43
2
ҚАЗАҚ БАСПАСӚЗІНДЕГІ ОРАЛМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘСЕЛЕСІ
2.1 Кӛші-қон туралы заңның қабылдануы қазақ баспасӛзіндегі
оралмандар мәселесі
Қазақстан Республикасының оралмандар мәселесін ӛзінің тәуелсіздік алған
алғашқы жылдарынан бастап, кӛші-қон саясатын реттейтін заң және құқықтық
актілер шеңберінде қарастырылып, бірнеше рет ӛзгертулер мен толықтырулар
арқылы жетілдіріп, кемелдендіру үстінде.
Жалпы, бұрын-соңды Қазақстанда кӛші-қон үдерістерінің заңды үрдісі
болмағаны белгілі. Ӛйткені Кеңестік дәуір тұсында ел ішіндегі кӛші-қон
қарқынды жүріп, тың игеру, жер қойнауын байлықтарын игеру деген желеумен
миллиондаған отбасы басқа республикалардан кӛшіріліп әкелінсе де,
ұйымдасқан түрдегі шара ретінде ғана баға беріп келді. Сондықтан кӛші-қон
саясатын реттейтін заң, заңнамалық актілер еліміздің тәуелсіздігін нығайту,
кеңестік империя құлаған кезде жұмыс күшін басқа жолмен толықтыру
мақсаттарынан туындады. Бұл ретте елімізде жұмыс күшін шетелдегі қазақ
диаспорасы есебінен толтыру, шет елдегі қазақтардың атажұрт, байырғы
Отанына оралсам деген бабаларынан жалғасып бүгінгі ұрпаққа жеткен
армандарын нақты жүзеге асыру, сол арқылы ғасырлар бойы отаршылдықтан
ӛшуге айналған ұлттық рухымызды кӛтеру мақсатында шетелдердегі
қандастарымызды кӛшіріп алу, басқаша айтқанда кӛші-қон, оралмандар
мәселесі мемлекеттік саясат дәрежесінде күн тәртібіне қойылып, бұл мәселені
ғылыми егізде реттеу қажеттілігі туды.
Шет елдегі қазақтар мәселесін алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым
Сабыр Ахметжанұлы Қасымов: «отандастарымыздың ӛзге елдерге кӛшу
себептерін тарихи негіздерге сүйене отырып, қазақтардың ӛз жерінен қуылуы,
шеттегі диаспораларымыздың кӛптігі отаршылдардың халықты ыдырату
мақсатындағы шараларынан туындаған зардап» - деп түйіндейді.
Сабыр Ахметжанұлы еліміз тәуелсіздік алған күннен-ақ оралмандар үшін
саяси, құқықтық және ұйымдастыру әдістері ескерілген қазақ халқының
тұтастығы бағдарламасын дайындау қажеттігін ұсынған еді.
Ол ӛз тезистерінде оралмандардың тарихи отанына оралуы тек
оралмандардың ӛздеріне ғана керекті мәселе емес. Егер Қазақстан ұлттық және
тәуелсіз мемлекет боламын десе оралмандар мәселесін шешуші фактор ретінде
қарастыру қажеттілігін атап кӛрсетеді.
Сонымен қатар бұл неше ғасырлық отарлау зардаптарын жою, сайлау
компанияларын құру, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптастыру үшін
керекті бірден бір фактор деп бағалады. Ол сондай-ақ мелекеттік шешімдерге
әсерін тигізер мынадай ұсыныстарды ортаға салады: «Теория жүзінде
дәлелденген шетелдердегі 5 миллион қазақ диаспорасының кӛпшілігі Қытай
Халық Республикасы мен Ресей империясының қазақ жерін бӛлудегі құрбаны
болып қана қоймай, Ресей жүргізген отарлау саясатының да отына түсті. Олар
ұлттық, әлеуметтік діни кӛзқарасына байланысты КСРО орнатқан әскери
44
жазалау шаралары салдарынан Қазақстаннан қуылды, жазаланды, мал-мүлкінен
айырылды. Қарсыласқан қазақтар қырыла отырып, қазақ жерінің бүгінгі
шекарасынан арман шегінді», - деді. Сондай-ақ, 1990 жылдардың басындағы
Қазақстанның демографиялық жағдайын «жер бетіндегі қазақтың азайып
кетуіне жол беру»,- деп бағалады.
Ол шетелдегі қазақтар саясаттың жазасынан қашқан немесе күшпен
айдалған репрессия құрбандарының ұрпақтары екенін үкімет деңгейінде
мойындап, оған халықаралық нормаларға сәйкес репрессия құрбандарына
арналған әділетті шешім шығарып, осы шараларды жүзеге асыра алатын заң
жобаларын жасау керек деген ойын дәйектей түседі. Ол ел тәуелсіздігі
қарсаңындағы декларация жобасын әзірлеу кезінде, «Мемлекеттік тәуелсіздік
туралы», «Азаматтық туралы», «Саяси репрессия құрбандарын ақтау туралы»
заң жобаларына сол кездегі депутаттар мен аппарат қызметкерлері арқылы кӛп
ұсыныстар білдірді. Ӛкінішке орай, мұның кӛпшілігі үкімет мүшелері
тарапынан қолдау таппады. Егер Сабыр Ахметжанұлы айтқандай шеттелден
келген қазақтарды «репрессия құрбаны ұрпақтары». деген дәреже беретін
құжат бекітілсе, қандастарымыздың кӛптеп келуіне жол ашатын еді. Оған қоса
заңды түрде репрессия құрбандары ретінде мемлекеттік деңгейде жеңілдіктер
жасауды жергілікті әкімшілік және құқық қорғау орындары мойынына алатын
болар еді. Бұл шетелдердегі қазақтарды қорғап қалудың және ӛз мемлекетімізде
қазақтардың сыбағалы салмағын молайтудың бірден бір негізгі жолы болар еді.
Сондықтан кӛші-қон мәселесіне мемлекет айрықша назар бӛлді. Сондай-ақ
кӛші-қон мәселесіне жауапты Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін дербес орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасы кӛші-қон
және демография жӛніндегі агенттігін құру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығы шықты [61].
Кӛші-қон үдерісі құқықтық тұрғыда реттейтін алғашқы нормативтік акт
«Халықтың кӛші-қоны туралы» Заң 1992 жылдың 26 маусымында қабылданды.
Бұл заң елімізде жұмыс күшін тарату, (әсіресе түрлі мамандық бойынша) ӛз
бетімен жұмыс іздеп келуші келімсек топтардың әрекетін реттеу, ең бастысы
этникалық қазақтардың кӛшіп келуін ұйымдастыру, реттеу мақсатын кӛздеді
[62]. Кӛшіп келуші оралмандарға осы заң аясында қамқорлықтар кӛрсетіліп,
жағдайлар жасаудың негізін қалады. Осылайша қазақ халқының шетелдегі
диаспорасын байырғы Отанына шақырудың құқықтық негізі «Халақтың кӛші-
қоны туралы» заңының негізгі бӛлігі ретінде қарастырылды. Алайда, кӛші-қон
туралы заңның жалпы кӛші-қон мәселесін, соның ішінде еліміздің тәуелсіздігін
арттыруға, ұлттық біртұтастығымызды қамтамасыз етуге қызмет ететін
шетелдегі қандастарымыздың байырғы Отанына оралуына жеңілдік туғызатын,
жағдай жасайтын, реттейтін баптарындағы олқылықтар, тіпті мүлдем
ескерілмей қалған жағдайлар бұл заңның қажеттілікке толық жауап бере
алмайтынын кӛрсетті. Әсіресе «Кӛшіп келуші» мен «босқын» түсінігінің ара
жігі толық ашық-айқын сипатталмады. Осы кемішіліктің орынын толтыру
мақсатында әртүрлі жолмен Қазақстанға келетін шетелдегі қазақ диаспорасы
ӛкілдеріне жеңілдіктер кӛрсету мақсатында сол жылы 23 қыркүйекте «Қазақ
45
диаспорасынның ӛкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезінде
әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтасыз ету туралы» Қазақстан
Республикасы министерлер кабинетінің Қаулысы қабылданды [55]. Қаулыда
шетелдегі қазақ диаспорасынан түрлі оқу орындарына түсуге келген
талапкерлерге Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей құқық беру,
қажетті материалдық жағдайлармен мемлекет есебінен қамтамасыз ету,
ӛндірістік ғимарат, тұрғын үй салуына жер бӛлу, олардың Қазақстанда болған
кезінде емдеу-сауықтыру жәрдемін пайдалану ережесін белгілеу қатарлы
кӛптеген
жеңілдіктер
қарастырылып,
қатысты
министрліктер
мен
ведомстваларға міндет жүктетті.
Кӛші-қон жӛніндегі алғашқы заңның олқы тұстарына байланысты жалпы
халықтың пікірі, баспасӛзде жарияланған сын, ескертпелер осындай
қорытындыға әкелді. Сондықтан Үкіметте, Парламентте және жеке адамдардың
бастамасымен 1996 жылы «Халықтың кӛші-қоны туралы» жаңа заңның бірнеше
нұсқасы әзірленіп халықтың талқылауына ұсынылды. Осы талқылау негізінде
аталмыш заң жобаларының олқы тұстары жайлы қазақ баспасӛзінде сын
мақалалар кӛптеп жариялана бастады. «Қазақ елі» газетінде Б. Уатқанның
«Отандастар тағдыры ойыншық емес» [64], «Егемен Қазақстан» газетінде
Г. Сәдірқызының «Кӛш-керуен кері бұрылып кетпесе екен» [65] т.б. мақалалар
жарық кӛрді, онда мемлекет тарапынан қабылданып жатқан заңдық құжаттар
талданды. Е.М. Арын, Е.М. Әбенов, Қ. Бодауханұлының «Саясат» журналында
«Қазақ диаспорасының кӛші-қоның үйлестіру жәйттері» атты бірлесіп
жүргізген зерттеулерінде «...үкіметтік деңгейде үйлестірілмеген миграциялық
процесс мемлекеттің экономикалық, демографиялық саясатына кері әсерін
тигізумен қатар, ұлтаралық шиеленістің де туындату себепкері болады» деп
[66], оралмандар мәселесіне жауапкершілікпен қарау жайлы ой түйілді.
Қазақ баспасӛзінің белсене араласуымен, 1997 жылы халықтың кӛші-қон
мәселесін заңдастыратын ӛзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, «Халықтың
кӛші-қоны туралы» заңы қайта қабылданды. Сӛйтіп, 1997 жылы 13
желтоқсандағы №204 Заңы «Халықтың кӛші-қоны туралы» Қазақстан
Республикасының толықтырылған екінші реткі заңы қабылданды да, 1992
жылы 26 маусымдағы алғашқы заң ӛз күшін жойды [67].
Заң қабылданбас бұрын қазақ баспасӛз беттерінде кеңінен талқылаудан
ӛтті. Мысалы, «Қазақ елі» газетінде Ф. Оңғарсынова «Тағыда заң жобасы
туралы» [68]. мақаласында Үкіметт жобасын қабылдамай, депутат Ә. Ысқақұлы
ұсынған заңның балама жобасын негізге алған дұрыс, себебі онда халықтың
кӛші-қонының ӛзекті мәселелеріне байланысты талаптар толық ашылып
кӛрсетілген дейді. К. Елемес «Кетушіден келушінің мүддесі биік болса» [69].
мақаласында заң жобасының 5-тараудағы 26-бабын ӛзгертуді сұрайды, себебі
ҚР-нан кетушілерді қаржыландыру қаржыландырушы органдардың есебінен
жүзеге асырылады, кӛшіп кетушілер сапырылысып жүре бермесіне кім кепіл?
Сондықтан заң жобасындағы «Республикадан кетушілерді қаржыландыру»
дегенді «Отанына оралушы оралмандарды қаржыландыру» деп ӛзгерту қажет
деген елдік мүддеден туған ұсыныстар айтылды. «Егемен Қазақстан», «Жас
46
Алаш», «Ана тілі», «Түркістан» т.б баспасӛз беттерінде осы мәселеге қатысты
келіп түскен хаттар, үндеулер беріліп, заң жобасы кеңінен талқыланды.
Осылайша бір жыл бойы халықтың, құзырлы мекемелердің талқылауынан
ӛткен соң қазақ баспасӛзінжарияланған сын, ескертпе, ұсыныстар ескеріле
отырып, 1997 жылы 13 желтоқсанда «Халықтың кӛші-қоны туралы» Қазақстан
Республикасының толықтырылған екінші реткі заңы қабылданды да, 1992
жылы 26 маусымдағы алғашқы заң ӛз күшін жойды [63, 1 б.].
2001 жылдың бірінші наурызында 1997 жылы заңға ӛзгертулер мен
толықтырулар енгізілді. Тәуелсіздіктен соң ӛріс алған қандастарымыздың
атажұртына қайта оралуы бүгіндері кең тынысты, шешілмеген мәселелері кӛп,
ӛзекті де ӛрісті дүниеге айналды. Соның бірі қандастарымыздың тарихи
Отанына қайта оралуына мүмкіндік жасау жолындағы Елбасынан бастап
мемлекетіміздің, мемлекеттік емес ұйымдардан басқа да күштердің қолға алып,
олардың жүзеге асырып жатқан шараларымен тікелей байланысты. Осындай
қоғамдық ұлы ӛзгерістің, ел ӛмірінде бірден емес, біртіндеп қана жүзеге асатын
сан түрлі мәселелер туындататыны да сӛзсіз. Тіпті терең талдау, зерттеу
жасауды талап ететін қоғамдық ғылымның дербес саласына айналды.
Ғалымдарымыздың бұл тақырыптағы теориялық мақалалары жарық кӛрді.
Еліміздің тіпті шетелдердің баспасӛз, ақпарат құралдары қазақ диаспорасы,
кӛші-қон
мәселесі
жӛнінде
үзбей
материалдар
жазды.
Әсіресе,
республикамыздағы ұлт жаңашыры-қазақ баспасӛз құралдары Ахмет
Байтұрсынов сӛзімен айтсақ «Халықтың кӛзі, құлағы һәм үні» бола білді.
Шетелдегі қандастарымыздың атажұрты, байырғы отанына оралуына жасалып
жатқан мүмкіндіктер мен қолға алынып жатқан шараларда, кеткен кемшіліктер,
жаңадан туындайтын ӛзекті мәселелер, келген оралмандардың жай-күйі,
тәуелсіз елінің дамуына қосып жатқан үлесі дегендей, барлығы да еліміздің
баспасӛз, ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған емес.
Тәуелсіз еліміздің туын әлем аренасында биіктен желбірету үшін ұлы
мақсатты жүзеге асырудың маңызды бір саласы, шетте жүрген
қандастарымыздың Отанына оралуына мүмкіндік туғызу, олардың күш-қуат,
әлеуетін пайдалануды насихаттау ерекше маңызға ие болды. Біз бұл еңбекте
шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихи отандарына қайта оралуына
еліміздің қазақ тілді басылымдарда жарық кӛрген қазақ диаспорасы мен
тәуелсіз отанына оралған оралман ағайындардың ӛмір тіршілігіне, олардың
ӛзекті мәселелеріне қатысты материалдар мен мемлекет, үкімет, басқа да
қоғамдық ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға қатысты
материалдарға талдау, сараптама жасап, олардың осы саладағы ауқымды іске
қанша үлес қосқанын, проблемалық жайлардың шешімін табуға ықпалы, рӛлі
қай деңгейде болғанын саралап, бұл саладағы істің болашақтағы бағыт-бағдар,
тенденциясына тоқталу мақсатын кӛздедік.
Халықтың кӛзі мен құлағы болған бұқаралық баспасӛз ақпарат
құралдарында заманның мемлекеттік құрылымының әр дәуірінде ерекше
маңызға ие ӛзекті тақырып болатыны белгілі. Кӛпшіліктің назары әдетте осы
тақырыпқа ауып тұратындықтан, мұндай ӛзекті немесе даулы-шулы мәселе
47
жайлы жазылған материалдарды оқырман қауым іздеп тауып оқиды.
Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары баспасӛз ӛзінің басым бағытына
(қоғамның ғылым, білім, ӛнер, спорттың кәсіби мамандықтың белгілі саласына
арналған басылымдардың ӛзі) қарамастан мұндай ӛзекті мәселені жарыса
жазады.
Дүниені дүр сілкіндірген демократиялық қозғалыс 70 жыл бойы халықтың
құқын аяғына таптап, коммунистік идеологияның бұғауында ұстаған ұлы
держава Кеңестер Одағы ыдырап, одақ құрамындағы елдер тәуелсіздігін алған
1990 жылдарда Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары
үшін де ӛзекті, даулы-шулы тақырыптар жетіп артылатын. Әсіресе ұлт
мәселесі, тіл мәселесі кӛкейтесті мәселе еді. Солардың қатарынан әр кездегі
тарихи жағдай, түрлі зұламат нәубет, отаршылдық езгінің салдарынан
жазықсыз жапа шеккен шет елдердегі қандастарымыздың байырғы Отаны
Қазақстанға қайта оралуына мүмкіндік туғызу мәселесі кӛтерілісімен
бұқаралық ақпарат құралдары ӛртке тиген дауылдай іліп әкетті. Бұл мәселеге
қырын қарайтын топтар мен ӛзге ұлт ӛкілдерінің сойылын соғатын
басылымдар, нарықтық экономиканың ӛтпелі кезеңінде дағдарысқа ұшырап ӛз
халқын асырай алмай ұралап жатқан шақта ӛзге елдерден «келімсектердің»
келуіне қарсы болып ӛз уәждерін алға тартып, айқай шу кӛтерді.
Ал ӛмір бойы еркіндік, теңдік, тәуелсіздік аңсаған, орыстың боданынан
біржолата, әрі қысқа мерзім ішінде толық құтылуды алдына мақсат етіп қойған
ӛз ұлтыңыздың ары мен ұжданын қызғыштай қорғап жүрген қазақ
басылымдары
қалам
қарымын
кӛрсетті,
алыс-жақын
шетелдердегі
қандастарымыздың атажұртына оралуына мүмкіндік жасаудың ұлтымыз үшін
қаншалықты қажет екенін қарапайым халыққа түсіндіруді мақсат тұтқан
материалдар барлық қазақ басылымдарында толассыз жариялана бастады.
Басқаша айтқанда алғашқы болып шетелдегі қандастарымызды Отанына
оралуына мүмкіндік туғызу мәселесін кӛтерген орталықтағы беделді қазақ
басылымдары
болды.
Мәселен,
жоғарыдағы
Сағат
Заханқызының
бастамасымен Моңғолияның қазақ зиялылар ӛкілдері Талдықорған облысы,
Кербұлақ ауданы басшыларымен еңбек күшін әкелу жӛніндегі келісім шарт
туралы еліміздің аға газеті «Социалистік Қазақстан» (Қазіргі «Егемен
Қазақстанда») Әмірхан Меңдекенің «Жақыныңды жат етпе», деген мақаласы
жарық кӛрді [18, 3 б.].
Бұл қазақ баспасӛзінің оралман деген атқа ие болған шетелдегі
қандастарымыздың атажұртына қоныс аударуы жӛніндегі алғашқы материал
деуге де болады. Осылайша алғашқы кезеңде елге оралып жатқан
ағайындардың ыстық ықыласын жеткізген материалдардың соңы оралман
тірлігіне қатысты сан түрлі мәселелерді жеткізген ӛзекті материалдарға ұласты.
Әсіресе бір қарағанда лайықты атау сияқты кӛрінгенімен оралмандардың
ӛзіне ұнай қоймаған «Халықтың кӛші-қоны туралы» заңындағы «оралман
атауына қатысты сын-пікірлер қазақ баспасӛзінен жиі кӛрініс тапты. Ӛйткені
оралмандар жӛніндегі басты құжат 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы
бекітілген «Халықтың кӛші-қоны туралы» заңында «оралман» сӛзіне
48
«репатриант» терминін қосарлап қолданып: «репатриант (оралман) жалпы
саяси қуғын-сүргін, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат
ӛзге де іс-әрекеттер салдарынан тарихи Отанынан тысқары жерге қуылған және
азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру
мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы адам, сондай-ақ, оның
ұрпақтары» деген анықтама берген болатын [67, 3 б.].
Бұл кезде жалпы қоғамда шетелдегі қазақ диаспорасы түгелдей жоғарыда
аталғандай қуғын-сүргінге ұшырап жат-жұртқа кеткен қандастарымыздың
ұрпағы деген түсінік болғаны да бүкпесіз шындық еді. Ол кезде келген
оралмандар ата-бабаларының репрессияға ұшырағаны туралы анықтама қағаз
тапсыратын болғаны соның айғағы.
Алайда 2002 жылы (ҚР 2002.03.27. № 313) «Халықтың кӛші-қоны» туралы
заңына ӛзгерістермен толықтырулар енгізіліп, онда оралман атауы заңдағы
«репатриант» терминімен қосарланбай дербес қолданылады, әрі жаңа түсінік,
анықтама беріледі [62, 3 б.]. Ол анықтама: «Оралмандар» Қазақстан
Республикасы егемендігін алған кезде, оның шегінен тыс жерлерде тұрақты
тұрған және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген ұлты
қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар»,- деген анықтама берілген.
Бұдан «Халықтың кӛші-қоны туралы» алғашқы заңының шикілігін, тіпті
«оралман» атауына берілген анықтаманың терістігі ары қарайғы барлық
баптардың дұрыс болмауына әсер еткенін кӛруге болады.
Сӛзіміз дәлелді болу үшін «Ана тілі» газетінің үстіміздегі жылда
жарияланған философия ғылымдарының докторы Нұргелді Уәлиұлының
«Оралман сӛзін олқы кӛрмейік» [62], атты мақаласына жүгінейік «Қазақ тілінде
оралман деп Қазақ халқының тарихында жаппай қуғын-сүргінге (репрессияға)
ұшыраған, этникалық жазалаудан (геноцит) қашып, саяси сауға сұрап, жат елге
жаппай қоныс аударған қандастарымыздың, олардың үрім-бұтақтарының
тәуелсіздік таңы жаңа атқаннан кейін, ӛз Отандарына қайта оралғандарын
айтады» деген анықтама берген. Оралмандардың намысына тиіп, оралман
сӛзінен ат тонын ала қашатыны да сондықтан. Жоғарыда айтқанымыздай,
заңдағы анықтама мен қарапайым халықтың санасындағы анықтама екі басқа
екені осыдан-ақ кӛрініп тұр. Мақала авторы қарапайым халық емес философия
ғылымының докторы екенін ескерсек, заңда берілген анықтама ешкімнің
санасында жоқ екенін байқаймыз.
Шын мәнінде, бүгінгі Қазақстанға кӛшіп келушілердің барлығы нәубет
жылдарында шетел асып кеткендердің ұрпағы емес екені тарихтан хабардар
әрбір қазаққа белгілі.
Қазақтың байырғы даласы, ӛзінің ата қонысында отырып-ақ қытайдың,
орыстың отаршылдық саясаты салдарынан шетелдік болып қалған қазақтардың
ұрпағы қаншама. Мәселен бір кездері Қазақстанның астанасы болған Орынбор
бүгін Ресей қаласы. Сол кездері ӛз елінің астанасында туып ӛскен немесе
қызмет істеп тұрған азаматтар «Орынбор Ресей еліне қарап кеткен екен», деп
қаланы тастап қашу мүмкін емес еді. Сондықтан олардың ұрпағын «Сен
қашқынның ұрпағысың» деп қалай айтпақпыз.
49
Ал Қытай Халық Республикасында Шыңжан Ұйғыр автономиялық
аймағында тұратын 1,5 миллион қазақтың ата-бабасы бір кездері Жоңғар
басқыншылары тартып алған ата-мекендеріне (1758 жылдары) қайта
мекендеген керейлер. Алтай тауының арғы беті сан ғасырлық қазақ мекені.
1864 жыл екі империя Ресей мен Қытай шекара бӛліскенде Ӛр Алтай Қытайдың
жері болып қалды. Ал Моңғолиядағы қазақтар осы Алтай ӛңіріндегі
керейлерден бір бел асып, Моңғол Алтай тауына 1864 жылдардан бастап
мекендеген ата-бабалардың ұрпағы. Түркия арқылы батыс Еуропаның кӛптеген
елдеріне тарап кеткен қазақтар да 1935-1949 жылдар аралығында Қытайдағы
аумалы-тӛкпелі заманда Қазақстаннан емес Қытайдан қашып бас сауғалағандар
[63]. Сондықтан Нұргелді Уәлиұлының оралмандар жӛніндегі бұл анықтамасы
шындыққа жанаспайды.
Дәл осы мақалаға қарсы дау айтпаса да ӛз жерінде отырып озбыр, отаршыл
саясат салдарынан шетелдік болып қалғандар жайлы шындықты дұрыс
жағынан алып кӛрсеткен материалдар да баспасӛз беттерінде аз да болса
жарияланды. Ғылыми еңбектерде де жазылды.
Бұл ретте қазақтардың шет елдердегі диаспорасының тарихын екіге бӛліп
қарауға тура келеді. Олардың бір жартысы - қазақтың байырғы ата - мекенде
отырып, үлкен державалардың отаршылдық саясаты салдарынан шетелдік
болып қалғандар. Басқаша айтқанда қазақтың ӛзге елдер отарлап алған
бӛлігінде, Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі шекарасына қанаттас ӛлкелерде ӛмір
сүріп жатқандар. Бұл жӛнінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі
Ә.Н. Нысанбаев былай деп жазады: «Бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде ӛмір
сүріп отырған 5 миллиондай қазақтардың жартысынан кӛбі ӛз мекенінде ӛмір
сүріп отыр. Бұл - қазақ диаспорасын жан-жақты зерттеудің еске аларлық
ерекшелігі. Қытай Халық Республикасында ұлттық үш облыс пен екі округті,
Моңғолиядағы бір ұлттық аймақты, сондай-ақ, ТМД елдеріндегі, атап айтсақ,
Ӛзбекстан, Ресейдегі қазақтардың негізгі бір бӛлігін бұрыннан ӛз атамекенінде
отырған қандас бауырластарымыз құрайды» [11, 65 б.], - деп жазды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірінші орынбасары Талғат Мамашов
ӛзінің «Алыстағы ағайын» [72] атты еңбегіндн: «...Ресей, Ӛзбекстан қазақтары
негізінен ӛздерінің ата-бабаларының ежелгі қонысында отыр. XIX-XX
ғасырлардағы әртүрлі шекара бӛлісінің нәтижесінде атажұрттан сырт қалып
қойған. Қытайдағы қазақтар туралы да осыны айтуға болады».
Ал, мерзімдік баспасӛздер бұл мәселеге қатысты ғылыми тұжырымдама
жасамаса да адамдардың пікір ұсыныстарымен санасып, кӛптеген мақалалар
жариялады.
«Қазақ оралмандарының ӛркениеттік мәселелері» атты мақаласында
С.Е. Нұрмұратов «Әлемнің кез-келген елінде оралмандар, яғни реппатрианттар
мәселесі әртүрлі деңгейде орын алғаны белгілі. Ӛйткені кейбір елдерде ӛз
халқы ата-бабасының қонысынан алыстап кеткен жоқ. Тарихи себептерге
байланысты шетелдік болып қалды» деп жазады [30, 2 б.].
«Отан тарихы» журналынан 2005 жылы № 3 санында Г. Ниязханқызы:
«Қазақстандағы кӛші-қон процестері және оралмандар» [29, 150 б] атты
50
мақаласында: «Қазақ ӛз алдына ел болып, шаңырақ кӛтерген соңғы бес ғасырда
алты мәрте жат жерге үдере кӛшуді бастан кешірген екен. Олар: 1723 жылы
«Ақтабан шұбырынды», 1750 жылы «Керей кӛшкен», 1916 жылғы «Дүрбелең
кезеңдегі кӛш», 1931-1933 жылдарғы нәубет, 1937-1938 жылдардағы қуғын-
сүргін. Әрине бұл әлем кеңістігінде ел болып қалыптасу кезеңдегі қазақ
халқына тағдырдың салған ауыртпалығынан туған кӛш еді. Сонымен қатар
1864 жылғы Ресей мен ҚХР арасындағы бекітілген шекара бӛлісінде
Қазақстанның шығыс аудандарында тұратын қандастарымыз ӛз еркісіз Қытайға
қарап кетті. Сондай-ақ, 1960 жылдары Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше
аудан кеңістік саясаттың құрбаны болып, ӛз еркінен тыс Ӛзбекстан жағында
қалып қойды,»- деп қазақтардың бір бӛлігінің (ең мол бӛлігінің) қуғын-
сүргіннің кезінде әлде кімдер айтқандай Отанын сатып емес, саясат салдарынан
ӛз жерінде отырып-ақ шетелдік болып қалғаны анықтай түседі. Міне, бұл
мақалалар Нұркелді Уәлиұлының пікіріне қарсы «оралман» терминін жоққа
шығармаса да, оралмандардың барлығын ел басына күн туған заманда қара
басының қамын ойлап, Отанын сатып, шетелге қашып кеткен сатқындардың
ұрпағы деп қарау қате түсінік екенін оқырмандар назарына жеткізе білді деуге
болады [34, 132 б.]. Бірақ, халық санасындағы «оралмандар» мәз-баяғы
қалпында қиыншылық заманда қара басының қамын ойлап, Отанын сатып,
шетелге қашқандардың ұрпағы деген жиіркенішті ұғым күйінде қалды.
Сондықтан да оралмандардың ӛздерінің де бұл атауға кӛңілі толмады,
анығырақ айтсақ мүлдем қарсы болды.
Оралмандардың бұл атауға қарсы болуына негізгі себеп қарапайым
халықтың оралмандарды отанын сатқан қашқындардың ұрпағы ретінде түсінуі
деуге болады. Екінші жағы қазақ басылымдарында осындай идеялы
материалдар аз да болса жарияланды. Нақты айтқанда жергілікті халық ішінде
шеттен келіп жатқан ағайындарды нарықтың экономикалық ӛтпелі кезеңінде
мемлекет ӛз халқының тіршілігін түзете алмай жатқан шақта елге масыл болды
деп есептейтіндердің (ауыртпалық түсірді), идеясын кей басылымдар
дәріптеген материалдар жариялады. Тіпті қандастарымызды беттен қағып,
кеудеден итеруге, жергілікті халықты оралмандарға қарсы қойып арандатуды
кӛздейтін бірен-саран материалдардың ішінде «Қазақстан» телеарнасының
«Кӛктӛбедегі кездесу» бағдарламасынан 2005 жылы (дәл айы күні есте
қалмапты) берілген Қоғам қайраткері Ӛмірзақ Сарсенов деген халыққа танымал
азаматтың, Қазақстан Республикасы теле-радио корпорациясына орынбасары
белгілі ақын Жүрсін Ермановпен сұхбаты кезіндегі «Оралмандарға беріліп
жатқан үй баспана немесе квоталық жәрдемақылық кӛмектер Қазақстан
халқының табан ет, маңдай терімен құралған дәулет. Біз кешегі ел басына күн
туған заманда шет елдерге қашып кеткендерді ұрпағына не үшін ӛз
жалақымызды бӛліп береміз» деген пікіріне де бірде бір басылым арқылы
наразылық танытқан жоқ. Ал, осындай керағар пікір туғызатын, шетелдерден
келген ағайындарды сыртқа теуіп шеттету мақсатын ұстанған мақала біздің
нысанамыздағы қазақ баспасӛздері ішінде «Алтын Орда» газетінде жарияланды
Журналист
Бақытгүл
Бабаштың
«Қияндағы
қандастардың
оралуы
51
люмпенизация әкеле ме?» [73] деген мақаласында «Әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан мемлекет кӛмегіне арқа сүйеп және соны міндетсініп отырғандарға
деген халықтың кӛңіл күйін түсінгің де келеді: Басына әлдеқандай күн туа
қалғанда атамекенін алмастырып кеткендер енді келіп несіне міндетсінеді» деп
шетелдерден келіп жатқан қандастарымыздың бәрі 1931-1937 жылдардағы
нәубет кезінде шекара асып, қашып кеткендердің ұрпағы деген түсінікпен
жазуы журналистің тарихтан хабары жоқтығын кӛрсетеді. Автор ойын сабақтай
түсіп, «демографияны реттейміз деп жер жүзіндегі қазақтарды Қазақстанға
тоғытқанда ертеңгі күні кедей тұрмысы тӛмен ӛмір сүруге бейімі жоқ «әскерді»
ӛз қолымызбен жасап алмаймыз ба?» деп орынсыз, дәлелсіз пікірін одан әрі
сабақтай түседі. Бұл пікірдің «Халықтың кӛші-қоны туралы» заңындағы
«оралман» атауына теріс анықтап бергені сияқты тарихты түсінбеушілік
екендігінде дау жоқ.
Жалпы қазақ диаспорасының кӛпшілік бӛлігі ӛзінің ата жұртында отырып-
ақ шетелдік болып қалған. Бұлар демогрофтар тілімен айтсақ диаспора ӛкілдері
емес, ирридиенттер. Міне, осындай нақты шындықты, нақты тарихты
тарихшыларымыз ӛзі түбегейлі түрде зерттеп оқулықтарға енгізу мәселесі
жолға қойылмағандықтан журналистеріміз шалыс басып, шетте жүрген
қазақтардың бәрін басына қиыншылық түскен кезде отанын сатып қашып
кеткендердің ұрпағы ретінде бағалауы қисынға келмейді.
Қазақ кӛшіне қарсы болғандардың бірінші тобы оларды ел басына күн
туған заманда қара басының қамын ойлап қашып кеткендер ретінде бағалап,
оралмандарға қамқорлық жасаудың қажеті жоқтығын алға тартса, екінші бір
тобы шетелдегі қазақтардың біршамасы байырғы қазақ жерінде отыр. Біз
оларды кӛшіріп алмай жер территориясымен қосып алуға тиіспіз деген идея
танытады. (Ресейдегі Астрахан, Курган, Саратов, Омбы, Моңғолияның Баян-
Ӛлгей аймағы, ҚХР-ның Алтай, Іле, Тарбағатай ӛңірі тағы да басқа сол сияқты).
Бір ғана мысал келтірсек «Қазақ әдебиеті» газетіндегі Нұржігіт Ақышевтің
«Қазақ ӛз жерінен неге кӛшеді» [74] деген мақаласында И. Калашниковтың
«Қатыгез ғасыр» атты атақты романында қазақ халқының найман, керей, меркіт
сияқты рулары XIII ғасырда қазіргі Моңғолия территориясында ӛмір сүрген
нақты оқиғалар арқылы дәлелдеген» дей келе Моңғолия Қазақтың жері, ондағы
қазақтарды ӛз жерінен кӛшуі дұрыс емес деген пікір айтылып, керісінше ол жер
де біздің ата қонысымыз, біздің территориямыз болуға тиіс деген ишара
білдіреді.
Бұл әрине, жеке адамның пікірі. Әлемдік түрлі одақтастық,
қауымдастықтың бүгінгі ахуалында мәселені бұлай шешу мүмкін емес екендігі
белгілі.
«Қалың
елім-қазағым»
деп
ата
жұртқа
қоныс
аударған
ағайындарымызға жасалып жатқан мемлекет саясат аясындағы қамқорлық,
қолдау кӛмекке байланысты теріс кӛзқарасты, теріс пиғылды, түсінбеушілікті
дәріптеп, ушықтырған, қандастарымыздың кӛңілін жаралаған материалдардың
санының тым аздығы кӛңіл қуантады. Бұл жағынан еліміздегі баспасӛз ақпарат
құралдарының, кей елдердегі демократияны желеу етіп түймедейді түйедей етіп
52
кӛрсетіп, шу кӛтеріп, жаңалық туғызуға бара бермейтінінің, баспасӛз еркіндігін
дұрыс жағынан түсінетінінің куәсі деп бағалауға тұрады.
Ӛмір Есқалидың «Солтүстікке кӛш керуен сап түзеді» [75] атты кӛлемді
сыни-проблемалық материалда: «Оралмандар құрылтайында Кәмәрия Хаслан
деген азаматтың бір ауыз сӛзі санамызда жаңғырып қалыпты «Құдайақы,
оралмандар деп айтпаңыздаршы! Келімсек деп кемсіткендей, құлаққа түрпідей
тиеді, жүрекке шаншудай қадалады. Бірге туған бауырмыз ғой, - деп ағынан
жарылып, қиыла ӛтінгені бар»,- деп жазды. Міне оралман атауының тонының
теріс айналып мүлдем басқа ұғым - келімсек дәрежесінде қалыптасқанын
осыдан байқау қиын емес. Тіпті «Кӛш» гезетінде Абай Мауқара. «Мен
«оралман» атауымен келіспеймін, ӛйткені Махамбеттің ӛлеңдерінде «ман»
деген жұрнақ болымсыз етіс мағынасында қолданылады. Айталық, «барман»,
«келмен» деген етістіктер «бармаймын, келмеймін»,- дегенді білдіреді. Сол
сияқты оралман атауы да оралмаймын деген мағына беріп тұрғандай. Әрине зат
есім тұрғысында «оқырман, кӛрермен» деген сияқты атау тұлғасында тұрғаны
шындық. Бірақ адамдардың бәрі былай қабылдай бермейді ғой. Меніңше
«оралғандар» деп атаса мағынасы айқын болар еді», -деп жазады [76].
Оралман атауы баспасӛз беттеріндегі бірер мақала арқылы ғана
талқыланып, әңгіме ӛзегіне айналып жүрген мәселе емес. Бұл мәселе Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың да құлағына жеткен. Кӛңіліне ұнамаған. 2008 жылы
қазақ тілді газеттердің бас редакторларымен кездесуінде бір ұлтты жергілікті
және оралман деп екіге бӛлудің қажеті жоқ деп ӛз кӛзқарасын білдірген
болатын. Бұған халық бұқара тіпті қарапайым халықта және бұқара да үн
қосқан болатын.
Сондай-ақ бұл тақырыпта 2009 жылы мамыр айында Ахмет Байтұрсынов
атындағы тіл институтында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігі кӛші-қон комитетінің тӛрағасы Хабылсаят
Әбішовтың қатысумен «Оралмандар мәселесі» атты дӛңгелек үстел әңгімесі
ӛтті. Бұл дӛңгелек үстел әңгімесіне қатысқан белгілі ғалым, тілші Нұргелді
Уали, Балқожа Жанұзақов, Оқаш Жақысбек және ҚХР-ның халық жазушысы
Серік Қапшықпай, Жұмаділ Маман ДЖҚ қауымдастығының бӛлім бастығы
Ботагӛз Уатқан сияқты осы саладағы білгір адамдардың пікірлерін «Оралман –
шет елден келген қазақтардың атауы емес» деген тақырыпта жариялады .
Отырысты басқарған кӛші-қон комитетінің тӛрағасы Хабылсаят Әбішов
«оралман» сӛзі туралы түсініктеме беріп «оралман» - репатриант деген сӛздің
аудармасы, ол шетелден келген қазақтың атауы емес, Отанға оралып жатқан
бауырластарымызға мемлекеттік кӛмек кӛрсету үшін жасалған құқықтық,
мәртебелік категория. Ал оны «отандас», «қандас», «бауырлас» сӛздерімен
алмастыру, меніңше, кӛңілге қонымсыз, ӛйткені Қазақстаннан кӛшіп кеткен
немесе бізбен отандас, «қандас» десең шетелдіктер шошуы мүмкін. Жалпы
оралман деген сӛз шетелден келген бауырларымызға азаматтық алғанға дейін
қолданылатын атау», - деді
Қытайдың халық жазушысы, ақын Жұмаділ Маман бұл атауға қарсы екенін
айта келе бұл күнде «оралман» деген сӛздің артында мемлекет қамқорлығы
53
жатқанын оралмандардың кӛбі білмейтін, керісінше олардың кӛңілінде кезінде
кетіп қалып, кейін қайта оралған дейтін кейбір адамдардың таяз пікірі кӛңілге
кӛлеңке түсіретінін айтты. Ал, дүние жүзі қазақтары қауымдастығының бӛлім
бастығы Ботагӛз Уатқан «оралман» атауын «этникалық қазақ» деген атаумен
алмастырсақ деген пікір ұсынады:
«Оралмандар» атауына қарсы дау айтатындардың жанын жегідей жеген
мәселе жоғарыда Жұмаділ Маман айтқандай шетелден келген ағайындардың
барлығын жергілікті халықтың дені 1931-1937 жылдар аралығындағы аштық,
не жаппай қуғын-сүргін нәубет кезінде қашып кеткен қазақтардың ұрпағы деп
түсінуге байланысты.
Ал қазіргі ҚХР территориясы Шыңжаң ӛлкесі (жергілікті халық атауымен
Ӛр Алтай) қазақтың байырғы мекені Тӛр Алтайдың (ШҚО Катонқарағай
ауданы) жалғасы екені жӛнінде сонау 1964 жылы Қытайда басылған тарихта
Қытайдың ӛзі мойындайтынын журналист Бодаухан Тоқанұлы «Менің ата-
бабам қуғын-сүргіннен қашқан жоқ. Сонда мен оралманмын ба, кіммін?» деген
мақаласында айқын кӛрсеткен.
Бүгінде Қытай мен Моңғолияда ӛмір сүріп жатқан қазақтардың тағдыры
тіптен басқаша. Найман, керейлердің 1370 жылдарға дейінгі Шағатай
дәуіріндегі, одан кейінгі Әмір Темір заманындағы ата-қонысы ӛр Алтай, жалпы
қазіргі Шыңжаң ӛңірі болды. Бұл ӛлке үшін қазақ пен жоңғар арасындағы
қырқыс, атыс-шабыс екі ғасырға жалғасты, 1700 жылдардың ортасында
жоңғарлар қазақтар мен қытайлардан жеңіліп, қырылғаны қырылып, қалғаны
босап кетті де, ӛр Алтай бос қалды. Сӛйтіп, Абылай хан Цин патшалығымен
дипломатиялық келісімге келіп, Алтай тауының шығысы мен оңтүстік беткейін
ресми түрде қазақ хандығына қаратқаны жайлы қазақ тарихшыларынан бұрын
қытай тарихшыларының ӛздері жазып кеткен (Цин патшасы «Гаузүун
патшалығының орда естелігі», 793-том. 20-бет, Тайпей, 1964).
Тек отаршылдардың озбыр саясаты салдарынан 1868 жылы Ресей мен
Қытай шекара бӛліскенде бұрын ешкім бӛліп-жармаған, біріне жайлап, біріне
қыстап келген қазақтың біртұтас даласы ӛр Алтай (ҚХР) мен тӛр Алтай
(Шығыс Қазақстан) шекара сызығының екі жағында қалып қойды. Міне, сол
күннен бастап ӛр Алтайдағы ағайындар шетелдіктер, нақтылап айтсақ,
қытайлықтар болып есептелінді [77].
Әйткенмен, Қазақстанда ӛмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақ бұл тарихтан
бейхабар. Жалпы Қытай қазақтары, нақтырақ айтсақ Шығыс Түркістан тарихы
жайлы тарихи материалдар қазақ баспасӛзі бетінде тым аз жарияланды. Бұл
ретте «Егемен Қазақстан», «Қазақ елі» газеттерінде жазушы, тарихшы ғалым
Тұрсынхан Зәкеннің топтама мақалаларын жариялаған болатын. Ӛзге ауыз
толтырып айтатындай кӛлемді материалдарды газет беттерінен кезіктіре
алмадық.
Әрине, Қытайда, басқа да елдерде нәубет кезінде бас сауғалап, қашып
барған қандастарымыздың ұрпақтары да ӛмір сүретіні шындық. Бірақ, оларға да
қандай, қалай кінә артпақпыз? Олар сол кездегі солақай саясаттың құрығына
бай-мансапсың, пиғылың теріс деген желеумен мықтап іліккен жазықсыз
54
жандар болды. Егер де бас сауғаламағанда ӛзі ғана емес, ұрпақтары тып-типыл
болып құрып кететін еді. Жалпы қазақ халқы ондай тұрлаусыз болса, Ұлы Отан
соғысы кезінде де біразы қашып кетпеспе еді. Сондықтан нәубет кезінде
шекара асқандардың жазығы ұрпақтарын қырғыннан аман сақтап
қалғандығында болмаса керек. Бүгінгі оралман ретінде қарашаңыраққа келіп,
еліміз тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып жатқандардың біршамасы-сондай
заман тәлкегіне ұшырап, құрып кетуден ӛзін емес, бүкіл әулетін құтқарып
қалған аталарымыздың үрім-бұтағы. Сондықтан оларға құрмет, мейірбандық
сезім тіптен бӛлек болуға тиіс. 1940 жылдардың аяғында Қытайдағы
қырғыннан қашып Үндістан, Пәкістанға ӛткен қазақтарға түбіміз бір туыспыз
деп түрік ағайындардың қамқорлық жасап, бір қиырдан кӛшіріп алғанын
кейбіреулер біле ме екен? Оның қасында шетелдегі қазақтар біздің нағыз бауыр
етіміз емес пе? Әрі оралмандарға жасалған қамқорлық ғана емес, еліміздің
егемендігін баянды ету жолындағы ұлттық саясат екенін түсінуіміз керек.
Оралман, диаспора мәселесіне қатысты дау-дамай туғызып жүрген екі
ұшты пікір жӛніндегі қорытындыны қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, соның
ішінде ұлт мәселесі, қазақ ұлтының бүгінгі жай-күйі, болашағы жӛнінде үнемі
сӛз қозғап, келелі мәселе кӛтеріп жүрген білікті ғалым, Қазақстан
Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Амангелді Айталының «Алтын
орда» газетіне жарияланған сұхбатындағы ойларымен түйіндейік [78]. «Мен
әуелі мынаны айтайын. Жат мемлекеттерде бес миллондай қазақ бар дейміз.
Осылардың бәрін диаспора деуге бола ма? Ғылыми анықтама бойынша шет
елдерде түрліше жағдаймен ӛмір сүріп жатқан ұлттар тобының бәрін диаспора
дей алмаймыз. Диаспора дегеніміз - ұлттың тегін білетін, - ұлттық сана-сезімі
терең, сол ұлттың ӛкілімін деп, оның тілін, мәдениетін, тарихын білуге
ұмтылатын, ӛзінің тарихи Отанымен тығыз байланыс жасап, түбінде ӛзім
болмасам да ұрпағымды атамекеніне жеткізсем деп, атажұртына оң кӛзімен
қарап, екінші кӛзімен ӛзі мекен етіп отырған елге қарап, яғни екі жақтың да
мүддесін үйлестіріп жүретін топ. Осы тұрғыдан келгенде шет елдерде тұратын
ағайындардың бәрін диаспора деуге болмайды».
Алайда, қазақ баспасӛзінің шетелдегі қандастарымызды атажұртқа шақыру
тұрғысындағы басты ұстанымы мемлекет саясатын дәріптеу болды. Кӛпшілік
басылым Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел ойын, кемеңгер
идеясын мемлекеттік, үкіметтік мекемелердің түрлі деңгейдегі шешім қаулы-
қарарларын, нұсқауларын, халықтың пікір ұсыныстарын үздіксіз насихаттады.
Бұл зерттеуде ел кӛлеміндегі сан түрлі газет-журнал, радио–теледидар
бағдарламалары
мен
эфирдегі
шығарылымдарды
түгендеу
мүмкін
болмағандықтан, зерттеу нысаны ретінде еліміздегі беделге ие, кӛп тиражбен
тарайтын әрі осы мәселеге барынша мүдделі ұлтымыздың ӛз елінде
басымдыққа ие болуына, ұлттық идеологияның қалыптасуына күштерін салып,
шырылдап жүрген басылымдар: «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Қазақ елі»,
«Ана тілі», «Жас Алаш», «Заң», «Айқын» сияқты орталықтан қазақ тіліндегі
басылымдарды және облыстық газеттерден шетелдерде қандастарымыздың
ауқымды тобы тұратын ҚХР-ның ШҰАР-мен тікелей шекаралас облыс
55
болғандықтан мұнда қоныс аударушы оралмандар саны жағынан алдыңғы
қатардағы облыстардың бірі Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің осы
тақырыптағы жарияланған материалдарына талдау жасадық. Осы мақсатпен
аталмыш газеттерге жалпы шолу жасалып белгілі бір жылдағы материалдар
толық сараланып, оның жанрына, тақырыбына зерттеу жасалды.
Тарихи Отанына ат басын тіреген қандастарымыз қақында, әсіресе ДЖҚ-
ның әр жылғы құрылтайларының шешімдерін қазақ баспасӛздері тұрақты
насихаттады. Дүниежүзі қазақтарының екінші Құрылтайы қарсаңында «Жас
алаш» газетінде жарияланған Жарқын Жаншуақовда «Қытайдағы қазақтардың
маңдайы жарқырап келсе» [79] атты мақаласы нақты ӛзекті мәселелер
тӛңірегінде ой қозғап, құрылтай осы мәселені шешсе, құрылтайға Қытай
қазақтары да қатысса деген ой-пікірін ортаға салады. Мақалада дүниежүзі
қауымдастығының атқарып отырған шаруасындағы бірізділікті нақты
деректермен сынайды. Қытай қазақтары әдебиетінің ірі тұлғалары Қажықұмар
Шабданның, дүниеден ӛткен атақты ақын Омарғазы Айтанұлының, Ғалым
Қанапияұлының таңдамалы шығармаларын басудың орнына, «мен сондай едім»
-деп келгендердің түкке тұрмайтын шығармаларын басатынын, Қазақстанға
Қытайдан туыстарын шақыру жолындағы кедергілердің түйінін шешуге ат
салыспайтынын сынға алады. Сондай-ақ, шетелдерден келген небір мықты
азаматтардың мамандығы бойынша қызметке орналаса алмай жүргендігінде
ДЖҚҚ-ның шаруасы жоқтығын айтады. Мақала нақты деректермен құнды.
Мәселен, сол елеп ескерусіз жүрген білімді де білікті азаматтардың біразының
атын атап, түсін түстеп нақты дәлел келтіреді:
«Жапонияда оқып, химия ғылымдарынан докторлық қорғаған Уәтхан
Сейтұлы, Қазақстанға келіп, кеше ғана тарих ғылымынан докторлық қорғаған
Нәбижан Мұқаметханұлы, Қытайдағы айтыстың 42 рет бас жүлдесін жеңіп
алған Америкадан «Әлемнің әйгілі адамы» атағын иеленген Қайрат
Құлмұхамедұлы, Америкада Гарвард университетін оқып, 10 жыл ғылыми
жұмыс жасаған Жігер Жәнабілұлы, Қытайда қазақша оқып, Алматыға келіп
химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін даярлаған жұмысын орыс
тілінде қорғаған Райс Әріпжанұлы, дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ операсының
жұлдызына айналған Майра Мұхамедқызы, Бельгияда 12 жыл жұмыс істеп
отанына оралған Марат Уәтханұлы, сауданың кӛзін тауып, Қазақстандағы
алпауыт компаниялармен үзеңгі қағыстыра бастаған Жеңіс Түркияұлы сияқты
әр саланың мамандарын қауымдастықтың іс-шараларынан кӛрген жоқ»,- деп
жазады «Егемен Қазақстан» газеті, ал құрылтай басталған күні еліміздегі
барлық қазақ баспасӛзі: «Бұл – құрылтай қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа
біртұтас ұлт ретінде қадам басқанының белгісі». - деген тұжырым жасаған
мақалалар жарияланды. Елбасы, ДЖҚ Қауымдастығының тӛрағасы,
Н.Назарбаевтың баяндамасын және дүнинежүзі қазақтарының екінші
құрылтайына қатысушыларға жолдаған үндеуін «Сапар сәтті болсын!» деген
тақырыппен жариялады [80].
Сондай-ақ, барлық газеттер құрылтайға қатысқан лауазым иелері мен
қандастарымыз ортасындағы беделді ӛкілдермен сұхбат ӛткізіп, құрылтай
56
жұмысына деген кӛзқарастарын, қорытынды бағаларын ортаға салды. Мәселен,
«Егемен Қазақстан» газеті қоғам қайраткері Халифа Алтаймен, Түркиядан
«Шығыс Түркістан» қоғамының тӛрағасы Абдулверн Жанмен, «Қазақ әдебиеті»
газеті Еуропа қазақтарының орталығының тӛрағасы Дәлелхан Жаналтай, АҚШ-
тағы қазақтар ӛкілі Ермұхан Қосжігіт, ДЖҚ-ның Моңғолиядағы бӛлімшесінің
тӛрағасы Миземхан Күнтуғанның сӛйлеген сӛздері басылуы. Барлық газеттер
құрылтай барысын паш ететін фотосуреттермен безендірді. «Егемен Қазақстан»
газеті тілшілері Жанкӛбек Әлімханұлы, Бақтияр Тайжан «Отан ортақ деп келді
барша қазақ» деген атпен құрылтай барысын толық жеткізген репортаж, «Фото
күнделігі» деген атпен суреттер топтамасын берді [81].
Құрылтай туралы материалдардан оқырмандардың ең кӛп іздейтіні алда
кӛші қон мәселесі қалай ӛрістейді, Қазақстан қазақ ұлтының еліміздегі үлес
салмағын арттыра алама, осы мәселелер тӛңірегінде қандай шешім
қабылданды, бағыт-бағдар айқындалма деген мәселелер екені сӛзсіз.
Бұған нақты жауап бере білген басылымдардың бірі «Қазақ Әдебиеті»
газеті болды. «Қазақ Әдебиеті» газетінде Думан Рамазанның [82] мақаласында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Алдағы уақытта кӛші-қон квотасының
мӛлшерін ұлғайта беруді жоспарлап отырмыз. 2003 жылы квота бойынша 5
мың отбасы келетін болса, 2004 жылы ол 10 мыңға, 2005 жылы 15 мыңға
жетеді. Демек, жылына атамекенге мемлекет кӛмегімен 50-60 мың оралман
келеді деген сӛз. Ал енді бұл квотаның үстіне ӛз жағдайларымен «елге кӛшіп
келемін дегендерді құшақ жая қарсы аламыз» деген сӛзі, мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құлмұхамедтің «Отандарыңыз осы.
Алтай мен Атырауды орап жатқан ұлы далаға он Ұлыбритания, бес Франция
сиятын мемлекеттеріңіз осы. Бұрынғыдай күмілжімей, бүгежектемей,
бұпантайламай «Қазақстан деген елімнің-қазақ деген халқымын» деп,
кеуделеріңізді тіктеп кӛтеріп жүріңіздер» деген әр қазақ мақтан тұтар сӛздерін
мақала ішінде даралап, кӛрнекті етіп бере білді.
Қорытындылай келсек кӛші-қон туралы заңның қабылдануы мен
жетілдірілуінде қазақ баспасӛзінің рӛлі маңызды болды. Заңдарды қабылдауда,
ӛзгерістер енгізуде, жобалар жасауда қазақ баспасӛзі беттерінде талқылаудан
ӛтіп, ұсыныстар айтылып терең мән берілді.
Сондай-ақ кӛші-қон оралмандар мәселесіне ӛз беттерінен кең кӛлемде орын
берген негізгі басылымдар ӛз-ӛз ерекшеліктерін де таныта білді. Мәселен
«Егемен Қазақстан» газеті республикалық бас газет тұрғысында оралмандар
мәселесіне қатысты заң, қаулы-қарарлармен оларды жүзеге асыруға
бағытталған құқықтық нормативтік актлер мен ережелерге тұрақты орын беріп
отырды. Сондай-ақ кӛлемдік, шығарылымдық (аптасына алты рет) санына
байланысты оралмандар мәселесін кең кӛлемде насихаттай білді. Аталмыш
газет кӛптеген кӛлемді сұхбаттар, проблемалық мақалалар жариялады.
Парламент
мәжілістері,
Үкімет
отырыстары,
министрліктер
мен
ведомствалардағы
осы
тақырыптағы
алқалы
жиындардан
хабарлар,
репортаждар үзбей беріп тұрды.
57
Ал, осы тақырыпқа сүбелі үлес қосқан «Түркістан» газеті оралмандардың
экономикалық-әлеуметтік мәселелерін кӛтеруге айрықша үлес қосты деуге
болады. Республикамыздың түкпір-түкпіріне кӛшіп келген оралмандардың ӛмір
тіршілігімен етене танысып, олардың тұрмысындағы орын алып отырған
келеңсіздіктердің бетін ашудың сыртында, кӛптеген проблемалық мақалалар
жариялай білді. Мәселен осы басылымның тілшісі Есенгүл Кәпқызының 2000 -
2007 жыл аралығында оралмандар мәселесіне қатысты жазған публистикалары
«Сӛздің шыны» деп аталатын 370 беттік кітапқа арқау болғанын айтсақ та
жеткілікті.
Қазақтың тарихын, ұлттық мәселелерін ту етіп ұстанған «Қазақ елі» газеті
болса оралмандардың рухани мәселелеріне ерекше баса назар аударды. Осы
саладағы
ӛзекті
мәселелердің
түйінін
тарқатуға,
алыстан
келген
ағайындарымыздың ӛнер, мәдениетін дәріптеуге арналған материалдар газет
бетінен түспеді. Олардың ортасындағы тарихшы ғалымдар, ӛнер-мәдениет
майталмандары ӛмірінен сан ондаған очерклер жазды, кӛлемді сұхбаттар
жариялады.Тек кӛшіп келген оралмандар ғана емес шетелдегі қазақ
диаспорасындағы мәдени мұраларымызды, рухани қазынамызды түгендеуді
басты тақырыпқа айналдырды. «Қазақ диаспорасының қайраткерлері» атты
айдармен шетте жүрген қандастарымыз арасындағы рухы биік тұлғаларды
күллі Қазақстанға насихаттап таныта білді.
Бұл тақырыптар оралмандар мәселесін насихаттаумен дербес айналысатын
«Кӛш» газетінде де елеулі орын алды. «Кӛш» газеті сонымен қатар шеттен
келген қандастарымыздың ӛміріне қатысты барлық мәселеніні бірін де
қалдырмай жазумен ерекшеленді. Оралмандардың құқықтық сауатын ашуға
арналған айдарлар ашып, заңға, қаулы қарарларға қатысты түсінік беріп
отырды. Оралман оқырмандармен етене байланыста болды. Олардың жазған
мақалаларын арнайы айдармен үздіксіз жариялап тұрды. Оралмандардың
ӛздерінің тұрмыс тіршілігіне байланысты түйткілді мәселелер бойынша
редакцияға жолдаған хаттарына мамандар арқылы жауап беріп отырды. Жалпы
оралмандарға қатысты мәселелерді кешенді түрде насихаттады.
Оралмандар ӛміріне ӛз бетінен кең кӛлемде орын берген газеттердің бірі –
«Ана тілі» газеті. Бұл басылым оралмандардың халқымыздың рухани байлығын
тасытуға қосып жатқан үлесіне тілдік қырынан келді. Әсіресе орыс тілін
білмеуден болып қызметке орналаса алмай жүрген оралмандар туралы
материалдар жариялады.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Алтын бесік» журналы ӛзінің
басты бағыты ретінде шетелдегі қазақ диаспорасына Қазақстанның бүгінгі
ӛркениеттегі қарышты қадамын, халықаралық аренадағы беделін, қазақ
ұлтының рухани байлығын қалпына келтіру жолындағы атқарылып жатқан
шаруаларды насихаттауды басты бағыт етіп ұстанды.
Ал, Шығыс қазақстан облыстық «Дидар» газетіне жасалған талдау
сараптамалар негізінде облыстық қазақ басылымдарына баға берсек, бұл
газеттердің оралмандар ӛміріне қатысты материалдарының негізгі арқауы осы
облыс, аудан басшылары тарапынан осы ӛлкеге ат басын тіреген
58
қандастарымыздың арасында ұйымдастырылып жатқан шаруаларды насихаттау
екендігін аңғарамыз. Сондай-ақ, осындағы оралман ағайындардың еліміздің
экономикасын дамытуға қосып жатқан үлестерін, нарықтық қатынасты
игерудегі үлгі-ӛнегелерін кӛпшілікке таныту негізі бағыттары болды. Алайда,
жергілікті басылымдар басшылыққа тәуелді болғандықтан (қаржыландыру
тұрғысында)
басшылық
тарапынан
кетіп
жатқан
кемістіктер,
немқұрайлылықтар жайлы сын матеиал аз жазатынын аңғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |