1
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
ӘОЖ 94:930.2:070(574)-054.7 Қолжазба құқығында
ШУРШИТБАЙ БЕЙБИТГУЛ
ҚАЗАҚ БАСПАСӚЗІНДЕГІ ОРАЛМАНДАР МӘСЕЛЕСІ:
ТАРИХИ ТАЛДАУ (1991-2009 ж ж.)
07.00.02 - Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі
тарих ғылымдарының
докторы, профессор
З.О. Дүкенбаева
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
2
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӚЗДЕР………………….....…………………....... 3
КІРІСПЕ....................................................................................................... 4
1 ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ
ДИАСПОРАСЫ................................................................................. 17
1.1 Шетелдегі қазақ диаспорасының Отанына оралу тарихы............... 17
1.2 Шетелдегі қазақтарды Қазақстанға шақыру идеясының туындауы,
жүзеге асуы........................................................................................... 25
1
ҚАЗАҚ БАСПАСӚЗІНДЕГІ ОРАЛМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘСЕЛЕСІ
2.1 Кӛші-қон туралы заңның қабылдануы және қазақ баспасӛзіндегі
оралмандар мәселесі........................................................................... 43
2.2 Оралмандарға қатысты құқықтық ережелер және құқықтық-
нормативтік құжаттарды жетілдірудегі баспасӛздің рӛлі................ 58
2
ОРАЛМАНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ
ЖАҒДАЙЫ МЕРЗІМДІК БАСЫЛЫМДАРДА............................ 76
3.1 Оралмандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы....................... 76
3.2 Қазақ баспасӛзіндегі оралмандардың мәдени-рухани ӛмірі............. 99
3.3 «Нұрлы кӛш» бағдарламасының мәні мен маңызы........................... 113
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 127
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................... 132
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӚЗДЕР
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы.
ДЖҚҚ – Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы.
ДЖҚ – Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы.
ҚазКСР ҒА – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ғылым
Академиясы.
ҚР – Қазақстан Республикасы.
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
ҚРОММ – Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты.
ҚХР – Қытай Халық Республикасы.
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.
КОКП – Кеңес Одағының Коммунистік партиясы.
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
ШҚМУ – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы.
ШҰАР – Шыңжан Ұйғыр Автономиялы районы.
4
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының ӛзектілігі. Бүгінгі таңда шетелдерде шамамен 5
миллионнан астам қазақ ирриденттері мен диаспора ӛкілдері тұрады. Біз
оларды жинақтап «этникалық қазақтар» деп атаймыз. Шетелдегі қазақтардың
саны біз ойлағаннан кем немесе одан әлде қайда кӛп болуы мүмкін. Қалай
дегенмен де, Қазақстаннан сырт, алыс-жақын шетелдерде қазақ диаспорасы мен
ирриденттерінің қомақты бӛлігі ӛмір сүріп жатқаны белгілі. Қазақ ұлтының
шетелдегі бұл ӛкілдері түрлі тарихи кезеңдерде, әртүрлі тарихи жағдайларға
байланысты қалыптасқан. Оған қазақ жерінің отарлануы мен қазақ халқының ӛз
ұлттық мемлекетінің жойылуы, сыртқы күштердің әлімжеттілігі әсер етті.
Шекара сызықтарының әділ жүргізілмеуі, отаршылдық езгі, саяси қуғын-сүргін,
т.б кӛптеген факторлар қазақтардың бүгінгі Қазақстан шегінен сырт аймақтарға,
алыс шет елдерге қоныстануына әкелді. Шетелдегі отандастар туралы
мәліметтер алу, қазақ халқына жасалған тарихи әділетсіздікті ашық айту тек
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2002 жылы 23 қазанда Түркістан қаласында ӛткен
дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында сӛйлеген сӛзінде Отанынан тыс
жердегі қазақтардың болашағы туралы былайша ой толғаған еді: «Қазір
Қазақстаннан сырт жерлерде тұратын қазақтардың саны 5 миллионнан асады.
Міне, осыны ойлағанда 40 пайыздан астам шетелдерде тұратын бүкіл
дүниежүзіндегі қазақтың үштен бірін құрайтын бауырларымызды ертең не
күтіп тұр деген сауал кӛкірегімізде еріксіз оянады» [1]. Елбасының қазақтар
тұратын мемлекеттердің басшыларымен кездесулерінде қандастарымыздың
қал-ахуалына қатысты мәселелер сан мәрте ресми түрде қозғалды.
Бүгін де шетелдегі отандастардың келемін деушілерін елге оралту
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді стратегиялық саясатының құрамдас
бӛлігі болып отыр. Елбасы бастамасымен мемлекет бұл іске ұдайы кӛңіл бӛліп
келеді. Бүгінгі күнге дейін отандық тарих ғылымында жүйелі қарастырылмаған
ӛзекті мәселе - шетелдегі қазақ диаспорасының ӛздерінің отанына оралу тарихы
мен бұл үрдістің бүгінгі қазақ баспасӛзінде кӛтерілу мәселесі. Еліміз үшін аса
игілікті істі одан ары жалғастыру және оның барысында кездескен түрлі
мәселелерді тиімді шешу, анағұрлым кемелденген, кешенді іс-шараларды
ойдағыдай жүргізу үшін кӛші-қон үрдісін ғылыми тұрғыдан зерттейтін,
отандастарымыздың елге оралуын, жерсіндірілуін, еліміздің экономикасы мен
мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына тигізген оңды әсерін жан-жақты
бағамдайтын уақыт жетті. Әсіресе, отандастардың елге оралу үрдісін,
оралмандар мәселесін тӛртінші билік деп аталатын бұқаралық ақпарат
құралдары мен баспасӛз беттерінде кӛтерілуін зерттеу және ол мәселелерді
тарих тұрғысынан саралап, зерделеу ӛзекті.
Шетелдегі қазақтардың тарихи Отаны - Қазақстан Республикасына оралуы
еліміздің тәуелсіздік тарихының құрамдас бӛлігі. Ӛйткені, Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік жариялауы, елдің саяси тұрғыдан құқықтық-
демократиялық даму жолына түсуі, экономикалық салада нарықтық
5
қатынастарға кӛшуі, бәрінен бұрын Республикадағы тұрғылықты ұлт қазақ
халқының жан-жақты дамуына мол мүмкіншіліктердің жасалуы шетелдегі
қазақтардың елге оралуының басты алғышарты болды. Ұзақ уақыт бойы тарихи
әділетсіздік салдарынан Қазақстан Республикасының аумағын тастап кеткен
немесе Қазақстаннан сырт және оған шекаралас ӛзінің тарихи ата қонысында
тұрып жатқан қазақ ирриденттерінің ӛкілдері Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алу қарсаңында-ақ елге орала бастады. Бұл қазақ халқының тӛл
тарихындағы ӛте айтулы оқиға, ұлттың ұлт болып ұйысуының, үлкен елдіктің
белгісі еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Германия, Израиль секілді елдер
шетелдегі ӛз отандастарын елдеріне шақырды және олардың саяси, әлеуметтік,
экономикалық жағынан сол елдерде тұрып жатқан тұрғылықты халықпен
түбегейлі теңесуіне жағдай жасады. Ал жапондықтар тіпті екінші дүниежүзілік
соғыста қаза тапқан азаматтарының мүрделеріне дейін түгендеп ӛз еліне алып
кетті. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін елдің жаңа басшылығы
шет елдердегі қытай диаспорасымен тұрақты байланыс жасап, ең алдымен
олардың арасындағы үздік ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің елге оралуына,
елдің
экономикалық-саяси
ӛміріне
атсалысуына,
ғылыми-техникалық
зерттеулер жасауына жағдай жасады. Шетелдегі қытай диаспорасы ӛкілдерін,
зиялыларын елдің тұтастығын іске асыру сынды аса келелі саяси іске
пайдаланды. Демек, шетелдегі отандастарын іздеу, олармен тұрақты байланыс
жасау, қалағандарының елге оралуына жағдай жасау, әлемдік тәжірибеде бар
дәстүр. Бұл елдерде диаспораны зерттеу (диаспорология) іргелі ғылымға
айналған. Ӛз кезегінде бұл саладағы кешенді зерттеулердің сол елдердің саяси,
экономикалық және мәдени дамуына әкелетін пайдасы шексіз. Қазақстан
Республикасы ӛз тәуелсіздігінің қарсаңында-ақ шетелдегі отандастарының ӛз
тарихи ата мекендеріне қоныс аударуына жағдай жасады. Мысалы, 1991
жылдың наурыз айында «Еңбек шарты» деген айдармен Моңғолиядағы
ағайындарды елге кӛшіру ісі басталды. Тәуелсіздіктен кейін ел үкіметі
шетелдегі қандастарды кӛшіріп алуды арнайы мемлекеттік бағдарлама және заң
шеңберінде іске асыруға кӛшті. Бұл ретте ең алғаш «Шетелдегі қазақ
диаспорасының ӛкілдерін Қазақстан республикасында болған кезінде
әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» министрлер
кабинетінің қаулысы, одан соң [2], «Халықтың кӛші-қоны» туралы Заңды
атауға болады. «Шетелдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы» қабылданды. Соның әсерімен шетелдегі отандастарымыз ӛз
бетімен елге орала бастады. Егемендіктің екпінімен Моңғолия, Ресей,
Ӛзбекстан, Қытай, Иран, Ауғанстан, Түркия елдерінен келуші ағайындар
күннен күнге кӛбейді. Оралмандар мәселесі баспасӛз беттерінде қарала бастады.
Тәуелсіздік жылдары қандастардың елге оралуы, ұлттық-патриоттық тәрбие,
отанға оралудың түрлі қиындықтары, ел ішіндегі түрлі кедергілер, арнайы
қаулылар мен бағдарламалардың, заңның қабылдануы т.б. мәселелер қазақ
баспасӛзінде кең қамтылды. Тәуелсіздік алған соң, қазақ баспасӛзі, оның ішінде
еліміздің «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақ елі», «Шалқар», «Кӛш»,
«Айқын» т.б, облыстық газеттер, «Жұлдыз», «Ақиқат», «Жалын», «Парасат»
6
журналдары шетелдегі қазақтар мен олардың елге оралуы, оларға мемлекет
тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар, оралмандардың азаматтық алуы мен
жерсіндірілуі, т.б. мәселелер тӛңірегінде кӛптеген ақпараттық және
проблемалық мақалаларды жиі жариялап келді. Қазақ баспасӛзіндегі
оралмандар мәселесі және шетелдегі қазақ диаспорасына қатысты бұл үрдіс әлі
де ӛз жалғасын таба бермек. Бас-аяғы жиырма жылдан бері қазақ баспасӛзінде
жарияланған мақалалар бүгін де Қазақстан Респуликасының тәуелсіздік
тарихының дерек кӛзіне айналды. Оларды шетелдегі қандастардың елге оралу
үрдісіне қатысты дерек ретінде қарау, саралау, кӛтерілген мәселердің ауқымын
анықтау, жүйелеу, жетістіктер мен кемшіліктерді кӛрсету күн ӛткен сайын аса
қажет болуда. Сол себепті, тәуелсіздік алғаннан қазірге дейінгі қазақ кӛшінің
мән-жайы, жетістіктері мен кемшіліктері, кӛші-қон үрдісінің жалпы ауқымы,
мемлекеттік кӛші-қон саясатының орындалуы, заңдылықтың сақталуы,
оралмандарды жерсіндіру, ортаға бейімдеу мен оларға мемлекет тарапынан
жасалған материалдық және рухани кӛмектің жағдайы, ұлттық-патриоттық
тәрбие т.б. мәселелердің қазақ баспасӛзінде қаншалықты кӛтерілгені және
қалай кӛтерілгені, ауқымы аталмыш зерттеу тақырыбының ӛзектілігін
айқындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи
отанына оралуын және қазақ баспасӛзіндегі оралмандар мәселесіне байланысты
зерттеулер қарастырлады. Олар: Кеңестік және қазіргі кезеңдегі іргелі
зерттеулер; және бүгінгі зерттеушілердің әртүрлі мақалалары.
Кеңес Одағы кезінде шетелдегі қазақтарды зерттеу ойдағыдай жолға
қойылды деуге келмейді. Бұрынғы кездердегі асыра сілтеулерге байланысты
билік басындағы әміршіл-әкімшіл жүйе барынша ӛз қателігін бүркемелеуге
тырысты. Жаппай кеңестік ұлт құруға құлшынып отырған елде жекелеген
ұлттардың ұлттық мүддесі мүлде ескерілмеді. Мұндайда шетелдегі қазақтар
туралы салиқалы ой қозғау мүмкін болмады. Шетелдегі қандастарды ішке тарту
былай тұрсын, оларды кӛбіне отан сатқындары, коммунизмнің жаулары ретінде
кӛрсетуге тырысты. Елдегі қазақтардың олармен қарым-қатынас жасауына
тыйым салынды. Шетелдегі қандастар туралы жазылған ғылыми жұмыстар
қатал цензурадан ӛтті. Кейбіреуі қорғауға жіберілмеді. Мұндай жағдай
шетелдегі қандастарымыз туралы жүйелі ғылыми түсініктің қалыптасуына
кедергі болды. Соған қарамастан, шетелдегі қазақтардың тарихы туралы біраз
ғылыми жұмыстар қорғалды. 1970 жылдары Л. Бадуамов «Шыңжаң
қазақтарының Ұлы ықпалы мен тӛнкерісі» туралы диссертациясын қорғады [3].
Шетелдегі
қазақтар
туралы
шамалы
мәліметтер
«Қазақ
совет
энциклопедиясына» енгізілді. Шетелдегі отандастармен байланыс жасайтын
«Біздің Отан» (кейінгі «Шалқар») газеті тұрақты шығып тұрды. ҚазКСР. ҒА.
М.Әуезов атындағы әдебиет және ӛнер институты шетелдегі қазақтардың
рухани мұрасы туралы қолжазбалар қорын жасақтап, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізді [4].
Кеңестік дәуірдің тарихи демография мәселесі бойынша М.Х. Асылбеков
пен А.Б. Галиевтің бірлесіп жазған «Социально-демографические процессы в
7
Казахстане (1917-1980 гг.)» [5], монографиясы аталған мәселе туралы тұңғыш
рет талданып, қорытылған еңбек болып табылады. Бұл монографияда Қазан
тӛңкерісінен кейінгі ұзақ кезең ретінде кӛп ұлтты Қазақстандағы ел-жұрт
мәселелері елдегі кӛкейкесті әлеуметтік-экономикалық және саяси ӛзгерістер
тұрғысынан кеңінен зерттелді. Жоғарыдағы авторлар ХІХ ғасырдың аяғынан
ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі кезеңдегі кӛші-қон мәселерлеріне де кӛңіл
бӛледі. Бірақ, идеологиялық шектеулердің салдарынан шетелдегі қазақ
диаспорасы мәселесі жұмыста кеңінен қарастырылмаған. Қазақтардың шет
жұрттарға бытырай қоныстануының саяси және тарихи себептері терең
талданбаған. М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның «Демографические
процессы современного Казахстана» атты монографиясында 1980-1990
жылдардағы демографиялық үрдістер, ел-жұрттың саны, даму динамикасы,
оның сапалық кӛрсеткіштері, жыныстық, жастық құрамы, т.б. талданған [6].
Бұл еңбекте қазақтардың ӛз елінде азаю себептері талданғанымен, шетелдегі
қазақтар мәселесі, оларды елге қайтару ісінің еліміздің демографиялық хал-
ахуалымен болған тығыз байланысы қарастырылмады.
Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы ӛзге ұлт диаспоралары тақырыбына да
біршама зерттеулер жүргізілді. Кезінде ӛлкедегі жұмысшылардың қалыптасуы
мен дамуын тарихи демографилық тұрғыда зерттеу мәселесі кӛп жақты күрделі
құбылыс
болғандықтан,
мәселенің
демографиялық,
этнографиялық,
экономикалық, әлеуметтік аспектілері баса қарастырылды. Мысалы, заң
ғылымының
кандидаты
А.М.
Нұрмағамбетовтың
Қазақстан
Республикасындағы еңбек нарығының құқықтық мәселелеріне арналған
жұмысында осы заманғы ішкі кӛші-қон мәселеріне, атап айтқанда, еңбек кӛші-
қоны, оның Қазақстандағы нарықтың жай-күйіне ықпалы қарастырылған [7].
А.М. Нұрмағамбетов «экономикалық босқындар» деп аталатын ерекше
әлеуметтік топты бӛліп кӛрсетті.
Тәуелсіздік жылдарында алғашқылардың бірі болып қазақ диаспорасы
жайында Г. Меңдіқұлованың «Казахская диаспора: история и современность»
еңбегі жарық кӛрді [8]. Автор еңбегінде шетелдегі қазақ диаспорасының
қалыптасуы мен қазіргі қал-жайына, Қазақстанмен байланысына кеңінен
тоқталады. Еңбекте автор қазақ диаспорасының қалыптасуының тарихи
себептерін талдай келе, шетелдегі қазақтарды «диаспора» және «ирридент»
деген екі топқа бӛлді. Ол бойынша шалғай шет елдерге: Ауғанстан, Иран,
Түркия, Германия, АҚШ, Франция секілді Қазақстан шегінен оқшау, жырақта
тұрған елдердегі қазақтарды «диаспора» деп, ал Қазақстанмен шекаралас,
біртұтас геотарихи аумақта ӛмір сүрген қазақтарды «ирридент» деп атайды.
Соңғысына Қазақстанмен кӛрші немесе оған жақын жатқан Қытай, Ресей,
Ӛзбекстан, Моңғолия елдеріндегі қазақтар жатады. Бұл елдердегі қазақтар
ӛздерінің байырғы ата мекенінде жұбын жазбай, шоғырлы түрде
отырғандықтан, ұлттық мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін толық сақтаған деп
айтуға болады. Ал диаспора аталған алыс шетелдердегі қазақтар ӛздерінің тілі
мен салт-дәстүрінен ажырап қалған. Г. Мендіқұлованың аталған зерттеу еңбегі
тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі шет елдегі қазақ диаспорасын біршама жан-
8
жақты зерттеген, қоғамда, әсіресе орыс тілді ортада олар туралы дұрыс
кӛзқарастарды орнықтыруға әсер еткен бірегей еңбек деуге толық негіз бар.
Осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде кӛші-қон демография
саласын зерттеудің негізін қалаушылар ретінде М.Б. Тәтімов, Н.В. Алексеенко,
Ә. Ғали, Д. Ғали сынды ғалымдарды айтуға болады [9]. Аталмыш ғалымдар
кӛші-қон мәселесін түрлі қырынан зерттеп, оның құқықтық-экономикалық және
әлеуметтік-саяси жақтарына тұжырым жасады. Бұл еңбектер Қазақстандағы
кӛші-қон мәселесі мен демографиялық жағдайды сипаттап қана қоймай, ондағы
кӛкейтесті мәселелерді дәл кӛрсете алуымен құнды. Қазақстандағы кӛші-қон
тарихына қатысты, халықаралық денгейде маңыздылық танытатын күрделі
үрдістерді қарастырған, «Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен ертеңі» атты
монография жарық кӛрді. Бұл ұжымдық еңбекте диаспоратанудың және қазақ
диаспорасының іргелі мәселелері қарастырылған [10]. Халқымыздың ӛз
тағдырына деген ерекше ықыласы ХХ ғасырдың басында ерекше кӛрініс
алғаны баршаға белгілі. Ол ХХІ ғасырдың басында да солай қайталанды.
Академик Ә.Н. Нысанбаевтың редакторлығымен шыққан «Еуразиялық
интеграция және қазақ диаспорасы» атты еңбекте қазіргі жаһандану
заманындағы еуразиялық кеңістікте орын алған қазақ диаспорасының маңызды
мәселелері жан-жақты зерттелген [11].
Қазақ диаспорасының қалыптасуында кеңестік тоталитарлық жүйенің де
қосқан үлесі мол болды. Ресей ғалымы И.И. Алиевтің «Этнические репрессии»
атты монографиясын осы мәселелерді қарастырған еңбектердің қатарына
жатқызамыз [12]. Ол ұлттардың репрессияға ұшырау себептерінің саяси
қырларын ашып кӛрсетеді. Бұл үрдістің бел ортасында қазақ халқының да
болғаны белгілі.
1991-жылдардағы кӛші-қон үдерісіне кӛптеген Қазақстандық ғалымдардың
мақалалары арналды және Қазақстандық тарихшылардың келесі бір тобы -
Кеңес дәуірі мен қазіргі кезеңдегі кӛші-қонның біртұтас жүйесін терең
зерттеуді мақсат тұтты. Бұл ретте А.Т. Тілесовтың «Саяси-әлеуметтік
ӛзгерістер жағдайындағы Қазақстан Республикасының кӛші-қон саясатының
қалыптасу ерекшеліктері» [13], Б.Р. Найманбаевтың «Қазақстандағы 1970-1999
жылдар аралығындағы кӛші-қон (миграция) процестерінің тарихы» [14],
Қ.А. Енсеновтің «Қазақстандағы кӛші-қон процестері және оның зерттелуі
(1926-1959)» [15], Ә.Б. Аманның «Батыс Қазақстанның ауыл халқы: тарихи
демографиялық аспект (ХХ ғасырдың 20-80 жылдары)» сияқты еңбектерін
атауға болады [16].
1991 жылдардан бастап Қазақстанның кӛші-қон және демографиялық
жағдайына, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани ӛміріне
ерекше ӛзгерістер ала келген ағайындар туралы, олардың тарихи Отанына
оралуы мен жерсіндірілуіне, жалпы оралмандар мәселесіне арналған іргелі
зерттеулер жарық кӛре қойған жоқ. Ғалымдарымыз шетелдегі қазақ диаспорасы
мәселесін жекелеген мемлекеттер бойынша, белгілі бір мәселе тӛңірегінде
зерттеді деуге болады. Бұл еңбектерде қазақ халқының бір бӛлігінің түрлі
тарихи жағдайда, әсіресе, Кеңес одағының әміршіл-әкімшіл саясаты
9
салдарынан ӛз ата қоныс жерімен қоса шетелдік болып қалғанын немесе алыс
шетелдерге бас сауғалағаны тарихи тұрғыдан біршама зерттелгенімен, 1991
жылдан бастап жаппай үрдіс алған кӛші-қон жағдайы жүйелі зерделенген жоқ.
Бірақ, оралмандардың елге келуі мен олардың орналасуы, азаматтық алуы,
әлеуметтік қамтылуы т.б. мәселелер қазақ баспасӛзінде кӛптеп кӛтеріліп келеді.
Қазақстандағы кӛптеген қоғам және мемлекет қайраткерлері оралман
мәселесіне кӛңіл бӛліп, оның шын мәніндегі ұлттық саясат деңгейіне
кӛтерілуіне, Үкімет саясатының басым бағыттарының бірі болу керектігіне
ықпал етіп келеді. Бұл қатарда Ш. Мұртаза, М. Мағауин, М. Жолдасбеков,
А. Жағанова, М. Шаханов, А. Сейдімбек, Б. Тілеуханов, Б.Тайжан, Ә. Ысқақ,
У. Қалижан т.б қайраткерлерді айрықша атап ӛткен жӛн. Бұл іске Тәуелсіздіктің
алғашқы кезінен елімізге шетелдерден кӛшіп келіп, азаматтық алған және
Қазақстанда бір кісідей еңбек етіп жүрген оралман зиялыларының ӛкілдері де
атсалысып келе жатқанын атап ӛтуіміз керек. Олардың қатарында шетелдегі
отандастарымыз бен олардың елге оралуы жӛнінде ӛзіндік зерттеу
материалдарын жариялап, пайдалы ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтып жүрген
З. Қинаятұлы, Н. Мұқаметханұлы, Т.Зәкенұлы, З. Қабылдинов, А. Мауқараұлы,
Ж. Қамайұлы, И. Жеменей, Қ. Бодаухан, Р. Айыпұлы, Е. Кәпқызы, Н. Бұлытай,
Б. Қайратұлы, А. Ахметбекұлы сынды азаматтардың қосқан үлесі зор. Олардың
мазмұнды мақалалары, шетелдегі қандастар туралы зерттеулері мерзімді
баспасӛз беттерінде жарық кӛрді.
Шетелдердегі этникалық қазақтар тақырыбын бірінші болып кӛтерген және
ол туралы үзбей жазып келген халықаралық «Шалқар» (бұрынғы «Біздің Отан»)
апталық газеті еді. Кеңес Одағы кезінде жарыққа шыққан бұл газет шетелдегі
қазақтарға Кеңес Одағының қазақтар қоныстанған елдердегі елшіліктері
арқылы тегін таратылып, шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс жасаудың
бірден-бір рухани құралына айналды. Газет беттерінде үнемі шетелдегі
қазақтардың айтулы тұлғалары туралы таныстыру мақалалары, тарихи деректер,
Қазақстан туралы жағымды жаңалықтар жарияланып тұрды. «Шалқар»
газетімен бір уақытта шетелдегі қазақтар тақырыбын жиі тілге тиек еткен
«Қазақ әдебиеті» газеті болды. Онда әсіресе шетелдегі отандастарымыздың
әдебиеті мен мәдениеті туралы жазылды әрі шетелдегі қазақ жазушыларының
шығармаларына да орын берілді. Қазақ баспасӛзінде алғашқылардың бірі
болып «Қазақ әдебиеті» газетінде Б. Тоқанұлының «Рухани ашаршылық,
ұлттық ӛгейліктің басталғаны ма?» [17], Ә. Мендекенің «Социалистік
Қазақстан» газетінде «Жақынынды жат етпе» [18 ] атты мақалалары жарық
кӛріп, оралмандар мәселесі қарала бастады.
«Жұлдыз» журналында шетелдегі қазақ әдебиеті туралы арнайы айдар да
ашылды. Журналдың 1994 жылғы 10-12 сандарында жазушы М. Мағауиннің
«Ұлттың күре тамыры» деген айдармен «Ұлы кӛш мұраты» [19] және «Кӛші-
қон шырғалаңы» [20] атты мақалалары жарияланды. Онда қарымды қаламгер
Қазақстанға бағыт алған ұлы кӛштің тарихи маңызына тоқтала келіп, оны Қазақ
елінің жаңғыру жолындағы қайталанбас ұлы үрдіске балады, сондай-ақ, заман
ағысына керағар, мүлде баяу жүріп жатқан кӛші-қон үрдісінің жай-күйіне
10
алаңдаушылық білдірді. Аталған екі басылыммен бір уақытта шетелдегі
қазақтар және олардың елге келуін кең ауқымда жазған халықаралық «Қазақ
елі» газеті еді. Газет алғаш жарыққа шыққан күннен бастап шетелдегі
қазақтардың хал-ақуалына, олардың елге келгеннен кейінгі жағдайына қатысты
түрлі мақалалар мен хабарларды жиі жариялап тұрды. Онда Т. Зәкенұлының
Қытайдағы қазақтар туралы «1916 жылғы дүркін», «Бүгінді біліп, болашақты
барласақ» [21], «Қара арғымақ сүрініп қу томарға айналды», «Мен бір бүтін
қазақпын», «Дарияға құйған бір бұлақ» атты сериялы мақалалары жарық кӛрді
[21, 3 б.]. «Қазақ елі» газетінің 22 наурыздағы санында журналист Есенгүл
Кәпқызы Моңғолиядан кӛшіп келіп облыстан-облысқа, ауданнан-ауданға кӛшіп
жан сақтап жүрген оралмандардың ӛмір тіршілігіне, бір жерде тұрақтамауының
нақты себептеріне үңіліп кӛрді [22]. Бүгін де аталмыш газет ӛз бағытынан
таймай оқырмандарының сұранысын қанағаттандырып келеді. Шетелдегі
қазақтар және олардың елге оралу проблемаларын жиі кӛтеріп келе жатқан
газеттің бірі - еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан». Газет тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында шетелдегі ағайындардың Отанға оралуына қозғаушы
болса, кейінгі кездерде «Халықтың кӛші-қоны» туралы Заңының қабылдануына
белсене атсалысты. Еліміздің кӛші-қон үрдісіне қатысты кӛптеген қаулылары
мен бағдарламалары, үкімет шешімдері және «Халықтың кӛші-қоны» туралы
заңы, дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайы және онда кӛтерілген
маңызды мәселер осы газеттің бетінде жарияланды. Еліміздің кӛші-қон үрдісіне
жауапты ең жоғары ӛкілетті органдардың (ҚР Кӛші-қон агенттігінің және
кейінгі Кӛші-қон комитетінің) жұмысы да осы газет арқылы жұртқа жетіп
жатты. 2005 жылы қыркүйек айының 28-30 күндері аралығында ӛткен әлем
қазақтарының үшінші құрылтайы қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті ӛзінің
мерекелік санында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тӛрағасының
орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы С. Балғабаевтың
алдыңғы екінші қазақ құрылтайы кезіндегі атқарылған жұмыстар туралы
«Еңсеру» [23] атты мақаласын, Қазақстан оралмандар одағының тӛрағасы
А. Үкібаевтің «Елге ел қосылса құт» [24], Қытайдан келген профессор
С. Жанболатовтың «Нұрлы болашақтан таймайық» [25], академик
М. Асылбектің «Қазақстандағы демографиялық процесс тарихы мен
ақтаңдақтары» [26], З. Қинаятұлыны «Оралмандардың азаматтық құқын
қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі» [27], Қ. Шамақайұлының оралмандарға
қатысты «Не істеу керек?» атты мақалалары жарық кӛрді [28]. «Түркістан»
халықаралық апталығы да оралмандар мәселесін ӛткір кӛтеріп жүрген
газеттердің бірі. Осы газеттің тілшісі, кезінде Моңғолиядан келген Есенгүл
Кәпқызы оралмандар тақырыбына қатысты ұтқыр ойлы мақалаларымен
мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы марапатына ие болды.
Оралмандар тақырыбын еліміздегі «Ана тілі», «Айқын», «Заман Қазақстан»
және «Жас Алаш» газеттері де жиі кӛтеріп келеді. Бұдан басқа «Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының жанынан шығатын «Алтын бесік» журналы тағы
бар. Аталған басылым беттерінде жарияланған материалдар сан жағынан әр
алуан және әртүрлі тақырыптарды кӛтерген, сол кездегі жағдайдан нақтылы
11
мәлімет беретін дереккӛздері болып табылады. Біз олардан ағайындардың елге
келгеннен кейінгі жағдайы туралы мәліметтер алып қана қоймай, осы
мәліметтерді ӛзіміздің саралау, зерттеу нысанымызға да айналдырып, одан сол
кездегі қазақ баспасӛзінің әлеуетін айқындауға тырыстық.
Жалпы
оралмандар
мәселесіне
қатысты
мақалалардың
ішінде
Г. Ниязханқызының «Қазақстандағы кӛші-қон процестері және оралмандар»
[29], С. Нұрмұратовтың «Қазақ оралмандарының ӛркениеттік мәселелері» [30],
К. Нурумбетованың «Тәуелсіз Қазақстандағы оралмандардың орналасуы және
әлеуметтік – экономикалық жағдайы» [31], А. Айталының «...Адам Отанын
іздейді» [32] сияқты кӛлемді проблемалық, зерттеу мақалаларын атауға болады.
Зерттеу жұмысының екінші ӛзегі болып отырған оралмандар мәселесінің
қазақ баспасӛз беттерінде кӛтерілуі бүгінге дейін жүйелі қарастырылмаған тың
тақырып. Еліміздегі кӛші-қон үдерісінің негізгі ағымына айналған бұл ӛзекті
тақырыпты қазақ баспасӛзі осы үрдіс бастау алған алғашқы күннен бастап
үздіксіз жазып келеді. Тіпті қоғамдық саяси-әлеуметтік ауқымды мәселеге
айналған бұл тақырыпты ӛзінің басты нысанына айналдырмаған бірде бір қазақ
басылымы жоқ деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |