Бастаушы: Сәлеметсіңдер ме балалар және біздің қадірлі қонақтар. Жылдың ең әдемі мезгілі КӨктем келді. Қар еріп, жер анамыз гүлденіп, шуақты күннің сәулесі апа әжелерімізге, аналарымызға, бүкіл әлем әйелдеріне күлімсіре қарады



бет1/5
Дата13.03.2023
өлшемі64,5 Kb.
#73649
  1   2   3   4   5

ЕРТЕҢГІЛІК ЖОСПАРЫ
8 НАУРЫЗ
Свиридов «Вальс»-пен балалар жұптасып кіріп, жаттығулар жасайды.


Бастаушы: Сәлеметсіңдер ме балалар және біздің қадірлі қонақтар.
Жылдың ең әдемі мезгілі КӨКТЕМ келді. Қар еріп, жер анамыз
гүлденіп, шуақты күннің сәулесі апа әжелерімізге,
аналарымызға, бүкіл әлем әйелдеріне күлімсіре қарады.
Мерекелеріңізбен, аяулы жандар, 8 наурыз күнімен!

1. Аида Бізді өсірген апатай,


Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.

2.Айя Ел жатқанда жатпаған,


Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман-сау бол, ақ мамам.

3.Дарын Ақ қабақты мамашым,


Күн сәулесі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

4.Ділда Мамаларды сүйеміз,


Сөзін ойға түйетін.
Әжені де ардақты
Әдеппен бас иеміз.

5. Жамиля Ана - өмір шырағы,


Ана - өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.


Ән «Жан ана» Құдіреттен жаралған...

6. Ақниет Әже деген көп шығар,


Әжемдей жоқ шығар.
Айналайын дегені,
Жанға рахат береді.

7. Санжар Әжем менің әлі де,


Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Базарға да барады,
Бәрін сатып алады.

8.Айсултан Таусылмайды өлеңі,


Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып береді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Ән «Ақ әжем»
Жүргізуші: Ал енді келесі биді сүйікті де ақжаулықты әжелерімізге арнап,
кішкентай батырларымыз сіздерге «Қара жорға» биін дайындады.
Би «Қара жорға»
«Кручу-кручу»
Жүргізуші: Біз бүгін аналарымызға, аяулы әжелерімізге концерт
дайындадық. Бірақ концерт жүргізушілері ерекше. Әне, біріншісі
де мейрамға асығып келе жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет