Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Мемлекеттік азаматтық қызметпен байланысты тыйымдар



бет35/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

37) Мемлекеттік азаматтық қызметпен байланысты тыйымдар

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, азаматтық қорғаныс қызметкерлері, әскери қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер (бұдан әрі - қызметкер) үшін құнды және моральдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт-бағдарлар жүйесін құру арқылы ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

2. Осы мақсаттарда қызметкер өзінің күнделікті қызметінде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстануы және оны өмірінде өткізуі;

2) заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауы;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуі;

4) қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, ішкі істер органдарының атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі;

5) мүдделердің жанжалы туындағаны, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеке қызығушылығы туралы, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысқа және сыйлықтар алуға бейімділігі туралы тікелей немесе тура басшысына баяндауы;

6) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік қызығушылықтарды басшылыққа алмауы;

7) маңызды қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүруі;

8) басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейімдемеуі және көтермелемеуі;

9) әріптестеріне, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуі;

10) қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмауы;

11) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауы;

12) қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру;

13) қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу ұсынылады.

9. Азаматтарға тағайындалған қылмыстық және әкімшілік жазаларды орындауды ұйымдастыру кезінде қызметкерлерге:

1) жеке өзі не болмаса үлестес адамдар арқылы жазасын өтеп жатқан адамдардың туыс-туғандарымен қандай да бір қарым-қатынастарда тұрмау;

2) қамауда ұстау және бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды бергені үшін заңсыз сыйақы алуға бейімдеу жағдайлары туралы тікелей басшылығына хабарлау;

3) қамауда ұстау және бас бостанддығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың пайдалануға тыйым салынған заттарды пайдалану фактілеріне жол бермеу және ықпал етпеу, сондай-ақ олардың кіру тәсілдерін анықтау;

4) қызметкердің жазасын өтеп жатқан адамдармен қызметтік емес қарым-қатынастары туралы тікелей басшылығына баяндау ұсынылады.

10. Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды жою кезінде қызметкерлерге:

1) жеке не болмаса үшінші адамдардың мүдделерінде кейінге қалдырылмайтын апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізумен байланысты емес сеніп тапсырылған арнайы құтқару технкасы мен керек-жабдықтарды пайдалану фактілеріне жол бермеу;

2) төтенше оқиғаның себептерін анықтау кезінде жеке қызығушылыққа не болмаса оны туындауның объективті себептерін жасыру мақсатында үшінші адамдардың мүдделерінде әрекет жасауға жол бермеу;

3) қызметтік уақыттан тыс кезде қызметтік автокөлікті пайдаланбау;

4) апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде заңсыз кен байыту фактілеріне жол бермеу;

5) жанар-жағар май материалдарының, тауар-материалдық бағалы заттардың жұмсалуына және есептен шығарылуына ұдайы бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

11. Басшы оның қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеуіне дербес жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет