Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Саяси партиялар мен БАҚ –сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттік жауапкершілік



бет26/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

27.Саяси партиялар мен БАҚ –сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттік жауапкершілік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда.

Саяcи партиялар азaматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды.

Олардың әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның осы процеске қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тaпcырмасы бойынша мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.

Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдaнудa. Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қоғамдық инфрақұрылымын құру және азаматтар құқықтарын қорғау, олардың лауазымына қарамастан тұлғаларды жауап-кершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен проблемаларды талқылау бойынша негізгі міндеттер шешілді.

БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялау проблемасы әртүрлі деңгейде жүйелі түрде талқыланады. Баспа басылымы, радио, телевидениенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен ықпал ете алуы

БАҚ-тың айрықша рөлі екені сөзсіз. «Нұр Отан» париясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында бұл бағыттағы БАҚ басымдықтары белгіленді, атап айтқанда БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту мәселесі сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін әзірлеу және БАҚ-та жариялау, мемлекеттік органдарда, өңірлерде, салаларда, ұлттық холдингтердегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы іске асырылуға тиіс. Журналистік қоғамдастыққа кәсіби этика қағидаларын әзірлеуіне және сақтауына, журналистік тексеру стандарттарын енгізуіне қолдау көрсету қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет