Сурет 1. Қазақстандағы халықтың тілдерді игеру көрсеткіштері.
«Тіліміздің үш тұғыры» мәдени жобасын жүзеге асыру аясында академик С.С.Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық – методологиялық негіздерін енгізді, қазақ, орыс және шетел тілдерін жете меңгерген маманның кәсіби білікті үлгісін: а) заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану арқылы аудармаға оқыту бойынша ғылыми педагогикалық мамандарды; б) мемлекеттік тілдің басты рөліне сүйене отырып, жобада көрсетілген барлық тілдерінде жұмыс істей алатын аудармашы мамандарды (қазақша – ағылшынша – қазақша, қазақша – орысша және т.б.) арнайы мақсатта даярлау арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің концептуалдық әмбебаптандырылуын қамтамасыз ету деп анықтайды.
Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым – қатынас жасаудың барлық қырларын жан – жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.
Жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында және орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша топтар білім алады. Олар: “beginner”, “elementary”, “pre – intermediate”, “intermediate”, “upper – intermediate”, “advanced”. /18/
Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым – қатынас жасаудың барлық қырларын жан – жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.
Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.
Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбейюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айррықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бетбұрыстарды қажет ікендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. /20/
«Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі.
Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл — өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз.
Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» — мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең бірінші орынға қойып дамыта беретінін, оның болашағы үшін алаңдамау керек екенін баса айтады. Президентіміздің бұл айтқандарына назар салатын болсақ, расында, мемлекеттік тіл – қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, ығына ығыстырып, үш тұғырдың ең үстінде тұрады. Демек, қазақ тілінің болашағына қауіптенетіндер алаңдамаса да болады. Себебі, мемлекеттік тіліміздің ары қарай дамуына президентіміздің, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі кепілдік беріп отыр.
Бүгінгі күні білім беру саласында жұрт ойланатындай тың өзгерістер орын алып отыр. ҚР Білім және ғылым министрі мәлімдеме жасағаннан бері көпшілік «бұл қалай болар екен?» деп абдырап қалғаны рас. Халық арасында қызу талқыға түскен негізгі мәселе — үш тұғырлы тіл. Үш тұғырлы тіл мәселесінен қорқып, үркудің қажеті жоқ. Себебі, мұл әңгіме айтылғалы біраз жыл боп қалды, түбі солай болары сөзсіз. Себебі заман ағымы солай. Ұрпағымыз бірнеше тілді меңгерсе несі айып? Қазақ тілі — ана тіліміз болса, орыс тілі — ресми тіл, ағылшын тілі — халықаралық қатынастар тілі екендігін әрбір көзі ашық азамат түсінеді. Иә, қазақ тілін сүю, құрметтеу, қадірлеу әр қазақтың қасиетті борышы.
Ұрпағын ана тілінде сөйлете алмаса, оған ұлттық құндылықтардың дәмін татырмаса, ұлттық тәлімді сіңіре алмаса, ол отбасындағы ата-ананың, ата-әжелердің кешірілмес кінәсі деп ойлаймын. Ал, қазіргі ұрпақ зулап бара жатқан заман ағысына ілесе алмаса, үлкен кемшілік. Жастарға бар мүмкіндік жасалды, шет елге шығып оқиды, қызыметіне байланысты тәжірибе алмаса алады. Ол ненің арқасы? Әрине, шет тілін меңгергендіктің арқасы! Ендеше неге үш тұғырлы тіл мәселесінен қоқуымыз керек? Үш тілде білім беруді Қазақстан мектептері егемендік алғаннан бері біртіндеп тәжірибеге енгізіп келеді. Ол қазақ түрік лицейі мен Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүзеге асуда. Нәтижесі керемет! Алтыншы сынып бітіретін оқушылар жапа-тармағай сол мектептерге түсуге талпынады. Неге? Әрине, болашағы зор болғандықтан. Ендеше сол мүмкіндік жалпыға білім беретін мектептер мен лицей, гимназияларға да туып тұр ғой. Иә, жұрттың дау туғызып жатқаны, бастауыштан бастап ағылшын тілін енгізу мәселесі болатын.
Қазір Қазақстанда тұратын барлық халықтың тілдерін сақтау мен ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толығымен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тіл саясаты жүргізіліп жатыр. Күтілетін нәтиже:
2015-2016 оқу жылы тіл мұғалімдері оқушылармен бірігіп, тілдерді дамыту Бағдарламасын талдап, жан-жақты қарастырып, ауызекі сөйлесу дағдыларын жүзеге асырады.
2016-2017 оқу жылы – тіл мұғалімдері, тарих және жаратылыстану ғылыми цикл мұғалімдерімен бірігіп интеграциялық қолданбалы курс дайындайды, қарым- қатынаста барлық кедергілерді жоюға, тіл бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысады.
2017-2018 оқу жылы-тіл мұғалімдері, тарих және жаратылыстану ғылыми цикл мұғалімдерімен бірігіп, біліктілікті арттыру курстарын өтеді, мектепте үштілділік білім беруде пәндер бойынша сабақ берудің ерекшелігін үйренеді.
2018-2019 оқу жылы– тіл мұғалімдері мен тарих, жаратылыстану ғылыми цикл мұғалімдері үштілділік білім саласында ғылыми ізденіс бағдарламасын оқытуды практикаға кезеңдермен енгізіп үйренеді.
2019-2020 оқу жылы-тіл мұғалімдері мен тарих, жаратылыстану ғылыми цикл
мұғалімдері өз тәжірибелерімен, үштілділікті үйрену бойынша сұрақтарымен түрлі бейне
сабақтар, он-лайн сабақтар, шебер — сабақтарды сайт және ақпараттық құралдар мен басылымдарға жіберіп, бөліседі. /25/
Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модкульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобадай оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.
Әр тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол. Өйткені ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Әлемде басылып жатқан 10 миллион кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда./26/
Осы себептерге байланысты болар оқыту жүйесі яғни білім беру саласы жан-жақты дамып,талап күшейіп, өзгерістер енгізілуде.ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалардың ғасыры болмақ.
Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған.
Пайдаланылған әдебиеттер
Абдрахманова Ж. Үштұғырлы тіл мәдениеті. Қазақстан және әлемдік тәжірибе/ Ж. Абдрахманова// Білім=Образование.-2013.-№2.-12 б.
Әбдуали Т. Үштұғырлы тіл еліміздің болашағы үшін қажеттігін ұмытпайық/ Т. Әбдуали //Егемен Қазақстан.-2010.-29 наурыз(№95) – 2 б.
Байшонов М. Үштұғырлы тіл – уақыт талабы / М. Байшонов // Егемен Қазақстан.-2009.– 18 қыркүйек (№302/304).-7 б.
Ақпаев Б. Үштұғырлы тілдің ұшпағы/ Б.Ақпаев// Егемен Қазақстан. – 2009.- 21 қаңтар.– 6б.
Әбдуәли Т. Үштұғырлы тілден түңілмейік/ Т.Әбдуәли// Егемен Қазақстан.-2008.– 18 наурыз (№31).-2 б.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы/Н.Ә. Назарбаев// Егемен Қазақстан .-2010.– №16.-19-32 б.
Екибасова Д.Д. Үштұғырлы тіл саясаты – Елбасының халыққа қойған міндеті / Д.Д. Екибасова// G-GLOBAL и проблемы нового мирового порядка.-2012.– 23 қараша (№31).-312б.
Еркін А.Үштұғырлы тіл атты мәдени жобаның маңызы / А.Еркін// Студент және ғылым.-2011.– 18 наурыз.-40 б.
Бейсенбаева Қ. Үштұғырлы тілдік қатынас / Қ. Бейсенбаева// Мектеп (Шымкент) .-2013.–(№6).-5 б.
Жарыбаев Қ. Үштұғырлы тіл жайлы ғылым не дейді? / Қ. Жарықбаев// Мектептегі психология.-2014.–(№5).-8 б.
Шаханов М. Үштұғырлы тіл – ұлтқа төнген қасірет/ М. Шаханов//Тасжарған.-2008.– 14 мамыр (№18).-20 б.
Қонарбаева Р. Үштұғырлы тіл уақыт талабы/ Р. Қонарбаева//Қазақ үні.-2015.– 17 наурыз (№11).-6 б.
Үштұғырлы тіл жүздің баласын ұшпаққа шығара алады ма? //Қазақстан — ZAMAN .-2015.– 23 шілде (№29).-3 б.
Әлметова Ә. Үштұғырлы тіл саясаты / Ә.Әлметова//Айқын.-2015.– 5 желтоқсан (№228).- 5 б.
Жарыбаев Қ. Үштұғырлы тіл жайлы ғылым не дейді? / Қ. Жарықбаев// Мектептегі психология.-2014.–(№5).-10 б.
Тұрысбекова Ә.Үштұғырлы тіл заман талабы/ Ә. Тұрысбекова//Семей таңы.-2014.– 11 шілде(№54).-7 б.
Бейсембекова Н.Д. Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы /Н.Д.Бейсембекова //Жастар және қазіргі замандағы әлемдік мәселелер.-2015.– 241 б.
Баусариева С. Үштұғырлы тіл саясаты – еліміз бен бірлігіміздің тірегі/ С. Баусариева//Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте.-2016.– (№2).-3 б.
Бөрібаева С. Үштұғырлы тіл заман талабы/ С. Бөрібаева// Түркі әлемі.-2016.– қыркүйек (№9).-23 б.
Ордабекова А. Үштұғырлы тіл бағдарламасын еңгізудің маңыздылығы/А. Ордабекова//Ұлттық тәрбие.-2016.– №3.-58 б.
Әбдікәрімов И. Үштұғырлы тіл – заман талабы/ И.Әбдікәрімов//Нәтижелі еңбек.-2016.– №1.-17 б.
Жанденеева Ж.Ж. Үштұғырлы тіл бағдарында білім берудегі тиімділік/ Ж.Ж. Жанденеева//Ұлттық тәрбие.-2016.– №4.-30 б.
Әлметова Ә. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім қалыптастыру/ Ә. Әлметова//Алматы.-2010.– 48 б.
Оразалы С. Шығармалар жинағы / С. Оразалы//Алматы.-2011.– 400 б.
Ақпаев Б. Тілдердің үштұғырлылығы мәдени жлбасын іске асыру — уақыт талабы/ Б.Ақпаев// Егемен Қазақстан. – 2009.- 21 қаңтар.– 6б.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-jastarga-ushtldlk-mndet-261407/
Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері/ М. Балақаев//Алматы: Қазақстан.-2010.-186 б.
Құлманов С. Мемлекеттік тілде іс жүргізу/ С. Құлманов// «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы .-2010.–17 б.
Еркін А.Үштұғырлы тіл атты мәдени жобасы / А.Еркін// Алматы: Қазақстан .-2012.– 20 мамыр.-27 б.
Достарыңызбен бөлісу: |