Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


корында  сактаулы!  Осынын  езі-ак  неге  түрады?Г  Садык  талантының  табигатының



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

корында 
сактаулы!  Осынын  езі-ак  неге  түрады?Г  Садык  талантының 
табигатының 
торкіні,  әлбстте,  халыктын  музыкада,  озінін,  ән  үстазда- 
ры 
Біржан 
сал.  Акан  сері,  Жаяу  Мүса,  Естай,  Майралардын  кайталан-
бас  еусн-саздарында...
Әнді  қалай  шығаратынының  бір-ак  рет  куәсі  болдым:  кезекті  бір
жаңа 
әнмен  қанаттансын  деп  Садықка  олен  алып  келсем,  композито-
рым  төргі  белмеде  кілем  үстінде  шалкалап  жатыр.  Басында  кос  жас-
тық.  Кеудесінде  сырнай-баян.  Оң  капталындағы  кабырғада  радио
кабылдағыш 
сайрап  түр.  Амандык-саулыктан  сон:

-   Мына  жатысыңызға  жол  болсын!  -   деп  сүрасам,
-   «Қытай  қызы»  деген  ән  шығарайын  деп  шиыршық  атып  жатыр-
мын, -   деді  Сәкең. 
-.'Щ
-   Мүныңызды  түсінбедім!... 
щ
-   Түсінбесең  былай.  Приемниктен  таң  атқаннан  бері  Қытай  музы- 
касына  қүлақ тосып  тыңдаудамын.  Сол  халыққа  ғана  тән  мақам,  әуезді 
айырып  ажыратып,  жадыма  сіңіруім  керек  әуелі.  Содан  соң  қазақы 
әу ен м ен   тоғы сты рам ы н .  С онда  болатты ң   қоры тп асы -балқы тп асы  
секілді  ажырамас  біртүтас  дүние  шығады...  Енді  түсіндің  бе?
-   Ән  әлі  шыққын  жоқ  па?
-   Шығуға таяу!  Уақытың  болса,  отыр да тыңда.  Әннің  қандай  азап- 
пен,  қандай  жолмен  дүниеге  келетінін  көр  өз  көзіңмен.
Мен  өнер  қүпиясын  ашқым  келіп,  балаша  қызыға  түстім  де,  сыр- 
най  сазына  қүлақ  түрдім.  Садық  үзік-үзік  әуен  сазды  сырнайына  орал- 
тып  тартады,  қайтадан  қытай  музыкасына  қүлақ  тосыды...  Мен  қасын- 
да  тапжылмай  1,5-2  сағаттай  тыңдап  бақтым.
-   Міне  енді  дайын  болды!  Өлең  Сапекеңдікі.  Сапарғали  Бегалинді 
айтам, -   деп  композитор  жаңа  әнін  бабына  келтіріп  басынан  аяғына 
дейін  бір  шырқап  шықты. 
1
-   Нотаға  біреу түсіргенше  әнін  үмытып  қалмайсыз  ба? -  деп  сүра- 
д ы м \ '  

и
 
:
-   Ондай  үмытшақ,  алаңғасар  адамнан  өнер  шығатын  ба  еді.  Өнер- 
паздың  зердесі  мықты  болуы  керер!  -   деді  ол.
* * *
Садық  Кәрімбаев  оқымысты  педагог.  Төлеутай  Ақшолақотың  на- 
ғашысы...  Төкең  үйінде  қатар  қонақ  бола  қалдық  елуінші  жылдар  ор- 
тасында.  Сәкең  қызыл  іңірден  бастап  қызық  бір  әңгімеге  көшті.  Түннің 
бір  ортасына  дейін  қолынын  домбырасын  тастамай,  өз  әндерінің  бір- 
азының  туу  тарихын  баяндады.
-   Әй,  музыканың  миғүласы!

Әу! 
В  В  .
-   Қабаштың  әнін  білесің  бе?
-   Естігем.
-   Естісең  де,  қазір  есіңде  бар  дейсің  бе?  Міне  мен  ойнап  тартып 
берейін, -   дейді  домбыраға  әлгі  әнді  қосып,  бір  шумағын  әнмен  ай- 
тып  береді  Садық.  Исаның  (Қабыш  ақын,  әнші,  композитор)  жалғыз 
бауыры  оқыс  келген  қызылдардан  бай  баласы  деп  атып  тастай  ма  деп 
қорқып,  сеңге  мініп  қашқан  жерінде  жас  жігіт  суға  кетеді.  Сол  траге-

315
дияға  арналған  ән  бүкіл  Ертіс  бойына  Кереку  төңірегіне  кең  жайылған 
ән...  Феодал,  аға  сүлтан  Қазанғаптың  немересі  Қабыштың  әнін  айтуға 
тыйым  салынған.  Әйтсе  де  мүңлы  әрі  сырлы  әсем  әнді  жүрт  автордың 
атын  айтпай-ақ  той -   томалақтарда  айтып  жүретін.)
-  Ал  енді  мынау  мақамды  тыңда.
Садық  басқа  бір  сазды  шырқай  жөнелді.
Ь,Т%
 Үқсай  ма  әнге?
-   Үқсайды  да,  үқсамайды  да!
-  Мен Қабыш  әнінен  серпін алдым да, жаңа ән  шығардым.  Жаңағы, 
екінші  айтқаным  өзімдікі.  Ал  сен  ажырата  алмай  отырсың.
-   Бүл  ашық  айтсақ,  үрлық  емес  пе!
-  Жоқ,  бүл  қүбылту,  жаңадан  жаңғырту,  яғни тыңнан  тудыру.  Ком- 
позициядан  композитор  деген  сөз  шыққан:  қүрау,  қүраушы... -   Сәкең 
қалай  сілтейді.
С.Кәрімбаев  енді  басы  Е.Брусиловский,  А.Жүбанов,  М.Төлебаев, 
Қ.  Қожамияров,  Б.Байқадамов,  С.  Мүхамеджанов,  Ә.Еспаев  және  т.б. 
жекелеген  әндерін  «төркіндетіп»,  бізді  қыран-қырғын  күлкіге  көміп,
түтас  бір  концерт  қойғандай  мәз  еткен.
Композитор  Садық-көкірек  көзі  көреген  өнерпаз  еді.  Принципшіл, 
айтқанынан  қайтпайтын  қайсар,  кейде  қыңыр,  тіпті  тентек  те  сол
ағамыздың  өзі  болатын.
Гастрольде  жүрген  күндерінде  талай  әкімдерді  қүрдай  жоргалат-
қан.  Ертең  өзі  баратын  ш аруаш ы лы қ  басш ыларының  басындағы
кемшілікті,  колхоз-совхоздағы  олқылықтарды  бәрін  алдын-ала  біліп
алады  екен  де,  алдағы  ауылға  барғанда,  концерт  қоюға  қолайлы  жағ-
дай  жасамаса,  қонақасысы  көңіл  көншітпесе,  жетесіз  жетекшілерді  бір
шыбықпен  айдайтын  болған.
С.Кәрімовтың  әжептәуір  ақындығы  да  барын  маңайындағылар
жақсы  білетін.  Қитықса,  қырсыз  бастықтарды  сахнадан  өлеңмен  сы-
бап  кететін  кезі  де  сирек  болмаған...
Әзіл  өлеңдері  де  осы  күнге  дейін  үмытылмай,  композиторлар  мен
әншілер,  қаламгерлер  ортасында  айтылып  жүреді.  Коипозитор  Шәмші 
Қалдаяқовқа  айтқан  бір  ауыз  өлеңі  мынау:
Сагындым  Қайдасың!
Шәмиліжан  қарагым!
Тауысып  қайтшың  ба 
Шымкенттің  арагын?!
Немесе,  мынандай  күлкілі  өлеңі  кең  тараған!

316
Қалдаяқов  күнде  ішеді
,
Кәрімбаев  түнде  ішеді.
Есбаев  кесесімен  ііиеді,
Байқадамов  шешесімен  ішеді...
Сұмдық  уытты  сықақ!  М.  Әлімбаев  жайында  айтқаны:
«Балдырганда»  қақсал  отыр,
«Білемін»  деп  қақсап  отыр...
Сәкеңнің  аузынан  мәтел  боп  тараған  сөздер  де  аз  емес.  Мәселен, 
«Алты  сағат  мақтадың,  жарты  сағат  боқтауға  болмай  ма?!»...
Кәрімбаев  Садық  1918  жылы  Баянауыл  ауданында  дүниеге  кел- 
ген.  Алматыға  қашан  ауысқанын  білмеймін.  Ал  туған  ағасы  Қараған- 
ды  облысы  Ульянов  ауданы  Бабаев  атындағы  совхозда  ауылдық  кеңес 
төрағасы  болып  істеген  екен.  Болмысынан  тапқыр,  тентек,  қияңқы- 
қыңыр  өскен  Садықтың  мінезіндегі  талай  қатыгездікті  естігенім  бар. 
Соның  бір-екеуі  «...  деген  екен»  сериал  жинақта  басылған.  Енді  бірінің 
тарихын  баяндайын.
Садықтың ағасы  Алматыға  қонақшылап  келіп,  інісінің үйіне түседі. 
Бір  күні  бір  туыс  Садықтың  ағасын,  өзін,  әйелін  дәмге  шақырады... 
Ол  үйден  таксимен  қайтып  келе  жатқан  Сәкең  өз  ағасына:
-   Шөлім  қанған  жоқ  әлгі  үйде,  думанханаға  апар,  дейді.
-   Садық,  осының  бүгінге  жетер,  ертең  де  күн  бар  ғой,-дейді  ағасы.
Бір  сәтте  Садық  таксидің  жүргізушісіне:
-   Милицияға  тарт.  Мынау  менің  ақша  салған  әмианымды  қалтам- 
нан  суырып  алды  ж а ң а !-  деп  бақырады.  Сөйтсе  өз  қасына  отырған 
ағасының  әми^нын  тос  қалтасына  қолды  сүғып  жіберіп,  тартып  алған 
Садықтың  өзі  екен.  Милицияға  әкелгенде  ағасы:
-   Бүл  ойнап  айтады, -   дейді. -   Мен  ағасымын...
Кезекші  офицерге  Садық:
-   Менде  мүндай  аға  жоқ!  Жай  ғана  попутчик!  -   деп  байбалам  са- 
лады. -   Мынаны  жабыңдар.  Бұл  ұры!
Офицер  әпербақан  әлдебіреу  екен,  үлкен  кісні  жабады  да  қояды. 
Садық  әйелімен  рестораннан  қанып  ішіп,  үйіне  қайтады.  Таңертең 
такси  жалдап  өзі  келіп,  милициядан:
-   Мен  әзілдеп  осылай  істеп  едім.  Бүл  менің  өз  туған  ағам.  Нанба- 
саңдар,  паспорттарымызға  қараңдар!  -   деп  ағасын  босатып  алады. 
Сондағы  ағасының  бар  айтқаны:
-   Жынды  ерке!  -   деген  жалғыз  сөз  екен.

* * ★
Бетті,  шақар  Садық  Кәрімбаев  бір-ақ  ағадан  қаймығады  екен,  сол 
кісінің  тілін  ғана  алады  екен.  Ол  халық  артисі,  адамгершілігі  асқарлы 
биік  те  таза,  қайталанбас,  әнші  Жүсіпбек  Елебеков.
* * *
Садықтың  әндерінің  саны,  менің  межелеуімше,  үш  жүзден  асып 
жығылмаса,  кем  соқпас.  Оның  көзі  тірісінде  жарық  көрген  бірнеше
кітабы  бар:  «15  ән»  [1953],  «12  ән»  [1957],  «25  ән»  [1972].
Садық  Кәрімбаев  өз  бригадасымен  өнер  көрсетіп  аралап  өткен 
колхоз-совхоздардың  кейбіреуіне  кейін  менің  де  жолым  түскен  кез- 
дері  бар.  Жиналған  халық  талантты  әншінің  өнеріне  тамсанып,  қайта- 
қайта  сақынаға  шақырғанын,  Садық  бригадасының  концерті  көпшілік 
көңілін  қимағандықтан,  сыйлағандықтан  түннің  бір  уақытына  дейін 
созылғанын  жергілікті  түрғындар  тәнтілікпен,  ырзалықпен  әңгіме-
дейтін.
1968 
жылы  өнерге  еңбегі  сіңген  қайраткер  атағына  ие  болуы  да -  
заңғайыр  композиторға,  әнш іге  деген  халық  махаббатының  куәлігі
сияқты  еді.
Қазір  қазақ  радиосы  арқылы  Садық  Кәрімбаев  әндері  там-түмдап 
қана  эфирден  беріліп  жүргені  рас.  Ал  қазақ  теледидарларындағылар 
үлттық  ән  өнерімізге  осыншама  олжа  салған  композитор  өнериетінен 
түтас  бір  концерт-фильм  жасауы  парыз.  Сонда  саңлақ  өнерпаздың 
аруағы  ғана  ырза  болмайды,  жастарымыздың  көкрегіне  үлтжандылық 
сезімін  егуге  үлкен  көмек  табылар  еді.

9.  Ө М І Р   АҒЫСЫ
(Байболат  Әубәкіров)
Ж уырда  менің  қолы ма  Байболат  Ә убәкіровты ң  өткен  ғасырдың 
соңғы  жылында  «Өнер»  баспасынан  шыққан  «Өмір  ағысы»  атты  әндер 
жинағы  түсті.  Кітаптың  алғашқы  бетінде  Қазақстанның  халық  жазу- 
шысы  Мүзафар  Әлімбаевтың  «Көреғенсің  көзі  бардан»  деген  Б.  Әубә- 
кіровке  арналған  өлеңі  жарияланыпты.  Оқып  шықтым.
Не  қайыр  ел  мен  журтқа  сөздерден?!
Бауырым,  көрегенсіц  көзі  бардан.
Төккен  тер,  іиеккен  бейнет  зая  кетпей,
Атагың  қутты  болсын  озып  алган!
Журтың  бар  жарық  нурга  жастан 
«Жумылып  бізді  еңбекке  бастай  біл!» —  дер. 
Өзіңсің  жақсылыққа  еліктері
 — 
Я
Жетекші,  әрі  галым  бас  тәлімгер.
Кезең  жоқ  кезек  кутіп  тонын  топпен, 
«Кеудемде  тыныштықты  тугырлатқан!»
Дедің  сен  ерлікпенен  қанаттандың 
Ғылымның  қупиялы  сырын  баққан.

Байболат,
өзіңдей халқың  ырза  ата  улына.
Ғылымның  қутын  жинап  куанта  бер,
Елтімей  академик  атагына.
Одан  кейінгі  беттерде  «Дос -   жарандар  лебізі»  деп  республика- 
мызға  белгілі  біраз  өнер  адамдарының  кітап  авторына  деген  жақсы 
тілектері  беріліпті.  М ысалы,  композитор,  үлтты қ  музыка  академия-

сының  профессоры,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері  Ілия 
Жақанов:  «...Байболаттың  әндерін  тыңдағанда  әр  кез,  әр  қилы  ойға 
батам  да,  бір  сырлы  дүниенің  есігін  ашқандай  толғаны сқа  түсем. 
А дам ға  қандай  ғана  ж үрек  б ітед і,  тәң ір -ау ,  деп  қайнап  жатқан 
қүштарлық  сезім  қуатына  таң-тамаш а  болам.  Өмірге  деген  ынтық 
көңіл,  жарық  дүние  шуағын  сезіну,  оған  іңкәрлігі,  адамның  бәр-бәрін 
жеңетін,  бәр-бәрін  сүйетін,  бәр-бәріне  рух  беретін  қүдіреті,  парасат 
лебі,  сүлулықты  асқақ  романтикаға  көтеруі,  жастық  дәурен  қызығы, 
ел  мен  жер  махаббаты,  сондай-ақ,  халықтың  ерлік  болмысы,  өзі  өскен 
ортаның  жүпар  лепті  әуезімен  жырлаған  әндерінің  сырт  қарағандағы 
келбеті  осылайша  қызықтырады.  Ал,  әр  әннің  не  дейтіні,  ол  өзінше 
бір  өмір.  Байболат  ешкімге  үқсамайтын  өз  лебізі,  өз  әуезі,  өз  қолтаң- 
басы,  өз  мәнері  бар  ойлы  композитор.  Әннің сәтті  шығып,  бар жүректі 
билеуі  оның  сол  салиқалы,  салдарлы  ойшылдығында,  оған  ерекше 
көңіл  беретін  магмадай  маздаған  жарқын  әуенінде  екендігі  әр  шы- 
ғармасынан  сондай  айқын  сезіледі,  оны  өзге  композиторлардан  дара 
көрсетеді.  Мен  Садық  Кәрімбаев,  Ақан  Қасымов,  Жақсыгелді  Сейі- 
ловтердің  әндерін  жақсы  білем.  Халыққа  сүйіктілері  сол  әндердің 
қатарында  әр  әні  гауһардай  жарқыраған,  тіпті,  олардан  да  жаңашыл 
бөлек  қүбылыс  боп  (айтайық,  «Ер  қазақ»,  «Қайсар  қазақ»  әндері 
дәстүрлі  ән  формасынан  бөлекше  баллада  жанрында  шыққан  тосын 
жаңалық!  І.Ж.)  ойландыратын  Байболат  әндері  қазақтың  осы  заман- 
ғы  әндерінің  бір  мөлдір  бүлағы  секілді  өзгеше  көркем  дүние.  Оның 
әр  тақырыптағы  әндерінің  ішінде:  «Ауылым»,  «Ер  қазақ»,  «Қайсар 
қазақ»,  «Өкінбе,  асыл  жарым»,  «Үйықта  бөпем»,  «Алматы  әсем  арай- 
лым»  тағы  басқа  да  әндерінде  жібектей  есілген  лиризм,  отты  патрио- 
тизм,  халық  әндеріндей  тербейтін  дәстүрлі  ән  үлгісінде  жазылған 
туындылары  осы  жинақтың  маңызын  жан-жақты  ашады.  Жан  тебі- 
рентетін,  жүрек  толқытатын  жинақ  бүл!  Туған  ел  көгінде  осы  әндер 
еркін  қалықтайды.  Мендегі  сүйінішті  сезім,  осы»-дейді.
Шындығында  солай.  Байболаттың  өлеңдері  мен  әндері  кімді  бол- 
сын  жайбырақат  қалдырмайды.  Мазмүнымен  де  әуенімен  де  соңынан 
ертіп  отырады.  Оны  ақын,  композитордың  «Қайсар  қазақ»  әнінен  ай-
қын  байкаймыз.
Қаһарлы  желтоқсанның  ызгарында
Муздатқан  Алатаудың  қүздарында,
Зорлыққа  іиыдай  алмай  болды  қарсы
Қазақтың  улдары  мен  қыздары  да.

320
Түрмадың  сен  де  қарап  жай  қалмадың 
Қатерге  мықтың  қарсы  тайсалмадың.
Қаймыгып  қорықпады  өлімнен  де,
Аңсаган  азаттықты  қайсар  жаны?.
Қайырмасы:
Бауырым  бул  кунді  сен  көре  алмадың,
Өзіңмен  кетті  бірге  көп  арманың.
Таныды  әлем  бірақ  саган  қйрап,
Қазақтың  еркіндікке  жаралганын.
Бул  кундер  талай  гасыр  болган  арман,
Халқымыз  өз  билігін  қолга  алган.
Теңеліп  терезесі  көп  улттармен,
Ел  болды  бар  муддесін  қоргай  алган.
Көтерген  көк  байрақты  аспанына
,
Бас  иед  халқың  сендей  асқар  улга.
Қоргаган  ел  намысын,  улт  намысын,
Желтоқсан  қайсар  қазақ  жастарына.
Қайырмасы.
Қорлық  пен  зорльіққа  сен  көне  алмадың,
Өзіңмен  кетті  бірге  көп  арманың.
Таныды  әлем  бірақ  саган  қарап,
Қазақтың  еркіндікке  жаралганын.
Мың  өліп,  мың  тірілген  еркін  қазақ,
Тарихта  талай-талай  көрдің  азап.
Қаниіама  боздақтарың  пида  болды
,
Болсын  деп  егеменді  елім  азат.
Қайырмасы.
Байболаттың  комплозиторлық  өнеріне  Қазақстанның  халық  артисі 
Нүрғали  Нүсіпжанов  та:  «...Автор  өзінің  әндерін  тыңдаушысына  жан 
ырғақтарымен  нәзік  те  дәл  өзіне  тән  әуенмен  нақыштап,  үстамды  әрі 
әдемі  саз  үндерімен  жеткізеді.  Оның  сазгерлік  ой-өрісі  негізінен  лири- 
калық  тәсілм ен  жақсы  ш еш імін  тауып  отырады.  Атап  айтқанда  бүл 
тәсіл  «Үйықта  бөпем»,  «Іздеп  табам»,  «Өмір  ағысы»,  «Туған  жер», 
«Ауылым»  және  осы  сияқты  басқа  да  әндерінде  өте  орынды  пайдала- 
нып,  бүгінгі  өмірдің  тылсым  тіршілікте,  табиғи  дүниелерге  деген  су- 
рет  көзқарасын,  ой-өзенінің  бағыт-бағдарын  сараптайтын  азаматтық 
фәлсапасын  айқындайды.

Композитордың  «Қайсар  қазақ»,  «Ер  қазақ»,  «Алматым  әсем,  арай- 
лым»  әндері  оның  қазақ  деп  соққан  жүрегінің  лүпілі,  елім-жерім  деп 
тебіренген  адал  жанның  тербелісі,  халық  дүниесінің  өзіне  сай  кетігіне 
қалануға  жаралған  өнерпаз,  еңбеккер  азамат  екенінің  куәсі  десе  бола- 
ды ...»,- деп  өте  жоғары  баға  береді.
Расында  да  солай.  Жоғарыда  сөздері  келтірілген  қос  өнер  тарлан- 
дары  да  жүректен  шыққан  лебіздерін  білдірген.  Оған  Байболаттың 
«Туған  жер»  деген  өлеңін  оқи  отырып  көз  жеткізуге  болады.
Бар ма  жан  туган  жерін  сагынбаган,
Бас  иіп,  қудіретке  табынбаган.
Алыстан  бар  өзіңді аңсап  келем,
Баягы  қалпымменен  жалындаган.
Қайырмасы:
Армысың,  кіндік  кескен  жерім менің,
Мінеки,  өріңдемін,  төріңдемін.
Қушагын  айқара  аша  өскен  ауыл,
Дегендей,  көптен  неге  көрінбедің?
Бал  кундер  өткен  сенде  қандай  ыстық,
Тунбаңнан  шөлдегенде  қанбай  іштік.
Жеруйық кең  төсіңнен  қуат  алып,
Үлдан  сан  балапан  самгай  уштық.
Қайырмасы.
Көрсем  де  қанша  жерін  байтақ  елдің,
Келеді  өзім  жайлы  айта  бергім
...
Бір  сәтте  басайын  деп  сагынышты,
Қырыңа  жыл  қусындай  қайта  келдім.
Қайырмасы.
Даланың  аңқылдаган  сар  самалы,
Аймалап  маңдайыңнан  қарсы  алады...
Деуменен,  айналайын,  беу,  туган  жер,
Журегім  қуаныштан  ән  салады
...
Қайырмасы.
Ал,  академик,  ғалымның  бүл  өнері  туралы  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген  әртісі,  Т.  Жүргенов  атындағы  театр  мен  кино  институтының 
аға  оқытушысы  Люция  Төлешова  болса:  «...  Мен  композитор  Әубәкі- 
ров  Байболаттың  бірнеше  әндерін  алқалы  топ  алдында  жиі  әрі  үнемі

орындап  жүрген  әншімін.  Әншінің  жүрепне  жылы  қалаған  ән — тыңдар- 
ман  қауымды  да  бей-жай  қалдырмауы  анық.  Бар  байқағаным  Байболат- 
тың әндері үнді,  әуенді  қарапайым  болып  келеді.  Сондықтан да ол әндер 
айтуға  жеңіл,  ән  қүмар  жанның  ойын  тербеп  оны  әр  кез  өзімен  бірге 
жетелеп  кетерлік  сиқырлы  басымдылығымен  ерекшеленеді.  Байболат- 
тың  әсіресе  «Ауылым»,  «Туған  жер»,  «Өкінбе  асыл  жарым»  сияқты 
әндері  қазіргі  ән  өнерінің  қатарын  байыта  түсер  біртуар  шығармалар 
қатарына  жатқызуға  әбден  болады...»  деп  рмзашылық  сезімін  білдіреді.
Байболаттың  «Ауылым»  әнінің  әнін  тыңдаған  адам  бүлай  демеуі 
мүмкін  емес.
Лрмысың  асыл  ауылым,
Жайлаган  арқа  бауырын.
Болсамда  талай  жерде  мен,
Таппадым  сеннен  тәуірін.
Сагынып  жүрек  жалынды,
Қинады-ау  талай  жанымды.
Қабыл  ал  өскен  ауылым 
Арнаган  саган  әнімді.
Қайырмасы:
Ауылым,  менің  ауылым,
Сагындым  қара  дауылын
.
Күндерін,  желсіз  түндерін,
Нөсермен  жауган  жауынын.
Сагындым  туган  ауылдың,
Көңілді  ойын-сауыгын.
Қуана  қарсы  алатын 
Жайдарлы,  жарқын  қауымын.
Қаншама уақыт  шетшалгай,
Жүрдім  мен  саган  жете  алмай.
Көлденең  қойган  тагдырдың,
Қыл
 — 
көпірінен  өте  алмай.
Тартпады  бекер  жүрегім, 
өзіңсің менің  тірегім.
Келіп-ем  қүшақ  жайдың  сен,
Жайқалып  жасыл  кілемің.
Қайырмасы.
Өтседе  жылдар  арада,
Баягы  қалпы,  Жер-ана.

Елжіреп  кунде  қарайды,
Сәулесін  төккен  далага.
Не  деген  ыстық туган  жер,
Қушагыңда  өскен  думанды  ел.
Аймалап  келіп  өткендей,
Айнала  согып  турган  жел.
Қайырмасы.
Ал,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  әртісі  Ләскер  Сейітов  болса  осы 
бір  үлкен  жүректі  өнер  адамына  деген  лебізін:  «Экономика  ғылымда- 
рының  докторы,  академик  Байболат  Әубәкіров  ғылым  мен  өнерді  та- 
быстыра,  қоғамдық  қызметті  өзінің  басқа  да  қырларымен  үштастыра 
білген  дархан  жүректі,  шалқар  зиялы,  биіктігін  әсте  білдірмейтін,  сы- 
пайы  да  сыршыл  азамат,  ардақты  әке,  отбасының  үйытқысы.
Жастайынан  сайын  даламен  сырласып,  әуезді  де  үнді  музыкамен 
сусындап  өскен  Байболат  ғаламат  еңбекқорлығының  арқасында  есте 
сақтау  қабілетін  ерекше  жетілдірген  феномен.Оның  ой теңізінен  оянып 
түрған,  жүректі  шымырлатар  сәулелі  әндері  өнер  сүйер  қауыммен 
әрдайым  қауышып,  тылсым  сезімге  бөлер  сәттері  мол  болғай  !  »  деп
білдірген.
Белгілі  диктордың  бүл  тілегіне  біз  де  қосыламыз.  Қосыла  отырып, 
назарларыңызға  Байболаттың  «Ер  қазақ»  жырын  үсынамыз.
Көрдің  бе  сен  журек  жутқан  нар  тулга  ерді,
Аң  аулауды  кәсіп  қылып  шаң  қылган  жерді. 
Асаулардың  қулагында  жасынан  ойнап,
Қуралайды  көзге  атып  таң  қылган  елді.
Қайырмасы:
Қоймайтугын  жеңіп  тынбай  алысқан  жауды,
Ол  қазақтың  батыр  улы  арыстан  жалды.
Мінген  аты  асыл  тулпар  қанатын  жайган,
Көрген  адам  тулгасына  қалатын  қайран.
Жау  келгенде  жолбарыстай  қайсқан  қолга,
Қарсы  шауып  жалгыз  өзі  салатын  ойран.
Қайырмасы.
Кең  өлкеме  көзін  тігіп  телміріп  турган,
Бата  алмаган  жаудың  бәрі  ержурек  улдан.
Ерлігінің  ер  қазақтың  елім  деп  туган,
Куәсі  гой  ел  байрагы  желбіреп  турган.
Қайырмасы.

Иә,  бұл  Байболат  Ә убәкіровтың  өмір  ағысының,  еңбек  жолының 
бір-ақ  қыры. 
мМ
Ал,  оның  ғалымдығы  туралы  әңгіме  өз  алдында  бір  бөлек.  Аман- 
дық  болса  оған  біз  әлі  талай  қайтып  оралармыз  деп  ойлаймыз.  Енді, 
оның  өмірбаяны  туралы  бір-екі  ауыз  сөз  айта  кетелік.
Байболат  Ә убәкіров  1955  жылы  Павлодар  облысының  Екібастүз 
совхозында  туып -   өскен.  Ал  ол  кезде  бұл  шаруашылықтың  Баянауыл 
ауданына  қарағаны  белгілі.  Осы  жерде  бір-айта  кететін  жай  Байболат- 
тың әкесі,  ¥л ы   Отан соғысының ардагері Абай ақсақал майданға Баянау- 
ыл  ауданының  қазіргі  С.Торайғыров  атындағы  ұжымшардың  Александ- 
ровка  (қазақша  аты -   Қандықара  су)  бөлімшесінен  аттанған.  Ал  соғыс- 
тан  соң  мамандығына  орай  Екібастүз  совхозына  мүғалімдікке  жіберіл- 
ген.  Шешесі  Күлжекен  болса -   жеті  баланың  анасы.
Байболат  совхоздағы  орта  мектепте  оқып  жүрген  кездері  матема- 
тика  пәнінен  үздік  атанып  аудандық,  облыстық  олимпиадаларға  қаты- 
сады,  жүлделі  орындарға  ие  болады.  М ектепті  бітіргеннен  аталмыш 
совхозда  бес  жылдай  жүмыс  істеген.  1977  жылдың  аяғында  Байболат 
көз  жанарынан  айырылуына  байланысты  Алматы  қаласындағы  зағип- 
тар  қоғамының  үшінші  оқу -   өндірістік  кәсіпорынға  жұмысшы  болып 
орналасады.  Мұндағы  жас  Байболаттың  қажырлы  еңбегі  мен  жұмысқа 
деген  ерекш е  белсенділігін  ескеріп,  1981  жылы  ол  қазақ  зағиптар 
қоғамы  Орталық  басқарма  алқасының  шешімімен,  ендігі  жерде  Жам- 
был  облысындағы  Шу  оқу -   өндірістік  кәсіпорнының  директоры  бо- 
лып-гағайындалады.  Осыдан  көп  үзамай  1983  жылы  Байболат  Абай- 
үлы  Ә у б әкір о в  қ азақ   зағи п тар   қоғам ы н ы ң   24  қүр ы лтай ы н д а  осы 
қоғамының  Орталық  басқармасының  төрағасы  болып  сайланған.  Осы 
жылы  ол  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  финанс  факультетін 
бітіріп,  зағиптар  қоғамының  әлеуметтік  және  экономика  саласын  зерт- 
теумен  шүғылданады.  Осы  бағытта  4  монография,  27  кітапша -   бро- 
шюра,  көптеген  мақалалар  жазып,  бірнеш е  республикалық,  одақты қ 
және халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасайды.  Оның 
100  баспа табақтан  астам  жазбаша  еңбектері  шетел  баспасөз  беттерінде 
жарық  көрген.  Осылайша  ғылыми  еңбектерінің  негізінде  1990  жылы 
кандидаттық,  1994  жылы  докторлық  диссертация  қорғаған.  1995  жылы 
халықаралық  ақпараттанды ру  академиясының  академигі  болып  сай- 
ланған.  Өзінің  тікелей  қызметін  атқара  жүріп  (қазақ  зағиптар  қоғамы- 
ның  Орталық  басқармасының  төрағасы),  бірнеше  халықаралық  ұйым-

325
дардың  мүшесі  болған.  1990-1993  жылдары  Европа  зағиптар  одағы- 
ның  жастармен  жүмыс  істеу  комитетін  басқарған.  1992-1996  жылда- 
ры  Бүкілдүниежүзілік  зағиптар  одағы  басқармасына  мүше  болған.  1992 
жылы  Елбасы  Нүрсүлтан  Назарбаевтың  жарлығымен  «Републикаға 
еңбегі  сіңген  экономист»  деген  қүрметті  атақпен  марапатталған.  1995 
жылдан  бері  бірнеше  әндері  Қазақстанның  белгілі  әншілерінің  репер- 
туарына  еніп,  олар  қазақ  теледидары  мен  радиосының  Алтын  қорына 
қабылданды.
Байболат  үш  баланың  әкесі,  жүбайы -   кәсіпкер.  ¥лдары  -   Балта- 
бек пен Бауьфжан — студент,  қызы — Жанар  оныншы сыныптың оқушы- 
сы.  Ғылымға  мол  үлес  қосқаны  үшін  Байболат  Абайүлы  Әубәкіров- 
тың  есімі  1999  жылы  Қазақстан  ¥лтты қ  Энциклопедиясына  енді.

ҚОРЫТЫНДЫ
і
Қазақ  жерінде  ел  басқарған  даналар,  қол  бастаған  батырлар,  сөз 
саптаған  ақын,  жазушылар,  күй  шертіп,  ән  шырқатқан  әнші,  күйшілер, 
ғылым,  білім  қуып  даңқын  әлемге  жайған  ғалым,  білгірлер  шықпаған 
жекеленген  ауыл,  аудан,  облыс  жоқ  деп  айтуға  болады.  Сондай  топы- 
рағы  қүнарлы,  ежелден  қалың  қазақтың  мақтанышына  айналған,  Бүқар 
жырау,  Мәшһүр  Жүсіп,  Сүлтанмахмүт,  Жүсідбек,  Қадыр,  Зейін,  Зейтін, 
Олжас сияқты жырау, ақын, жазушыларды, Жаяу Мүса, Жарылғапберді, 
Мүстафа,  Қали,  Жүмат,  Ш әкен,  Кәукен  сынды  әнші,  күйші,  өнер  тар- 
ландарын,  Қаныш,  Әлкей  Ш апық,  Ермүхан  тәрізді  ғалымдарды  бер- 
ген  аймақтың  бірі  Сарыарқаның  Баянауылы  екендігінде  дау  жоқ.
Е кін ш іден ,  бүл  адам дар  ө зд ер ін ің   іс-әр ек еттер ім ен   бір  елдің, 
жердің  қазақш а  айтқанда  рудың  немесе  ж үздің  ғана  мақтанышы  бо- 
лып  қана  қоймай  бүкіл  бір  қазақ  деген  халы қты ң  сүйіспенш ілігіне 
бөленіп,  солар  үшін  қызмет  етіп,  солар  үшін  жан  алысып,  жан  беріс- 
кен.  М әселен,  Бүқар  жырау  жоңғарды  ықтырып  орысқа  тізгін  берме- 
ген  әйгілі  Абылайханның  жанашыр  ақылшысы  ғана  емес,  бүкіл  алты 
алашқа  сөзін  өткізіп,  үш  жүздің  басын  қосқан  данышпан  да.  Ал,  Жа- 
сыбай  мен  Олжабай  батырлар  болса  қалмақтарды  Сарыарқадан  тық- 
сыра  қуып,  қазақты ң  көк  туын  Баянтауды ң  шың  басына  м әңгілікке 
қадап  кеткен  арыстан  жүрек  ерлер.
М іне,  ж ы лдар  ж ы лж ып,  ғасы рдан  асып  белгілі  ақын  ш ежіреш і 
М әшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  де  150  жылдық  мерейтойы  да  келе  жатыр. 
Ал, осы орайда атын Дихан деп өзі  қойған Мәшекеңді өз көзімен көрген 
қазақтың  белгілі  ақыны,  халы қ  жазушысы  Дихан  Әбілевтің  де  95-ке 
келгендігін  айтпай  кетуге  болмайды.  Соңына  талай  үрпаққа  жететін 
мол  мүра  қалдырған  Мәшекеңді  көпшілік  енді  ғана  танып  жатқандай.
Бар-жоғы  27-ақ  жасқа  келіп,  жарық  дүниемен  қоштасса  да  өмірден 
ақы нды қ  төрінен  үлы  А байдан  кейінгі  оры нды   иемденген  С үлтан- 
махмүт  туралы  да  көп  нәрсе  айтуға  болады.  Бүл  түрғыда  кешегі  кеңес 
өкіметі  түсы нда  мыңмен  жалғыз  алысып  жүріп,  Сүлтанмахмүт  мек- 
тебін  қалыптастырған  марқүм  ғалым  Бейсенбай  Кенжебаевтың  атына 
айтар  алғысымыз  есепсіз.  Ал,  оның  көркем  бейнесін  жасауда,  туған 
халқына  ақын  ретінде  танытуда  өзінің  жерлес  інісі  «С.Торайғыров» 
атты  трагедия  жазған  Д.Әбілевтің  еңбегі  зор.
Кеңес  үкіметінің  қанды  ш еңгеліне  үшырап,  нақақ  жаламен  «ха- 
лы қ  ж аулары »  атанған  Ж .А йм ауы тов,  Қ .Тайш ы қов,  Қ .К ем еңгеров-

тердің  де  қазақ  халқы  үшін  тарихтан  алар  орны  баршылық.  Бүл  арыс- 
тар  әдебиет,  мәдениет,  өнер  саласында  өз  іздерін  қалдырып  кеткен 
саңлақтар.
Бүдан  соң  бәйгі  мәресіне  халыққа  «Доктор  Дарханов»,  «Темір- 
тау»,  «Т.Бокин»  шығармаларын  берген  З.Шашкин,  «Жаяу  Мүсаны» 
қайтып  оралтқан  З.Ақышев,  Шоң  мен  Шорманды  тарих  аренасына 
алып  шыққан  Қ.Исабав,  «Азия»-сымен  бүкіл  түркі  тілдес  халықтарды 
басқаларға  мойындатқан  О.Сүлейменов,  қазақ  поэзиясында  жыр  тас- 
қыны  болып  буырқанып,  бүрқанған  Қалижан  Бекхожин,  жүмысшылар 
бейнесін  сомдаған  А.Жақсыбаевтар  келді.
Келесі  сөз  қарадан  шығып  би  болған  Шоң  би  туралы.  Бүл  жайын- 
да  жоғарыда  тоқталып  кеткен  белгілі  жазушы  К.Исабаевтың  үш  кітап- 
тан түратын  «Серт»  трилогиясы  бар.  Онда  қазақ  халқының XIX  ғасыр- 
дағы  қоғамдық  саяси,  әлеуметтік  мәселелері  айтылады.  Әсіресе,  екі 
жақты  қанауға  мойын  сүңғысы  келмеген  халық  үшін  жаны  ашып,  қыз- 
мет  еткен  қазақтың  игі  жақсыларының  образы  Шоң  бидің  іс-әрекеті 
арқылы  жинақталып  берілген.
Сондай-ақ  бүл  топырақтан  қара  қылды  қақ  жарған  Айдабол,  Еді- 
ге,  Шорман,  Торайғыр  сынды  тура  билер  де  шыққан.  Шорман  би  Шоң 
қайтыс  болған  соң  Баянауыл  дуанының  аға  сүлтаны  болады.  Бүл  лауа- 
зым  кейін  оның  баласы  Мүса  Шормановқа  ауысады.  Кейінгі  Шорма- 
новтар  да  Шорманға  үқсаған  ақылды,  әрі  білікті  болады.  Екеуінің  де 
тасқа  басылған  кітаптары,  баспасөз  бетінде  жарияланған  материалда- 
ры  сақталған.
Ендігі кезек қазақтың атын тек Ресейге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне 
паш  етуге  ат  салысқан  білім,  ғылым  иелеріне  келген  сияқты.  Кеңес 
үкіметі  орнағанға  дейін  де  қазақ  арасында  арнаулы  атақ-даңқ  беріл- 
месе  де  небір  ғалым-академиктерге  бергісіз  зерделі  жандар  болған. 
Солардың  бір-екеуі  Баянауыл  өңірінен  шығып,  Сарыарқаның  көпте- 
ген  жерлерінен  кен  байлықтарын  ашқан  Қосым  Пішенбаев  пен  Бүқар-
бай  Тәшімовтер.
Қүрметті  оқырман!  Бүл  жерде  бір  тоқталып,  нақтылап  айта  ке- 
тетін  нәрсе  1917  жылдың  қазан  төңкерісінен  бергі  уақытта  бір  ғана 
Баянауыл  топырағынан  Қ.Сәтбаев  бастаған  12  академик  және  100-ге 
жуық  ғылым  кандидаттары  мен  докторлары  шыққан.  Бүл  кітапта  со- 
лардың  саусақпен  санарлықтарының  ғана  өмір  жолдары  мен  ғылыми 
жүмыстары,  атап  айтқанда — Қазақ ғылым  академиясының түңғыш  Пре- 
зиденті  Қ.Сәтбаевтың,  ақылдың  кен-мәйегі  Әлкей  Марғүланның,  қазақ

328
энергетикасының  алыбы  Ш апык  Ш өкиннің,  тарих  ғылымының  ерен 
түлғасы  Ермүхан  Бекмахановтың,  қазак  ғылымының  мәуелі  бәйтерек- 
терінің  бірі  Ж үмат  Досқараев  ж әне  онын  балалары:  Ә убәкір,  Хамза, 
Ғаббас,  Әмина,  Сапар  Ж үматовтарды ң,  қазақ  әдебиеттану  ғылымы- 
ның  майталманы  Белгібай  Ш алабаевтың,  Қазақ  баспасөзінің  түңғыш 
зертеушісі  Қайыржан  Бекхожиннің,  әкеге  тартып  туған  қыз  Шамшия- 
бану  Сәтбаеваның,  тарихтың  білгірі  Халел  Арғынбаевтың,  үлттық  биб- 
лиографияның  анасы  Үш кілтай  Сүбханбердинаны ң  ғылымға  қоскан
өзіндік  үлестері  сөз  болды.
Кезінде,  кейін  де  және  қазір де  Баянауыл  топырағынан  ән-күйі,  жыр 
өнерімен  бүкіл  қазақ  халқын  рахатқа  бөлеген  Бүркітбайдың  Мүстафа- 
сы,  Жүмабайдың  Жарылғапбердісі,  Байжанның  Қалиы,  Ж аяу  Мүсалар 
шыққан.  Қазақ  театрының  түңғыш  режиссері  Жүмат  Шанин,  қазақ  ки- 
носы  мен  өнерінің  жарық  жүлдызы  Шәкен  Айманов,  әнші,  актер,  ғалым 
Көукен  Кенжетаев,  ел  ішінде  өнердің  қос  қанаты  аталып  кеткен  ағайын- 
ды  Қуат  пен  Суат  Әбусеитовтер  де  өз  алдына  бір-бір  түлға.
Сөз  соңында  кітап  авторлары  бүл  еңбектің  ж ары ққа  келуіне  се- 
бепші  болған  Қазақстан  Х алық  жазуш ысы  Дихан  Әбілев  пен  Қазақ- 
станның  халық  қаһарманы,  академик  Шапық  Шөкинге  және  жүмысты 
дайындау  барысында ақыл-кеңестерімен  қатар  материалдарын  да  үсын- 
ған  ғалымдар:  Т.Қожакеев, жазушылар Қ.Исабаев,  Қ.Бекхожиннің зайы- 
бы -   Зәйдахан  Бекхожинаға,  Ж .Нүсқабаевтарға  ризашылық  сезімдерін 
білдіреді. 
;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет