38) СЖҚ іс қимыл бойынша қоғамдық ұйымдар: құқықтық жағдай және қызмет тиімділігі
4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
1) заңдылық;2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; 3) жариялылық пен ашықтық;4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-бапты 3-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;6) қаржылық бақылауды;7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |