45) Сыб жемқ тәуекелдерін талдау
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында негіз қалаушы бағыт болып сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе жағдайлар мен себептерді анықтау және төмендету айқындалған.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сияқты институт енгізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен лауазымды тұлғаларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өз бетінше анықтауға және зерделеуге, органның немесе лауазымды тұлғаның азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қозғайтын, көзделмеген басқарушылық шешім қабылдау немесе оны қабылдаудан негізсіз бас тарту мүмкіндігін уақтылы тоқтатуға мүмкіндік береді.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу келешекте лауазымды тұлғаның өз құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдау қызметін тоқтатуға, азаматтарға қолданыстағы заңнаманың ережелеріне негізделмеген қиын немесе ауыр талаптарды қоюға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды зерделеу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын іске асырумен байланысты қандай да бір істі қарау кезінде лауазымды тұлғаның белгіленген тәртіптен ауытқитын не оны өз қалауы бойынша өзгертетін шешімдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
2018 жылы облыстық арнайы мониторингтік топтың 12 отырысы өткізілді, оның ішінде 10-ы облыс қалалары мен аудандарына барумен, онда өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат мәселелері бойынша әкімдер аппараты басшыларының есептері тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге қатысты 60-тан астам ұсыным әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда және жоюда, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігінде жұртшылықтың рөлін күшейту қоғамды одан әрі дамытуда, мемлекеттің беделіне және мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын арттыруда үлкен маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |