Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтармен келтірілген материалдық және моральдық зияны отеу



бет27/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

28.Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтармен келтірілген материалдық және моральдық зияны отеу.

Сот тәжiрибесiн зерттеу - соттардың қызметiнде азаматтарды заңсыз соттау фактiлерi орын алғанын көрсеттi. Кейбiр iстер бойынша заңда көрсетiлген қылмыстық ізге түсудi болдырмайтын жағдайлар болса да, соттар айыптау үкiмiн шығарған.

Ақтау туралы, сондай-ақ басқа да, нәтижесiнде адамдардың зиянды өтеуге құқы туындайтын шешiм шығарғанда, соттар iс жүргiзу құжаттарында олардың осындай құқықтарын тану туралы көрсетпеген және зиянды өтеу тәртiбiн түсiндiрмеген.

Зиянды өтеу туралы талаптар мен шағым арыздарды қараған кезде соттар қылмыстық процесс жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген залалды өндiрудiң негiздерi мен тәртiбiн белгiлейтiн қылмыстық iс жүргiзу заң нормаларын кейде дұрыс қолданбаған.

Аталған кемшiлiктерді жою мақсатында және қылмыстық процесс жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген залалды өндiру тәртiбiн реттейтiн заңның өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етедi

29.Қазақстан Республикасының ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ; ұғымы мен мазмұны (ақиқат).

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттары мен тетіктерін қалыптастыруды мақсатты түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырып келеді.

2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге өз табыстарымен қатар шығыстарын мәлімдеу міндеті жүктелетін болды. Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік және жеке cекторлардың халыққа қызмет көрсетуі кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету бойыншa жұмыстар жалғасатын болады.

Сыбайлac жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, енді оқу орындарында, мемлекеттік органдарда, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды оқыту курстарын құру және өткізу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттің қабылдайтын іс-шараларды жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды күшейтуге жәрдемдесетін болады, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық ұйымдарға қатысу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибенің үздік үлгілерін пайдалану арқылы ықпал етеді.Жазаның бұлтартпастығы қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған лауазымдары мен дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы бойынша жауап береді.

Қылмыстық-құқықтық саясат лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қатаң жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салу белгіленген, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойы тыйым салу енгізілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу жөніндегі, басшылардың дербес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жеке жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген маңызды ұғым бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын күшейте отырып, олардың әлеуметтік кепілдіктері де жетілдірілуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет