83) Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың ерекшелігі
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалау-шы құжат – БҰҰ-ның сыбайлac жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды.
«Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдала-нылады, нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми және тәжірибелік қызметте «бақылау» термині өте жиі қолданылады.
Ғалымдар оған әртүрлі: құрaл, фактор, нысан, элемент, функция, қызмет, жүйе, шарт, реттегіш, кепілгер, құбылыс, институт және әдіс ретінде түсінік береді.
Қоғамдық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асыратын бақылау мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды білдіреді.
Қоғамдық қатысу идеясы қоғамдық істерді басқару процесіне басқарушыларды тартуды немесе қосуды болжайды. Қоғамдық бақылау «мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды қоса алғанда, олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық институттар қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы болып табылады.
Жалпы қоғамдық бақылау қоғамның негізгі функцияларының бірін білдіреді, оның субъектілері aзамaттар мен олардың бірлестіктері, сондай-ақ негізгі объектілері – мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғалары болып табылады. Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын қадағалауы.
Достарыңызбен бөлісу: |