Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері



бет74/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85
Байланысты:
Оакк 19-23

78.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да, практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді.Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді.Бұл тәсіл біртұтас ұлт – Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді.Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар.Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған. Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан.Л. В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді: «Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры», «Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың», «Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың», «Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды», «Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең», «Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды», «Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары); «Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы).«Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме?Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні.Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.Мысалы, «Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол», «Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы); «Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы); «Кедей болсаң да, арың таза болсын», «Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары); «Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы); «Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол», «Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны» (күрд мақалы); «Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс мақалдары). Ар, намыс, ұят – честь, достоинство, совесть – қазақ жігіттері мен қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін»Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді. «Орталық Азия мен Қазақстан жағдайындағы еңбек ең алдымен, мал шаруашылығымен, мақта өсірумен, жер өңдеу, бақша өсіру, жібек шаруашылығы, халық қолөнеріне байланысты деп әділ атап өткен.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің

элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегілердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психологиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет