Сыбайлас жемқорлық көріністеріне әсер ететін негізі факторлар


Сыбайлас жемқорлық көріністеріне әсер ететін факторлар



бет2/3
Дата20.10.2022
өлшемі0,82 Mb.
#44342
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлық. Ермаханбет Ерзат

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне әсер ететін факторлар

  • Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени – этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлiгi бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемкорлықтың дамуының алғышарттары болуы мумкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны кылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтык деп танылса, екiншi елде оны сыпайылык танутышылық деп бiледi. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оку орнына түсуге көмектесу тағы сол сиякты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне әсер ететін факторлар

  • Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемкорлык мемлекеттiң экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигiзетiн саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды каржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушiлер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялык өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Осы пікірге Швейцария мемлекетi дәлел бола алады, ондағы демократияның тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару нысанының күрт өзгеруi де мемлекеттік құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық ондаған жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан зардап шегеді. Мемлекетте қоғамдык-саяси бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесi ретiнде сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға бейімдейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құралы ретінде әлеуметтік-құқықтық бақылау Жапония мен АҚШ-та кең өріс алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет