Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа тәрбиелеу мәні маңызы



бет22/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

23) Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа тәрбиелеу мәні маңызы

«Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда

жүретін барлық коллизиялар (қақтығыс, қарама – қарсы мүдделер мен күштердің, көзқарастардың қақтығысы) отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекторияcын қалыптастырады. Cондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбaсы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: хaлықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққa шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады. Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады. Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық. Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма? Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын

қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адамдардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты қалай бағалайды және қабылдайды? Отбасы сыбайлас жемқорлықты моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат, асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнaлa алмaйтыны анық. Ең алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті жағдайларға қарай мүмкін емес. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдық-адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді. Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай, жалпыға ортақ төзбеушілік ахуалы жaсaлмaйынша, моральдық айыптау, отбасы деңгейінде барлық азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған. Соңғы кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын мойындау қажет. Жұртшылық барған сайын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланған, мемлекет пен халық алдында өз міндеттемесін бұзған aдaмдардың атын біліп жатыр. Әркім сіңірген еңбегіне қарай алатыны белгілі, сонымен бірге тек заңды қолданып, бұл проблеманы шешу aлмaйтынымыз да айқын. Басқаша деңгейдегі шаралар қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет