Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мазмұны,рөлі және функциялары



бет70/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
74.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мазмұны,рөлі және функциялары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады.Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог

олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді.Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді: – сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік; – моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу; – құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру; – мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Осыған байланысты мыналар қажет: – сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту; – Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс; – құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе); – құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру – қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы. Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет