Шулы дыбыстар Төмендегі суретке қара. Егер сен суреттегі жерде отыр­ саң, қандай дыбыстарды естір едің? У-у-у-у-у



Pdf көрінісі
Дата30.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10610

14

Шулы дыбыстар

Төмендегі суретке қара. Егер сен суреттегі жерде отыр­

саң, қандай дыбыстарды естір едің?

У-у-у-у-у... .

Жұмбақтың шешуін тап. 

Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ – қашады.

                                                                    

5


15

Шық­шық, шық­шық,

Көкек­көкек, көкек­көкек.

Суреттегілердің қайсысынан шулы, қайсысынан музы ка­

лық дыбыстар шығады?

       


16

Теңіздің толқынын естігенің бар ма? Дыбысын салшы. 



Ш-ш,   ш-ш, ш-ш.

Суреттегі жануарларды ата.

Олардың дыбысын сала аласың ба?

Жануарлардың дауысы дыбыстардың қай түріне жата ды? 

Себебін түсіндір.        

. . . - . . .

. . . - . . . 

. . . - . . . 

. . . - . . .

Шулы дыбыстар

6


17

Шулы дыбыстар

                

Бізді қоршаған орта түрлі дыбыстардан тұрады. 

Мысалы: машинаның гүрілі, кеменің гудогі, ... .

Сурет бойынша әңгімеле. Бұлардың дауысын дыбыстың 

қай түріне жатқы зар едің?

7


46

   Қ а й ы р м а с ы :

   Көбелек­ау,  көбелек,

   Ауламызға келе кет.

2.  Гүлдер, гүлдер, көктесін,

  Көбелектер көп келсін.

  Ақ қанатты көбелек,

  Ауламыздан  кетпесін.

   Қ а й ы р м а с ы :

Әннің басты әуенін суреттің көмегімен орында.



Көңілді дыбыстар

Көңілді дыбыстар адамға күш­қуат береді, шат­

тыққа толы сезім сыйлайды.

24


47

Балғындар әні

 

Музыкасын жазған К. Қуатбаев



 

Сөзін жазған С. Жиенбаев

Біз бала көктемгі 

Гүлдей жайнаған. 

Біздерге қосылып,

Бұлбұл сайраған.

Қ а й ы р м а с ы :

Жеріміз қандай көңілді,

Жырлаймыз шаттық өмірді.


60

Табиғат пен музыка

Біздің туған жеріміздің табиғаты тамаша. Биік тау, 

өзен­көл, орман­тоғай да кездеседі. Табиғат пен 

музыка бір­бірімен тығыз байланысты. Композитор­

лар мен ақындарымыз туған өлкенің табиғатын 

шығармаларында жырлаған. 

Музыкалық шығармалардан табиғаттың бейнелі 

суреттемелерін байқауға болады. Қазақ жерінің кең 

даласын, жазық жерлерін, табиғатын көп күйшілер 

суреттей білген. Осындай күйлердің бірі – атақты күй ­

ші Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйі.

Сарыарқа

Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін бұрын естідің бе? Қа­

шан және қай жерде? Күйді тыңдаған мезгілде сенің көз 

алдыңа қандай бейнелер келеді? Әңгімеле. 



32

61

Күй және күйші

Домбыра  аспабы қазақтың әр үйінен табылады.  

Сенің үйіңде де бар болар. Ал осы домбырамен 

(қобызбен) ойналатын музыканы қалай атайтынын 

білесің бе? 

Қазақтың музыкалық шығармасы күй деп атала­

ды. Күйді домбырада, қобызда тағы басқа аспаптар­

да ойнайды. 



Күйші – қазақтың аспапты музыкасын шығарушы, 

күй тартушы.  



33

74

Наурыз – біздің жаңа жыл

Музыкасы мен сөзін жазған А. Меңжанова

1.  Наурыз келді, балалар,

  Көктеді қыр, жағалар.

  Наурыз тойын тойлайық,

  Жаңа жылда, ағалар.



  

Қ а й ы р м а с ы :

  

Наурыз, наурыз,



  

Келді біздің жаңа жыл.

  

Көктем келді, балақай,



  

Жасарды жер, алақай!

  

Наурыз тойын тойлайық,



  

Әсем әнге сал, апай.

2. Бәйшешектер гүлдеді,

  Қорада мал төлдеді.

  Наурыз тойын тойлайық,

  Қосыл, аққу, көлдегі.



  

Қ а й ы р м а с ы :



Саржайлау

Тәттімбет 

Күйді мұқият тыңда. Мазмұны жө нінде не айтар едің?



75

Наурыз мейрамында көптеген ойындар да ойна­

лады. Осындай ойындардың бірін сен де ойнап 

көр. Ойынның шарты мынадай: әр шеңбердегі 

суреттерге қарап үйренген әндеріңнің немесе 

тыңдаған музыканың атын атау қажет. Ескертетін 

жайт: суреттер толық берілмейді. Қайсы сурет 

екенін өзің ажыратасың.

Жұмбақтардың шешуін тап. Шешіп қана қоймай, табиғат 

құбылыстарының қай мезгілде болатынын тауып айт. 

Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған.

Сайды қуып су ақты,

Гүлдер өсті, ырғалды.



43

78

Би және музыка

Әртүрлі музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. 

Әнді шалқыта айтамыз. Кейбір музыканы тыңдап 

отырып, ойланамыз. Сондай­ақ көңілді музыкаға 

би билегіміз келіп тұрады. 

Би – музыка ырғағына сай қимылмен бейнелетін 

өнер түрі.

Сенің үйренген әндеріңнің ішінде қайсысына би билеуіңе 

болады? Есіңе түсір.



45

79

Биші болам өскенде

 

Музыкасын жазған Т. Тайбеков



 

Сөзін жазған Қ. Бұғыбаева

1.  Ақ көйлегім үстімде,

  Би билесем «Айгөлек».

  Қой демейді ешкім де,

  Шаршамаймын дөңгелеп.

2. Достарым бар қуанып,

  Тамашалар кештерде.

  Тал шыбықтай бұралып,

  Биші болам өскенде. 



Би және музыка

Би өнері  түрлі ырғақты болады.  Асықпай билейтін 

би түрлері және  тез немесе адымдап орындалатын 

билер де болады. 



Вальс – жұптасып билейтін бидің бір түрі. 

Оны айнала билейді. Вальсті «би патшасы» деп 

есептейді. 

Полька – көңілді және қарқынды билейтін би 

түрі. Көбіне  оны жылдам музыкамен орындайды.



46

47


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет