Қарастырылатын мәселелер: 1. Әкімішілк құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар тобы және түрлері
2. Әкімшілік кұкықтың әдісі. Құқықтык реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы.
3. Әкімшілік-кұқықтык нормалар, олардың түсінігі, кұрылымы.
4. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны
1- сұрақ. Әкімішілк құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар тобы және түрлері. Заң әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін пікірталаста болып отыр. Осыған орай бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы ретінде қарастырылды. Француз ғалымы Р. Драго мемлекеттік басқару ғылымы саясаттану, құқық теориясы, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың тәсілдері мен әдістерінің ғылыми қиылысы болып табылады деп санайды.
Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде - әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы пікірлер мен қорытындылар жүйесі. Оның пәні болып құқық саласы және сәйкесінше заңнама саласы ретінде әкімшілік құқық табылады.
Соңғы жылдарда зерттеудің тек жалпы ғана емес, сонымен қатар арнайы әдістеріне де қызығушылық көбейді. Мұның нәтижесінде көптеген мәселелер жаңа дауысқа ие болуда. Әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде айырмашылығы әкімшілік-құқықтық құбылыстар мен оларды зерттеу нәтижелерін бейнелеу тәсілдерінде болып табылады.
Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы – тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген.