Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді.
Нормаларды аталған түрлерге жатқызу оны шығарған органның мемлекет органдары иерархиясындағы орнына тікелей байланысты. Заңнамалық нормалар Парламент қабылдаған заңдарда, сонымен қатар Парламент оған заң шығару құзыретін берген кезеңде Президент шығарған және заң күші бар Президенттің жарлықтарында бар болады.
Заңдасты нормалар – Президент жарлықтары мен өкімдерінде, Үкіметтің қаулыларында және атқарушы билік органдарымен өз құзыреті шегінде шығаратын т.б. нормативтік актілерде болады. Кеңістікте қолданылу шегі бойынша нормалар жалпыға бірдей міндетті және ішкіжүйелік болып бөлінеді. Жалпыға міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің орындаулары үшін орнатылады.Ішкіжүйелік нормалар атқарушы биліктің төмен тұрған органдарына белгілі бір талаптар таратады.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.