Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


  Ж ІГІТК Е   Ж Е Т І  Ө Н Е Р   Д Е   А З



Pdf көрінісі
бет28/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

6.  Ж ІГІТК Е   Ж Е Т І  Ө Н Е Р   Д Е   А З
(Кәукен  Кенжетаев)
Алдыңгы өмірдің қанша қалганын кім білсін,  бірақ 
қанша  қалса  да  о  да  осы  өнер  жолында  өтпек. 
Өйткені,  мен  бастан  аяқ  өмірімді  әнер  жолына  ар- 
нагам.  Өйткені,  өмірім — әнерім!
К.Кенжетаев
Ақ басты Алатау аясында Алматы  қаласының орталығындағы күнге 
шағылысқан  сәулетті  ғимраттардың  бірі -   Абай  атындағы  Ленин  ор- 
денді  Қазақ  Мемлекеттік  опера  және  балет  театры  алыстан  көз  тарта- 
ды.  Әр  кеш  сайын  театр  есігі  айқара  ашылып,  жүздеген  көрермендер 
әсем  музыка  сазын  тыңдап,  опера  және  балет  өнерін  тамашалауға  ке- 
леді.  Осы  театрдың  іргетасын  қалаушылардың  бірі -   Қазақстан  Рес- 
публикасының  халық  артисі,  бірнеше  ордендер  мен  медальдардың 
иегері  Кәукен  Кенжетайүлы  Кенжетаев.
Кәукен  Кенжетаев  1916  жылы  Павлодар  облысының  Баянауыл 
ауданында  Кенже  Аймановтың  отбасында  дүниеге  келген.  Үйдің  кен- 
жесі  болғандықтан  басқа  балаларға  қарағанда  еркелеу  өскен.  Оның 
қиыны  мен  қызығы  мол  оқу  жолы  Қызылжардағы  мұғалімдер  техни- 
кумы,  Қарағандыдағы  тау-кен  техникумынан  басталды.
1936  жылы  Москва  консерваториясының  жанынан  қазақ  студия- 
сы  ашылады.  Таланты  бар  жастар  алынады  деген  қүлактандыру  газет- 
терде  жарияланады.  Осыдан  соң-ақ  көңілі  соған  ауған  жас  неде  болса 
бағымды  сынап  көрейін  деп  салып  үрып  қабылдау  комиссиясы  мүше- 
лерінің  алдынан  бірақ-ақ  шығады.  Сөйтсе,  комиссия  бастығы  Евгений 
Брусиловский  мен  Қалибек  Қуанышбаевтар  екен.  Олардың  алдында

300
Кәукен  «Қараторғайды»  айтады,  жас  жігіттің  ритмінің  қабілетін  байқа- 
ған  Е.  Брусиловский  риза  болғанын  аңғартады.  Сөйтіп,  ол  Чайковский 
атындағы  консерваторияның жанынан  ашылған  қазақ студиясында  1936
жылдан  1941  жылға  дейін  оқиды.
Студия  кейіннен  консерваторияның  ұлттық  бөлімі  болып  қайта- 
дан  құрылады.  Мұнда  Рамазан  Елебаев,  Мұқан  Төлебаев  және т.б.  ком- 
позиторлық  бөлімінде  оқып  жүргенде,  К.  Кенжетаев  әнші  болуға  тал- 
пынып  жүреді.  Осылай  болашақ  әнші  Москввны  бірінші  көріп,  өмір 
мектебінің  де,  өнер  мектебінің  де  тылсым  сырлы  есігін  алғаш  ашып, 
сол  өнер  шыңына  да  түңғыш  рет  сонда  жүргенде  қол  созады.  Ол  Кәу- 
кеннің  ата-ана  қүшағынан  үзап  шығып,  нағыз  білім  қүшағына  енген 
көзі.  Ол  талант  иесінің  орыстың  жазушылары — Пушкин,  Чехов,  Дос- 
тоевский,  Лермонтов,  Тургенов,  Толстой  шығармаларын  өз  көзімен 
көріп,  қолмен  ұстаған  кезі.  Ол  талай  үлы  музыканттармен,  компози- 
торлар,  әншілер  тәрбиелеп  шығарған  Чайковский  атындағы  консерва- 
ториясының  бір  партасында  отырған  кезі.
Ол  алғаш  рет  осында  өнердің  тамаша  тағылымның  үлкен  ынтамен 
бойына  сіңіріп,  алғаш  рет  үлы  композиторлар  әндерін  айта  бастаған. 
Бірақ,  көп  ұзамай  ¥ л ы   Отан  соғысы  басталады  да  Кәукен  Кенжетаев 
та  адамның  рухани  жан  дүниесін  байытатын  әсем  сырлы,  әдемі,  нәзік 
музыка  өнерін  үйрендіруді  уақытша  тоқтатып,  қолға  қару  алып  май- 
данға  аттанады.  Соғыс  жеңіспен  аяқталған  соң,  1946  жылы  армиядан 
қайтып,  Алматыға  опера  театрына  қызметке  орналасады.
Қара  ш аңырақта  К әукеннің  ойнаған  бірінші  ролі  «Біржан  мен 
Сара»  операсындағы  Жанбота  бейнесі  болды.  Осы  Жанбота  ролі  оның 
театрдағы  творчестволық  жолының  бастамасы  ретінде  бүдан  кейін  де 
көптеген  күрделі  бейнелер  («Ер  Тарғын»  оп ерасы нда-  Тарғын,  «Жал- 
быр»  операсында -   Жалбыр,  «Қыз  Жібек»  операсында -   Бекежан,  «Ал- 
тыншашта» -   хан,  «Абайда» -   Жиренше,  «Аманкелдіде» -   Аманкелді
т.б.)  жасауына  жол  ашты.
1947 жылы Кәукен өзінде баспана жоқ болғандықтан ағасы Шәкеннің 
үйінде  түрады.  Осы  жылы  театрдың  бас  артистерінің  бірі  Шабал  еке- 
уінің  үйлену  тойы  өтеді.  Осы  уақыттан  бастап  жаңа  өмірдің  табалды- 
рығынан  қол  үстасып  бірге  аттайды.  Екеуі  де  үлттық  опера  өнеріне 
сіңірген  еңбектері  еленіп,  халық  артисі  деген  атаққа  ие  болады.
Қай  өнер  болмасын,  ол  үлкен  байлық.  Ол  тек  өнер  иесінің  ғана 
меншігі емес, елінің, халқының қазынасы.  Оны жақсы түсіну кімге болса 
да  міндет,  адамгершілік  міндет,  адамгершілік  парыз.  Осыны  жақсы

301
түсінген  К.  Кенжетаев  1950  жылы  консерваторияда  үзіліп  қалған  оқуын 
қайта  жалғастырып,  ойдағыдай  бітіріп  шығады.  Осыдан  соң  ол  опера 
театрындағы  қызметіне  жаңа  тың  күшпен,  бүрынғыдан  да  белсенділік- 
пен  жан  аямай  кірісіп  кетеді.  1956  жылы  Москвада  қазақ  әдебиеті  мен 
өнерінің  он  күндігі  өтеді.  Бүл  қазақ  өнері  үшін  аса  жауапты  белес  еді. 
Осыған  орай  астанадан  белгілі  өнер  қайраткерлігі  мен  мамандары 
шақырылып,  зор дайындық жүмыстары  жүргізіледі.  Соның нәтижесінде 
Москва  жүртшылығы  қазақтың  әдебиеті  мен  өнерін  үлкен  қүрметпен 
қарсы  алады.  Әрине,  мүндай  ірі  жеңіске  К.  Кенжетаевтың  да  қосқан 
өзіндік  үлесі  бар  еді.
Ол  кезде  опера  театрында  колында  дипломы  бар  жалғыз  әнші  осы 
Кәукен  болатын.  Одан  бүрынғылардың  көпшілігі  халық  арасынан  шық- 
қан,  өнер  жолын  қуған,  оқу  оқып,  музыкалық  білім  аламыз  деп  талап- 
танып  жүрген  жастар  болатын.  Қалай  болған  күнде  де  оның  театрдағы 
маңдай  тер  еңбекпен  өткен  күндері  өз  жемісін  берді.  Олай  дейтініміз 
әнші  қос  тілде  (қазақ  және  орыс)  қойылған  көптеген  опералардың  бас- 
ты  ролдерін  ойнау  қүрметіне  ие  болды.  Сөйтіп,  бір  сөзбен  айтқанда 
үлттық  опера  театрының  дамуына  өмірінің  барлық  тәуір  жылдарын 
арнады.  Ыстығына  күйді,  суығына  тоңды,  қуанышын  өз  қуанышын- 
дай  көрді.  Театр  өнері  өзінің  екінші  үйіне  айналды.
Театр  сахнасы  мол  ғажайып  бір  дүние,  оған  шыққан  адам  қайтып 
кете  алмайды.  Бүл  жөнінде  К.Кенжетаевтың  өзі:  «Ауырып  қалғанда 
болмаса театр есігін бір ашып  кірмей кеткен уақытым болған жоқ.  Тіпті, 
қызметтен  бос  кезімде,  демалыс  күндерде  де  серуендеп  театрдың  ма- 
ңайында,  театр  ауасымен  тыныстаумен  өтеді.  Театрдың  әрбір  орын- 
дығынан  бастап,  сиқырлы  сахнасындағы  шымылдық,  спектаклдерге 
қойылатын  станоктерге  дейін  бәрі  мен  үшін  бағасыз  қымбат,  жылы 
үшырап  кеудеңе  қимастық  сезім  туғызады.  Өйткені,  театр  -   менің
өмірім», -   дейді.
Кәукен  әншіліктен  басқа,  режиссерлік  іспен  де  айналысады.  Оның 
ең  алғашқы  жеке  басшылық  жасаган  спектаклі  «Аманкелді»  операсы. 
Опера  ойдағыдай  қойылған  соң  енді  ол  1961  жылы  Москвадағы  Үлкен 
театрға  режиссерлік  мамандығын  үйрену  үшін,  тәжірибе  алу  үшін  са- 
парға  аттанады.  Онда  үш  ай  болып,  Үлкен  театрдың  сол  жылғы  репер- 
туарындағы  спектаклдерді  көріп,  белгілі,  тәжірибелі  шеберлерден  зор 
тәлім-тәрбие  алып,  режиссерлік  үйымдастыру  жүмысы  мен  оның  тех-
никасын  үйреніп  қайтады.
Бүдан  соң  К.Кенжетаев  театрде  әншілікпен  қатар  режиссерлік
қызметті  де  қоса  атқарады.  Режиссер  ретінде  біраз  опера  спектакл-

дерін  де  қойды.  Бірақ,  режиссерлік  мамандыққа  мүлде  көшкен  жоқ, 
бүрынғы  әнші  қалпында  қалды.  Өйткені,  ол  жер  бетінде  әншіліктен 
артық  мамандық  бар  деп  ойламады.  Ж әне  де  әншіліктің  табиғаттың 
екінің  біріне  бере  бермейтін  тамаша  қасиет  екендігін  жақсы  біледі.
Кәукен  1957  жылдан  бастап  киноға  түсуге  шақырылып,  халыққа 
киноактер  ретінде  де  молынан  танылды.  Алдымен  ол  «Чапаев»  филь- 
міндегі  ақтың  полковнигі,  «Бірінші  мүғалімдегі» — мүғалім  рольдерінің 
дубляжын  жасады.  Бүдан  соң  оны  еліміздің.көрнекті  режиссерлерінің 
бірі  М .Бегалин  «Аспаннан  қайтып  оралу»  кинокомедиясына  басты
рольдердің  бірін  ойнауға  шақырады.
1967 
жылы  Мәжит  өзінің  ең  күрделі  еңбектерінің  бірі  «Ел  басына 
күн  туса»  атты  картинасын  түсіріп,  оған  басты  рольді  ойнауға  тағы  да 
К.Кенжетаевты  шақырады.  Бүл  фильмнің  Ұлы  Отан  соғысының  арда- 
гері,  полковник,  жазушы,  қазақ  халқының  қаһарманы,  үлт  батыры  Бау- 
ыржан  Момышүлы  жөнінде  екендігі  белгілі.  Бүл  фильм туралы  бас  кей- 
іпкердің  өзі  әлі  күнге  дейін:  «Бауыржан  ролі  менің  өмірімдегі  ең  бір 
қиын  өткен  қамалдың  бірі  болды.  Мен  оны  қатты  мақтаныш  етемін» -
дейд*’ 
/■.  '1_ - ' 
г
В
Қорыта  айтқанда  туған  халқы  үшін  онер  дариясын  төккен  К.Кен- 
жетаев дарын түғырына көтерілу жолында ерінбей еңбек еткен.  Ол қазір 
белгілі  халық  артисі,  ғалым,  үстаз  деген  қадірлі  атқа  ие  болып  отыр.

303
7.  Ө Н Е Р Д І Ң   ҢОС  К.АНАТЫ
(Суат  жэне  Куат  Әбусейітовтер)
«Өнер  жолындағы  өмірлік  ұстазым -   Шәкен  Айманов,  мансұқ  етіп, 
тұтар  пірім -   бабам  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев,  туған  жерім -   елге  есімі 
ашық  айдай  танылған  Жаяу  Мүса,  аспандағы  аққуға  әнін  қосқан  Естай, 
жезтаңдай,  аузымен  қүс  тістеген  әнші  Майра  апамыз  табаны  тиген  қаси- 
етті  Баянауыл,  өмірлік  серігім,  жан-жарым -   50  жыл  отасып,  бірге  істеп 
жүрген  халыққа  танымал,  «Қазақфильм»  кионстудиясының  режиссері, 
республикаға  еңбегі  сіңген  Майра  (өкінішке  орай  жеңгеміздің  бүл 
өмірден  озғанына  да  біраз  болып  қалыпты).
Біздің  Атамыз  Әбусейіт  кезінде  әйгілі  Шорманның  жылқысын 
жетпіс  жыл  бойы  баққан  малсақ  адам  болған.  Ал,  әкеміз  Әуезбек  бол- 
са  төңкеріске  дейін  әнші  Майра  апамыздың  көшірі  болыпты.  Сондық- 
тан  да  болар  біз  шыр  етіп  дүниеге  келгенде  шілдехана  үстінде  жезтаң- 
дай  әнші  апамыз  өз  әнін  «Майраның  әнін»  шырқапты.  Осындай  шат- 
шадыман  қуанышты  күндердің  бірінде  ата-анамызға  арнайы  бауы  берік 
болсын»  деп  айтуға  келген  Мәшһүр  Жүсіп  бабамыз  Рахметолла  мен 
Қайроллаға  (өзім  және  Суат  інім  ғой):  Бүл  үйге  қүдай  қуат  берсін,  су- 
сағанда  сусындайтын  дәт,  суат  берсін,  егіздей  Қуат,  Суат  болсын»  деп
ақ  батасын  беріпті.
Міне  сол  ақ  батаның  арқасында  бүгін  70-ке  келіп  халық  қалаулысы
атанып  отырған  жайымыз  бар.  Әрине  арамызда  бүл  өмірмен  ертерек 
қоштасқан  Суат  жоқ,  бірақ  қазақ  халқының  қүлақ  қүрышын  қандыр- 
ған,  соңына  үнтаспаға  жаздырып,  кейінгі  үрпаққа  мүра  қып  қалдырған, 
бүлбұл  дауысты  250-дей  әні  бар.  Қазақтың  алғаш  бишілерінің  бірі  Жа- 
рыскүл  Тажиевадан  өмірінің  жалғасы  үрпағы  Сәуле  сынды  қызы  бар.

Жуырда  елден  Баянауылдан  жеңгең  екеуіміз  (әрине  бала-шағалар 
да  бар)  70  жылдық  мерей  тойымызды  өткізіп  келдік.  Қүдайға  шүкір, 
халық  қанша  қиын  кезең  болса  да  өнерден  сырт  бүрылмапты.  Қайта 
елдікке,  бірлікке  тырысып,  тарих,  әдебиет,  мәдениет,  өнерге  бет  қой- 
ған  түрлері  бар  деп  әңгімесін  өткен  өмір  суреттерімен  дәмдеп  жалғас-
тыра  берді  Қуат  ағамыз.
«Әке  көрген  оқ  жонар»  демекші  біз  Суат  екеуіміз  қаршадайымыз-
дан өнерге ғашық болып  өстік.  Жоғарыда айттым әкеміз Әуезбек төңке- 
ріске  дейін  атақты  Майра  апамыздың  көшірі  болған  деп.  Одан  соң  да 
жаңа  өкімет  кезінде  де  милиция  қызметінде  істесе  де  күйттегені -   ән 
мен  күй,  қызық думан  болды.  Әкеміз  үнемі  күйме  арбаның  көріктісіне, 
шананың  жел  қанат  жеңіліне,  жылқы  баласының  төгілме  жорғасына 
үмтылушы  еді.  Осыдан  да  болар  бес-он  жасымызда-ақ  халық  арасын- 
да  «Әуезбектің  екі  баласы  да  қолына  домбыра  үстай  туыпты!»-  деген 
сөз  шыққан.
Енді  әкеміз  Суат  екеуімізді  бүл  өнерімізді  көрген  соң,  қүдай  бер- 
ген  талантты  жоғалтпау  керек,  ол  үшін  оқып  білім  алу  керек  дегенді 
шығарды.  Осының  да  әсері  болу  керек  мен  Керекуге  облыстық  музы- 
калық  театрының  спектаклдеріне  қатысып,  басты  ролдерде  ойнай  бас- 
тадым.  Тіпті,  бірде  осы  театрдың  бас  режиссері  Нуриддин  Атаханов- 
тың  көмегімен  «Қозы-Көрпеш  -   Баян  сулуды»  сахнаға  шығарғаным 
бар.  Бүл  1942  жылы  болатын.  Онда  мен  небәрі  17-ақ  жаста  едім.
Бірақ,  өкінішке  орай  соғыс  басталып  кетті.  Біз  ол  кезде  Суат  екеуі- 
міз мектепте  қосылып  ән  айтатынбыз.  Бірде  облыс  басшылары  екеуімізді 
мектептен  шақырып  алып,  жаңадан  қүрылып  жатқан  мәдени-үгіт  бри- 
гадасының  қүрамына  енесіңдер.  Міндеттерің  халықты  неміс-фашизмі- 
не  қарсы  күреске  жүмылдыру деді.  Мен  16-да  Суат-12  де.  Естай  өншінің 
бастауымен,  Мүзафар  Әлімбаевтің  конференселігімен  Баянауыл,  Май, 
Бесқарағай,  Лебяжі,  Павлодар  аудандарын  аралап,  концерт  қойып,  одан 
түскен  қаржыны  Отан  қорғау  қорына  аудара  бердік.
С ір ә,  сонау  қ и ы н -қ ы стау   ж ы лдары   О р тал ы қ тағы   үлкен  өнер 
үжымы-Москва  және  Ленинград  студияларына  біріккен  орталық  ки- 
ностудия  (ЦОКС)  Алматыға  көшіп  келгендігі  туралы  хабардар  болар- 
сың.  Олар  келе  сала  актерлер  дайындайтын  киномектеп  үйымдасты- 
рып,  қазақтың  талантты  деген  жастарының  басын  қоса  бастады.  Га- 
зетте  басылған  хабарландырудан  соң  Суат  екеуіміз  бір  жерде  пайыз- 
дап  түра  алмадық.  А та-анамыз  ақ  тілеумен  арман  қуып  астананың 
төрінен  бір-ақ  шықтық.  Бүл  1943  жыл  болатын.

305
Сөйтіп,  осындай  себептермен  Алматыда  ашылған  Григорий  Ро- 
шальдың  киноактерлер  училищесіне  сынақтан  қағылмай  өтіп  екеуіміз- 
де  оқуға  түстік.  Біз  мүнда  соғыс  салдарынан  көшіп  келген  кеңестік 
айтулы  шеберлер  Эйнштейн,  Пудовик,  Перауберт,  Васильев,  Рошаль 
және  өзіміздің  Мүхтар  Әуезов,  Қалибек  Қуанышбаев  секілді  үлағатты 
үстаздардан  дәріс  алдық.
' Осы  арада  киномектепті  бітірген  соң  Суат  ән  айту  өнеріне  бет 
алды.  Консерваторияға  түсті,  даусы  ашылып,  ән  көгінде  қалықтады. 
Мен  шығарған  «Сағындым»,  «Ақмаңдай»,  «Ертісім»,  «Бәріміз  де  жақ- 
сымыз»  әндерін  радио  арқылы  ашық,  дүрия  үнімен  қүйқылжытты.  Ол 
көзі  тірісінде  үнтаспаға  көптеген  көңіл  жадыратарлық  әндерін  жазды- 
рып  қалдырған.  Содан  да  болар  мен  күн  сайын  інімнің  радио  арқылы 
салған  әсем  әніне  шомылып  оянам.
Бірте-бірте  теориялық  білім  тәжірибемен  үштасты.  1947  жылы 
актер  мектебін  үздік  бітіріп  шыққан  мен  кинорежиссерлік  алғашқы 
қадамды  дубляждан  бастадым.  Айтпақшы,  мүның  алдында  1945  жылы 
студент  кезімде  «Крейсер  Варяг»  фильмін  қазақша  сөйлеткенім  бар. 
Айтайын  дегенім  содан  бері  500  шетел  фильмін  қазақшалауға,  өз  ана 
тілімізде сөйлетуге қол жеткізіппін.  Ең бастысы Майра апаңың да қазақ- 
ша  сәтті  сөйлеткен  фильмдерінің  саны  бес  жүзге  толып  отыр.  Бүл  ту- 
ралы  менің  70  жасқа  толуыма  байланысты  Мүзафар  Әлімбаевтың 
«Шәкеңнің  шәкірттері  немесе  екі  50,  екі  70»  мақаласы  сәтті  жазылған 
Е  деп  менің  алдыма  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  1995  жылғы  2  желтоқса- 
нында  шыққан  35  санын  жылжытып  қойды.
Оқып  отырмын.  Бүл  қос  өнерпаздың  өмірбаяндарын  да  қанық, 
қаламы  жүйрік  ақын:  «...  Алматы  киноактерлер  училищесінде  Қуат- 
пен  қатар  бірге  оқуға  түскен  ақсары  бойжеткен  Майра  Бекжүманкызы 
сол  окуды  онымен  бірге  үздік  бітіріп  шығады.  Екі  жас  мәңгілік тағдыр- 
ларын  қосады.  Содан  бері,  міне,  қос  талант  жүбын  жазбай  ортақ  өнер- 
де  қаз-қатар  қайрат  жүмсап,  ж асампаздықпен  еңбектеніп  келеді. 
Қүрбы-қүрдастары  ол  екеуі  жөнінде  әңгіме  қозғалса  бүгінде  «Екі  50,
екі  70,  екі  500»  деп  әңгімелейді.
Екі  елуі  екі  өнерпаздың  кино  саласында  еңбектегеніне  де  елу  жыл, 
отау  тігіп  отасқанына  да  елу  жыл!  Екеуі  де  биыл  жетпіске  келеді.  Ма-
ғыналы  өмір!
Ал  енді  500  деген  тіркеске  келсек...
Астанадағы  №12  орта  мектепте  оқитын  Майра  бірде  «Үлкен  вальс» 
атты  кино  картинаны  көреді.  Фильмнің  жас  қыздың  жүрегін  ләззатқа

бөлеп  толқытқаны  сондай,  Майра  оны  қатарынан  он  тоғыз  рет  қайта- 
лап  көрген  екен.  Сыршыл,  сыңғыр  сазға  толы  тамаша  картина  сиқы- 
рына  елтіген  шәкір  қыз:  «Менің  орным  кино  өнері  болуы  тиіс!»  деп
түйеді. 
' • 

Оқу  бітіргеннен  кейін  Майраны  Қазақ  киностудиясының  актерлер
бөліміне  қызметке  жібереді.  Сонда  жүргенінде  жас  актрисаны  бірде 
«Науан»  фильмінің  дубляжына  режиссер  М.Калменов  шақырады.
«Науан»  фильмінде  Шәкен  Айманов  үлы  ақын  Әлішер  Науаи дауы- 
сын  қазақша  сүңқылдатады.  Ал  маған  ақынның  қолындағы  Гүлдің  да- 
уысын  қазақша  бейнелеу  тапсырылды.  Мен  қатты  қиналдым.  Әйгілі 
артист,  сахна  өнерінде  де,  кино  қүпиясын  да  жақсы  білетін  саңлақ  аға 
қасында  түрып  мен  абдырамай  кім  абдырасын?  Бірақ,  Шәкен  аға  туа- 
сы  үстаз  кісі  ғой -   «сен  бүйт,  айт!»  демей,  жайлап  қана,  жетелегендей 
көп  нәрсені  үқтырғанын  қалай  үмытармын?  Менің  дубляжбен  тағды- 
рымды  үштастыруыма  осы  кездесу  себеп  болды.  Шәкен  аға  өзі  дер- 
бес  режиссер  болғанша  дубляждан  қол  үзген  емес.  Керемет  алғыр  еді. 
Сол  кісіден  біз  көп  үйрендік,  мен  де,  Қуат  та...» -   Майра  апамыз  сол 
бір  кездесуде  осылай  ағынан  жарылған  болатын.
Бертін  келе,  тіпті,  іле-шала  дерлік,  жаратылыстан  өжет  мінезді 
Майра  өзі  дубляж  режиссері  болып  шығады.  М.Бекжүманқызының  та- 
ланты  мейілінше  мол  ашылған  сала  осы  дубляж.  Иә,  Қуат  өнерінде  де 
дубляжда  режиссердің  ассистенті  боп  қызмет  атқарған.  Студент  Қуат 
«Крейсер  Варяг»  атты  фильмді  1945  жылы  қазақша  сөйлеткен.  Қ.Әбу- 
сейітов  содан  бері  500  фильмді  қазақшалауға  жетекшілік  еткен.  Бес 
жүз  фильм,  ал  бүл  неше  миллион  көрермен!
Ана тіліміздің әсемдігін нәзік сезімталы Майраның да қазақша сәтті 
сөйлеткен  фильмдерінің  саны  бес  жүз!  Неше  миллион  көрермен!  Әсіре- 
се,  мойны  қашық  қазақ  ауылдарының  кәрі  -   жасы  қанша  білімге  ке- 
нелді,  эстетикалық  ләззат  алды,  өнер  шәрбатынан  сусындады.
Бір  туар  талант  Шәкен  Айманов  Майра  Бекжүманқызының  еңбегі 
жайында  әңгіме  қозғағанда: 
*
-   Майра  д уб ляж д ің -  королі!  -  деген  екен.  Ал  заманымыздың  атақ- 
ты  жазушысы  Шыңғыс  Айтматов:
-  Біз  Майра Әбусейітованың дубляждаған  фильмдерін  қызыға  қарай- 
мыз!  -   дегенін  де  қүлағымыз  шалған...» -   деп  желдірте  жазыпты.
Үнсіздікті  тамақ  қамымен  ас  үй  жақтағы  ыдыс-аяқты  шылдыра- 
тып  жүрген  Майра  апамыздың  сыңғырлаған  даусы  бүзып,  ортан  белі- 
нен  үзіліп  қалған  әңгімені  одан  әрі  жалғастырып  әкетті.  Содан  қартай-

ғанда  білім  іздеп  мына  отырған  ағаң  1952  жылы  Москваның  Бүкіл- 
одақтық  Мемлекеттік  киномотография  институтының  режиссерлік  фа- 
культетіне  оқуға түсіп,  ерлік  жасады.  Осы  сәт түпсіз түңғиық  ой  түбіне 
кеткендей  болып  отырған  Қуат  ағамыз  бір  серпіліп  өзінің  еңбек  жолы 
туралы  сөйлеп  берді-ай  дейсіз!
Мен  жалпы  өмірімде  үстаздардан  кенде  болған  жоқпын.  Жоғары- 
да  киномектепте  оқып  жүргенімде  үстазымның  кімдер  болғанын  айт- 
тым.  Енді  мына  қызыққа  қараңыз.  ВГИК-те  Кеңестік  ірі  киношебер 
КСРО  Кеңестік  Халық  артисі  С.И.Юткевичтің  шеберханалық  класына 
тап  болып  үлкен  сынақ  асуынан  өттім.  Жазғы,  қысқы  каникул  кездер- 
інде  Алматыға,  студияға  келіп  «Советтік  Қазақстан»  киножурналына 
монтаж  жасап,  50-ден  астам  осындай  журнал  түсіруге  қатыстым.
1957  жылы  Бүкілодақтық  киномотография  институтының  режис- 
серлік  бөлімін  ойдағыдай  бітіріп,  елге  оралған  соң,  «Даладағы  қайың», 
«Мазасыз  көктем»,  «Бақыт  туралы  ой»  фильмдерінің  екінші  режис- 
сері  болдым.  Бүдан  соң  1958  жылы  өзімнің  төл  туындым  -   «Өмір 
жолы»  фильмін  қойдым.  Бүл  кинолента  Түрксіб  теміржолшыларының 
өміріне  арналып  еді.  Оған  Ш.Айманов  жетекшілік  жасаған  болатын. 
Осы  кезден  бастап  мен  көрнекті  режиссер,  дарынды  актер  Шәкеңнен 
творчестволық  түрғыдан  көп  үйреніп,  тәлім-тағылым  алдым.  Үстазым- 
ның  сенімінің  арқасында  ол  түсіріп  көпке  белгілі  болған  «Найзатас», 
«Жамбыл»  (жаңа  нүсқасы)  және  «Атаманның  ақыры»  фильмдерінің 
екінші  режиссері  болғанымды  мақтан  түтамын.
Қүдіретті  үстаз,  өнерпаз  туралы  тағы  бір  айтар  сырым  жоғарыда 
айтқанымдай  сол  кісінің  ақыл-кеңесімен  ең  алғаш  рет  «Өмір  жолы» 
атты  дербес  кинолентамды  түсірдім.  Нәтижесі  жаман  болған  жоқ. 
Жарыққа  шыға  салысымен  бүл  туындым  Жапония,  Монғолия,  Корей 
тілдеріне  де  аударылып,  дүниежүзілік  сахнаны  аралап  кетті.  Бүдан 
соң  дүниеге  көрермен  жылы  қабылдаған  «Найзатас  бөктерінде»,  «Да- 
уыл»  қазақ  теледидарының  тапсыруымен  жасалған  түңғыш  түрлі- 
түсті  фильм  «Алматы  көктемі»  атты  музыкалық  картиналар  келді.
Бүдан  басқа  үстазыммен  бірге  бірнеше  көркем  фильм  түсіруге 
қатыстым.  Шет  жағасына  жаңа  ғана  айттым.  Ал,  өзім  «Найзатас  бөкте- 
рінде»  фильмінде,  «Баянауылда»  Шәкен  аға  Бейсенбай  қарттың ролінде 
ойнады.  Бүл  актер  ағамыздың  көркем  фильмде  ойнаған  ең  соңғы  бей- 
несі  болып  тарихта  қалды.  Бүдан  соң  мені  үстазым  өзінің  «Атаман- 
ның  ақыры»  фильмін  түсіруге  шақырды.  Мүнда  мен  екінші  режиссер 
болдым  және  кішігірім  рольде  ойнадым.  Ал,  бүл  «Атаманның  ақыры»
307

фильмінің  дүниежүзілік  жүлдеге  ие  болып,  қазақтың  киноөнерін  әлем-
ге  паш  еткені  мәлім.
Қуат  аға  соңғы  кездері  «Айтуар-Фильм»  өндірістік  бірлестігі  ту-
ралы  жиі  естіп,  оқып  тіпті  Қаныш  С әтбаев,  Ж үсіпбек  Аймауытов, 
Сүлтанмахмүт  Торайғыров  жайында  түсірілген  кейбір  деректі  толық 
метражды  публицистік  фильмдерді  экрандардан  көріп  те  қалып  жүрміз.
Бүл  жөнінде  не  айтар  едіңіз?
Осы  сәт  ауыз  үйден  бізді  асқа  шақырған  М айра  апамыздың  да 
«Айтыла  берсе  сөз  бітпейді,  әңгімелеріңді  тамақтан  алып  жалғасты- 
рыңдар»  деген  қүлаққа  жағымды  қоңырқай  даусы  естілді.  Асханада 
біздерге,  Қуат  ағаға  қарағанда  Майра  апамыздың  даусы  көп  естілді.
Айналайын,  біздің  өнер  жолында  сіңірген  еңбегімізді  қазіргілер- 
ден  Қамал  Смайылов  пен  Әкім  Таразилер  жақсы  біледі.  Дубляж  мекте- 
бінен  жалғыз  біз  емес  жалпы  қазақ  театрының,  өнері  мен  мәдениетінің 
қаймақтары  саналатын  Фарида  Ш әріпова,  Зәмзагүл  Ш әріпова,  Тор- 
ғын  Тасыбекова,  Мәкіл  Қүланбаев,  Бикен  Римова,  Нүрмахан  Жантө- 
рин,  Алтынбек  Кенжеков,  Мүхтар  Бақтыгереев,  Нүрлыбай  Есімғали- 
ев,  Нүрлан  Өнербаев  сияқты  талай  майталман  тарландары  сынақтан 
өткен.  ■
 
••  * 

 г*>• < 
ж:;
Шіркін,  анау  Достоевскийдің  «Қылмыс  пен  жаза»  фильмдегі  тіл 
қүдіреті  қандай!  «Ұлықбектің  жүлдызындағы»  Ұлықбектің  молдамен 
айтысын  алып  көрші!  «Рүстем  мен  Зухрабты ң»...П әлі,  «Н ақүрыс» 
ше!  Оның  бәрі  жауһар  ғой.  Ал  осының  бәрін  ана  тілімізге  аударып 
халыққа  жеткізу  дубляжға  байланысты.
Майра  апамыздың  тәтті  асы  мен  көңілді  әңгімесінен  соң  Қуат  аға 
екеуіміздің  арамыздағы  диалог  одан  әрі  жалғасты.  «Айтуар-фильм» 
шығармашылық  бірлестігін  1992  жылы  қүрдық  (Айтуар  немерем  ғой, 
Қайратымның  үлы).  Мүнда  қызмет  атқаратын  он  шақты  адамдардың 
барлықтары  да  негізінен  Әбусейітовтер  әулетінен.  Өзім  бірлестік  бас- 
шысы,  әрі  қоюшы,  әрі  көркемдеуші  режиссермін.  Ұлым  Масғүт -   бас 
оператор.  Режиссердің  асистенті -   інім  Суаттың  қызы  Сәуле.  Жүбай- 
ым -   Майра  үлым  М асғүттың  қыздары  Гүлжан,  Маржан  да  осында, 
еңбек  етеді.  Өзің  айтқандай  алғашқы  сапарымызды  Павлодар  облысы- 
ның  Баянауыл  ауданы нан  бастап  «Ғалым  ауы лы нда»  (Қ .С әтбаев), 
«Жүсіпбек  Аймауытов»,  «Сүлтанмахмүт  Торайғыров»,  «Қосым  Пішен- 
баев»,  «Майкөбе»  деректі  ленталарын  түсірдік.
Жалпы  менің  өнер  иелеріне  арналған  фильмдерім  де  аз  емес.  Мы- 
салы,  Серке  Қ о ж ам қү ло вқа  арналған   «С ераға»,  Ермек  С еркебаев

309
жөніндегі  «Бар  өмірім  халық  үшін»  фильмдерім  және  інім  Суат  Әбу- 
сеитовке  арналған  «Ән  менің  өмірімде»  музыкалық  фильмдерін  атар 
едім.  Келешекте  осы  дәстүрді  бүзбай  Естай  мен  Иса  жөнінде,  Мәшһүр 
Жүсіп  Көпеев  туралы  фильм  түсіру  басты  арманым!
Қауға  түскен  өрттей  қалың  қауымды  жақсы  мағынасында  елең 
еткізер  жаңалықтар  болады.
Тамылжыған тамашға ән-жаңа ән-жақсы  ән!-бүкіл  қазақты  көз ашып 
жүмғанша  дегендей  бірнеше  аптада  баурады  да  алды.  Туынды  аты —
«Жетісу».
Өз  басым  музыка  әлемінен  алшақ-алыс  болғандықтан  анау-мынау 
әуенсымаққа  елтіп  елжіремейтін  жанмын.  Сөйте  түра,  бүл  жолы  мы- 
нау  ойнақы,  әрі  жайдары,  майда  коңыр  сазға  өзге  түгіл  мен  де  елтіген-
дей  болдым...
-   Авторы  кім?
-   Садық  Кәрімбаев.
-   Ол  кісі  қайда?  Кәсіпқой  композитор  ма?
-  Ол  кісі  зағип.  Өзі  музыкант,  әрі  әнші.  Қүйқылжытып  сырнаи  тар- 
тады.  Әншілерді  сырнаймен  сүйемелдейді.  Қазақ  филармониясында
Жер  жаннаты -   Жетісу 
Тамаша  гой  айналаң...

қызмет  істейді,  гастрольдерге  жиі  шығады.  Өзі  де  әндер  шығарады.
-   Мәселен,  қандай  әндер?  Халыққа  тарағандары  бар  ма?
-   «Жаным  сүйген  қара  көз,  қай  уақытта  болам  кез»  деген  қайыр-
масы  бар  әнді  естідің  бе:  аты -«Қаракөз». 
*
-   Оны  мен  қазақтың  халық  әні  деп  жүрсем...
-   Оның  бекер  бүл  Садықтың  төл  әні! 
|  
Сөйтіп  мен  әуесқой  композитор  С ады қ  К әрім баевпен  сырттай
таныстым  осылай. 
|
...Ж ас  әнші  Суат  Әбусеитовты  мен  қаршадайынан  білетін  едім.
1941  жылы  жазда,  соғыс  басталғанына  10-15  күн  өтпей  жатып,  Павло-
дар  облысы  бойынша  қүрылған  мәдени-үгіт  бригадасында  Суат,  оның
туған  ағасы  Қуат  екеуі  менімен  бірге  болып,  халыққа  концерт  беріс-
кенбіз.  Ағасы  баян  тартып,  інісі  ән  орындайтын...  Сол  Суат  бір  күні
Қазақ  радиосында  жолығып: 
1
-  Садық ағамызбен таныстырайын, жүріңіз,  мен жаңа бір әнін  үйре-
нуге  бара  жатырмын!  -   деді.
-   Қолым  бостау  еді.  Келісе  кеттім.  Алматының  Калинин  (қазіргі 
Қабанбай  батыр)  және  Өзбек  (қазір  С.Сейфуллин)  көшелерінің  қиылы- 
сындағы  композитордың  оңаша  тоқал  үйіне  келдік.  Екі  бөлмелі  пәтер 
екен.  Суат  екеуміз  ауыз  үйден  өтіп,  төргі  бөлмеге  кіре  бере  жарыса 
сәлем  бердік: 
^  V- 
щ
-   Ассалаумағалайкүм!
-  Ауылша сәлем беруді,  Суат,  саған кім үйреткен? Қасыңдағы  кім?-
деді  Сәкен  бірден. 
й ‘ 
'  4
Екі  беті  шешек  дағы нан  бүж ы р-бүж ы р,  екі  көзі  жүмық,  ашаң- 
арық,  орта  бойлы лау  кісі  екен.  М аған  оны ң  жас  ш амасы н  айыру 
қиы нға  соқты:  долбарлауы м   бойы нш а  4 0 -4 5   жас  дең гей ін де  шы- 
ғар-ау!..  Жоқ  мен  қателесіппін.  Сол  жылы,  яғни  1951  жылы  Садық 
не  бәрі  33  жастағы  ж ігіт  екен.  Зағипты ғы ны ң  зардабы нан,  әжімді 
жүзі,  жүмық  көзі  оны  әлдеқайда  кекселеу  көрсеткен  болды.
Інім  мені  ағама  таныстырды:
-  Ақын,  өзіңіздің  ініңіз.  Маралдының  баласы.  Әнге  аз-маздап  өлең- 
дер  арнап  жүргенін  айтып  еді,  өзіңізбен  әдейі  таныстырғалы  келдім.
-   Жасың  нешеде?
-   Жиырма  сегізде.
-   Е,  жас  екенсің-ау!
-   Өлеңді  көптен  жазасың  ба?
-   Он  бес  жасымнан...

311
-
  Соғыста  болдың  ба?
-   Болған.  Мұзағаң  бұрынғы  офицер!-  деді  Суат  сөзге  араласып.
-   Үйлендің  бе?
-   Әлі  сәті  түспей  ж үр,-  дедім  күмілжіп.
Сәкеңнің соңғы сүрағында мән бар  екен... Әлгінде Калинин көшесін 
қапталдай  келе  жатқанымызда  Суат  маған:
-   Садық  ағаның  мінезі  шадыр-шатақ,  әсіресе  суға  канып  алса... 
және  қызғаншақ,  себебі  жас  тоқалы  ажарлы  келіншек.  Ән  салады.  Сол 
келіншегін  үйіне  келгеннің  бәрінен  қызғанады...  Сондықтан  үйіне  бар- 
ғанда  Сәкенннің  қасына  тізе  түйістіре  отыруға  тырысыңыз, -   деп  қат- 
ты  ескерткендей  болды.  Мен  інімнің  әлгі  аңғартқанын  үмытпай,  ком- 
позитордың  оң  қапталындағы  орындыққа  жете  қонжиғанмын.  Біз  кел- 
генде  Садық  үйде  жалғыз  өзі  ғана  отыр  екен.
-   Танысуымыз  әрі  созыла  түсті:  менің  кімнің  баласы,  арғы  тегімді, 
руымды,  қай  жерде  туғанымды,  туыс-туғаннан  кімдерім  барын,  қайда 
қызмет  істейтінімді,  тіпті  телефоныма  дейін  сүрап,  біліп,  анықтап  бақ- 
ты  композитор  аға.  Содан  кейін  Суатқа  жаңа  ән  үйретті.  Сырнайды 
ойнақшыта,  сызылта  тартады  екен...
Әлден  уақытта  ауыз  бөлменің  есігі  ашылды,  содан  төргі  бөлме 
есігінінен  ақ  сары  әдемі  келіншек  ішке  үңіле  бергенде,  қайдан,  қалай 
тани  қойғанын  білмеймін,  Сәкең:
-   Бәтима,  үзақ  жүрдің  ғой  осыншама?  Әкелдің  бе?
-   Әкелдім...
-   Әкелсең,  шайыңды  тез  демдеп  жібер, -   дейді  қожайын.  Шөлдеп 
отырмыз  шайыңа  да,  шарабыңа  да... -   Жеңгейің  осы!  Ақындар  өзіне 
тым  қызыққыш-ақ!  Елжірегіштігі  үшін  екі-үш  ақынды  төпеп-төпеп 
жібердім  анада!  — деп  ағамыз  жанамалай  ескерту  жасағаны  сезіліп
түрды.
Шай  іштік,  бір  шишаны  да  төңкердік.
-   Әнге  арнайы  жазған  дайын  өлеңің  болса,  маған  машинкаға  бас- 
тыртып,  әкеп  таста.  Өлеңің өзіме  үнаса  ғана  ән  шығарам,  үнамаса өкпе- 
леме!  — деді  қоштасарда  композитор.  Бүған  дейін  жазып,  қай  компо- 
зиторға  үсынарымды  білмей  жүретін  едім  бір  өлеңім.  Аты  «Бізде
дәрігер  бір  қыз  бар».
Бізде  дәрігер  бір  қыз  бар,
Қыз  емес-ау,  жулдыз  бар.
Ол  жоқ  жерде  журегім 
Бірде  жалын,  бірде  ызгар...

Әуелінде  әжептәуір  көрінген  дүниенің  араға  жылдар  түскенде  енді 
жасып  кеткендей  көрінері  табиғи  үрдіс...  сөйте  түра,  мына  өлең  сол 
кезгі  ыстық  сезімнен  әлі  арылмағандай  әсер  береді  бүгін  де,  (әлбетте, 
бүған  іле-шала  туған  ән  де  себепкер  шығар).
Танысқаннан  кейін  үш-төрт  күннен  соң  әлгі  өлеңнің  екі  данасын 
Садыққа  әкеп  оқып  бердім.
-   Үнайды  өлеңін!  Иншалла,  бірдеңе  шығар.  Екіншілей  келгенде 
ағаңа  бір  ж арты лы қ  ала  келуді  үмытпа.  Ш абыт  үшін  шарап  керек 
Сәкеңе!  -   деп  композитор  қүлқын  қүштарын  да  жасыра  алмады.
Арада  жарты  айдай  ма,  он  күндей  ме  уақыт  өткенде  Сәкеңнің  өзі 
«Пионер»  журналына  телефон  шалып:
-   Ән  дайын!  Түстен  кейін  келіп  тыңдап  кет!  -   деді.
Жолай  дүкеңге  соғып,  бір  көк  мойынды  газетке  орап,  Кәрімбаев 
үйінің  есігін  қақтым.
-   Ассалау!  -   деп  сәлемімді  түгел  айтып  үлгермей-ақ:
-   Ә,  павлодарское  отделение!  Келдің  б е ? -  деп  композитор  орны- 
нан  алға  үмсына,  қолын  соза  берді.  Садықтың  дыбыс-үн  атаулыға  де- 
ген  алла  бөлекше  жаратқан  айрықша  зерделігіне  мен  ылғи  да  қайран 
қалумен  өттім.  Телефон  арқылы:
-  Саламатсыз  ба?- деп  бір-ақ сөз  айтып  үлгіргенінше,  атыңды  атап, 
амандық,  сүрауға  көшер  еді...
-   Кел,  отыр!  Жаңа  әнімізді  тыңда.  Байқаймын,  сен  ән  айта  қоятын 
жігіт  сияқты  емессің.  Тыңда!
Сәкең  сырнайын  қолға  алды.  Қүтырындыра  сермеп,  қүйқылжыта 
бір  қайырып  өтті..Ән  қүйқылжып  түр.  Мені  шырқа!  Ә у е н -   сазымды 
әлеуметке  тезірек  жеткізе  көр!  -   деп  тілеп  түрғандай.
Қазақтың менен  өзге  ақыны  болса  композиторға қосыла  кетіп,  бірге
әуелете  шырқаи  жөнелер  еді.  ы р ақ   менде  ондаи  дарын  қаида,  дәрмен 
қайда? 
^   .;  •, 
>
д к . - .
ф і
* ;і?
Садық  менің  өлеңімді  түгел  жаттап  алыпты.  Екі  қайырып  шырқап 
берді.
-   Қалай  екен? 



  ;  іш»
-   Тамаша!
-   «Тамаша» -   деуің  жақсы-ақ!  Бірақ  сен  музыканың  миғүласы 
екенсің.  Жаңа  мен  әндетіп  жатқанда  әу  деп  аузыңды  ашпағаннан -   ақ 
соның белгісі болды...  Көңіліңе келмесін қүдай бермесе, әншілік дарынды 
қайдан  аласың?!  Анау  Нүтфолланы  қарашы  аузыңды  ашар-ашпастан- 
ақ  әніңді,  әуеніңді  қағып  алып,  әуелете  жөнеледі, -деп   бір  қойды.

«Бпде  дөрігср  бір  кыі  бірды »  к а іа і  рвдиосы  керкемдік  кенссі 
цбы лдады   да.  Өмші  Түрсыикан  Әбдрахмановінын  іфирдси  ш ырму- 
ымен  бүкіл  елге  бірдсн  кен  жайыла,  тсі  тарады  «Комсомол  жыры» 
дсген  ортак  аніміі  болган  Жиі-жиі  айтылатын  1991  яылга дсйіи  .  одан 
сон  «Инжсиср  қьп,  біігс  ксл»>  дсгсн  жаксы  онге  ортактаса  тср  тектік... 
Сатімсн  тугаи  анді  республнканын  халык  артнсі  Рабиға  Есімжаиоаа 
күбылта-қүлпырта  шыркайтыи  сді.  «Алматыныи  алмасы»  да  коптіи 
күлагына  сінген  әуен-саі  еиякгы  сді,  әндср  дс  езсндсрдін  тасуы  меи 
кайтуы  тарһді  табнгат  күбылысына  үксайды  сксн?
«Шагтык  вальсі»  каіак  радиосынан  эфирдс  бүпн  дс  жиі-жиі  тср-
Ылшлі:
 
V
№ 
Ттқытн  бт  де,
М р 
Шалқыгвн  куй  де
Жам  серік  б ш е   жолда  алыс.
■§ ** 
Жетсек  те  жүъп,
Щ 
Ыстық  боп  бізге

 
Естіпер  сонда  бүл  вальс
«Қаракез» дсгеи дс онімһ бар...  Садык ага балдырғандарға да арнап 
ән  жаіатыи.  Мәсслсн,  мси  «Көл  туралы  ән»  деп  аталатын  жырды  ком-
лознтордын  колка  салуымен  шыгарганым  есімдс.
«Жылы  сүтке  тоя  ғой»  деген  ән  эфирлерге  лайык  еді,  каііргі  бала-
бакшалардагы 
музыка 
пәні 
жетекшілері 
ескеріп-елеп  жүр  мс, -   бнха- 
бармын...  әйтеуір, 
маған 
аяны-ән 
вдсмі.
Бүкіл  халықтын  сүйікті  онерпазы  атанған  Садыктын  небары  жеті 
әніне  ғана  олен  жазғаи  скенмін.  Аз  ба,  кеп  пе?  Әрине,  аз!  Ал  коп  бо- 
лып,  шоп  болса  қайтер  ен?  Аз  да  болса,  саз  болғанына  шүкіршілік!
«Бізде  дәрігер  бір  кыз  бар»  талғампаз  да  тандаулы  әншілеріміз 
Жамал  Омарова  мен  Рабиға  Есімжанова,  Түрсынхан  Әбдрахманова- 
ның  шыркауында  үн  таспага  жазылып  алынып,  казак  радиосы  алтын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет