48) Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыб жемқ-қа қарсы аспектісі
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысына жол бермеу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі тетігі әрі барлық мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, айқындылығы, жариялығы принципін іске асырушы мемлекеттік қызмет институтының маңызды аспектісі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аса маңызды механизм ретінде мүдделер қақтығысын реттеу дамыған елдерде кеңінен қолданылуда, алайда Қазақстан Республикасында мүдделер қақтығысы тұжырымдамасы сияқты, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді саясаты тиісті деңгейде дамымай отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстандық мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы көріністері көп жағдайда кері әсерін тигізіп отырады. Ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісті деңгейде орындамауы, заңмен регламенттелген шектеулер мен тыйымдарды бұзуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің жеке қызығушылықтары бір жағынан оның лауазымдық өкілеттіктері, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтары , қоғам мен мемлекет арасындағы қарама - қайшылықтардың орын алуы, екінші жағынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдеріне жағдай жасайды. Екіншіден, мүдделер қақтығысына жол беру, мемлекеттік билікті іске асырудың заңды тетіктерін мемлекеттік қызметші немесе онымен мүдделес басқа да тұлғалар үшін заңнан тыс материалдық немесе өзге де жеке басының пайдасымен алмастырған жағдайда мемлекеттік басқарудың белгіленген тәртібі бұзылады. Үшіншіден, мемлекеттік қызметші немесе онымен байланысты тұлғалар мүдделер қақтығысын реттемеген жағдайда, өзге азаматтар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет етуші заңды тұлғалар, сондай-ақ өздерінің қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдасы үшін пайдаланбайтын басқа да мемлекеттік қызметшілер алдында негізсіз басымдықтарға ие болады. Осыдан көріп отырғандай, мүдделер қақтығысы көріністері тек мемлекетке ғана емес сондай-ақ жалпы қоғамға нұқсан келтіреді, азаматтар тарапынан уәжді сын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |