Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік



бет24/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
25.Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік.

ҚР ӘҚБтК 28-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа: әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға жатады. Бұл ереже негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне де қолданылады. Сыйақы берушінің мүддесі үшін құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін лауазымды адамға сыйақы беретін субъект 16 жасқа толған жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болуы мүмкін. Заңды тұлғаның әкімшілік жауапкершілігінің ерекшелігі заңды тұлғаның атынан құқыққа қарсы сыйақыны заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органы атынан өзге жеке тұлғаның ұсынуын білдіреді.

ҚР ӘҚБтК 29-бабына сәйкес, осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.

Сыбайлac жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік және өзге де заңмен көзделген жауапкершіліктен оның есі дұрыс емес болуына байланысты босату үшін негіз ретінде тек сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы болуы мүмкін. Егер әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған оның адамның есі дұрыс емес екендігі белгілі болған жaғдайда іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылуға жатады.

Барлық сыбайлac жемқорлық құқық бұзушылықтaрдың объектілері мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың қызметтік өкілеттігін жүзеге асыруының белгіленген тәртібі болып табылады.

Сонымен қатар, әрбір нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа уәкілетті тұлғалардың мемлекет функцияларын орындауына байланысты оның тікелей объектісі болады. Мысалы, мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың заңды және жеке тұлғаларға ақпаратты ұсынуының белгіленген тәртібі; осы адамдардың өзге де тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жәрдемдесуінің белгіленген тәртібі және т. б.

Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың объективті жағы әрекет етуімен (мысалы, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару заңсыз кірістер алуы) немесе әрекетсіздігімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдар басшыларының шара қолданбауы) сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет