Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Сыбайлас жем құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік



бет21/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
22) Сыбайлас жем құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);– мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның зaңcыз материалдық сыйaқы алуы (677-бап);– заңды тұлғалардың зaңcыз материалдық сыйaқы беруі (678-бап);– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап);– мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы (680-бап);– бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681-бап).

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы.

Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті жағы және субъективті жағы.Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам [8, 26, 28, 30-34 баптар].Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъектінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.



ҚР ӘҚБтК 28-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа: әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға жатады. Бұл ереже негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне де қолданылады. Сыйақы берушінің мүддесі үшін құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін лауазымды адамға сыйақы беретін субъект 16 жасқа толған жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болуы мүмкін. Заңды тұлғаның әкімшілік жауапкершілігінің ерекшелігі заңды тұлғаның атынан құқыққа қарсы сыйақыны заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органы атынан өзге жеке тұлғаның ұсынуын білдіреді. ҚР ӘҚБтК 29-бабына сәйкес, осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.Сыбайлac жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік және өзге де заңмен көзделген жауапкершіліктен оның есі дұрыс емес болуына байланысты босату үшін негіз ретінде тек сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы болуы мүмкін. Егер әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған оның адамның есі дұрыс емес екендігі белгілі болған жaғдайда іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылуға жатады. Барлық сыбайлac жемқорлық құқық бұзушылықтaрдың объектілері мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың қызметтік өкілеттігін жүзеге асыруының белгіленген тәртібі болып табылады.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны судья шығарған күн құқықтық мәннің қайталану белгісін білдіреді. Осы адамды әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы судьяның қаулысы толық орындалған күннен бастап бір жыл ішінде тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасаған болып caнaлaды. Қаулы әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен орындалуы мүмкін, ол жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалу жолымен немесе жеке, үлестік немесе бірлескен меншік құқығындағы құқық бұзушыға тиесілі мүлікті өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.ҚР ӘҚБтК-де қосымша әкімшілік жаза ретінде әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу қарастырылған, бірақ әкімшілік жазаның сол түрі үшін Кодекстің тиісті баптарымен санкция көзделген жағдайда жүзеге асырылады [8, 41-баптың 1-бөлігі 3) тармағы, 45-бап]. Алайда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сыйақы мәні (негізсіз баю) болып табылатын мүлікті тәркілеу көзделмеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет