Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


рының  шеңберін  айқындау  ісінің  негізі  болған  принцип,  міне,  осы  еді



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

рының  шеңберін  айқындау  ісінің  негізі  болған  принцип,  міне,  осы  еді. 
Сәтбаев  басшылық  еткен  Геология  институтындағы  ғылыми  жүмыстың 
жартысы  геологиялық -   барлау  үйымдары  мен  шаруашылық  келісім- 
шарттар  бойынша  жүргізілетін.  Академиялық  институттарды  түтас  ал- 
ғанда,  шаруашылық  шарттармен  жасалатын  тақырыптар  үлесі -   ол  пре- 
зидент  болып  істеген  жылдары  бүкіл  ғылыми  жүмыстың  үштен  біріндей 
болатын. Сәтбаевтың энцикпопедиялық білімі, өндірістің келешек қажетін 
алдын-ала  көріп  білетін  қабілет-дарыны  Академияның  негізгі  ғылыми 
күшін  жүмсаудың  басты  бағытын  іс  жүзіне  дейін  айна-қатесіз  таңдап 
алуға  мүмкіндік  беретін», -   деп  жазған.  [48]
Қаныш  Сәтбаевтың  екінші  бір  шәкірті,  түстасы  әйгілі  тарихшы- 
археолог  ғалым,  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  академигі  Әлкей 
Марғүлан.  Қазақстанның  көне  заманнан  бергі  тарихын  ақтарып,  көпте- 
ген  асыл  мүраларымызды  кері  қайтарған,  Шоқанды,  оның  баға  жетпес 
ғылыми  еңбектерін  зерделеп,  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізген  асыл  азамат. 
Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын тереңінен зерттеп, тілі мен дінінің, 
ділінің  жоғалмауына  көп  үлес  қосқан,  сол  үшін  кезінде  қудаланған  да, 
бірақ алған бетінен қайтпай, қолға алған ісін соңына дейін жеткізе білген 
санаулы  ғалымдарымыздың  бірі  осы  Әлкей  Марғүлан  үлы  ғалым  тура-

лы  жазған  «Зерек  баладан — заңғар  ғалым»  деген  еңбегінде  оның  жас- 
тық  шағына,  туған  ортасына,  қоршаған  адамдарға  былайша  баға  бе- 
реді:  «...Семинарияны  бітірген  соң  (Семейдегі)  1918-1919  жылдары 
Қаныш  Семей  қаласындағы  екі  жылдық  педагогика  курсының  оқыту- 
шысы  болып  тағайындалып,  онда  жаратылыс  пәнінен  сабақ  береді. 
Бірақ  семинарядан  алған  білімге  көңілі  көншімей,  енді  жоғары  білім 
алуды  көксейді.  Қандай  оқуға  бару  туралы  ағасымен  екеуі  көп  толға- 
нады.  Ағасы  Әбікей  Сәтбаев  Қаныштың  аса  жақсы  көріп,  қадірлеген 
адамының бірі. Қаныштың есеюіне, білім алып, маман болуына ол кісінің 
сіңірген  еңбегі  аз  болмаған.  Революңия  қарсаңында  Әбекеңнің  Томск 
университеті  профессорларымен  байланысы  өте  жақсы  болатын  еді. 
Университет  профессорларының  Алтайға,  Қарқаралы,  Баянауыл  тау- 
ларына  экспедицияға  бара  жатқандарының  Семейдегі  Әбеңнің  үйіне 
соқпайтындар  кем де-кем   болатын.  Олардың  іш інен  Г.Н .П отанин,
В.В.Сапожников,  М .А.Усов,  А.В.Адрианов,  А .В.Анохин  тағы  басқа- 
лар  болатын.  1918  жылы  Әбең  олармен  кездескенде  інісі  Қанышты  қай 
ж ерде  оқытуды  айырықша  білгісі  келеді.  Профессор  М .А.Усов  бүл 
кісінің  үйінде  қонақта  жатып,  жас  жігіт  Қанышпен  танысып,  оның  жо- 
ғары  оқуға  баруға  талаптанғанын  қатты  үнатады.
-  
Бүл  ін ің із д ің   оқитын  бір -ақ   ж ері  бар,  -   д е й д і  п р оф ессор  
М.А.Усов -   ол  Томскідегі  технология  институты.  Соған  түсірейік,  жақ- 
сылап  дайындаңыз.  Ол  институтқа  түсу  үшін  жас  абитуриент  матема- 
тика  мен  физиканы  еркін  білуі  керек,  геологиядан  хабары  болуы  ке- 
рек.  Біраз  дайындықтан  кейін  Қаныш  комиссия  алдында  қасқая  емти- 
хан  тапсырып,  институтқа  түседі»  [49].
«Қаныштың  студенттік  шағы».  Міне,  дәп  осылай  деп  аталатын  ма- 
қаланың  авторы,  геология-минералогия  ғылымдарының  докторы,  про- 
фессор  В.А.Хохлов  кезінде  Томск  технология  институтында  палеонто- 
логия  және  тарихи  геология  кафедрасында  дәріс  берген,  яғни  Қаныш- 
тың  да  алғаш  үстаздарының  бірі  болған.  Ол  өз  еңбегінде  Қ.И.Сәтбаев- 
тың студенттік  шағын  былай деп  еске  алады:  «Бүл  өзі  оқуға  жан-тәнімен 
қүлшынған,  момын,  кіш іпейіл  студен т  болатын.  Жалпы  геология 
жөніндегі сабақтарда ол М.А.Усовтың тамаша лекцияларын  қүмарта тың- 
дады.  Менің  лекцияларымда  да  оның  қызыға  тыңдағанын  қуанышпен 
еске  аламын.  М.А.Усов  оқыған  жалпы  геология  курсының  геологтар  да- 
ярлау  үшін  ерекше  маңызы  болды.  Бүл  курс  ғылымның  шалқар  өрісімен, 
терең  түңғиығымен,  оның  мемлекеттік  мәні  зор  кезектегі  міндеттерімен 
таныстырды.  Мүндай  курсты  үйренуден  студент  жүрегінде  үшқын  түта-

нады,  оның білім  бұлағынан  сусындауға ынтасы  артады.  Енді оған  бірың- 
ғай лекциялар  жеткіліксіз,  сөйтіп,  студенттің  ғылыми  және көпшілік әде- 
биетке  деген  құлшынысы  пайда  болады.
Қаныш  Имантайұлының  басынан,  міне,  осындай  оқиға  өтті.  Ол  ар- 
наулы  әдебиетті  оқуға  бүтіндей  ден  қойды,  кещкі  уақытын  ылғи  соған 
бағыштады.  Бірде  мен  оған  кафедра  кітапханасын  қарап  көрші  дедім, 
Вальтердің  «Ш өл  даланың  пайда  болу  заңдары»  деген  кітабын  оқуға 
кеңес  бердім.  Осы  кітапты  қайтарарда  ол  әлгі  кітапты  әбден   мақтап, 
маған көптеген сұрақ қойды.  Ол өзіне жақсы мәлім Қазақстанның кейбір 
территориясының  жер  бедері  пайда  болуын  ұғынуына  кітаптың  көмек- 
тескенін  айтты.
М.А.Усов  десе  студенттер  ішкен  асын  жерге  қоятын,  ал  оның  гео- 
логиялық  әр  түрлі  мәселелері  ж өніндегі  лекциялары  жастар  жүрегін 
баурап  әкететін.  Қ.И.Сәтбаев  палеонтология  мен  тарихи  геология  курс- 
тарын  зор  ынта  қойып  оқыды.
Екінші  курстан  кейін  М.А.Усовтың  дала  жүмыстарына  қатысты.  Ол 
өз  үстазының  жайдарлы  мінезін,  оның  бақылағыштығын,  табиғат  қүбы- 
лыстарының  терең  мәнісін  қарапайым  түрде  түсіндірерлік  ерекше  қабі- 
летін  жақынырақ  білді.  Ғылымның  өмірімен  байланысын  ұғыну — міне, 
М .А .У совты ң  ш әкірттеріне  дарытқан  қасиеті  осындай.  Бұл  қасиет 
Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаевқа  да  дарыған  еді.  Бұған  институтгағы  жағ- 
дайдың  өзі  септігін  тигізді,  мүнда  күллі  ғылыми  құрам  Сібірді  зерттеу 
жөніндегі  өндірістік  жұмыстарға  қызу  ат  салысып,  жүрттың  бәрі  ша- 
бытпен  қажырлы  еңбек  етуі  жастарды  да  баурап  әкетті.
Ғылыми  баяндамалар,  курс  және  диплом  жүмыстарын  орындау  ке- 
зіндегі  консультациялар  студенттің  ой-өрісін  кеңейтіп,  оны  геология- 
лық  документтерді  талдауға,  тиісінше  қорытындылар  жасауға  үйретті.
Институтты  бітірер  кезде  менімен  әңгімелескенде  Қ.И.Сәтбаев  М.А. 
Усовтың  ғылыми-педагогикалық  қызметіне  өте  жоғары  баға  берді»  [50].
Кезінде  үлы  түлға  ғылыми  мәселелердің  барлығын  бір-біріне  бай- 
ланыстыра,  бөле -   жармай  жүргізуді,  яғни  химиялық  зерттеулерді,  ме- 
таллургияны,  ауыл  шаруашылығын  ж әне  Қазақстан  халық  шаруашы- 
лығының  басқа  да  салаларының  өркендеумен  байланыстыруға  тырыс- 
ты,  соған  сәй к ест ен д ір е  ж ү р г ізд і.  Өз  ж еке  басының  қасиеттерін, 
көпшіліктің  жүмыстарын  шешіп  беру  үшін  жүмсады.  Бір  сөзбен  айт- 
қанда,  әкесінің  емес,  халқының  үлы  болды.  Оның  осындай  жеке  басы- 
ның  кейбір  ерекшеліктері  туралы  көп  жылдар  Қ.И.Сәтбаевпен  қызмет- 
тес  болған,  танымал  химик  ғалым,  Қазақстан  Ғылым  Академиясының

академигі,  М.И.Горяев  былай  деп  әңгімелейді:  «Жасымызда  көп  айыр- 
машылық  бола  қоймаса  да,  Қаныш  Имантайүлымен  бірлесіп  қызмет 
істегенде  мен  одан  көп  нәрсе  үйрендім.  Оның  үйымдастырушылық  та- 
ланты  зор  еді  және  онысын  үдайы  жетілдіріп  отыратын.  Өз  жүмысын- 
да,  шаруа  басты  болғасын  ба,  еңбекті  ғылыми  үйымдастыру  әдісін  
қолданушы  еді.  Жүйелеп,  жоспарлап  отырмаса  көптеген  іс  назардан 
тыс  калған  болар  еді.  Қаныш  Имантайүлы  қызметіне  басқа  жүрттан 
бүрын  келетін,  ал  директорлардың  бірі  немесе  өзінің  жақын  көмекші- 
лері  жүмыста  болмай  қалса,  оның  себебін  түсіндіруді  талап  ететін.  Күн 
сайын  таңертең  жүмыс  басталар  алдында  ол  сол  күні  тындырмақ 
істерінің  тізімін  және  көмекшілеріне  жүктейтін  көптеген  тапсырмала- 
ры жазылған  бір  парақ қағазды  қолына алатын.  Ол тапсырған  істі  орын- 
дамауға  болмайтын  еді.  Өтініш-арызбен  келген  адамдардың  бәрін  сер- 
гектікпен  ж ән е  жылы  шырайлы  қабылдау  Қаныш  Имантайүлының 
жүмыс  стилі  болатын,  ол  әсіресе,  академияда  жүргізіліп  жатқан  ғылы- 
ми  жүмыстарға  көп  күш-жігер  жүмсайтын.  Жүмысқа  байланысты  қай 
мәселемен  болсын  алдына  келе  қалсаң  да  Қаныш  Имантайүлы  істің 
жайын  егжей-тегжейлі  сүрастырып,  ақыл-кеңес  беріп,  көмектесерлік 
шешім  қабылдайтын.  Мүндай  жүмыс  стилі  бүкіл  Президиумның жүмыс 
стиліне  айналды»  [51].
Қ.И.Сәтбаев  өз  халқының  болашағына  кәміл  сенген.  Сондықтан 
да  қай  бір  іске  болмасын  жанын  салып,  қызмет  істеген.  Ол  қарапайым 
кен  инженері,  кейін  белгілі  ғалым,  қоғам  қайраткері  дәреж есіне  жет- 
кен  кезінде  де  осы  бойындағы  асыл  адамгершілік  қасиетін  жоғалтпа- 
ған  жан.  Тікелей  өзіне  тиісті  істермен  қатар  ол  қоғамдағы  басқа  істер- 
ге  д е   белсенді  түрде  қатысып  отырған.  Оның  бүл  қасиетін  кезінде 
өзімен  бірге  қызметтес  болған  әріптестері  жақсы  меңгерген.  Мәселен, 
белгілі  геолог-ғалым,  тектоника  маманы,  Қазақстан  Ғылым  Академия- 
сының  академигі  Р.А.Борукаев  оның  қоғамдық  қайраткерлігі  жайын- 
да:  «Сәтбаев  мемлекет  көлеміндегі  үлкен  адам  әрі  қайраткер  болды. 
Ғылымның  мүдделері  ешқашан  өз  мамандығы  шеңберінде  ғана  шек- 
телмеуші  еді.  Ол  еліміздің  және,  әсіресе,  Қазақстанның  халық  шаруа- 
шылығын  өте  жақсы  білетін.  Онымен  кездеск ен дердің   б әр і,  тіпті 
еліміздің  ең  ірі  ғалымдарының  өздері  де  Қ.И.Сәтбаевтың  білімінің  кең- 
дігіне, ғылымның көптеген саласынан оның ғылыми мағлүматының мол- 
дығына  әрқашан  таңқалушы  еді.  Қандай  проблеманы  болса  да  әрқа- 
шан  егжей-тегжейіне  дейін  талдай  білу  және  қолма-қол  нақты  шешім- 
ге  қелу  Қаныш  Имантайүлының  қызметіндегі  ерекше  қасиет  болатын.

Қазақстан  Халық  шаруашылығын  дамытудың  маңызды  шарала- 
рының  бәрі  Қ.И.Сәтбаевтың  тікелей  қатысуымен  шешілді.  Ол  респуб- 
ликаның  өн ер к әсібі  мен  ауыл  шаруашылығын  дамытуда  айырықша 
көңіл  бөлді.  Республикада  жүзеге  асырылған  шаруашылық  шаралары- 
ның  көпшілігін  ол  жанын  сала  жақтады.  Үлкең  ақыл  мен  ой-пікірдің 
иесі -   ол  ірі  проблемаларға  айрықша  назар  аударды.  Қандай  да  болса 
бір  маңыз  алатын  халық  шаруашылығы  шараларының  ол  қатыспаған 
бірде  біреуін  табу  қиын.
СССР  ж әне  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советтерінің  депутаттары  ретін- 
де  Қаныш  Имантайүлы  зор  жүмыстар  жүргізді.  Оның  алдына  қойыл- 
ған  өтініштердің  бірде-біреуі  жауапсыз  қалған  емес.  Қарапайым  адамға 
қамқорлық,  сергектік  пен  кішіпейілдік  Қаныш  Имантайүлының  бойы- 
на  тән  қасиет  болды.  Халықтың  оны  сүйіспеншілікпен  Қаныш-аға  деп 
атағаны  да  сондықтан  еді.
Ғылым  Академиясы  президиумының,  ғылыми  советтердің  ж әне 
ғылыми  конференцияларды ң  Қ .И .С әтбаевты ң  председательдігім ен 
өткен,  қандай  да  болса  ғылымның  түйінді  проблемалары  талқыланған 
м әж ілістері  әрқашан  ғылыми  өм ірдің  маңызды  оқиғасы  болды.  Ол 
мәжілістер  нысаналық  пен  бағыт  берушіліктің  үлгісі,  ғылыми  басшы- 
лықтың  және  үлкен  проблемаларды  шешу  үшін  ғылыми  күштерді  рет- 
теудің  жақсы  мектебі  еді», -   деп  көсіле  әңгімелейді  [52].
Қ.И .Сәтбаев  өмірінің  қандай  кезеңдерінде  болмасын  алған  беті- 
нен  қайтып,  мойыған  жан  емес.  Ол  нақақтан  жала  жабылып,  Ғылым 
Академиясының  президенттігінен  алынған  түстарда  да,  өзінің  сүйікті 
мамандығы  геология  ғылымын  одан  әрі  жетілдіре  түсу  жолында  тал- 
май-қажымай  еселі  еңбек  етті.  Оны  Қаныш  Имантайүлының  талантты 
шәкірттерінің  бірі,  академик  Айтмүхамед  Абдуллиннің  «Қазақстан  гео- 
логиясының  атасы»  деген  жүрекжарды  еңбегінен  айқын  байқаймыз: 
«1952  жылы  Қ .И .С әтбаев  билік  басындағыларға  жіберілген  мүлдем 
жалған  қастерлеме  негізінде  өзі  қүрған  Ғылым  Академиясы  басшылы- 
ғынан  босатылып,  тек  қана  Геологиялық  ғылымдар  институтының  ди- 
ректоры  қызметінде  қалады.  Өзіне  деген  сенімнің  осылайша  кенеттен 
ш иеленісуі  жағдайында  Қаныш  Имантайүлы  өз  рухын  төмендетпеді, 
керісінше,  ол  өзінің  бүкіл  хам-қаракетін  геологиялық  ғылымды  ілгер- 
летуге  арнады,  сөйтіп  Орталық  Қазақстан  бойынша  сол  кезге  шейін 
жинақталған  бүкіл  металлогениялық  материалдарды  түңғыш  рет  са- 
раптау  мәселесіне  арналған  үланғайыр  шараларды  үйымдастыра  оты- 
рып,  сол  жүмыстарға  бағыт-бағдар  сілтеді,  оларға  өзі  де  тікелей  аралас-

ты.  Мұның  нәтижесінде  аздаған  мерзім  ішінде -   бар  болғаны  2 -3   жыл 
аралығында — жалпы  ауданы  екі  Франция  территориясына  пара-пар 
болатын  республиканың  ауқымды  өңірінің  болжам-металлогениялық 
карталары  жасақталды.  Бұл  карталарды  жасақтаудың  басты-басты 
принциптерін  Қ.И.Сәтбаевтың  өзі  анықтаған  болатын.  Осы  бір  өте  ірі 
ұжымдық  жұмыс  мұқият  зерттелген  шындыққа  сәйкес  келетін  фак- 
торлар  негізінде  Қазақстан  металлогениясын  теория  тұрғысынан  не- 
гіздеуге,  руда  қалыптасу  кезеңдерін  және  кен  орындарының  орналасу 
заңдылықтарын  анықтауға  мүмкіндік  берді.  Бүл  карталар  тек  қана  Со- 
вет  Одағында  емес,  бүкіл  дүние  жүзі  бойынша  түңғыш  жасақталған 
минералды  шикізат  кендерінің  болжам-металлогениялық  карталары 
болатын,  бүл  жайт,  1958  жылы  болып  өткен  бірінші  Бүкілодақтық  ме- 
таллогениялық  жиналыста  бір  ауыздан  мақүлданды.  Қаныш  Имантай- 
үлының  басшылығымен  аталған  карталар  дайындалу  барысында  Гео- 
логиялық  ғылымдар  институты  қабырғасында  Қазақстан  металлоге- 
нист-ғалымдарының  үйымшыл  да  білім паз  творчестволық  үжымы 
қалыптасты.  Ал,  институттың өзі  ондаған жылдарға геологиялық ғылым 
тарапынан  берілген  бүл  жоғары  баға,  ең  бастысы  Қаныш  Имантайүлы 
топтастырған  творчестволық  түрғыдан  білікті  ғалымдар  үжымы  оған 
деген  тағы  бір  ескерткіш  десе  де  болғандай»  [53].
Шындығына  келсек,  халықтар  тарихында  жекелеген  адамдардың 
рөлі  ешқашан  зор  дақпырт-даңққа  ие  болмаған.  Бірақ,  кейде  ғасыры- 
на  бір  рет  болса  да  өз  туған  халқының  атағын  дүние  жүзіне  паш  еткен 
жеке  түлғалар  туған.  Қүдайға  шүкір,  ондай  алыптар  қазақ  халқының 
арасында  баршылық.  Соның  бірі  XX  ғасыр  перзенті  атанып  отырған 
Қаныш  Имантайүлы.  Ол  туралы  ірі  геолог-палеонтолог - ,   КСРО  ҒА- 
ның  академигі  Д.В.Наливкин  былай  дейді:
«Қаныш  Имантайүлы  ғылымның  басшысы  болды.  Қандай  жүмыс- 
ты  бастаса  да,  оның  көлемі  қандай  болғанына  қарамай,  ол  әрдайым 
сол  жүмыстың,  сөзсіз,  басшысы  болды,  сондықтан  да  жүмыстың  қүны 
арта  түсті.
Т іп ті,  жас  ш ағы нда-ақ  ол  Ж езқазғанды   -   сол  к езде  әл і  тың, 
беймәлім,  бірақ  көп  үміт артуға  болатын  кенішті  зерттей  бастады.  Зерт- 
теу партиясының жай  бастығынан  ол  барлық жүмыстардың жетекшісіне 
дейін  өсті,  бүларды  ол  тек  үйымдастырушы  ретінде  ғана  емес,  соны- 
мен  бірге  теоретик  ретінде  басқарды.  Бүл  кеніштің  пайда  болу  тегі 
туралы  оның  түсініктерімен  таласуға  да,  келісуге  де  болатын  еді,  бірақ 
бүл  түсініктер  өз  дегенін  істеді,  ғылыми  базаға  айналды,  одан  Үлкен

66
Жезқазған  өсіп  шықты.  Ал,  ең  басты  жұмысты  Қаныш  Имантайұлы- 
ның  өзі  істеді,  немесе  оның  басшылығымен  істеді.  Жезқазған  деген 
сөз  әрқашан  Сәтбаевтың  есімімен  байланысты  болмақ.»  (54)
Қ.И.Сәтбаевтың  сан  қырлы  қасиеттерін  айта  берсек  талай  құнды 
еңбектерге  татырлық  өнегелі  материалдар  тауып,  жалғастыра  беруім- 
ізге  болады.  Мұның  өзі  кең  ауқымды  жеке  зерттеуді  қажет  ететін  та- 
қырып.  Сондықтан,  бұл  тұрғыдан  соңғы  сөзді  қазақ  әйелдерінің  ара- 
сынан  шыққан  алғашқы  биология  ғылымдарының  докторы,  академик 
Найля  Базанованың  Қаныш  Имантайұлының  жастарға  деген  қамқор- 
лығы  жайында  жазған  «Өнегесі  өзгеше-тін!»  деген  мақаласынан  ұзінді 
ұсынбақпыз.
«1944  жылдың  бас  кезінде  Қаныш  Имантайұлы  мені  шақырып  алып 
(ол кезде мен Ғылым академиясының филиалы жүйесінде қызмет істейтін 
едім)  Москваға  докторантураға,  академик  Лина  Соломонова  Штернге 
баруды  үсынды.  Бірақ  мен  соғыс  кезінде  кішкентай  қызымды  көтеріп, 
докторантураға  бару  үлкен  қиындық  келтіретіндіктен  бүл  үсынысты 
қабылдай  алмадым. 
V-
1944  жылы  жазда  ол  тағы  да  мені  өзіне  шақырып  алып,  қайткенде 
де  докторлық  диссертация  жазумен  айналыс  деген  үсыныс  жасап,  про- 
фессор  Александр  Порфирьевич  Полосухинге  маған  ғылыми  кеңесші 
болуды  өтінді.  Кейін  мен  оның  басқа  да  көптеген  жолдастармен  док- 
торанураға  ж іберетін  кадрлар  іріктеу  ж өнінде  жаңағыдай  әңгімелер 
өткізілетінін  естіп  білдім».
Иә,  ғасыр  перзентінің  жастарға  деген  қамқоршылығы  мол  болған. 
Ол  әсір есе,  қазақ  жастарының  арасынан  ғылым-білімге  икемділерін 
іздеп  тауып,  қолұшын  беріп  отырған.
Сонымен,  біздер  «Даналық  туралы  толғамдар»  деп  аталатын  бұл 
соңғы  бөлім ім ізде  қазақ  халқының  біртуар  азаматы  Қ.И.Сәтбаев  ту- 
ралы  әр  кездері,  түрлі  жағдайларға  байланысты  жазылған  естелік,  эссе, 
еске  алу  сияқты  зиялы  қауымның  еңбектерімен  аз  да  болса  таныстық 
деп ойлаймыз. Бүл жерде біздер ол адамдардың жазғандарынан үзінділер 
келтіре  отырып,  ғасыр  перзентінің  жеке  басының  ерекшелік  сипатта- 
рын  беруге  тырыстық. 
•  *

:
:
67
9.  А К Ы Л Д Ы Ң   К Е Н -М Ә И Е Г І
(Әлкей  Марғүлан)
Әлкей  Хақанүлы  Марғүлан  1904  жылдың  11  мамырында  Ақпекті 
болысының  2-ші  ауылында  (қазіргі  Павлодар  облысының  Баянауыл 
ауданы)  дүниеге  келді.  1920  жылы  ол  Павлодардағы  мүғалімдер  кур- 
сын  бітіріп,  мектепте  сабақ  береді.  Ал  1921  жылы  Семейдің  педагоги- 
ка  техникумына  түсіп,  1925  жылы  оны  үздік  бітіріп  шығады.
Сол  жылы  болашақ  ғалым  Ленинград  институтының  әдебиет  фа- 
культетіне  оқуға  түседі.  Онымен  бір  мезгілде  Ленинградтың  өнер  та- 
рихы  университеті  мен  институты ндағы   проф ессорлар  В .В .  Бар- 
тольдтің,  С.Ф.  Ольденбургтың,  И.Ю.  Крачковскийдің,  Н.Я.  Маррдың, 
А.Н.  Самоиловичтің,  В.В.  Струвенің,  Б.Я.  Владимирцевтің,  И.И.  Меща- 
ниновтың  лекцияларын  тыңдайды.
Институтты  тәмамдаған  соң  Ә.Марғүлан  Қазақ  ССР-ының  Халық 
ағарту  комитетінде  жүмыс  істейді.  Ал,  1931  жылы  Ленинградтағы  Мем- 
лекеттік  материалдық  мәдениет  тарихы  академиясының  аспирантура- 
сына  түсіп,  А.Ю.Якубовский  және  С.Ф.Ольденбургтың  жетекшілігімен 
Түркістанның  археологиясы,  тарихы,  өнер  тарихына  маманданады.
Ә.Марғүлан  1936-38  жылдары  материалдық  мәдениет  тарихы  ин- 
ститутында  ғылыми  қызметкер,  ал  1938  жылдан  КСРО  Ғылым  Акаде- 
миясы  Қазақ  филиалының  қызметкері  болып  істейді.  Осыдан  бастап 
оның барлық шығармашылық өмірі  КСРО  ғылым  академиясының Қазақ 
филиалымен  (кейіннен  Қазақ  ССР  Академиясымен)  байланыста  болды.
Ол  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясы  Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих, 
археология  ж әне  этнография  институтының  1941-1946  жылдары  та-

68
рих  секторын,  1946-1951  жылдары  археология  секторын,  ал  1958-1976 
жылдары  этнография  бөлімін  басқарады.
1943 
жылы  Ә.Марғұлан  «Историческое  значение  ярлыков  и  пайц- 
за»  деген  тақырыпта  тарих  ғылымының  кандидаттығын,  ал  1945  жылы 
«Қазақ  халқының  эпикалық  аңыздары»  деген  тақырыпта  филология 
ғылымының  докторлығын  зор  абыроймен  қорғап  шығады.  Ол  1946 
жылдан  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  корреспондент-м үш есі,
1958  жылдан  академигі,  ал  1960  жылдан  профессоры  атағын  алады.
Ә.Марғұлан  кең  ауқымды  ғалым  еді.  Ол  археологиялық  ескерткіш- 
тердің,  сәулет  өнерінің  тарихын  зерттеуге  қомақты  үлес  қосты.  Ол  та- 
рихшы-өнер  зерттеуші,  этнограф,  филолог,  фольклоршы  ретінде  қазақ- 
тар  мен  Орта  Азия  халықтарының тарихын  зерттеуге  мол  еңбек  сіңірді».
Анадан  ешкім  д е  дана  болып  тумайды.  Бірақ  та  Әлкей  Марғүлан 
тумысымен,  болмысымен,  бітімімен,  түлғасымен,  содан  кейін  барып 
білімімен  даналық  мәйегінен  сусындаған  ақылдың  кені  сияқты.  Далада 
туған даналардың ең соңғы түяғының бірі -  осы Әлекең, академик Әлкей 
Марғүлан  деп  білеміз.
Оның  ойлау  ж үйесі,  пікір  пайымдауы,  түжырымдары,  жазу  және 
әңгім елеу  м әнері  мүлдем  өзгеш е,  тосын  қүбылыс  еді.  «Бір  өзі  —  бір 
академия»  атанған  ұш ан-теңіз  білім   иесінің  ғылымға  қосқан  үлесі 
өлш еусіз.  Қазіргі  республикадағы  тарау-тарау  жолдарымен  даралана 
дамыған  ғылым  салаларының  баршасының  бастау  бүлақтарының  бір
көзі -   Әлкей  Марғүлан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет