Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, қызмет дәрежесін теріс пайдалану, ұғымдары: олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары



бет80/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Оакк 19-23

85) Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, қызмет дәрежесін теріс пайдалану, ұғымдары: олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары

Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.

Н.Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды [1 25-26 бб.]. А.И.Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді [2, 50 б.]. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шіруі деген анықтама бередi [3. 30 б.; 4. 34 б.; 5-22 б.]. Бұл жағдайда олар ''cor'' (дене) сөзін негізге алып, коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз ''дененің іруі'' іріп-шіру процесі деп анықтама келтіреді. Б.В. Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы'' деп анықтама береді [6, 8 б.].

Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке өзінің, басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың кез келген түрін айтамыз.

Осылайша заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан: тар мағынадағы сыбайлас жемқорлық (парақорлық) және кең мағынадағы сыбайлас жемқорлық (мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі).

Біздің пікіріміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың кең көлемдегі түсінігін қолдану дұрыс сияқты. Сатып алу сыбайлас жемқорлықтың тарихи бірінші көрініс болса да, сыбайлас жемқорлықты парақорлыққа теліп қою дұрыс болмаған болар еді. Осындай мұқият қарауды талап ететін заңдылық мәселені жеңіл шешу позициясын ұстану дұрыс болмайды. Осыған орай шешу сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген мәнді болады.

Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін - өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып кеңітеді [1, 11-27 бб]. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол, мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін- өзі басқару органдары беделіне зор нұқсан келтіріп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.

Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды [7. 237-238, бб.]. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материалдық шығынға ұшыратуы және басқа да ауыр жағдайға ұщыратуы мүмкін, ал ол үшін сол коммерциялық және өзге ұйымдардағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Жергілікті Мемлекеттік басқару және басқару органдарына келетін болсақ,оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу принципті түрде маңызды болып табылады. Бірақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 8 бөлігіне сәйкес аталған органдар мемлекеттік өкімет органдары жүйесіне кірмейді, ал конститутциялық құрылымның негізін анықтайтын осы баптарды бөлім етіп алу кездейсоқ емес. Баптардың мазмұны мен орны жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды осындай негіздің бірі ретінде қараудың куәсі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексертілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысы жайлы әдебиетте бірыңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады. В.С.Коммисаров сыбайлас жемқорлық субъектісін мемлекеттікқызметкерлер ретінде қарау қағидасы дұрыс емес деп есептеп,оны төмендегі ойларға байланыстырады. Біріншіден, бұл дегеніміз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін едәуір ұлғайтады деген ұғымды білдіреді, ал бұл болса қылмыстық саясатты дамыту пәрменділігімен толық дәрежеде сәйкес келмейді. Екіншіден, бұл түбірімен дұрыс еме, себебі сыбайлас жемқорлықтың мәні билік өкіллеттілігі болмағандықтан олар сыбайлас жемқорлық әрекет жасай алмайды, ал бірақосындай қыллмыстарға қатысушы болуы мүмкін [7, 42 б.].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет