Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


еді.  1958  жылдан  СССР-дің  Сыртқы  істер  министрлігінің  аппаратын-



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

еді.  1958  жылдан  СССР-дің  Сыртқы  істер  министрлігінің  аппаратын- 
да,  оның  шетелдегі  елшіліктерінде  қызмет  істеді.  Елімізді  шетелдерге 
таныстырды.  Үзақ  жылдар  бойы  Франция  мен  Швейцарияда  өмір  сүріп, 
қызмет  етті.  ЮНЕСКО-да  осы  халықаралық  үйымның  комиссиялары-

94
ның  бірінде  кеңесш і  боп  жүмыс  істеді.  Оның  да  өмірден  көшкеніне
көп  бола  қойған  жоқ.
Қарындасы  Әмина  Жүматова  1942  жылы  Қазақ  мемлекеттік  уни- 
верситетінің  химия  факультетін  бітірген  соң  қорғаныс  өндірісіне  қыз- 
метке  алынып,  Ч елябинскіде  әскери  зауыттың^бас  инж енері  болып 
жүмыс  істеген.  Өзіне  жүктелген  міндетті  орындау  үшін  ол  күш-жігерін 
аямаған.  Соның  н әтиж есінде  денсаулығынан  айырылып  37  жасында 
қайтыс  болған.
Ғ.Жүматовтың  туған-туыстары  туралы  көп  айтып,әңгімелеуге  бо- 
лады.  Олардың  бәрі  Отан  алдындағы,  елі  мен  жері  алдындағы  азамат- 
тық  борыштарын  тереңінен  түсінген  ізгі  жанды,  өмірге  ынтық  жандар 
болатын.  Ғабең  оларды  өмірбақи  мақтан  түтады,  әсіресе  өздеріне  үлгі-
өнеге  болып  өткен  әкесін  үмытпайды.
Ғ.Жүматов  өзін  үнемі  жақсы  адамдардың  ортасында  сезініп  келді. 
М әселен,  қиыншылықтарда  қол  үштарын  беріп,  ақыл-кеңестерін  аяма- 
ған,  кейін  белгілі  ғылым  қайраткерлеріне  айналған  Ш.Шөкин,  С.Бей- 
сембаев,  Т.Тәжібаев,  Е.Бекмаханов,  Н.Киікбаев,  И.С.Горохводетский- 
лер  сондай  адамдар  болған.  Сондықтан  Ғабең  қазіргі  қазақ  жастары- 
ның  бойынан  да  осындай  жақсы  қасиеттерді  көргісі  келіп  армандайды.
Өзінің  сүйікті  жары,  медицина  ғылымдарының  докторы,  профес- 
сор   Раиса  К әрімқы зы   М ақаш евамен  (1991  жылы  қайтыс  бол ған ) 
Ғ.Ж үматов  үш  бала  тәр би ел еп   өсірген.  Қыздары  Гүлнәр  медицина 
ғылымдарының  докторы ,  П ариж де  түрып,  қызмет  істей ді.  Ұлдары 
Жайнар  мен  қыздары  Майра -   медицина  ғылымдарының  кандидатта- 
ры.  Бес  немерелері  бар.  Елдос  Сорбоннада  оқиды,  Ернар  Абай  атын- 
дағы  Алматы  мемлекеттік  университетінің  студенті,  Алмас,  Арман,
Жәмилалар  болса  мектеп  оқушылары.
Ғаббас  Жүматов  болса  қазір  бір  мәуелі  бәйтеректің  діңгегі,  патри- 
архы  болып  саналады,  оның  отбасының  тарихы -   ол  бүкіл  адамзат  ба- 
ласының  тарихы.  Қазақстан  да,  басқа  да  бүрынғы  одақтас  республи- 
калар  сияқты  егемендікке  қолы  жеткенімен,  бірақ  Москва  осыдан  60 
жыл  бүрын  неміс-фаш ист  басқыншыларынан  қорғап  қалған  ержүрек 
үлдарының  ерлігін  бір  сәт  те  үмытпайды.  1991  жылдың  желтоқсан  ай- 
ында  Ғ.Жүматов  Москва  түбінде  жау  әскерлеріне  тойтарыс  берілуінің 
50  жылдығына  орай  Москва  қаласы  мен  өкіметінің  арнайы  шақыруы- 
мен  үлкен  мерекеге  қүрметті  қонақ  ретінде  қатысты.  Сонда  соғыс  ар- 
дагерлерінің  Россиялық  комитетінің  Москва  бөлімі  оған  әскери-патри- 
оттық  жүмыстағы  белсенділігі  үшін  «Қүрмет  грамотасын»  табыс  етті.

95
Сондай-ақ,  Москва  қаласының  850  жылдық  юбилейіне  арнайы  шақы- 
рып,  «Российская  газета»  болса  астананы  қорғаушы  Қазақстандық 
жауынгер  ретінде  үлкен  мақала  да  жариялады.
Жылдар  өз  ретімен  зымырап  өтіп  жатыр.  Ал,  Үлы  Отан  соғысы- 
ның  тарихы  болса,  ол  да  Ғ.Жүматовтың  артта  қалған  үзақ  та  жемісті, 
қилы-қилы  кезеңге  толы  еңбек  жолы  сияқты  артта  қалуда.  Бірақ  соғыс 
әрі  еңбек  ардагері  Ғаббас  Жүматов  әлі  де  біздің  қатарымызда.  Көппен 
бірге  еліміздің  болашағы  үшін  жауынгерлік  сапта  түр.
14.  ЕЛ   Б А С Қ А Р Ғ А Н   А З А М А Т  
(Даниял  Ахметов)
Бүрынғы  Павлодар  облысының  әкімі,  қазіргі  Қазақстан  Республи- 
касының  прьемер-министрі  Даниял  Кенжетайүлы  Ахметов  1954  жыл- 
дың  15-маусым  күні  Павлодар  қаласында  туған.  Ал  оның  ата-бабасы- 
ның  кіндік  кесіп,  туып-өскен  жерлері,  яғни,  елі  Баянауыл  ауданының 
Бірлік  ауылы.  Алдымен  Даниял  Кенжетайүлының  қысқаша  өмірбаяны- 
на  тоқталар  болсақ,  онда  ол  1976  жылы  Павлодар  индустриалды  инс- 
титутын  инженер-қүрылысшы  мамандығы  бойынша  бітіріп  шыққан. 
Еңбек  жолын  қарапайым  мастердан  бастаған.  Одан  соң  «Павлодаржил- 
строй»  тресінің  үй  қүрылысы  комбинатында  прораб,  «Экибастузшах- 
строй»  комбинатының  қүрылыс  жүмыстары  жөніндегі  бас  инженерінің 
орынбасары,  осы  комбинаттың  порткомының  хатшысы,  Екібастүз  қала- 
лық  Кеңесі  еңбекшілдер  депутаты  атқару  комитеті  төрағасының  орын- 
басары  қызметтеріне  сатылап  биіктеп  отырған.  Сондай-ақ,  1991-1992

жылдары  «Э кибастузэнергож илстрой»  тресінің  бастығы,  1992-1993 
жылдары  Екібастұз  қалалық  әкімшілігінің  бастығы,  1993-1997  жылда- 
ры  Павлодар  облыстық әкімшілігінің әкімі болды.  1997 жылы Солтүстік 
Қазақстан  облысының  әкімі  болып  тағайындалды.  1999-2001  жылда- 
ры  Қазақстан  Республикасы  Премьер-министрінің  орынбасары,  одан 
соң  бірінші  орынбасары.  2001  жылдың  қараша  айында  қайтадан  Пав- 
лодар  облысының  әкімі.  2003  жылдың  13-маусымынан  Қазақстан  Рес- 
публикасының  прьемер  министрі.
Д.К.  Ахметовтың  жаңа  қызметке  кіріскеніне  онша  көп  болған  жоқ. 
Сондықтан  біздер  ел  басқарған  азаматтың  іскерлік  қабілетін  көрсететін 
өткен  жылы  республикалық  экономикалық  басылым  «Деловой  мир» 
журналына  берген  сүхбатын  оқырмандар  назарына  ықшамдап,  ауда- 
рып  беруді  жөн  көріп  отырмыз.
-   Үкімет  құрамында  қызмет  істегеннен  кейін  облыс  көлемін- 
дегі  әкімнің  жүмыс  стиліне  Сіздің  қөзқарасыңыз  өзгерді  ме?
-   Маған  әкімнің  жүмысы  әрқашан  үнайтын,  мен  мүнда  өз  отаныма 
үлкен  қүштарлықпен  келдім.  Сондықтан,  алдыма  қойған  мақсат-міндет- 
тердің  көп  қиындықсыз  орындалатынына  сенімім  зор.  Оның  үстіне  ту- 
ған  жердің  топырағы,  адамдарының  ыстық  ықыласы,  жан-жақты  қол- 
дауы  мені  бүрынғыдан  да  жігерлендіре  түседі.  Бір  сөзбен  айтқанда  бұл 
облыста жүмыс істеу кімге болсын, оның үстіне маған абырой деп білемін.
-   Сіз  облыс  әкімінің  тағына  екінші  рет  отырдыңыз.  Бұл  жолы 
иелігіңізге  қандай  шаруашылық  тиді?
-   Басшылықты  ауыстыру  тек  экономикалық  сипатта  болды.  Ол 
туралы  деректер  жарияланған,  баспасөз  беттерінен  танысуға  болады. 
Соңғы төрт жыл ішінде облыстың даму көрсеткіші екі есеге дейін төмен- 
деп  кеткен.  Өнеркәсіп  өндірісі  барлық  деңгейде  артта  қалып,  Ресей- 
мен  қарым-қатынас  нашарлап,  жаңа  технологияны  енгізу,  кәсіпкерлік, 
барлығы  да  алғашқы  қалпында  қалып  қойған.  Ең  алдымен  біздер  аг- 
рарлық  секторға  ерекше  көңіл  бөлдік,  өте  маңызды  несие  саясатын 
жүргіздік.  Оның  нәтиж есі  қазірдің  өзін де  бар.  Соның  арқасында  ірі 
қара  мал  саны  мен  сүт  өндіру  8  пайызға,  егін  аумағы  23  пайызға,  шош- 
қа  басы  40  пайызға  артып  отыр.
Ал,  ең  басты  міндет  бүл  кәсіпкерлермен  жүмыс  істеу.  Мен  сіздер- 
ге  олардың  белсенділіктері  артқандықтары  туралы  қүжат  көрсете  ала- 
мын.  Біздер  облысымызда  өндіруге  болатын  9  мың  тауардың  катало- 
гын  жасадық.  Бүл  кіші  ж әне  орта  бизнесті  дамытудың  9  мың  түрі.
Екінші  бір  каталогта  біздер  кәсіпкерлерге  қалада  құрылыс  салу
96
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ■_______________________________________________________________________

97
үшін  бөлінетін  69 жақсы  орынды  үсындық.  Бүл туралы  күні  кешеге дейін 
ешкім  армандай  да  алмайтын.  Біз  бірқалыпты  инвестициялық  жағдай 
тудырдық.  Биылдың  ө зін д е  олардан  спонсорлы қ  көмек  ретін де  5 
млн.доллар  қаржы  алдық.  Елімізде  аналогы  жоқ  диагностикалық  орта- 
лық  салынды.  Басқа  компаниялар  қаржыларын  спорт  пен  мәдениетке 
салды.  Бүгін  Павлордар  басқа  бірінде  де  жоқ  ерекше  қондырғылары  бар 
еліміздегі  ең  әсем  перинаталдық  орталыққа  ие.  Ал  Машкевичтің  Евра- 
зия  тобы  болса  Ақсу  қаласындағы  аурухананы  жөндеуге  қаржы  бөлді.
-   Аграрлық  секторды  нығайту  үшін  кандай  шаралар  жасалуда?
-   Мен  жоғарыда  бір  жыл  ішінде  бүл  салада  қол  жеткен  табыстар 
туралы  нақты  мысалдар  келтірдім.  Бүл  немен  байланысты?  Ең  алды- 
мен  қалыпты  жүмыс  істеуге  жағдай  туғызу  керек  болды.  Ірі  қара  мал- 
дың  басын  көбейту  үшін  біздер  118  мың  гектар  жерді  27  мың  шар- 
уаға  тізім  бойынша  таратып  бердік.  4  гектар  шабындық  бүл  қосым- 
ша  40  қой  мен  4  сиыр  үшін  8  тонна  шөп.  Екіншіден,  біздер  аграрлық 
секторға  908  млн.  теңгеге  несие  бөлдік,  оған  асылтүқымды  мал  са- 
тып  алдық.  Егін  шаруашылығында  астық  түқымының  сапасын  арт- 
тыруға  жағдай  жасадық.  Бүған  дейін  шаруалар  себілетін  түқымның 
сапасын  ойламай,  қалай  болса  солай  себе  бергендіктен  аз  әрі  сапа- 
сыз  өнім  алып  келген.  Олар  мүны  жоғары  бағамен  сата  алмады.  Енді 
біз  жағдайды  өзгерткен  соң  іс  оңға  басты.  Қазір  біздің  астығымызды 
тоннасына  70  доллар  беріп  сатып  алуда.
Бүл  басты  бағыттар.  Бүдан  басқа  біздер  «Орта  шаруа»  бағдарла- 
масын  жасап  ауыл  түрғындарына  көмек  ретінде  100-200  мыңнан  бар- 
лығы  89  млн.  теңге  бөлдік.  Біз  өз  жанымыздан  ештеңе  ойлап  таппадық. 
Тек  президенттің  саясаты  бағытында  жүмыс  істедік.
-   Фермерлер  «Жер  туралы»  заңга  қалай  қарайды?
-   Мен  «Жер  туралы  Заң»  еңбекті  одан  әрі  дамытуға  қосымша  күш 
береді  деп  ойлаймын.  Жер  сатылуға және  сатып  алынуға тиісті.  Шаруа- 
лар  бүл  заңның  несие  алудың  және  инвестиция  қүюдың  негізгі  қүралы 
екендігін  жақсы  түсінеді.  Бүл  жағдайды  жақсартудың  да  көзі.  Тауар 
болмаған  зат  ешқашан  да  бағаланбайды...
-   Біз  сіздің  суретіңізді  мешіттен  де,  орыс  шіркеуінен  де  көрдік. 
Дінге  деген  көзқарасыңыз  қандай?
-   Ол  бізге  анамыздың  сүтімен  берілетін  нәрсе.  Мүмкін  біздер  жас 
кезімізде,  еркімізден  тыс  өзімізге  әсер  ететін  күштің  барлығын  байқа- 
майтын  болармыз.  Бүның  барлығы  да  уақыт  өте  келетін  жайлар.  Сонда 
ғана  біздер  Отанның,  елдің  бар  екендігін,  бар  адамзаттың  ортақ  бір

I
98
  ______________________________________________ _____
^
 

 




 
■ ■
■ ■   —  
■  
■  
.  
■  
^




1  "
^
В
"
 
1  
*  
и
и
д
и
и
и
м
м
^
^
- ^
м
н
м
^
м
^
і
 
I  
■  

сенетін  идиалы  бар  екендігіне  сенем із.  Сондықтан  мен  мешітке  де, 
шіркеуге  де  үлкен  қүрметпен  қараймын.  Шіркеу  де,  мешіт  те  адамдар- 
ды  біріктіріп  қана  қоймайды,  оларды  махаббатқа,  ізгілікке,  бейбітшіл- 
ікке  шақырады.  Аға  үрпаққа,  бүкіладамзаттық  қүндылық-анаға  сый- 
ластықпен  қарауды  үйретеді. 

-   П а в л о д а р   т а л а н т т а р м е н   аты   ш ы ққан  ж ер.  О бл ы сты қ  
әкімшіліктің  оларға  деген  көзқарасы  қандай?
-   Егер  жастар  туралы  айтатын  болсақ  онда  бізде  қүрамы 
34 
адам- 
нан  түратын  еліміздегі  жалғыз  жастар  мәслихаты  бар.  Павлодар  жас- 
тарында  өз  проблемаларын  жекедара  шешу  мүмкіндігімен  қатар  үкімет 
органының  жүмыстарына  да  ықпал  ету  жағдайы  туып  отыр.  Жастар 
мәслихаты  өз  бағдарламаларын  жасап,  облыстың  мәдени-саяси  өміріне 
белсенді  түрде  араласып  қана  қоймай,  жастардың  қоғамның  барлық 
саласынан  өз  орындарын  табуларына  көмектеседі.  Біздерде  таланттарға 
жан-жақты,  соның  іш інде  материалдық  көмек  те  көрсетіледі.  Мақта- 
нуға  түратындар  өте  көп.  Мысалы,  Маша  Мудряк.  Ол  еліміздің  де  мақ- 
танышы.  Жуырда  ғана  Зураб  Церетели  ж әне  Евгений  Евтушенкомен 
бірге  Александр  Вертниктің  көрмесі  үйымдастырылды.
-   Даниял  Кенжетайүлы,  сіз  вице-премьер  болған  кезіңізде  де, 
тіпті  өзіңізді  жақтыра  бермейтіндер  де,  Сіздің  іскерлігіңізді  атап, 
нағыз  кәзіргі  кезеңнің  адамы  деп  бағалайтын.  Бұл  табиғатыңыз- 
дан  бар  ерекшелік  пе,  әлде...
-   Мен  арнайы  өзім ді  еш теңеге  дайындаған  жоқпын.  Бүл  қасиет 
ата-анамнан  жүққан  болар.  Шешем 
38 
жыл  мүғалім  болып  істеген  кісі. 
Оның  үстіне  спортпен  де  айналысам.  Кезінде  велоспортпен  айналыс- 
қам.  Қазір  де  аптасына 
2-3 
рет  велосипедпен  жүрем,  өз  балаларыммен 
футбол  ойнаймын.  Өзімді  өзім  сергек  үстауға  тырысам.
-   Сізді  әйелдер  толғандыра  ма  әлде  отбасына  толығымен  бер- 
ілген  адамсыз  ба?
-   Отбасы,  балалар-өмірдегі  ең  басты  мәселе.  Мүның  өзі  өмір  ке- 
зеңдеріне  байланысты.  Біздің  барлығымыз  да  жас  болғамыз.  Қазір  бас- 
қа  кезең.  Сондықтан  қоғамға  қаншалықты  пайдалысың,  өз  балаларың 
үшін  не  жасайсың,  оларға  үлгі  бола  аласың  ба,  сол  жағын  көбірек  ой- 
лау  керек  сияқты. 
^  ;
Даниял  Кенжетайүлы  Ахметовтың  жүбайы -   Ахметова  Күлия  Қой- 
шыбайқызының  мамандығы  дәрігер.  Қызы  Аделия  -  студент.  ¥лы   Тал- 
ғат —  мектеп  оқушысы.

15.  Ң А З А Ң   Ә Д Е Б И Е Т Т А Н У   ҒЫ ЛЫ МЫ НЫ Ң
М А Й Т А Л М А Н Ы
(Белгібай  Шалабаев)
Шалабасв  Белгібай  Шалабайүлы  1911  жылы  сәу ір   айынын  14 
жүлдызында  Павлодар  облысынын  Баянауыл  ауданына  қарасты  бесінші 
ауылда  туған.  Ол  1933  жылы  Абай  атындағы  қазак  педагогика  инсти- 
тутының  тіл  жоне  әдебиет  факультетін,  1937  жылы  Ленинград  мемле- 
кеттік  университетінің  аспирантурасын  бітірген.  1937-38  жылдары 
С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университеті  қазақ  әдебиеті 
кафедрасында  аға  оқытушы  әрі  Қазақ  педагогика  институтында  оқыту- 
шы  кызметгерінде  болған.
1944 
жылы  «Сүлтанмахмүт  Торайғыров  творчествосы  қазақ  ро- 
манының  тарихында»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация,  1970 
жылы  «Қазақ  прозасының  тарихы  (сюжет  және  характер)»  деген  та- 
қырыпқа  докторлық  диссертация  қорғаған.  1944  жылы  ҚазПИ-дің  та- 
рих-филология  факультетінің  деканы, 
к азақ 
әдебиеті  кафедрасының 
доценті,  1949-51 
жі.ілдары 
КазГУ-дің  филология  факультетінің  қакіқ 
әдеби еті  кафедрасынының  м еңгеруш ісі,  1951-73  жылдары  доцент, 
1973-80  жылдар  аралығында  профессор,  1980  жылы  кафедраның  ке- 
ңесші  профессоры.  «Қызыл  жүлдыз»  ордені,  медальдар,  Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советінің  Қүрмет  грамотасымен  марапатталған.  Қазақ  ССР- 
іне  еңбегі  сіңген  мүғалім.
1990 жылы «Жазушы» баспасынан  Белгібай Шалабаевтың үзақ жыл- 
дар  бойғы  еңбегінің  қорытындысы  ретіндегі  «Қазақ  романының  тууы 
мен  қалыптасуы»  атты  кітабы  жарық  көрді.  Бүл  еңбек  негізінен  қазақ 
романының тууы  мен  қалыптасуына  арналған  монография.  Мүнда  қазақ

100
прозасындағы  сюжет  пен  характер  қарастырылады.  Бұл  кітаптың  бас- 
ты  мақсаты -   қазақ  романындағы  сю ж ет  пен  характер  проблемасын 
бір  қырынан  қарастыру.
Осы  еңбегін  жазу  үшін  В.Белинскийдің,  Н.Чернышевскийдің,  Н.Доб- 
ролюбовтың  теориялық  еңбектерін,  В.Ш екепирдің,  А.С.П уш киннің, 
М.Лермонтовтың,  Л.Толстойдың,  К.Фединнің,  М.Шолоховтың,  С.Сей- 
фуллиннің,  М.Әуезовтың,  С.Мүқановтың,  Ғ.Мүсіреповтың  пікірлерін, 
сондай-ақ  басқа  да  көптеген  қосымша  еңбектерді  пайдаланады.
Бүл  монография  1917  жылғы  төңкеріске  дейінгі  және  одан  кейінгі 
кезеңдегі  қазақ  прозасының  үздік  шығармаларындағы  сюжет  пен  ха- 
рактерлердің  өзара  қатысын  көрсетеді.  Қазақ  романдарының  таңдау- 
лы  үлгілерін  халық  өміріндегі  үлы  өзгерістердің  көркем  энциклопедия- 
сы  десе  д е   болғандай.
Қазіргі  қазақ  прозасының  ойдағыдай  дамуын  жазушыларымыздың 
өз  ізденістерінде  Ы.  Алтынсарин,  А.Қүнанбаев,  С.  Көбеев,  С.Торай- 
ғыров,  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров,  М .Әуезов,  С.Мұқанов, 
Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мүстафин  сияқты  үлы  ақын-жазушылардың  дәстүрле- 
ріне  үдайы  сүйенумен  түсіндіруге  болады.  Сонымен  қатар  кітапта  сю- 
жетке  баса  назар  аударылған.  Сюжет  пен  характердің  өзіндік  ерекше- 
ліктері,  түптеп  келгенде,  шығарманың  мазмүнын  ашады.
Сондықтан  да  мазмүнды  баяндауға  бүл  еңбекте  елеулі  орын  беріл- 
ген.  «Мазмүн  мен  форма  компоненттерінің  өзара  байланысын  дәлел- 
деу  онша  қиын  емес, -   дейді  автор.  Ы.Алтынсариннің  мазмүны  қара- 
пайым  ж ән е  оқиғасы  шағын  шығармаларында  қыр-сыры  мол  харак- 
терлер  жоққа  тән  болса,  М .Әуезовтың  «Абай  жолы»  эпопеясындағы 
картина  мүлде  бөлек.  Онда  өмірлік  материалдың  мол  қамтылуы  сю - 
жеттік  желілердің  сан  алуан  түрімен  астаса  келіп,  өте  күрделі  харак- 
терлер  жасауға  мүмкіндік  берген».
Еңбекте  характерлерді  белгілі  бір  тарихи  дәуірде  бейнелеудің  нақ- 
ты  әдістері  сөз  болады.  Әрбір  шығарма  қазақ  романының  тарихында 
белгілі  бір саты ретінде талданады.  М әселеге бүлайша келу аса көрнекті 
қазақ  жазушыларының  шығармаларындағы  сюжеттің  даму  ерекшелік- 
теріне,  характер  жасаудың  әдістер і  мен  тәсілдеріне  арналған  кейбір 
тарауларды  монографиялық  сипатта  баяндауға  мәж бүр  еткен.
Ш олуды ң  б ір ін ш і  б ө л ім ін д е   сынш ыл  р еа л и зм н ің   таңдаулы  
өкілдерінің,  ал  екінш ісінде  қазақ  әдебиетінің  аға  үрпақ  жазушылары- 
ның  прозасы  қарастырылған.  Сонымен  қатар  кейбір  айтулы  шығарма- 
лар  арнайы  талданбай,  аталып  қана  қойылады.  Олардың  қатарында

Х.Есенжанов  («Ақ  жайық»  трилогиясы),  М.Ғабдуллин  («Сұрапыл  жыл- 
дар»),  М.Қаратаев  («Даладағы  дабыл»),  Ә.Әбішев  («Жас  түлектер»), 
Б.Момышүлы  («Москва  үшін  шайқас»),  Ә.Шәріпов  («Партизан  қызы», 
«Ормандағы  қыз»),  Ә.Нүрпейісов  («Қан  мен  тер»),  Д.Әбілев  («Ақын 
арманы»),  Т.А хтанов  («Қаһарлы  күндер»,  «Боран»),  Т.Әлімқүлов 
(«Ақбоз  ат»),  Ә.Әлімжанов  («Көгілдір  таулар»),  Ә.Сәрсенбаев  («Тол- 
қында  туғандар»,  «Офицер  күнделігі»),  З.Шашкин  («Тоқаш  Бокин», 
«Теміртау»),  І.Есенберлин  («Айқас»,  «Қатерлі  өткел»)  тағы  басқа  жа- 
зушылардың  прозасы  бар.
Сонымен  қатар  М.Әуезовтың  повестері  мен  эпопеясына  тоқталып 
өткен.  Автор  М.Әуезов  тек талантты  жазушы  ғана  емес,  сонымен  қатар 
ол  әдебиет  теориясы  мен  тарихының  білгірі.  Оның  мақалалары  мен 
зерттеулері  аса  мәнді  әрі  маңызды  дейді.  Бүл  орайда  үлы  қаламгердің 
өзі  «Өмір  және  шығарма»  атты  мақаласында  «Жазушы  қэламынан  ту- 
ған  барлық  асыл  бүйым  атаулыны  алсақ,  әр  кітаптың  тамыр-төркін  ең 
алдымен  жазушының  өзінің  жанынан  терең  орын  алған  күйлерден  туа- 
ды.  Адам  тағдыры  мен  тартыстың  барлық  шақтарына  өзінің  ішкі-сырт- 
қы  болмысымен  нақтылы  шолған  жазушының  көңілінен  ғана  көңілдегі- 
дей  түлға  туады»  деп  жазған  болатын.
Бүл  пікірді  М.Әуезов  өз творчествосында дәлелдеп  шығады.  С.Сей- 
фуллин,  Б.Майлин,  ҒМ үсірепов,  С.Мүқанов,  ҒМүстафин  және  басқа 
даңқты  жазушылардың  творчестволарына  да  тікелей  қатысты  бүл  пікір 
дей  келіп  автор:  «Біз  дәуір  туралы,  заман  туралы,  оның  мәні  мен  ерек- 
шеліктері туралы ойлағанда, қоғамдық тіршілікті,  күнделікті қүбылысты 
әсте  естен  шығармаймыз,  оны  характерлер  қақтығысынан,  шығарма- 
ның  мазмүнынан  іздейміз.  Өйткені,  кітап -   заман  айнасы.  Сондықтан 
аса  талантты  жазушылардың  біз  талдаған  туындыларда  өз  кезінің  бей- 
несі  шынайы  суреттелген,  сол  себепті  олар  көп  үлтты  әдебиетіміздің 
алтын  қорына  қосылды  деп  берік  сеніммен  айта  аламыз», -   деп  қоры- 
тады  сөз  соңын.
Белгібай  Шалабаевтың  ғылыми  еңбектері  де  аз  емес.  Атап  айтсақ: 
Сүлтанмахмүт  Торайғыров.  «Литература  и  искусство  Казахстана» 
1939,  №10.  Орыстың  үлы  сыншысы  В.Г.Белинский.  «Қазақ  ССР  ҒА- 
ның  Хабаршысы»  1948,  №6.  К  вопросу  об  отношении  Абая  к  Пушки- 
ну.  «Вестник  АН  Казахской  ССР»  1949,  № 6.  С.Мүқанов,  Ж.Сызды-
қов.  Кітап.  «Қазақ  совет  әдебиеті  тарихының  очеркі»  және  т.б.

102
16.  Ң А З А Ң   Б А С П А С Ө З І Н І Ң   Т Ү Ң Ғ Ы Ш   З Е Р Т Т Е У Ш І С І
(Ңайыржан  Бекхожин)
Бекхожин  Қайыржан  Нұрғожаұлы  (1910—1 9 7 9 )— қазақ  совет  бас- 
пасөзінің  зерттеуші  ғалым,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор 
(1965)  Павлодар  қаласында  кедей-ш аруа  семьясында  туған.  Ол  жур- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет