Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


)Мемлекеттік қызыметшілер үшін СЖ қарсы талаптар мен тыйымдар жүйесі



бет38/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
40)Мемлекеттік қызыметшілер үшін СЖ қарсы талаптар мен тыйымдар жүйесі

Қазақстан Республикасы Президенттінің саясатына адал болу және оны жүйелі түрде іске асыру;

3.1.2. қоғам мен мемлекет игілігі үшін жұмыс істеу, өз іс-қимылдарымен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, дипломатикалық қызмет органдарының беделін түсіретін іс-қимылдарды жасауға жол бермеу;

3.1.3. қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке және пайдақорлық мүдделерді басшылыққа алмау;

3.1.4. мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелері, халықаралық қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне сәйкестендіру бойынша ұсыныстарды енгізу кезінде жалпы мемлекеттік мүдделерді басшылыққа алу;

3.1.5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыру кезінде мемлекеттік биліктің беделіне күмән келтіретін шешімдер және іс-қимылдарды қабылдамау;

3.1.6. әріптестерге және басшыларға белгіленген өзара қарым-қатынастарды бұзатын, олардың әділ қызметтік шешімдерді қабылдауына әсер етуі мүмкін құқыққа сыйымсыз өтініштермен жүгінуден бойын аулақ ұстау;

3.1.7. басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға иілдірмеу және көтермелемеу;

3.1.8. Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Жарлығымен көзделген жағдайларды қоспағанда, әріптестерге, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтарды сыйға тартпау;

41)Сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен шарттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа

қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.

Аталған баяндаманы әзірлеу үрдісі, құрылымы және мазмұны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығына сәйкестендірілген.

Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет