қаласының этног-
рафия институтында сәтті қорғалады.
—
Х.Арғынбаевтың негізгі ғылымдағы өнімділікке қол жеткізген кезі
1960-1980 жылдар болып саналады. Бүл жылдары ғалым 30 шақты
ғылыми экспедициялардың жетекшісі әрі мүшесі бола түрып, Қазақ-
станның барлық территориясын зерттеп шыққан деп айтуымызға бо-
лады . О сы ны ң н әти ж есін д е ол бай м атериал жинап, қазақтарды ң
түрмыс-салт дәстүрлерін көрсететін бірнеше ірі монографиялық зерт-
теулер жазуға қол жеткізді.
Мәселен, оның 1969 жылы «Қазақтың мал шаруашылығы жайын-
дағы этнографиялық очерк» атты көлемді де мазмүнды монографиясы
жарық көрді. Мүнда ол кезде көпке белгісі, В.В.Радловтың қазақтың
мал шаруашылығына байланысты 1871 жылы жазған қысқа очеркінен
соң, алғаш рет көшпелі қазақ қоғамындағы мал шаруашылығының
өміршеңдігінің негіздері жан-жақты көрсетілген.
К ітапта мал ш аруаш ы лы ғы ны ң басты салалары на өте жоғары
кәсіпкерлік деңгейде назар аударылып, көшу-қону жүйесіндегі шабын-
дық пен жыл мезгілдеріне қатысты шаруашылықты жүргізу және мал-
ды емдеуге байланысты малдәрігерлік халықтың емдеу дәстүрлеріне
жан-жақты талдау жасалған. Мүның өзі көшпенді заманның тарихи,
саяси, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін білуге ғалымның қос-
Қан мол үлесі болып саналады. Бүл жүмыс күні бүгінге дейін әртүрлі
саланың әсіресе ауыл шаруашылығының мамандарына, зор практика-
лық маңызын жоғалтпаған,
''' "''
Х.Арғынбаевтың творчествосында келесі бір елеулі орын алатын
еңбегі — отбасы, неке қатынастары мен қазақтардың туыстық жүйесі.
Қазақ этнографиясының бүл көп аспекті маңызды саласы ғалым та-
рапынан ж ан-ж ақты зерттеліп, үлкен нәтиж елер берді. Соның бірі
оның 1973 жылы жарық көрген 20 баспа шамасындағы «Қазақ хал-
қындағы семья мен неке» монографиясы бірден оқырманның наза-
рын аударып, ғылыми-практикалық таптырмас қүралға айналған. Бүл
еңбекте негізінен: отбасы мен некенің түрлері, туыстық қарым-қаты-
настар, отбасының ішкі мәселелері, өмірде кездесетін түрлі жорал-
ғылар, үйлену, дәстүрлі некенің өткені мен болашағы сияқты әлеу-
меттік жайлар қамтылған. Шын мәнісінде бүл тақырыпқа толық жау-
ап беретін еңбек. Себебі, бүдан кейін мүндай аумақтағы, дәлдікпен
жазылған монографиялар болған жоқ.
Ғалымның осындай зерттеу еңбектерінің нәтижесі болып оның
докторлық диссертация қорғауы болып табылады. Осыдан соң, яғни
1976 жылдан бастап ол Қазақстан этнографтарының заңды лидері
атанып, тарих институтының осы аттас бөлімін басқаруға кіріседі.
Сөйтіп, енді оның есімі совет этнографтарының арасында да қүрмет-
пен атала бастайды . О ларды ң көбім ен, м әселен Н .А .К м ем еков,
С.М.Абрамов, Т.А.Жданко, Р.Г.Кузеев, Б.Х.Қармышева, В.П.Куры-
лев, К.Шаниязов, А.Оразов, И.Мухитдинов, Х.А.Есбергенов, В.Н.Ба-
силов және т.б. жақсы қарым-қатынас орнатады. Бүлардың барлығы
да Х.Арғынбаевты қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен түрмысы-
ның нағыз білгірі деп бағалайды. Этнограф ғалым 1970-1980 жылда-
ры түрлі қүнды материалдарын бүкілодақтық ғылыми жинақтар мен
журналдарда, шетел басылымдарында жариялатып, антропологиялық
және этнографиялық ғылымдар бойынша өткізілген халықаралық кон-
грестере баяндаған.
Бүл кезеңде Х.Арғынбаев ғылыми үйымдастырушылық мәселе-
леріне көп көңіл бөледі. Әсіресе, экспедициялық зерттеу жүмыста-
рын үзбей жүргізу, соның нәтижесінде үжымдық ғылыми еңбектер
жазу. Осындай сан қырлы зерттеулердің барысында 1980 жылы Ал-
матыдан көлемі 24 баспа табақ «Қазақтардың шаруашылығы» атты
кітап жарық көрді. Оның негізгі бөлігін этнографтар жазған.
Ғалымның үшінші бір ірі монографиясы «Қазақ халқының қолөнері»
деп аталады. Алматыдан 1987 жылы жарық көрген еңбектің көлемі 16
баспа табақ. Бүл әсем безендірілген басылымда алғаш рет көне ше-
берлердің еңбектеріне (алғаш тас, сүйек, темір, тері өңдеу) маман эт-
нограф түрғысынан сипаттама беріп, оның практикалық маңызын аш-
қан. Бүл түрғыдан алғанда осы кітап тек қана этнографтарға ғана емес,
өнертанушы, суретші, сәулетшілерге де таптырмас қүрал екендігін еске
сала кеткен орынды сияқты.
Сөйтіп, Х.Арғынбаевтың ғылыми ізденістерінің басты бағыты бо-
лып оның зерттеулерінің кітапқа айналуы болып табылады. Соның
нәтижесі ретінде алты монографиясы жарық көрген. Осылармен қатар
көптеген мақалалар, үжымдық еңбектердің бөлімдерін, рецензиялар,
ғылыми анықтамалық және ғылыми материалдарының саны 250-ден
астам. Ал, оның қайтыс болғанына көп уақыт болмаса да қазірдің өзінде
соңына қалдырып кеткен біраз дүниелері жарық көріп үлгерді.
Халекеңнің және аға ұрпақтың аздаған ғана этнографтар тобының
Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына қосқан зор үлестерін бір-
екі ауыз сөзбен айтқызып жеткізу өте қиын. Тірнектеп жинаған мол
мұраның ғылыми айналымға түскені әлі де болса аз. Алда турған міндет
соларды жарыққа шығару. Х .А рғынбаевтың көптеген еңбектері ха-
лыққа кеңінен танымал. Мәселен, республика тілшілері «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінің» 10 томдығын жарыққа шығарарда ғалымның
этнографияға байланысты көптеген үмыт болған сөз қорлары қалпына
келтірілген. Осының бәріне де қарамастан этнограф зерттеушінің біздің
заманымызда қызықтырушылық тудыратын біраз еңбегі библиография-
лы Қ сиРек кездесетін дүниеге айналған. Сондықтан да оның таңдама-
лы шығармаларын қос тілде шығаратын уақыт жеткен сияқты.
Бүл арада ғалым Х.Арғынбаевтың үстаздық жолын да үмытпаға-
нымыз жөн. Өйткені ол өмірінің соңғы 20 жылдан астам уақытын Қаз-
ПИ мен КазГУ-дщ студенттеріне дәріс беруге де арнады. 1982 жылы
этнографқа белсенді ғылыми-педагогикалық қызметі үшін профессор
атағы берілген. Осының нәтижесінде оның кейбір шәкірттері ғылым
жолын таңдап алған. Тәжірибелі ғалымның жетекшілігімен онға жуық
шәкірттер кандидаттық диссертация қорғаған. Нақ сондай-ақ ол қазақ
ғылымына белгілі тарихшы, этнограф ғалымдар Н.Масанов, А.Төлеу-
баев, У.Қыдыралин, Ш .Тоқтабаев, А.Қалышев, Ж .Артықбаевтардың
ғалым ретінде қалыптасып, толысуларына зор ықпал етгі.
1
Шоқ Ъи
Саігеүлы.
ш
Шо
ійһман
м и ій с у *
7эи күиакұлм
ОижаЗай
Лісиьібайүльі
ЖасьіЯай
Т за и іы һ
Әуіге
ЖөлеЗайүлм.
Ліо/юйғы^і 7>и
о у й е ү л ы
Шо/гмаяов
*Мүса
иСо/гмал
Сәаиақас
" 1
Л іисенбаев
К/йсьаі
Сәпібаев
Ә&кей
СәиіЗаев Қаньии
и м а ш п а й ұ л ь і
Ма/іғүмхн. Әмсей
Хақанүмп
Шөкин.
и
і а
п
ь
і қ
Шөкіүлы
Жұлісип
2)осқа/гаев
Ъеюиахсшов С/гиіүхам
Тэеклюханү.
:л ы
V
Қ аниуа
Эосқа/іаева
Әмина Жүмайійва
Сапаһ Ж үма/нов
Әцбәкф. Ж үмайіов
Х ам за Ж үмаиіов
^аЯЯас Ж ұмсипов
2)аниял чАхмейібв
Ъ е ли & а и ІЫ с ы а З а е З
/б м ііе и с 2*ам ы ии$екүліт і
I
\
V
Қайьіріжан.
'Бекхожин.
\
Шөиеі/піай Лқиииақов
т
Үиікүліпай
Сү&санЯе/іе]ина
Халел Л^іғынбаев
Ж аЗиЗ ЪеһльиЯаев
Щгқсф, Жм/гаіу
ШәмшилЯаш/
Қанмиіқшы
ЛСәиіҺү/і Жүсіп
Көпейүлм
2 0 . Ү Л Т Т Ы К Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я Н Ы Ң А Н А С Ы
(Ү . Сүбханбердина)
Хасеннің Сүбханбердісінің Үшкүлтайы 1927 жылы Павлодар об-
лысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі Сүбханберді 1937
жылғы жеке басқа табыну зүлматының қүрбаны.
1944 жылы Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебін тәмамдағаннан
кейін Қазақтың Мемлекеттік қыздар институтына оқуға түсіп, оның
I тіл және әдебиет бөлімін 1948 жылы бітіріп шыққан.
1952-1965 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының Орталық
ғылыми кітапханасында библиограф, одан кейін қазақ кітаптары мен си-
рек кездесетін қолжазба бөлімінің бастығы болып қызметтер атқарды.
1964 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясында Тіл білімі институ-
ты мен М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының фило-
логия ғылымдарының біріккен Ғылыми советінде Қазақ ССР Ғылым Ака-
демиясының академигі Ә.Марғүлан мен Қазақ ССР Ғылым Академия-
сының корреспондент-м үш есі Е .С .Ы см айловты ң ж етекш ілігім ен
«Қазақтың революциядан бүрынғы мерзімді баспасөзі және көркем
әдебиет (XIX ғ. аяғы XX ғ. басы)» деген тақырыпта кандидаттық дис-
сертация қорғаған. 1966 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдеби-
ет және өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінің аға
ғылыми қызметкері, фоно-фото бөлімінің бастығы, қолжазба орталы-
ғының аға ғылыми қызметкері болып жүмыс атқарып келеді...» [77].
Міне, Ү.Сүбханбердинаның 70 жылғы ыстық пен суыққа толы үзақ
ғүмырының қысқаша ғана дәйектемесі осындай.
Бірақ, ғылым жолы қиын жол. Ата-бабаларымыздың білім инемен
қүдық қазғандай деген сөзі тегін айтылмаған. Әсіресе, ана атанып, үш
130
бала тәрбиелеп, ғылым шыңына шығу әйел түгіл анау-мынау ер адам-
ның қолынан да келе бермейтін іс. Сондыктан, ғалым-ана туралы ай-
тар ойымыз орнықты, жазар жайымыз нақты болуы үшін барлығын да
әріден, яғни ең басынан басталық.
Үшкілтай апайымыздың өзінің айтуң. бойынша, әкесі Хасенов
Сүбханберді (1892-1942) оқытушы-педагог болған адам. Қазіргі Пав-
лодар облысы, Баянауыл ауданында (кейбір деректерде 1889 жыл) ту-
ған. Семейдегі педагогикалық техникумды бітірген, 1937 жылға дейін
Баянауылда, Шығыс Қазақстан облысы, Қотанқарағай ауданында Ал-
тай селосында мұғалім, мектеп директоры болып қызмет істеген. 1937
жылы 9 желтоқсанда «халық жауы» деген жаламен 10 жылға Краснояр
өлкесіне Канск лагеріне айдалған. 1942 жылы 28 тамызда Тугачинск
лагерінде қаза тапқан. 1956 жылы 29 наурызда Шығыс Қазақстанның
облыстық соты Хасенов С үбханбердіні кінәсіз деп тауып ақтаған.
«Айқап» журналын халық арасына таратушы болған.
1937 жылы «халық жауы» деп тұтқындап, айдап кеткенде Үшкілтай
небәрі он-ақ жаста еді. Бірақ, оның кез алдында айыптаушылардың
ызғарлы жүздері мен әкесінің бар жинаған байлығы - ескі газет, жур-
нал, кітаптар мен әсіресе, оның арасында «Айқап» журналының отқа
тасталып, әкесімен бірге мәңгілік оралмас сапарға аттанғандығы ұмы-
тылмас елес болып қалып қойған.
Сөйтіп, ем ірдің тауқыметімен «халық жауының» қызы атанган
жасөспірім әке жолын одан әрі жалғастырудың ендігі түрі тек оқу ғана
болатындығын ерте түсінген. «Содан бас сауғалап, екіншіден білім іздеп
Алматыға келдім. Алып бара жатқан таныс ешкім жоқ. Салып ұрып біреу-
лердің сілтеуімен № 12 мектепке келдім. Әйтеуір, көптеген қиындықтар-
мен оқуға қабылдандым. Мектепті 1944 жылы бітіріп, Қазақ Мемлекетгік
қыздар институтының тіл және әдебиет бөліміне түсіп, оны 1948 жылы
ойдағыдай аяқтап шықтым. Менің шын ғалымдық жолым тек осыдан
кейін ғана басталды», - деп әңгімелейді Ү.Сүбханбердина.
Ғалым алға қойған мақсатын жүзеге асыру жолын кітапханалар-
дан, яғни архив қазбалаудан бастайды. Бірақ, бұл орайда да оның ал-
дынан кесе-көлденең кездескен қиындықтар аз емес-тін. Мәселен, жо-
ғарыда айтқанымыздай, Қазан төңкерісіне дейін ұлттық тілімізде шық-
қан көптеген газет-журнал, кітаптардың жойылып жіберілуі, әрі олар-
дың Қазақстандағы кітапхана корлары мен архивтерде түгелдей сақ-
талмауына, ең бастысы бұл рухани мұралардың көпшілігінің хадімше
басылуына байланысты еді.
Бірақ, қайратты жастың бұл іске деген ынтасы бәрінен де асып
түсті. Жедел түрде Ж.Досқараевтан араб тілін оқып, жазудың дәрісін
алған ол Санкт-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы Мем-
лекеттік кітапханадан бір-ақ шықты. Сөйтіп, қолы алғаш рет жылдар
бойы армандаған «Айқап» журналының түпнүсқасына жетіп, тағы да
түрлі қиыншылықтармен «Айқаптан» бастап төңкерістен бүрын жа-
рық көрген қазақтың газет-журналдарының, кітаптарының түпнүсқа-
сын, фотокөшірмесін, микрофильмдерін түсіртіп, жинай бастаған.
Сөйтіп, арман болған «Айқаптың» алғашқы қарлығашы 1961 жылы
Қазақ Мемлекеттік баспасынан «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-
хабарлар» деген атпен алғаш қы мазмүндалған библиографиялық
көрсеткіштің І-бөлімі, профессор Е.Ысмаиловтың жалпы басқаруымен
басылып шықты. Бірақ, баспа іле-шала екінші бөлімін басудан бас тарт-
ты. Оның өзіндік себептері де бар еді.
Бүл туралы автордың өзі былай деп еске алады: «Сыбырлаушы
табылған болу керек. Үлкен үйге (Орталық Комитет) екі күннің бірінде
кітаптың редакторы Есағаң (Есмағамбет Ысмаилов) екеуімізді шақыр-
тып жатқаны... Ол кездегі менің көңіл-күйім белгілі, түнімен үйықта-
маймын. Кішкентай үш баламның халі не болар екен деймін. Еңбекті
қолдап, қорғап жүрген зиялы ағаларыма зияным тиіп кетпесе жарар
еді деген ой да жегідей жейді. Осындай халде жүргенімде бір күні
«Қазақстан мүғалімі» газетінде профессор Б.Кенжебаевтың «Айқап»
журналы туралы еңбек» деген мақаласы басылып шықты. Түңғыш
еңбегім туралы алғашқы сын мақала! Бүл мақала мен үшін ажал оғын
қағып жіберген періштенің қанатындай әсер етті».
Иә, шынында да Б.Кенжебаевтың бүл мақаласы сол түста тағды-
ры қыл үстінде түрған жас ғалым үшін оққағары бар періштедей бол-
ғаны рас. Оны мақаланың мына бір жолдарынан айқын аңғаруымызға
болады: «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапха-
насы әрі күрделі, әрі өте қажет бір ғылыми жүмысты бастады. Мүнда
революциядан бүрын қазақ тілінде шыққан мезгілді баспасөздер - га-
зет-журналдар бетінде жарияланған мақалалар мен хабарлардың, тағы
басқа материалдардың мазмүнын қысқаша баяндайтын библиография-
лық көрсеткіштер жасалуда. Оларды кітапхананың ғылыми қызметкері
Үшкүлтай Сүбханбердина жолдас қүрастырған.
Көрсеткіш екі бөлімнен түрады: бірінші бөлімі «Айқап» журна-
лында жарияланған материалдардың көрсеткіші, екіншісі - «Дала
уалаятының газеті», «Түркістан уалаятының газеті», «Қазақстан» га-
132
зеті оеттерінде шыққан материалдардың көрсеткіші болмақ. Соның
алтыншы «Айқап» деген бөлімі жақында баспадан шықты.
Кітапта «Айқап» журналында жарияланған материалдар бірнеше
тақырыпқа бөлініп берілген. Олар мынадай: 1. «Қазақ елінің экономи-
касы мен саяси жағдайлары туралы мағлүматтар», 2. «Қазақ елінің та-
рихы», 3. «М әдениет, оқу-ағарту ісі», 4. «Тіл және әдебиет мәселе-
лері», 5. «Көркем әдебиет», 6. «Баспасөз», 7. «Денсаулық», 8. «Дін
туралы». Оның үстіне кітапта «Көмекші көрсеткіштер», «Айқап» жур-
налы туралы» деген көлемді мақала бар.
Аз десек те революциядан бүрын қазақ тілінде екі-үш жүз шамалы
кітап, 6 газет, бір журнал шықты. Бірқатар газет-журналдар бес-он
жыл бойы шығып түрды.
Қазақ тілінде революциядан бүрын шыққан кітаптарда, газет-жур-
налдарда көптеген мақала, хат-хабар жарияланған, елеулі мәселелер
қозғалған. Қазақ халқының өткен-кеткені, тарихы туралы, сол кездегі
саяси, шаруашылық, мәдени жағдайы, ғүрып-әдеті, салт-санасы, ізгі
тілек-арманы туралы толып жатқан дәл, айқын ақпарат-деректер бер-
ілген, талай қүнды ой-пікірлер айтылған.
Ал, осындай деректерді, қүнды ой-пікірлерді біздің бүгінгі оқушы-
ларымыз бен зерттеушілеріміздің, ғылыми қызметкерлеріміздің бәрі
бірдей жете біле бермейді. Себебі, бізде қазақ тілінде революциядан
бүрын шыққан газет-журналдар бетінде жарияланған мақалалар мен
хат-хабарлардың библиографиялық көрсеткіштері жоқ, болған емес.»
Осылай жақсы ағаларының қолдауымен алғаш қы сыннан аман
құтылған. Ү.Сүбханбердина енді іргелі ізденісін одан әрі жалғасты-
рып, 1963 жылы академик Ә.Марғүланның редакциялауымен «Қазақ-
тың революциядан бүрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар» де-
ген екінші бір библиографиялық көрсеткішін шығарады. Бүл туралы
сыншы Қүлбек Ергөбеков өзінің «Алматы ақшамы» газетінде жария-
ланған «Тоғысқан тағдырлар немесе «Дала уалаятының газеті» жарыққа
қалай шықты? » деген мақаласында: «Ү.Сүбханбердинаның бұл еңбегін
қолжазба қалпында оқып, пікір айтқан, ақ батасын берген ғалым тағы
да Б ей сем бай К ен ж ебаев болы пты у ақы ты н д а. Ғалым арх и він д е
пікірдің қолжазба көшірмесі сақталыпты. Онда профессор: «Тегі биб-
лиографиялық көрсеткіш жасау инемен құдық қазғандай жүмыс. Әсіре-
се, бірнеше мезгілді баспасөз бетінде жарияланған материалдардың
мазмүнын баяндайтын көрсеткіш жасау әрі барынша ұсақ, қиын, әрі
көп, көлемді жұмыс... Түтас алғанда Үшкілтай Сүбханбердинаның бүл
133
кітабы өте қүнды еңбек. Ғылыми қызметкерлерге, аспиранттарға, сту-
денттерге зәру кітап. Сондықтан да бүл кітаптың басылуы, неғүрлым
тез басылып шығуы қажет», - деп қолдай қүптаған сөз айтыпты», -
деп жазады.
Ғалымның ауыз толтырып айтарлықтай екінші бір табысы қазақ-
тың түңғыш газеті «Түркістан уалаятының газетін» қайта жаңғыртуы
болып табылады. Ү.Сүбханбердина 1964 жылы Қазақ ССР Ғылым Ака-
демиясының корреспондент-мүшесі Е.Ысмайыловтың жетекшілігімен
«Қазақтың революциядан бүрынғы мерзімді баспасөзі және әдебиет»
(XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы) деген тақырыпта канди-
даттық диссертация қорғады. Міне, «Түркістан уалаятының газеті»
осыдан соң алғаш рет ғылыми айналымға түсті.
Бүл жайында ғалымның өзі: «Қазан төңкерісінен бүрын қазақ
тілінде шыққан газет, журналдар сан жағынан көп болмағанымен (14-
15), олардың беттерінде қазақ елінің тарихы, шаруашылық жағдайла-
ры, мәдени өмірі, әдебиеті, ғалымдары мен жазушылары туралы көпте-
ген қүнды мақалалар болды. Осы газеттердің ішіндегі түңғышы
«Түркістан уалаятының газеті».
Көп уақытқа дейін қазақ тіліндегі алғашқы газет 1888 жылы Омбы
- қаласында шыққан «Дала уалаятының газеті» деп есептеп келген едік.
Ал, шындығында одан 18 жыл бүрын— 1870 жылы шыққан «Түркістан
уалаятының газеті» екендігіне көзіміз жетті. Ол туралы 1962 жылы
«Білім және еңбек» журналында мақала жариялап, 1963 жылы библио-
графиясын шығарып, 1970 жылы «Әдеби мүра» жинағында газеттің
ішінен мақалалары мен әдеби нүсқауларын жариялаған болатынбыз.
Сонан кейін газет материалдары ғылыми айналымға түсе бастады», —
деп әңгімелейді.
Ү.Сүбханбердина бүдан кейін де қарап қалған жоқ. 1986 жылы
оның «Қазақ кітаптары», 1989,1991,1992,1995 жылдары «Дала уалая-
тының газеті» әдеби нүсқаларының 4 томы, «Ғашықнама», «Бүркеншік
аттар», «Қазақ. Алаш. Сарыарқа», «Айқап», «Қазақ» сынды библио-
графиялық көрсеткіштері жарық көрді. Ал, алдағы түрған міндет бүдан
да көп. Сондықтан да болар көптеген оның еңбегімен таныс адамдар
көзінше болмаса да сырттай «бір өзі бір академия» деген ат қойып,
қажет жерінде мақтанышқа айналдырып отырады.
Келесі сөз «Дала уалаятының газеті» туралы болмақ. Себебі, тари-
хымызды танып, түсінуге ықпал жасайтын түпнүсқа еңбектердің ара-
сында осы басылым ерекше орын алатындығы белгілі.
134
Бұл үкімет тарапынан шыққан ресми газет болса да, көп уақыт
Сібірге айдалып келген, бостандықты көксеген адамдардың ықпалын-
да болып, олар мүны халық газеті етуге тырысқан.
Халқымыздың түңғыш ғалымы Ш .Уәлихановтың, классик ақын
А.Құнанбаевтың, ағартушы әрі жазушы Ы~Алтынсаринның, жазушы-
лар М.Ж.Көпеев пен Ш.Қүдайбердиевтың, қоғам қайраткері Ә.Бөкей-
хановтың мақала, хабарларымен қатар, газеттен олар туралы матери-
алдарды да оқуға болар еді.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап патша өкіметінің тара-
пынан қазақ жерін тонау, оның халқын құртып-жою бұрынғыға қара-
ғанда әлдеқайда күшейе түскендігі белгілі. Осыған орай жарияланған
газет материалдарында 1868 жылы шыққан «Ереже» туралы түсінік
мақалаларда халықты аяусыз езіп-шаншуды заңдастырған «Ереженің»
түпкі сыры ашылады. Бүл еңбектерден қазақ даласына жаңа әкімшілік
саясат енгізіліп, жүртшылықтың көшіп-қонуына қажетті жаз жайлауы,
қыс қыстауынан айырыла бастаған ел сүреңі ашық байқалады.
Сондай-ақ бүл басылымның беттерінен «артық жерге» қоныста-
нушылар қазақ түрмысына, оның шаруашылық тәсіліне елеулі нүқсан
келтіргенін, жергілікті халықтың жерді пайдалану қүқы бүзыла бас-
тағаның көптеген мақала, хабарлардан оқып, білуге болады. Мәсе-
лен, «Қазақтардың жерін қалайша билеп, пайдаланып түрғанның бая-
ны» деген мақалада: «У ақы тш а ереже» бойынш а қазақ ж еріндегі
қыстау, жайлау, күзеу және бай, кедей, жатақ, кірме туралы мәлімет-
тер берілген. «Керекуден келген хат» деген газет тілшісінің хабары
ауа райының қуаңдығынан болған Керекудегі жұт туралы айта келіп,
«жүт жеті ағайынды» дегенді еске салады, бүл ретте келімсек казак-
орыстардың жасап отырған озбырлығы да оңай болмай отырғанды-
ғын сөз етеді.
> !
О сы ндай отарлау саясаты н а байлан ы сты патш алы қ Ресейдің
Түркістан аймағын жаулап алғанына 25 жыл толуына арналған «Мей-
рам болған күн» деген мақалада Ресейдің саясатын аша түсетін дерек-
тер көп келтірілген. Орыс әскерінің қару-жарақ күшін, отарлау саяса-
тының күштілігін дәріптейтін бүл мақалада М.Г.Черняевтің Шымкентті
бағындырғаны, В.А.Перовскийдің Ақмешітті жаулап алуы, қазақтың
ең шүрайлы жерлеріне - Қапал, Ақтау, Ұлытау бекеттерінің салынға-
ны, Орал, Орынбор, Форт Александровский, Раимский, Қарабүтақ бе-
кеттері салынғаны және Ташкент қаласының жаулап алынғаны туралы
да мәліметтер бар.
Мүның барлығы да ғалымның өз аузымен айтылмаған сөздер. Алаи-
да, автор қазақтың алғашқы газеттерінің бірі «Дала уалаятының га-
зеті» туралы әдеби нүсқаларында өз қолымен не жазыпты. Енді бір
сәт соған назар аударып көрелік. «Өткенін қастерлеп, бүгінгі үрпақ-
тың керегіне жарата білу - келешегі бар өркениетті елдердің ғана үле-
сіне тиетін жәйт. Біз кейінгі жылдарға дейін өткенімізге тереңдеп бара
алмай келдік. Қазақ елі үшін ояну дәуірі енді ғана басталды. Қазақ
халқының тарихи санасын қайтадан қалыптастыру қоғамды жаңғыр-
тудағы негізгі мәселе болып отыр. Ол үшін өткен тарихымызды қоспа-
сыз түгел білуіміз керек. Төңірегімізді түгендеуде жоғалтқанымызды
іздеуде қолға алынған көп жүмыстардың бірі - ана тілімізде жарық
көрген газет-журналдарды жинау, олардың бетінде басылған, шашы-
рап жүрген дүниелерімізді халқымыздың игілігіне жарату болып табы-
лады. Төл тарихымызды танып, түсінуге себін тигізетін түпнүсқа еңбек-
тердің ішінде «Дала уалаяты газетінің» орны ерекше».
Иә, ғалымның бүл ойын дер кезінде айтылған орынды пікір демес-
ке болмайды. Ендігі бір мәселе Ү.Сүбханбердинаның 1993 жылы
«Ғылым» баспасынан жарық көрген 13 баспа табақ көлеміндегі «Қазақ.
Алаш. Сарыарқа» деп аталатын м азмүндалған библиографиялы қ
көрсеткіш. Кімге болсын қүнды да, қажет кітап. Ертеде оқу, білімнің
қадірін түсіне білген ата-бабаларымыз мүндай еңбектердің қүнын бір
қараға бағалаған.
Бүл кітаптың іргетасы да сонау елуінші, алпысыншы жылдары
қаланған. Архивтен архив қоймай ерінбей еңбек еткен апамыз басқа
материалдармен қатар «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінің бет-
терінде жарияланған мақала, хабарларды жинастыра берген ғой. Ол
туралы ғалымның өзі кейінірек: «50 жылдары алғашқы басылымдар-
дың библиографиясын дайындап жүргенімде «Қазақ» газетінде жария-
ланған материалдарды да қоса жинаған едім. Әрине, ол кезде бүл ба-
сылымның бағы ашылады деп ойлаған емеспін, олай ойлаудың өзі қыл-
мыспен пара-пар уақыттүғын», - деп еске алады.
Сөйтіп, елуінші жылдары өте көп қиындықпен жиналған қүнды
деректер енді ғана тоқсаныншы жылдардың басында өз оқырманын
тауып отыр. Осының барлығын кейде бір-ақ адамның жасап жүрген
тіршілігі, еңбегі деуге сенгің келмейді. Бірақ, бүл ғалымның әрбір еңбе-
гімен жақынырақ танысқан сайын амалсыз мойындайсың, іштей риза-
шылығынды білдіріп, басыңды иесің.
Автор бүл библиографиялық көрсеткіші шығар алдында «Халық
кеңесі» газетінде жарияланған «Қазақ» газетіне - 80 жыл» деген мақа-
136
ласында: «Өкінішке орай «Қазақ» газетін ұлтшыл, буржуазияшыл, ли-
бералды орган, алашордашылардың рупоры болды дей келіп оның ре-
дакторлары Ахмет Байтұрсынов пен М іржақып Дулатов ағартушы,
ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, оқу құралдары мен
әдеби шығармалардың авторы болумен қатар, ірі журналистер еді.
Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» пен «Қазақ газетінің беттерінде
жарияланған мақалаларын оқығанда, олардың сан қырлы еңбектерінің
куәсі боламыз» [78], - дей отырып, одан әрі: «Қазақ газетінің авторла-
рының көпшілігі - ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бір тума
білгірлері еді. Сол зиялы азаматтарымыз көп жылдар бойы «халық
жауы» деген айдармен арамыздан аластатылып келді. Олардың ішінде
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағ-
жан Жұмабаев сынды ақын-жазушыларымыз бар. Шәкәрім Құдайбер-
диев, Құдайберген Жүбанов, Ғүмар Қарашев, Халел Досмүхаметов,
Жаһанша Досмүхаметов, Мүхаметжан Тынышпаев, Асылбек Сейітов,
Мүстафа Шоқаев, Бекмүхамет Серкебаев, Мүстафа, Ахмет Оразаев-
тар, Ғабдолғазиз Мусин, Таһир Жомартбаев т.б. сияқты ғалым, қоғам
қайраткерлері, Сүлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Сәкен
Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сияқты көрнекті ақын-
жазушылар «Қазақ» газеті арқылы өз үндерін білдіріп келген», - деп
ендігі міндет осы адамдардың кезінде газет беттерінде жарияланған
қүнды еңбектерін халық игілігіне жарату қажеттігін айтқан болатын.
Міне, ғалым «Қазақ. Алаш. Сарыарқа» еңбегінде осы айтылған
ой-пікірлерінің үдесінен шығып, үлкен де парасатты жүмыс атқар-
ған. Бүл кітап туралы «Шыңыраудан шыққан шындық» атты көлемді
сын мақала жазып, өз ойын оқырмандарымен: «Кітапта «Қазақпен»
қатарласа жарық көрген «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде жариялан-
ған материалдардың да библиографиялық көрсеткіштері қоса беріл-
ген. Бүл басылымдар осы күнге дейін дүрыс зерттеу көрмей, көпшілік
қауымға беймәлім болып келе жатқаны белгілі. Осыны жан дүниесі-
мен түсініп, олқылықтың орнын толтыруды ниет еткен ғалым еңбегін
қалай бағаласақ та жарасады. Мүны шаң басқан архивтерде саусақ-
тың ізі түспей, көмулі жатқан қымбат қазыналарды игеріп, халқына
қайта қайтаруды өм ірлік м үраты на айналды рған библиограф ты ң
қүнды дүниесі деп білеміз», — деп бөліскен жас ізденуші Қ.Сақовтың
үлкен ғалымға деген қүрметі де қүптарлық.
Сөз соңында айтарымыз, 1995 жылы Қазақ энциклопедиясы бас-
пасынан Ү.Сүбханбердинаның тағы бір елеулі еңбегі «Айқап» жур-
налының жинағы жарык көрді (С.Дәуітовпен бірлесіп қүрастырған).
Көлемі 38 баспа табақ. «Қазақ баспасөзі тарихынан» деп аталатын кіріспе
бөлімінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, XX ғасыр-
дың жиырмасыншы жылдарына дейін ана тілімізде шығып түрған газет-
журналдарға бүгінгі күн талабынан нақты баға беріледі. Одан соң «Ай-
қап» журналына 24-25 беттер аралығында нақты тоқталып, талдау жа-
салынады. Ал, 46-295 беттер аралығында бес жыл бойы журналдың әр
санында жарияланған материалдардың толық түпнүсқалық мәтіндері
берілген. Кітап соңында «Айқап» журналының белгілі авторлары, «Ай-
қап» журналына басылған мақалалар мен хат-хабарлардың мазмүндал-
ған библиографиялақ көрсеткіші» және «Авторлардың алфавиттік
көрсеткіші» ерекше бір ыждаһатпен хатталып, тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: |